
- •Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм
- •«Экономикалық талдау» пәні бойынша силлабус
- •Күнтізбелік – тақырыптық жоспар
- •Практикалық, зертханалық сабақтар мазмұны,бақылау түрі және бағалау
- •Обсөж өткізу кестесі*
- •Ұсынылатын негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі Негізгі әдебиеттер
- •Қосымша әдебиеттер
- •Бағалау саясаты
- •Курс саясаты
Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «алматы менеджмент университеті» кеббм
Оқу-әдістемелік Кеңес отырысында бекітілді
Кеңес төрайымы
______ Н.Дуйсенгулова
«__» _____2014 ж., № __
«Есеп және аудит» мамандығы бойынша Білім беру бағдарламасы
Шифр 5В050800 «Есеп және аудит» мамандығы
Оқу түрі - күндізгі
«Экономикалық талдау» пәні бойынша силлабус
Курс: 3
Семестр: 6
Кредит саны: 3
Оқытушы: э.ғ.к., аға оқытушы Оралбаева Ж.З.
(дәреже, атағы, аты-жөні)
Телефоны:302-21-56 № 123 бөлме
Алматы, 2014
Құрастырған: э.ғ.к., аға оқытушы _____________Оралбаева Ж.З.
Силлабус 5В050800-«Есеп және аудит» мамандығының студенттеріне арналған «Экономикалық талдау» пәні бойынша жұмыс бағдарламасының негізінде құрастырылған
Силлабус кафедра отырысында қарастырылған
«27» тамыз 2014 ж. № 1 хаттама
Кафедра меңгерушісі э.ғ.к., доцент ____________________Нургазиева Л.А.
Кіріспе
Нарықтық экономика ұйымдардан кәсіпкерлікті дамыту, басқару мен шаруашылықтың тиімді нысандарын, ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін енгізу негізінде қызмет көрсетулер мен өнімдердің бәсекеге қабілеттілігін, өндірістің тиімділігін көтеруді талап етеді. Бұл міндеттерді жүзеге асыру үшін ұйымның шаруашылық қызметін талдауға бағытталады. Оның көмегімен ұйымның даму тактикасы мен стратегиясы өңделеді, басқарушылық шешімдер мен жоспарлар негізделеді, олардың орындалуына бақылау жүргізіледі, өндіріс тиімділігін жоғарылататын резервтер анықталады, ұйым, оның қызметкерлері мен бөлімшелерінің қызметінің нәтижесін бағалауға болады.
«Экономикалық талдау» курсының мақсаты – ұйымдардың қызметінің нәтижелерін зерттеу, резервтер мен жетіспеушіліктерді ары қарай анықтау үшін олардың ауытқуына әсер ететін факторларды анықтау, сондай-ақ өндіріс және өткізу көлемдерін көбейту мен жаңартуға бағытталған, олардың жұмыстарының тиімділігі мен тұрақтылығын көтеретін әдістерді өңдеуде болып табылады.
Курсты зерттеу нәтижесінде студент экономикалық талдаудың мазмұны жайлы, оның мақсаты мен атқаратын қызметтері туралы ойы болуы керек, басқарушылық және қаржылық талдау әдістерін меңгеру, қаржылық жоспарларды жүзеге асырудың жолдары мен бағыттарын білуі, ұйым қызметіне стратегиялық және болжалдық жоспарлауларды жүргізе білуі, ұйымның қаржылық жағдайына кешенді талдау жүргізе білуі қажет.
Теориялық материалдар экономикалық талдаудың түрлі тәжірибелік есептері шығарылатын тәжірибелік сабақта бекітіледі.
Аталмыш пәнді оқыту әдісі төмендегідей:
дәріс (лекция) оқу;
практикалық сабақтар жүргізу;
ОБСӨЖ;
СӨЖ.
Пәнді оқытудың мақсаты: басқару шешімдерін қабылдау үрдісінде экономикалық талдау әдістерін қолдану бойынша студенттерге тәжірибелік дағды мен теориялық білімдерді меңгерту.
Аталмыш пәнді оқытудың міндеттері:
экономикалық талдаудың мәні мен мазмұнын, жүргізу тізбектілігін, ұйым қызметін басқарудағы қаржылық талдаудың рөлін ашу;
экономикалық талдау әдістемесін оқыту;
сенімді аналитикалық ақпаратты қалыптастыру;
кешенді экономикалық талдауды бизнес-жоспарды негіздеу әдісі ретінде қолдану;
басқару шешімдерін негіздеу және қабылдау кезінде экономикалық талдаудың, соның ішінде басқарушылық және қаржылық талдаудың негізгі әдістерін қолдану.
Алдыңғы деректемелер: «Статистика», «Бухгалтерлік есеп қағидалары», «Қаржылық есеп», «Басқару есебі».
Пәнді оқу барысында студенттер бакалаврдың біліктілік моделіне сәйкес төмендегідей біліктітіліктерді меңгеруі керек:
Білу керек:
ҚР Конституциясын, ҚР Азаматтық Кодексін, ҚР Салық Кодексін, бухгалтерлік есепті реттейтін нормативтік құқықтық актілердің негізін;
адам мен қоғам, адам мен оны қоршаған орта арасындағы тұлғааралық қатынастарды реттеуші этикалық, құқықтық нормаларды білуі және оларды тәжірибелік қызметінде қолдана білу;
бухгалтерлік есептің теориялық және тәжірибелік аспектілерін, экономикалық талдаудың даму алғышарттарын және т.б.
Істей алу керек:
өзінің әлеуметтік және кәсіби қызметінде білім мен машықтарын қолдану;
кәсіби қызметтерін жүзеге асыру байланысты, мақсаттар мен міндеттерді қоя білу;
практикалық қызметінде экономикалық талдау бойынша алған білімдерін қолдану.
Дағдыны меңгеру керек:
кәсіби қызметте қолданылатын ақпараттарды электронды өндеу үшін компьютерлік әдістерді;
ұйым қызметінің құқықтық негіздері, шаруашылық қызметті талдау, статистика, бухгалтерлік есеп, маркетинг және менеджмент, арнайы бухгалтерлік есеп пәндері бойынша кәсіби білімді.
Пәндік мамандандырылған:
Білу керек:
- экономикалық талдаудың ғылыми негіздерін;
- ұйымдағы экономикалық талдаудың мазмұнын, мақсаты мен міндеттерін, әдістері мен тәсілдерін;
- экспресс-талдау әдістемесін білу.
Істей алу керек:
- басқару шешімдерін қабылдау және ұйым қызметінің тиімділігін бағалау мақсатымен мәліметтерді аналитикалық тұрғыдан өңдеу;
- ұйымның қаржылық жағдайын сипаттайтын қаржылық коэффициенттердің мәнін есептеу және дұрыс бағалау.
Дағдыны меңгеру керек:
ұйым қызметіне экономикалық талдауды жүргізуді және ұйымдастыруды;
экономикалық талдау жүргізуде аналитикалық құралдарды дербес әрі кезектілікпен қолдану;
экономикалық талдау әдісін қолдану;
экономикалық талдау нәтижесі бойынша оңтайлы шешім қабылдау машықтарын иелену;
теориялық білімін тәжірибеде сауатты қолдану дағдыларын.