
- •Мазмұны
- •Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Халықаралық – құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы
- •Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары
- •Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың бір–бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Халықаралық құқықтың субьектілері, тану және құқық қабылдаушылық
- •Аумақ (территория) және шекара
- •Халықаралық шарттар құқығы
- •Халықаралық шарттардың жарамсыздығы
- •Шартқа қатысушылардың сандық құрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты.
- •Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз - бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары:
- •Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
- •Жіктеудің негіздеріне мыналар кіреді:
- •Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұұ) әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы
- •Халықаралық – құқықтық жауапкершілік
- •Халықаралық құқық бұзұшылық объектілері.
- •Халықаралық әуе құқығы
- •Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Халықаралық экономикалық құқық Халықаралық құқық және әуе кеңістігін игеру
- •Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық гуманитарлық құқық
- •Дипломатиялық құқық
- •Консулдық құқық
- •Халықаралық қауіпсіздік құқығы
- •Қ ылмыспен қарсы күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Халықаралық экологиялық құқық
- •Семинар сабақтарының тақырыптары
- •Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •Студенттің білімін тексеру үшін тест сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Халықаралық
шарттардың
кеңістікте
әрекет
етуі.
Шарттың
әрекет
етуінін тоқтатылуы дегеніміз
халықарлық
құқыққа
сәйкес
барлық
құқықтық
қатынастардың
тоқтауын
білдіреді.
Халықаралық
шарттарды қалпына келтіру халықаралық
шарттың
күшін тоқтата
тұру
немесе тоқтатудан
кейін оның
әрекетін
қалпына
келтіру актісі болып табылады.
Халықаралық шарттардың жарамсыздығы
15- сызба
Халықаралық
шарттар құқығы
— шарттық-кұқықтың
нормалар жиынтығын
құрайтын,
халықаралық
шарттардың
жасалу тәртібін,
жарамдылық
шарттарын, әрекет
етуі мен тоқтатылуын
айқындайтын
халықаралық
жария құқықтың
бір саласы.
Халықаралық
шарт —
бұл
халықаралық
құқық
субъектілерінің,
ең алдымен және
негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің
келісілген көрінісі,
ол тараптардың
өзара
мүдделі
мәселелері
бойынша жасалады және
қатынастарды
халықаралық
құқықтың
негізгі қағидаларына
сай, өзара
құқықтар
мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін
шарттық
ережелер болып табылады.
Халықаралық
құқық
субъектілерінің
арасында өзара келісілетіннің
барлығы халықаралық
шарттың
объектісі болып табылады.
Халықаралық
шарт
нысанының
маңызды
элементтерінің
бірі және
оның
көмегімен
субъектілердің
ниеттерін айқын
көрсететін
нәрсе
- ол шарттық
процестің
қатысушылары
қолданатын
тіл болып табылады.
Халықаралық
шарт
нысанының
элементтеріне оның
құрылымын,
шарттың атауын көрсететін
кіріспесін, негізгі және
қорытынды
бөлімдерін
жатқызады.
Халықаралық
шарттардың
қорытынды
ережелерінде, белгілі болғанындай,
қол
қою,
бекіту, қосылу
актісі, шарттың
заңды
күшіне
ену негіздері, шарт жасалатын тілдер
жөнінде
мәліметтер,
депозитарийді көрсету
және
мәтіннің
түпнұсқалығы
туралы тезис болады.
16- сызба
Шартқа қатысушылардың сандық құрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты.
Екі тарапты
шарттар,
өз кезегінде әр
тарапта бір қатысушы
болатын әдеттегі
екі тарапты шарттарға
және
бір тарабында да, екінші тарабында да
бірнеше қатысушылары
бар шарттарға
бөлінеді.
Көп тарапты
шарттардың
ішінде қатысушылары
шектеулі шарттар (топтық
немесе шектелген деп аталатын) және
жалпы (әмбебап)
шарттар болатынын айыра білу керек.
Халықаралық
шарт объектілерінің түрлеріне
байланысты: саяси, экономикалық, арнайы
мәселелер
бойынша
Халықаралық
шарттарды жасайтын органдарға байланысты
шарттар мемлекетаралық, үкіметаралық,
ведомство аралық
болып бөлінеді.
Халықаралық
шарттың
жасалатын мерзіміне байланысты мерзімді
және
мерзімсіз шарттар
болады.
Зандық салдарына,
ұлттық
зандардың өзгеруіне
байланысты халықаралық шарттарды өзі
орындалатын және
өзі
орындалмайтын халықаралық шарттар
деп бөледі.
Халықаралық
Шартта қосымша
материалдардан, қол
қоюдың
қорытынды
хаттамаларынан, ноталар немесе хаттар
алмасудан, реттеу рәсімінің
ережесінен тұратын
қосымшалар
болуы мүмкін.
Қосымшаның
кіріспеден, негізгі және
қорытынды
ережелерден өзгешелігі,
ол шартта немесе қосымшада
тікелей көрсетілсе,
шарттың
ажырамас бөлігі
бола алады.
17- сызба