Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПП учебно-метод пособия Усенбаева А У.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735.74 Кб
Скачать

Халықаралық шарттар құқығы

12- сызба

Халықаралық шарттар құқығы — шарттық-кұқықтың нормалар жиынтығын құрайтын, халықаралық шарттардың жасалу тәртібін, жарамдылық шарттарын, әрекет етуі мен тоқтатылуын айқындайтын халықаралық жария құқықтың бір саласы.

Халықаралық шарт — бұл халықаралық құқық субъектілерінің, ең алдымен және негізгі орайда мемлекеттер еріктерінің келісілген көрінісі, ол тараптардың өзара мүдделі мәселелері бойынша жасалады және қатынастарды халықаралық құқықтың негізгі қағидаларына сай, өзара құқықтар мен міндеттерді жасау жолымен реттейтін шарттық ережелер болып табылады.

Халықаралық шарт мемлекеттер арасында туындайтын дауларды бейбіт жолмен шешудің жалғыз және ең тиімді құралы, тиісінше халықаралық келісімдер мемлекетаралық қатынастармен бір мезгілде пайда болған деуге болады.

Халықаралық шарт нысанының маңызды элементтерінің бірі және оның көмегімен субъектілердің ниеттерін айқын көрсететін нәрсе - ол шарттық процестің қатысушылары қолданатын тіл болып табылады. Халықаралық шарт мәтінделген, сөзбен бекітілген келісім тұрінде болуы мүмкін. Халықаралық шарттың қандай да бір міндетті тілі жоқ екенін айтуымыз керек.

Халықаралық шарттардың нысандарын атау сияқты элементтері де үлкен маңызға ие. Себебі, халықаралық тәжірибеде жасалатын шарттардың саны шексіз. Сондықтан кездесіп отыратын шарттардың атауын есептеу қиынға соғады. Көп қолданылатын атаулардың түрлері мынадай: шарт, конвенция, келісім, пакт, хаттама, жарғы, статут, біріккен өтініш, декларация, мазмұндама, хартия, меморандум, регламент, акт, ноталар алмасу және т.б.

13- сызба

Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары. Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз - бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс.

Осы шарт процесіне халықаралық шарттың қатысушылар тарапының заңи әрекеттері мен тұстай бірқатар нақты сатылары кіргізіледі, олар: келіссөздер жүргізуге уәкілетті тұлғаларды тағайындау; уәкілеттерді ұсыну және тексеру; шарттың мәтінін үйлестіру; шарттың жобасын талқылау және қабылдау; шарттың түпнұсқасын жасау (парафирлеу); шартқа қол қою; ескертулерді жариялау; шартты бекіту; бекіту грамоталарымен алмасу депоненттеу; шартты промульгациялау (жариялау); Біріккен Ұлттар Ұйымында шартты тіркеу кездерде өкілеттіктерді беру, шарт бастамашылығы сияқты халы.

Халықаралық шарттың келісілген мәтінін жасау шарт процесіндегі міндетті саты болып табылады. Осы сатыға шарт жобасын талқылау мен қабылдау және оның түпнұсқасын бекіту де кіреді. Келіссөздер жүргізу келісілген мәтінді дайындаудың негізгі сатысы болып табылады. Олар халықаралық шарттың келісілген мәтінін дайындаудың мынадай сатыларынан өтеді:

• әдеттегі дипломатиялық көздерді пайдалану;

• халықаралық конференциялардың қызметі;

• халықаралық ұйымдардың қызметі.

ІІІарт мәтінін қабылдау - дауыс берудің қажетті рәсімі, оның көмегімен мемлекеттердің немесе халықаралық ұйымдардың өкілетті тұлғалар шарттың мәтінімен келісетіндіктерін білдіреді.

Екі тарапты шарттар және аз мемлекеттер қатысатын шарттардың мәтіні келіссөздерге қатысқан барлық мемлекеттердің дауыс беруі арқылы қабылданады. Халықаралық қауымдастықтың қалыптасқан тәжірибесінде халықаралық конференцияларда шешім қабылдау рәсімі билікті дауыстар санына, атап айтқанда 2/3 дауысқа келтірілген. Консенсус жолымен шешім қабылдануы да мүмкін (латын сөзіндегі consensus- келісім, бірауыздылық деген мағынада), яғни пікірталас нәтижесінде даулы мәселе бойынша қол жеткізетін ортақ келісімге келу және халықаралық келіссөздерге қатысушылар позицияларының жақындасуы, шарттың мәтінін ресми дауыс берусіз қабылдау.

Түпнұсқалық мәтін дегеніміз - бір немесе бірнеше тілде жасалатын мәтін, олар бірдей түпнұсқалық деп қарастырылады және бірдей зандық күші болады.

Қазіргі кездің шарттық тәжірибесінде мәтіннің тұпнұсқалығын бекіту мынадай нысандары қолданылады:

• қол қою (парафирлеу - рагарһе деген француз сөзі - қысқартылған жазу мағынасында) - халықаралық шартқа уәкілетті адамның аты-жөндерінің бас әріптерімен алдын ала қол қою;

• халықаралық конференцияның Қорытынды Актілеріне шарттың мәтінін енгізу;

• халықаралық конференцияның қарарына шарттың мәтінін енгізу. Халықаралық шарттың өзі үшін міндетті болатындығына мемлекеттің келісімін берудің маңызды тәсілдерінін бірі оған қол қою.

Мәтінді үйлестіру және қабылдау рәсімінен кейін осы мәтінді түпкілікті деп тану және өкілетті тұлғалар тарапынан өзгертілмейтіндей бір тәсілді анықтау қажеттігі туындайды. Шарттың қабылданған мәтіні түпкілікті деп танылатын рәсім мәтіннің түпнұскалығын бекіту деп аталады(грек сөзі authentikos-түпнұсқа; түпнұсқаға сәйкес , алғашқы қайнар көзден шығатын деген мағынаны береді).

14- сызба