Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПП учебно-метод пособия Усенбаева А У.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735.74 Кб
Скачать

Халықаралық – құқықтық жауапкершілік

26- сызба

Халықаралық құқықтық жауапкершілік - бұл халықаралық-құқықтық міндеттемелерді бұзған жағдайда халықаралық құқық субъектілері үшін туындайтын заңдық салдар. Мұнда жауапкершілік, тек жауапкершіліктен босату негіздері болмаған жағдайда ғана туындайтынын айта кету керек.

Xалықаралық құқықтық жауапкершілік дегеніміз - осы міндетті жүзеге асыру мақсатында, яғни залалды өтеу және жәбірленуші тараптың құқығын қорғау болып табылады.

Мемлекеттердің халықаралық-құқықтық жауапкершілігінің негіздері.

Жауапкершілік негізінің бұл түріне мемлекеттер үшін тәртіп ережелерінің заңи міндеттілігін белгілейтін кез келген халықаралық-құқықтық акті жатқызылады.

Халықаралық құқық бұзұшылық объектілері.

Барлық материалдық және материалдық емес құндылықтар құқыққа қарсы әрекеттердің объектісі болып табылады. Бұл құндылықтар әр түрлі, мәселен, бейбітшілік пен адамзат қауіпсіздігі, шетелдік тұлғаның ар-намысы, дипломатиялық және елшілік өкілдіктердің қол сұғылмайтындығы, ғарыш кеңістігі және т.б. Бұзылған құқықтық норма құқық бұзушылықтың нақты объектісі болып табылады.

Зиян (залал) - мемлекеттің құқыққа қарсы тәртібінің салдары. Келтірілген залалдың болуы жәбірленуші тарапты анықтауға мүмкіндік береді, құқық бұзушы мемлекетке талап қоюға, сондай-ақ халықаралық-құқықтық санкцияны қолдануға негіз болады. Залалдың екі түрі бар: материалдық-мүліктік залалдар; материалдық емес - зиянның сипатына байланысты оңды (нақты материалдық) және алынбаған пайда болып бөлінеді.

Құқық бұзушылық пен туындаған зиянды салдардың арасындағы себепті байланыс. Себепті байланыс яғни, бұл туындаған залалдың құқықққа қарсы әрекеттер нәтижесінде болуы.

Кінә - халықаралық құқық бұзушылықтың субъективтік элементі. Халықаралық-құқықтық жауапкершілік субъектілерінің кінәсі әрекетке немесе әрекетсіздікке байланысты болады. Ол әрқашан жалпы халықаралық-құқықтық нормалар мен қағидаларды немесе нақты шарттық міндеттемелерді бұзуға байланысты. Құқық бұзушылық қасақана немесе қасақана емес болуы мүмкін.