- •Мазмұны
- •Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны
- •Халықаралық – құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы
- •Халықаралық құқықтың қайнар көздері
- •Халықаралық құқықтың қағидалары
- •Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары
- •Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың бір–бірімен өзара байланысы және қатынасы
- •Халықаралық құқықтың субьектілері, тану және құқық қабылдаушылық
- •Аумақ (территория) және шекара
- •Халықаралық шарттар құқығы
- •Халықаралық шарттардың жарамсыздығы
- •Шартқа қатысушылардың сандық құрамына байланысты: екі тарапты және көп тарапты.
- •Халықаралық шарттарды жасау дегеніміз - бірнеше жүйелі сатылардан құралатын күрделі процесс. Халықаралық шарттарды жасаудың негізгі сатылары:
- •Халықаралық теңіз және өзен құқығы
- •Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі
- •Жіктеудің негіздеріне мыналар кіреді:
- •Біріккен Ұлттар Ұйымы (бұұ) әмбебап халықаралық ұйым ретінде
- •Біріккен Ұлттар Ұйымының құрылымы
- •Халықаралық – құқықтық жауапкершілік
- •Халықаралық құқық бұзұшылық объектілері.
- •Халықаралық әуе құқығы
- •Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау
- •Халықаралық экономикалық құқық Халықаралық құқық және әуе кеңістігін игеру
- •Халықаралық экономикалық құқық
- •Халықаралық гуманитарлық құқық
- •Дипломатиялық құқық
- •Консулдық құқық
- •Халықаралық қауіпсіздік құқығы
- •Қ ылмыспен қарсы күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы
- •Халықаралық экологиялық құқық
- •Семинар сабақтарының тақырыптары
- •Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыптары
- •Студенттің білімін тексеру үшін тест сұрақтары:
- •Ұсынылатын әдебиеттер тізімі
Халықаралық экономикалық құқық
30- сызба
Экономикалық
әріптестер
арасындағы
ынтымақтастық
қағидасы
белгілі бір құқықтық
стандарттарда тиімді, ұзақ
мерзімді өзара түсіністікті
қамтамасыз
етеді.
Халықаралық
экономикалық
құқықтың
қалыптасуына
күш қолданбау
немесе күш
қолданамын
деп қоқан-лоққы
жасамау қағидасының
таралуы маңызды
рөл атқарады.
Мемлекеттердің
ішкі істеріне қол
сұқпау
қағидасы
халықаралық
экономикалық
құқықтың және экономикалық құқықтық
тәртіптің қалыптасуын
қамтамасыз
етеді.
Сыртқы экономикалық байланысты
ұйымдастыру нысанын таңдау
қағидасы
мемлекеттердің
дербес теңдік
және ішкі
істерге қол
сұқпау
қағидасының
қисынды
жалғасы
болып табылады.
Экономикалық кемсітпеушілік
қағидасы халықаралық
құқықтың
негізгі қағидасы
- мемлекеттердің
теңдігінен
келіп шыққан.
Бұл қағида
шарттық
болып табылмайды, бұл
прогресшіл халықаралық
қауымдастық
ұстанатын
әдеттегі
норма болып табылады.
Халықаралық
экономикалық
құқықтың
негізгі қайнар
көздері
халықаралық
шарт пен халықаралық
дәстүр.
31- сызба
Халықаралық
(әлемдік)
экономикалық
тәртіпке
мынадай сипат тән:
• экономикалық
күштің
үстемдік
етуі, мемлекеттердің
экономикалық
санкцияларды аралас қолдануы;
• мемлекеттерді
экономикалық
даму деңгейлері
мен нарық
экономикасының
дәрежесі
бойынша бөлудің фактілік заңдастырылуы;
• түрлі
құқықтық
режимдердің
қалыптасуы,
кейінірек - барынша қолайлылық
режимін, преференциал режимін
заңдастыру;
• халықаралық
қауымдастық
қатысушыларының
екі жақты
реттеуден көп жақты
реттеуге өтуі;
• халықаралық-құқықтық
реттеу саласында мемлекеттердің ішкі
құзіреттерінің өсуі.
32- сызба
1964 ж. Женева қағидалары
1974 ж. мемлекеттердің
экономикалық
құқықтары
мен міндеттерінің
Хартиясы
Жаңа
халықаралық
экономикалық
тәртіп
(ЖХЭТ) орнату туралы 1974 ж. Декларация
33- сызба
Халықаралық гуманитарлық құқық
34- сызба
Негізгі қағидаларға
халықаралық құқық мазмұнының негізін
қалайтын,
бастапқы
идеялар жатады, олар:
• ізгілік қағидасы;
• кемсітушілікке жол бермеу
қағидасы;
• қарулы
қақтығыс
құрбандарын
қорғау
және ізгі
қатынас
жасау қағидасы;
• азаматтық
халықты,
азаматтық
объектілерді әскери қимылдардан қорғау
қағидасы;
• медициналық
қызметкерлерге
қол
сұғылмаушылығы
қағидасы;
• халықаралық
гуманитарлық
құқық
нормаларын міндетті түрде
сақтау
қағидасы;
• халықаралық
гуманитарлық
құқық
нормаларын елеулі бұзғандық
үшін
қылмыстық-құқықтық
жауапкершілік қағидасы;
• әскери
қажеттіліктің
адамға
құрметпен
үйлесімділік
қағидасы;
• қақтығысушы
тараптардың
әскери
қимылдарды
жүргізу
әдістері
мен құралдарын
таңдауын
шектеу қағидасы.
Адам құқықтарына
байланысты жалпы қағидалар
қатарына
мыналар жатады:
• жеке адамға
қол
сұғылмаушылық
қағидасы;
• азаптаулар, айуандық
жазалауларға
жол бермеу қағидасы;
• адам құқығының
заң алдында
кепілді мойындалу қағидасы;
• ар-намыс, отбасы құқықтарын,
сенімдер мен дәстүрлерді
қүрметтсу
қағидасы;
• меншік құқығынан заңсыз айыруға жол
бермеу қағидсы;
• барлық
адамдарға
тен және
құрметті
қатынас
жасау қағидасы;
• жеке бас қауіпсіздігінің
қағидасы;
• репрессалии, ұжымдық
жазалау, депортациялар, кепілге алуға
жол бермеу қағидасы;
• гуманитарлық
конвенциялар ұсынатын құқықтардан бас
тартуға жол бермеу қағидасы.
Жанжалдар құрбандарына
қатысты
қағидаларға:
• медициналық
қызметкерлерді
қорғау
қағидасы;
• медициналық
қызметкерлердің
кез келген дұшпандық
әрекеттерден
аулақ болу
қағидасы;
• аурулар мен жаралыларды
күтіп-қарауына байланысты адамды
қудалауға
жол бермеу қағидасы;
• ұлттық
билікте де, халықаралық
деңгейдегі
билікте де қара-уындағы
адамдарды қорғауды
қамтамасыз
етудің
мемлекеттік міндет қағидасы.
Жанжалдасушы тараптар
әскери
қимылдар
жүргізген
кезде төмендегі қағидаларды
басшылыққа
алуы тиіс:
• бейбіт халыққа,
азаматтық
тұлғаларға,
азаматтық
нысандарға
шабуыл жасауға
жол бермеу қағидасы;
• қорғалмайтын
нысандарға
шабуыл жасауға
жол бермеу қағидасы;
• бейбіт халық
үшін қауіпті
болатын күштердің
босатылу қаупін тудыратын құрылыстарға
шабуыл жасауға
жол бермеу қағидасы;
• бейбіт халықты
әскери
нысандарды қорғау
үшін және
шабуыл жасауға
пайдалануға
жол бермеу қағидасы;
• бейбіт халыққа
құрметпен
қарау
қағидасы;
• қоршаған
ортаға
орны толмастай залал келтіруге жол
бермеу қағидасы;
• қарулы жанжал
мақсаттарына
шамалас келмейтін залаларды қарсы
жаққа
келтіруге жол бермеу қағидасы;
• қарудың
және соғыс
жүргізудің
тыйым салынған
түрлері
мен әдістерін
қолдануға
тыйым салу қағидалары
жатады.
