Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПП учебно-метод пособия Усенбаева А У.doc
Скачиваний:
2
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735.74 Кб
Скачать

Халықаралық құқықтың қағидалары

7- сызба

Халықаралық құқық халықаралық қатынастардың қатысушыларының маңызды және жалпы ережелері болғандықтан, оған негізгі қағидалардың ерекше жүйесі тән.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары халықаралық қатынастардың және халықаралық құқықтың жүйесінің маңызды заңдылықтарын көрсетеді.

Аталған қағидалар жүйесіне мынадай сипаттар тән:

1) әмбебаптық;

2) көпшілік мойындағандық;

3) жалпыға міндеттілік;

4) тұрақтылық.

Негізгі қағидалар мазмұны 1970 ж. халықаралық құқықтардың қағидалары туралы Декларацияда ашып қөрсетілген. Сонымен қатар, бұл қағидалар 1975 ж. Хельсинкидегі Еуропа Одағымен ынтымақтастық және қауіпсіздік жөніндегі Кеңестің қорытынды актісінде әрі қарай дамытылған. Бұл қағидалар шарттық келісім нәтижесі болып табылады. Мысалы, 1994 ж. 15 сәуірдегі ТМД қатысушы мемлекеттердің тәуелсіздікті сақтау, аумақтың тұтастығы және шекараларға қол сұқпау туралы Декларациясын, ҚР мен АҚШ арасындағы 1994 ж. 14 ақпандағы декларациялық әріптестік туралы Хартия; 1994 ж. 23 наурыздағы ҚР мен Испания корольдігі арасындағы өзара қатынастардың негізі туралы Декларацияны айтуға болады.

Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары

8- сызба

Қағидалар жүйесінде бейбіт қатар өмір сүру қағидасы жалпылама сипатқа ие.

Бейбітшілік пен халықаралық қауіпсіздікті қолдау негіздерін сипаттайтын қағидаларға: аумақтық тұрақтылық қағидасы; күш қолдану және күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасауға тыйым сала отырып, пайда болған халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы, шекаралардың мызғымастығы қағидасы

Халықаралық ынтымақтастық қағидасы, біріншіден, мемлекеттердің тәуелсіз теңдіктерімен;

екіншіден, Ішкі істерге қол сұқпаушылық;

үшіншіден, мемлекеттердің түрлі салаларда ынтымақтасуымен;

төртіншіден, мемлекеттік тәуелсіздікті құрметтеумен;

бесіншіден, өздеріне адал орындауымен сипатталады.

жүктелген міндеттерді

Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың бір–бірімен өзара байланысы және қатынасы

9- сызба

Бірінші бағыт - дуалистік теория XIX ғ. аяғында пайда болды. Оның өкілдері Трипель, Анцилотти, Холл, Штрупп, Ульман және басқалары. Дуализмнің мәні халықаралық және ұлттық құқықтардың екі түрлі құқықтық тәртіпте қаралуында. Трипель бұл екі шеңбердің жанасатынын, алайда ешқашан қиылыспайтыны туралы жазған болатын, ал екінші белгілі дуалист Д.Анцилотти халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтар мен құқықтық тәртіптерді көрсететінін атап айтты. Сонымен, дуалистер халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың әр түрлі құқықтық жүйенің жекелеген түрлері деген көзқарасты ұсынады. Онан басқа, осы бағыттың өкілдері екі жүйенің тұтастай заңдық бір мағыналықты көрсететінін атап, бір жүйенің екінші жүйеден басымдығын жоққа шығарады.

Екінші бағыт — халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдық теориясы. Аталмыш теорияны Кельзен, Гуггенхейм, Ссель, Руссо сынды тұлғалар жақтаған. Бұл теорияның мәні халықаралық құкықтың ұлттық құқықтан басымдығын қолдауда, сол арқылы мемлекеттік тәуелсіздік жоққа шығарылды. Тіпті Кельзен мен Ссель осы көзқарасты жақтап, тәуелсіздіктің "көнергенін" және оның "құқықтың дамуына" кедергі келтіретінін дәлелдегілері келген.

Үшінші бағыт — ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басымдық теориясы. Аталған теорияны қолдаушылар (Гегель, Цорн, Кауфман) халықаралық құқықты түрлі мемлекеттердің сыртқы мемлекеттік құқықтарының жиынтығы деп қарастырды. Гегель мемлекет жер бетіндегі абсолюттік билікті сипаттайды деп дәлелдемек болды. Сөйтіп, ішкі мемлекеттік нормаларды, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын өзгертуге құқылы болды. Гегельдің бұл көзқарасы фашизм теориясында халықаралық қатынастардың тәлкекке ұшырауын ақтау үшін пайдаланылды. Ұлттық құқықтың халықаралық құқыққа мұндай басымдығын мақұлдау құқықтық немқұрайдылыққа әкеліп соғады.