Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПП учебно-метод пособия Усенбаева А У.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735.74 Кб
Скачать

Халықаралық – құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы

3- сызба

Халықаралық жария құқық - бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық тұрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі.

Халықаралық құқықтың қызмет етуі - бұл халықаралык құқық жүйесі мен құқықтық ортаның, яғни халықаралық құқық жүйесі компоненттерінін әрекеттесуі болып табылады.

Халықаралық құқықтың басты қызметі - оның мемлекетаралық қатынасының негізгі қатысушылары мен арақатынасынан көрінеді.

Халықаралық құқықтың қызмет етуі үшін, бір жағынан, халықаралық құқықтың және сыртқы саясатының, екінші жағынан халықаралық құқық пен дипломатияның арақатынасы мәселелері өзекті мәселе болып табылады.

Халықаралық жария құқықығының қызмет етуі үшін мынадай мәселелер өзекті болып табылады:

біріншіден, халықаралық құқық мемлекеттің көпшілік таныған нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектеп отырады;

екіншіден, халықаралық құқық сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияның дамуы үшін негіз бола алады;

үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысушы органдардың қызметін реттейді.

Мысалы, халықаралық жария құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын құқықтық тұрғыда реттейді. Оған байланысты халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта болсын, жетерліктей нормативтік база бар, мысалы, 1961 ж. Дипломатиялық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 1963 ж. Консулдық қатынастар туралы Вена конвенциясы, 2002 ж. "Дипломатиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және т.б.

Оның негізгі мақсаттары мынадай:

а) халықаралық құқық қағидаларын қабылдауға және құрметтеуге көмектесу;

б) Халықаралық Сотқа жүгіну мен оны құрметтеуді қоса алғанда, мемлекеттер арасындағы дауларды бейбіт жолмен шешу құралдары мен әдістеріне көмектесу;

Жедел-іздестіру қызметіне қатысуға рұқсат беру немесе оны жүзеге асыру нәтижесінде алынған материалдарды пайдалануға рұқсат беру туралы деректерді алу қажеттілігі

в) халықаралық құқықтың үдемелі дамуы мен оның жүйеленуін ынталандыру;

г) халықаралық құқықты оқыту, зерттеу, тарату және оның кенінен танылуын ынталандыру.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері

4- сызба

Халықаралық-құқықтық нормалар — бұл халықаралық жария құқық субъектілері тәртіптерінің белгілі ережелері болып келеді.

1) халықаралық құқық субъектілерінің арасындағы қатынастарды ретттеуі;

2) міндетті сипаты, яғни құқықтық нормалардың заңдық күші, себебі құқықтық емес нормалардың өзіндік міндетті күші болады;

3) жалпы сипаты, яғни норманың әрекет етуі.

Халықаралық құқықтың қайнар көздері - бұл оның нормалары мен қағидаларының көрінісімен бекітілуінің ерекше, арнаулы нысаны.

Халықаралық құқықтың қайнар көздерінің заңи мағынасы - бұл, оның субъектілерінің келісілген еркін білдіретін халықаралық құқық нормаларына айналған нысандар.

Қайнар көздердің жүйесі негізгі және көмекші болып екіге бөлінеді.

Негізгіге мыналар жатады:

  • Халықаралық шарт;

  • Халықаралық дәстүр;

Халықаралық құқықтың көмекші қайнар кездеріне мыналар жатады:

• Халықаралық ұйымдардың шешімдері, қарарлары;

• Халықаралық Соттың және Төрелік соттың шешімдері;

• Мемлекетішілік заңдар, ұлттық соттардың шешімдері;

• Халықаралық құқықтағы ғалымдар доктринасы;

• "Өркениетті ұлттар таныған құқықтың жалпы қағидалары".

5- сызба

Халықаралық шарт шарттасушы тараптар үшін құқықтар мен міндеттерді белгілейтін нормалар. Сонымен қатар, ол халықаралық нормалардың жасалуына негіз болатын құралдың бірі.

Халықаралық Сот пен төрелік сот қолданыстағы құқықтарды қолданады, талдайды, алайда құқық нормаларын шығармайды.

Халықаралық дәстүр шарттан кейін екінші орынға ие халықаралық құқықтың қайнар көздерінің бірі. Әдеттегі нормалар ұзақ мерзімді тәжірибиенің нәтижесінде, құқық субъектілерінің ондай норманың заңи міндетті сипатын мойындағанынан кейін пайда болады. Шарттық және әдеттегі нормалар халықаралық құқықтың жалпы жүйесін құрайды, олар бір-біріне қайшы келмейді, керісінше, халықаралық құқық нормаларын тиімді қолдануды қамтамасыз етеді.

Халықаралық дәстүр дегеніміз халықаралық тәжірибеде қалыптасқан тәртіп ережесі, халықаралық құқық субъектілері оның заңи міндетті сипатын мойындайды.

Халықаралық құқық доктринасы халықаралық шарттардың құқыққа сай болуының басты белгісі ретінде оларды жасау барысындағы еріктілікті айтады.

Халықаралық әдет деп мемлекеттердің заңдық міндеттілігі бар деп есептелінбейтін жалпы тәжірибелерін айтады.

Халықаралық ұйымдардың қаулылары, ең бірінші БҰҰ Бас Ассамблеясы мен Қауіпсіздік Кеңесінің қарарлары норма жасау процесіне қатысады.

Ұлттық заңдар халықаралық-құқықтық норма санатында танылған кезде ғана халықаралық құқықтың қайна көзі болып есептеле алады

Дегенмен, ұлттық заңдар халықаралық-құқықтық норма санатында танылған кезде ғана халықаралық құқықтың қайна көзі болып есептеле алады (халықаралық шарт арқылы немесе қалықаралық дәстүр арқылы).

Мұндай доктриналардың маңызы қолданыстағы халықаралық құқықтың қандай да бір нақты қағидалары, нормалары мен институттарының мазмұнын айқындау үшін мамандардың ғылыми пікірлерінін қосымша материалдар ретінде қызмет етуінен көрінеді.

Доктриналар халықаралық қатынастың жаңа ережелерін дайындап және қалыптастыра алады. Бірақ, олар заңдық тұрғыда міндетті болуы үшін халықаралық тұрғыда танылуы керек, яғни бұл ғылыми көзқарастар халықаралық қатынас қатысушыларының ерік білдірулерін келісімге келтіруге негіз болулары қажет.

6- сызба

Халықаралық және ұлттық құқықтың арақатынасы теориясы үш негізгі бағытты өмірге әкелді. Дуалистік және екі монистік-халықаралық құкықтың ұлттық құқықтан басым тұру теориясы және ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басым тұру теориясы.

Бірінші бағыт - дуалистік теория XIX ғ. аяғында пайда болды. Оның өкілдері Трипель, Анцилотти, Холл, Штрупп, Ульман және басқалары. Дуализмнің мәні халықаралық және ұлттық құқықтардың екі түрлі құқықтық тәртіпте қаралуында. Трипель бұл екі шеңбердің жанасатынын, алайда ешқашан қиылыспайтыны туралы жазған болатын, ал екінші белгілі дуалист Д.Анцилотти халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтар мен құқықтық тәртіптерді көрсететінін атап айтты. Сонымен, дуалистер халықаралық және ішкі мемлекеттік құқықтардың әр түрлі құқықтық жүйенің жекелеген түрлері деген көзқарасты ұсынады. Онан басқа, осы бағыттың өкілдері екі жүйенің тұтастай заңдық бір мағыналықты көрсететінін атап, бір жүйенің екінші жүйеден басымдығын жоққа шығарады.

Екінші бағыт — халықаралық құқықтың ұлттық құқықтан басымдық теориясы. Аталмыш теорияны Кельзен, Гуггенхейм, Ссель, Руссо сынды тұлғалар жақтаған. Бұл теорияның мәні халықаралық құкықтың ұлттық құқықтан басымдығын қолдауда, сол арқылы мемлекеттік тәуелсіздік жоққа шығарылды. Тіпті Кельзен мен Ссель осы көзқарасты жақтап, тәуелсіздіктің "көнергенін" және оның "құқықтың дамуына" кедергі келтіретінін дәлелдегілері келген.

Үшінші бағыт — ұлттық құқықтың халықаралық құқықтан басымдық теориясы. Аталған теорияны қолдаушылар (Гегель, Цорн, Кауфман) халықаралық құқықты түрлі мемлекеттердің сыртқы мемлекеттік құқықтарының жиынтығы деп қарастырды. Гегель мемлекет жер бетіндегі абсолюттік билікті сипаттайды деп дәлелдемек болды. Сөйтіп, ішкі мемлекеттік нормаларды, сондай-ақ халықаралық құқық нормаларын өзгертуге құқылы болды. Гегельдің бұл көзқарасы фашизм теориясында халықаралық қатынастардың тәлкекке ұшырауын ақтау үшін пайдаланылды. Ұлттық құқықтың халықаралық құқыққа мұндай басымдығын мақұлдау құқықтық немқұрайдылыққа әкеліп соғады.

Нормалар арасындағы коллизиялық жағдайда мемлекет өзіне жүктелген халықаралық міндеттемелерді орындауы керек, мұндай жағдайда ішкі заңдарға сілтеме жасау оны бұл міндеттерді орындаудан босата алмайды. Мысалы, Қазақстан Республикасы Конституциясының 4-бабында Республиканың бекіткен шарттары оның заңдарынан басым тұрады және халықаралық шарт бойынша оны қолдану үшін заң шығару қажет деп көрсетілген жағдайлардан басқа реттерде тікелей қолданылады,- делінген.