Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
МПП учебно-метод пособия Усенбаева А У.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
735.74 Кб
Скачать

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ

«ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚҰҚЫҚ» ИНСТИТУТЫ

«ҚҰҚЫҚТАНУ» КАФЕДРАСЫ

УСЕНБАЕВА А.У.

«ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАРИЯ ҚҰҚЫҒЫ» ПӘНІ БОЙЫНША СЫЗБАЛАР АЛЬБОМЫ

(5В030100 – «Юриспруденция» мамандығы студенттеріне арналған оқу-әдістемелік құрал)

Ақтау, 2013

УДК 349.6 (075.8)

ББК 67. 407 я 73

У 73

Сын-пікір берушілер: з.ғ.д., профессор

з.ғ.к., доцент Алибеков С.К.

з.ғ.к. Мусабаева Г.Н.

Усенбаева А.У.

У 73 «Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша сызбалар альбомы. Оқу-әдістемелік құрал – Ақтау: Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, 2013. - 78 бет.

ISBN 978-601-7276-60-7

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік құралда халықаралық жария құқығы пәнінің негізгі анықтамалары, түсініктері, соның ішінде халықаралық жария құқығының түсінігі, қағидалары, қайнар көздері, халықаралық құқықтың субьектілері, халықаралық шарттар, халықаралық теңіз және өзен құқығы, халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі, Біріккен Ұлттар Ұйымы, халықаралық әуе, ғарыш құқықтары, халықаралық экологиялық, экономикалық, гуманитарлық құқықтары, дипломатиялық және консулдық құқықтары, халықаралық қауіпсіздік және қылмыспен қарсы күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы жөнінде қарастырылған.

Оқу-әдістемелік құралында халықаралық жария құқығы пәнінің дәріс және практика (тәжірибе) сабақтарына арналған тақырыптары бойынша кестелер, өзін-өзі тексеру сұрақтары, студенттің білімін тексеру үшін тест сұрақтары және нормативтік құқықтық актілер мен пайдаланылатын әдебиеттер тізімі қамтылған.

Оқу-әдістемелік құралы заң мамандығының студенттеріне арналған.

УДК 349.6 (075.8)

ББК 67. 407 я 73

Ш.Есенов атындағы Каспий Мемлекеттік Технологиялар және Инжиниринг Университетінің Оқу-әдістемелік кеңесінің шешімі бойынша басылып шығарылды.

ISBN 978-601-7276-60-7

© Ш.Есенов атындағы КМТжИУ университеті, 2013

Мазмұны

Алғысөз.........................................................................................................................4

1-тарау.

1-тақырып. Қазіргі халықаралық құқық құқықтың ерекше жүйесі ретінде және оның мазмұны..............................................................................................................5

2-тақырып. Халықаралық – құқықтық ғылымның және халықаралық құқықтың тарихы...........................................................................................................................7

3-тақырып. Халықаралық құқықтың қайнар көздері...............................................8

4-тақырып. Халықаралық құқықтың қағидалары...................................................11

5-тақырып. Халықаралық және мемлекетішілік құқықтың бір–бірімен өзара байланысы және қатынасы.......................................................................................13

6-тақырып. Халықаралық құқықтың субьектілері, тану және құқық қабылдаушылық.........................................................................................................14

7-тақырып. Аумақ (территория) және шекара........................................................15

8-тақырып. Халықаралық шарттар құқығы............................................................16

9-тақырып. Халықаралық теңіз және өзен құқығы................................................24

10-тақырып. Халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.............................25

11-тақырып. Біріккен Ұлттар Ұйымы (БҰҰ) әмбебап халықаралық ұйым ретінде.........................................................................................................................29

12-тақырып. Халықаралық – құқықтық жауапкершілік........................................30

13-тақырып. Халықаралық әуе құқығы...................................................................31

14-тақырып. Халықаралық құқықтағы адам құқықтарын қорғау.........................32

15-тақырып. Халықаралық құқық және әуе кеңістігін игеру................................33

16-тақырып. Халықаралық экономикалық құқық..................................................34

17-тақырып. Халықаралық гуманитарлық құқық...................................................38

18-тақырып. Дипломатиялық құқық........................................................................39

19-тақырып. Консулдық құқық................................................................................41

20-тақырып. Халықаралық қауіпсіздік құқығы......................................................42

21-тақырып.Қылмыспен қарсы күрестегі мемлекеттердің ынтымақтастығы........................................................................................................47

22-тақырып. Халықаралық экологиялық құқық.....................................................53

2-тарау. Семинар сабақтарының тақырыптары......................................................54

3-тарау. Студенттің өзіндік жұмыстарының тақырыптары..................................59

4-тарау. Студенттің білімін тексеру үшін тест сұрақтары....................................61

Қолдануға ұсынылған әдебиеттер............................................................................78

АЛҒЫСӨЗ

Халықаралық жария құқығының кейбір алғашқы элементтері құл иеленуші мемлекеттерден бастау алады. Ерте дәуірлерде халықаралық құқық онша дами алмады, оның себебі әр құл иеленуші мемлекет басқа мемлекеттер мен халықтар өзіне бағынуы тиіс деп санады. Халықаралық жария құқығының негұрлым жоғары қарқынды дамуы орта ғасырларға тән болып келеді. Неғұрлым дамыған елшілік құқық, сауда құқығы болып саналады. Географиялық ашылуларға байланысты теңіз құқығы жедел дами бастады.

Қазіргі халықаралық құқық ұлттық, мемлекетішілік құқық жүйесінен ерекше, бөлек құқық жүйесі. Халықаралық құқықтың субьектісі болып мемлекет, үкіметаралық халықаралық ұйымдар және өзінің бостандығы мен тәуелсіздігі үшін күресіп жатқан ұлттар мен халықтар танылады.

Қазіргі кездегі халықаралық құқық келесі салалардан тұрады: адам құқығы, дипломатиялық құқық, консульдық құқық, халықаралық қауіпсіздік құқығы, халықаралық теңіз құқығы, халықаралық экономикалық құқық, халықаралық экологиялық құқық, халықаралық әуе құқығы, халықаралық гуманитарлық құқық және тағы басқа.

Қазақстан Республикасы халықаралық қауымдастықта көптеген өзге елдермен ортақ өзара қарым – қатынаста дамуда. Халықаралық қатынастардың дамуы қоғамдық өмірмен қатар, әрбір адамға өз әсерін тигізеді. Қазақстан Республикасының халықаралық келісімшарттары мен халықаралық құқықтық нормалары және жалпы танылған қағидалары оның құқықтық жүйесінің бір бөлігі болып табылады.

Жоғары оқу орындарында халықаралық жария құқығы мен халықаралық жеке құқығын оқытудың кең етек алуы егеменді Қазақстанның сыртқы саяси, сыртқы экономикалық қызметіндегі реформалардың үрдісімен тығыз байланысты.

Мемлекеттер мен ұлттар арасындағы қатынастардың негізгі ережелерін білу - әрбір адамға қажет болып табылатын маңызды мәдениеттің бір бөлігі. Халықаралық – құқықтық оқытуды негізінен орта мектептен бастапөз кезегінде жоғары оқу орындарында жалғастырған жөн болар еді.

Халықаралық құқықтың болашағы глобализм дамуымен қатар жүріп келе жатыр. Бұдан мынадай қортынды шығаруға болады, яғни барлық мемлекеттер әлемдік қауымдастықтың мүшесі ретінде өзінің ішкі және халықаралық қызметінде жалпы адамдық құндылықтарды басшылыққа алады. Қазіргі кезеңдегі Біріккен Ұлттар Ұйымының ұстанымының сәл бәсеңдеуіне қарамастан, болашақта бұл бүкіләлемдік ұйымның рөлі арта түспек. Мемлекеттердің ішкі заңдылықтарын унификациялау ұстанымы халықаралық шарттар нормалары, келісімдер және конвенциялар көмегі арқылы және халықаралық жария құқығының нормаларын негізге ала отырып жүзеге асырылатынын болжауымызға болады.