
- •Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
- •Электрлік байланыстың бағыттауыш жүйелері
- •Мазмұны
- •1 Пәннің жұмыс бағдарламасы (силлабусы)
- •1.1 Оқытушы жайлы мәліметтер
- •1.2 Пән жайлы мәліметтер
- •1.3 Курс пререквизиттері
- •1.4 Курс постреквизиті
- •1.5 Пәннен қысқаша мағлұмат
- •1.6 Пән мазмұны
- •1.8 Дереккөздер тізімі
- •1.9 Курс саясаты
- •1.10 Білім бағасы жайлы ақпарат
- •2 Терминдер мен анықтамасы
- •1 Дәріс. Кіріспе. Бағыттаушы жүйелердің классификациясы, конструкциясы және жиіліктік диапазоны
- •1.1 Сурет - Тарату жүйесінің жалпыланған сұлбасы
- •1.2 Сурет – Байланыс жолының түрлері
- •1.3 Сурет - Әртүрлі бағыттауыш жүйелердің жиіліктік диапазондары
- •2 Дәріс. Электр байланыс желісін құрастыру
- •2.1 Сурет – Жалпыланған байланыс желісінің сұлбасы
- •3 Дәріс. Кабельдер негізіндегі бағыттаушы жүйе
- •3.1 Сурет – Байланыс кабелінің классификациясы
- •4 Дәріс. Бағыттаушы жүйенің электродинамикасы
- •4.1Сурет - Электромагниттік өрістің таралуы
- •4.2 Сурет – Бағыттаушы жүйедегі толқын түрі
- •5 Дәріс. Бағытаушы жүйенің теориясы
- •5.1 Сурет – Коаксиалды кабельдің магнитті өрісі
- •5.2 Сурет – Біртектілік (а) және біртекті емес жолдар (б) сұлбалары
- •6 Дәріс. Толқынтасығыш
- •6.1 Сурет – Шексіз өткізгіш жазықтық
- •7.1 Сурет – Электромагнитті толқын өлшемі
- •7.2 Сурет - Талшықты жарық өткізгіштіктің құрылымы
- •7.3 Сурет - Дисперсия түрлері
- •7.4 Сурет - Жоғалу механизмі
- •9.1 Сурет - Бөгет түсінігі: а) бөгеті жоқ; б) бөгеті бар
- •9.2 Сурет – а) электр б) магниттік әсердің мәні
- •9.3 Сурет – Бөгет көздерінің калссификациясы
- •9.4 Сурет – Өзара әсерлік анықтауыштар
- •13.1 Сурет – Коррозия тогы
- •15 Дәріс. Құрамдалған кабель жүйелері
- •15.1 Сурет – қкж ішкі жүйесі кжқ класстары мен категориялары. Еспе жұптары арқылы ақпарат алмасу төрт классқа бөлінеді а, в, с, d (15.2 кесте).
- •4 Зертханалық жұмыстарға әдістемелік нұсқаулықтар
- •2 Кесте – эқк-нің және жиіліктің сандық мәндерінің нұсқалары
- •1 Сурет – Байланыс жолын зерттеу
- •1 Сурет – Жұмыстарды орындау үшін арналған стенд
- •2 Сурет – Жұмыстарды орындауға арналған стенд
- •1 Сурет – Жұмысты орындауға арналған стенд
- •5 Студенттердің өзіндік жұмысына арналған оқу құралы
- •6 Тәжірибелік сабақтар бойынша әдістемелік нұсқаулар
- •1 Сурет - Жақындау эффектісі ескерілген g(X) h(X) тәуелділіктері
- •7 Оқушылардың оқу жетістіктерін бақылау және бағалау
- •Емтихан билеттерінің сұрақтары
- •Пәнді өзіндік оқу үшін арналған сұрақтар
- •9 Реферат тақырыптары
9.1 Сурет - Бөгет түсінігі: а) бөгеті жоқ; б) бөгеті бар
Электрмагниттік әсерлердің орын алу үрдісін келесі 9.2 суреттен көреміз.
9.2 Сурет – а) электр б) магниттік әсердің мәні
Әсердің түрлері.
Әсердің әртүрлілігі мен пайда болу көздерінің ерекшелігі классификацияны қажет етеді, бұл 9.3 суретінде көрсетілген.
9.3 Сурет – Бөгет көздерінің калссификациясы
Бір кабельдегі ішкі әсерлер өзара әсерлер деп аталады. Ішкі және сыртқы әсерлер бір-бірінен мына белгілермен ерекшеленеді: қарқындылық, локализация, әсер ету уақыты мен сигнал спектрі мен сыртқы өріс спектрінің қатынасы.
Өзара әсерлестіктің теориясына анықтауыштар.
Өзара әсерлестік теориясында келесі негізгі анықтауыштар белгілі (сурет 9.4):
- әсер еткіш тізбектер – белсенді тізбек, әсер еткіш электромагниттік өріс жасаушы;
- әсерге ұшырайтын тізбек – әсер етілетін электромагниттік өрістер және бөгеттер пайда болатын тізбек;
- жақын соңы (ЖС) – әсер ететін тізбектің генераторы қосылған жол соңы;
- алыс соңы (АС) – жүктемесі қосылған жол соңы.
9.4 Сурет – Өзара әсерлік анықтауыштар
Өзіндік тексеру сұрақтары
Байланыс жолдарына әсердің себебін түсіндіріңіз.
Электромагниттік сәйкестік мәселелерінің мәнін түсіндіріңіз.
ЭМС-тің мәселесі қалай шешіледі?
Электрлік және магниттік әсердің физикалық мәнін түсіндіріңіз.
Сыртқы және ішкі әсерлердің пайда болуын қандай мәселелер тудырады?
Өзара әсерлердің біріншілік және екіншілік параметрлерін атаңыз.
Тікелей, жанама әсерлердің және 3-ші тізбек арқылы әсерледің мәнін түсіндіріңіз.
Электрлік және магниттік байланыстардың көпір сұлбаларын түсіндіріңіз.
Электрлік байланыс қандай коэффициенттермен сипатталады?
Жасанды тізбек дегеніміз не, не үшін ол арналған?
Электрлік және магниттік әсерлердің тогы қалай анықталады?
Жиіліктің жоғарылауымен өзара әсерлер қалай өзгереді?
Симметриялық кабельдері бар байланыс жолдарда қандай әсерлер басымырақ?
Коаксиалды тізбектерде әсердің қандай түрі пайда болады?
Неліктен КК-де электрлік әсері жоқ, түсіндіріңіз.
Үшінші аралық тібекке анықтама беріңіз.
КК неліктен жоғары жиілікте қолданылатынын түсіндірңіз.
Байланыс кедергісі дегеніміз не, жиіліктің көбеюімен ол қалай өзгереді?
Өзара әсерлерге экран қалай әсер етеді?
Симметриялық кабельдерде өзара әсерлерді азайту үшін қандай амалдар қолданылады?
Байланыс кабельдерін симметриялаудың анықтамасын беріңіз. Симметриялаудың түрлерін атаңыз.
Конденсаторлық симметриялаудың мәнін түсіндіріңіз.
ТЖ кабельдерді симметриялаудың әдістемесін түсіндіріңіз.
ЖЖ кабельдерді симметриялаудың әдістемесін түсіндіріңіз.
Байланыс кабельдерінде экранның міндеті қандай?
11-12 дәріс. Байланыс жолдарындағы сыртқы әсерлер
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Сыртқы әсерлердің пайда болу көздері
2. Кедергі келтіретін және қауіпті әсерлер
3. Сыртқы әсерлердің сипаттамалық ерекшеліктері
4. Атмосфералық электрдің әсерлері
5. Найзағайдың түсуінен кабельдің бұзылуы
6. Сыртқы әсерлерден байланыс жолдарының қорғалуы
Сыртқы әсерлердің пайда болу көздері мен классификациясы.
Байланыс жолдарындағы сыртқы әсерлердің пайда болу көздері электр таратқыш жолдар, электрлендірген темір жолдар, әлуетті радиостанциялар, атмосфералық электр, индустриялық бөгеттер, электрлендірілген қалалық көліктер мен т.б. жатады.
Сыртқы әсерлердің сипаттамалары:
-үшінші тізбектің әсерге түсетін әсер етушілердің әр түрлі ұзындықтары;
-әсер етушілердің көзінің кіші өшулері.
Әсерлер қарқындылық деңгейіне байланысты қауіпті және кедергі ететін болып бөлінеді.
Қауіпті
әсерлер қызмет көрсететін қызметкерлердің
өміріне қауіп төндіріп, құралдардың
бұзылуына әкелуі мүмкін.
кернеу мен
ток қауіпті болып табылады.
Кедергі
келтіретін әсерлер бөгеттердің, шулардың,
бұрмаланулардың пайда болуы мен байланыс
құралдарының қалыпты жұмыс істеуінің
бұзылуына алып келеді; кедергі келтіретін
болып кернеуі
,
тогы
.
Сыртқы
әсерлер ұзақ (
с)
және қысқа уақыттық (
с)
болып бөлінеді.
Сыртқы көздердің әсері тұрақты және де кездейсоқ болуы мүмкін.
Сыртқы әсерлер табиғатына байланысты металлдық кабельдер мен оптикалық кабельдерге әсер етеді.
Атмосфералық электрдің әсері. Атмосфералық электрдің қауіпті әсеріне әуелік және кабельді байланыс жолдары да түседі. Біздің мемлекеттің территориясында найзағайлар жер-жерде ғана байқалады, белгілі аймақтағы жылына найзағайлы күндер орташа 25-30 болып табылады.
Кабельдердің найзағайдан бұзылуының ықтималды саны бұзылу тығыздығымен сипатталады – кабельды жолдың жылына трассаның 100 км жалпы байланыстағы жұмыс істемеу саны осы формуламен анықталады:
,
мұндағы N – кабельге найзағайдың түсуінің жалпы саны; K – N бұзылулардың пайда болу периоды, жыл; L – трасса ұзындығы, км.
Найзағайдың кабельге түсуінің бұзылулары келесілер:
- жоғары температура әсерінен қорғасынды қабықшаның еруі;
- изоляцияның, сыртқы металды емес қабықшалардың күюі;
- кабельдің тарамының еруі;
- найзағайдың тура түсуінің 10 м дейін арақашықтығы сыртқы металды қабықшаның бұзылуы, майысулардың, бүгілулердің пайда болуы;
- кабель изоляциясының тесілуі және т.б.
Радиостанциялардың байланыс жолдарына әсері. Радиостанциялар жоғары жиілікті байланыс арналарына кедергілі әсер етеді, егер олардың жұмыс істеу жиілігі ЖЖ жүйенің диапазонымен сәйкес келетін болса.
БЖ-на радиостанцияның ұзын толқынды (30 – 300 кГц) және орташа толқынды (300 – 3000 кГц) диапазондар әсер етеді. Радиостанциялардың ең қуаттысы ұзақ арақашықтықта жұмыс істейтіндер болып табылады.
Радиостанцияға кедергі жасайтын әсерлердің деңгейлері келесі факторларға тәуелді:
- сәулелену радиостанцияның қуаты;
- БЖ мен радиостанцияның өзара орналасуы;
- жердің өткізгіштігі.
Симметриялы кабельдің радиостанциядағы жұмыс істеу аймағы 3,5 – 8 км болып табылады. Оның қабықша материялына тәуелділігіне байланысты коаксиалды кабельде - 3,5 км дейін, оптикалық кабельге радиостанция әсер етпейді.
Электр тарату жолдарының әсері. ЭТЖ тұрақты ток жолдары мен айнымалы ток жолдарына бөлінеді. ЭТЖ тұрақты тогының керенуі: 400; 500; 600; 800; 1000 кВ.
ЭТЖ айнымалы тогының кернеуі: 3,3; 6,6; 11; 35; 220; 500 и 750 кВ.
Өзіндік тексеру сұрақтары
Байланыс жолдарындағы сыртқы тербеліс көздерін сипаттаңыз.
Қандай әсерлер бөгет жасаушы, қауіпті деп аталады? Бұл әсерлердің нормаларын айтыңыз.
Әртүрлі байланыс жолдарындағы атмосфералық электрдің әсерін түсіндіріңіз.
Кабельде атмосфералық электр қандай зақымдануларға әкеледі?
Байланыс жолдарына радиостанциялар қалай әсер етеді, бұл әсердің интенсивтілігі қандай факторлармен анықталады?
Электр тарату жолдарының түрлерін келтіріңіз, олардың жұмыс жасау режимдерін сипаттаңыз.
Әртүрлі байланыс жолдарына электр тарату жолдары қалай әсер етеді?
Қауіпті магнит әсерінің мәнін түсіндіріңіз.
Қауіпті магнит әсерінің өлшемі қандай факторлармен анықталады?
Жоғары вольтті жолдардың қауіпті әсерінен БЖ-ын қорғау үшін қандай қорғаныс амалдары қолданылады?
Редукциялық трансформатордың жұмыс жасау қағидасын түсіндіріңіз.
Сорып алу трансформаторының жұмыс жасау қағидасын түсіндіріңіз.
Тегістеуші құрылғылардың жұмыс жасау қағидасын түсіндіріңіз.
13-14 дәріс. Кабельді қабықшаның коррозиясы мен оның қорғау шарасы
Қарастырылатын сұрақтар:
1. Коррозия анықтамасы
2. Коррозия түрлері
3. Топырақ коррозиясы. Ерекшеліктері
4. Электркоррозия. Ерекшеліктері
5. Кристалларалық коррозия. Ерекшеліктері
6. Коррозиядан қорғау шаралары
Коррозия – оның түрін анықтайтын әр түрлі фактор әсерінен кабельдердің металлдық (қорғасынды, темірлі, алюминді) бөлігінің бұзылуын айтамыз.
Коррозия түрлері:
- топырақты (электрохимиялық);
- электркоррозия (адасқан токтардан болатын);
- кристалларалық (механикалық).
Металлды қабықша мен топырақ арасындағы өзара әсерлесу тәуелділігінің сипаттамасына мен жоғалған токтың өтуіне байланысты кабелде анодты, катодты немесе таңба өзгергіш аймақтар пайда болады (13.1 сурет)
1
«+» - анодты аймақ; «-» - катодты аймақ; 1 – кабель қабықшасы; 2 – коррозия тогы.