Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438.27 Кб
Скачать

6. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары

Лекцияның жоспары :

1. Қазақстан Республикасында құқық қорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуының негіздері.

2. ҚР-ң прокуратурасы: жүйесі, құрылымы.

3. Ішкі істер органдары.

4. ҚР-ң қауіпсіздік комитеті органдарының жүйесі, мақсаты.

Лекцияның мақсаты: Қазақстан Республикасындағы құқық қорғау органдарының жүйесімен, атқаратын қызметтері мен ҚР Прокуратурасы, Ішкі істер органдары, ҚР Қауіпсіздік комитеті, ҚР сот органдарымен танысу.

Лекцияның қысқаша мәтіні: 1. Қазақстан Республикасында құқыққорғау органдарының қызметінің және ұйымдастырылуыныңнегіздері

Республикада Конституция, заңдар, Президент жарлықтары және басқа нормативтік актілер талаптарының орындалуын қамтамасыз етуге тисті құқық қорғау органдары құрылған. Құқық қорғау органдарына жататындар: прокуратура, ішкі істер органдары, ұлттық қауіпсіздік органдары, соттар, адвокатура жатады.

Азаматтардың, мемлекеттің заңды мүдделерін қорғау үшін әрбір құқық қорғау органының алдына қойылатын ез міндеттері, оларға берілген ерекше құқықтар болады. Олар 6ipiн-6ipi кайталамайды, 6ipaқ өз міндеттерін орындау үстінде 6ip-6ipінe қолқабыс тигізіп отырады. Прокуратура, ішкі істер органдары, тергеу органдары жинақталып келгенде күш құрылымы болып табылады; ол кімдердің тарапынан болса да, мейлі өз еліміздегі азаматтардың, мейлі шетелдік азаматтардың, мейлі азаматтығы жоқ адамдардың тарапынан болсын, заңдарды қол сұғушылықтан қорғау күзетінде тұрған сақшылар болып та­былады.

Мемлекеттің міндеті мен қызметі қоғам өмірінің көптеген салаларын қамтиды. Солардың арасында аса маңызды міндеттердің қатарына жататын іс құқықтық тәртіп пен зандылықты, адамдардың құқығын, бостандығын, мемлекеттік және мемлекеттік емес бірлестіктердің, еңбек ұжымдарының мүдделерін қорғау, қылмыспен күресу.

Кұкық қорғау органдары құқық қорғайтын және қоғамдық тәртіп пен құқықтық тәртіпті, заңдылықты корғауды қамтамасыз ететін органдарға бөлінеді. Мысалы нотариус, адвокатура, сот т.б. сияқты органдар құқық қорғау органдарына жататындықтарымен олар қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етумен айналыспайды. Ондай органдарға ең алдымен полиция және ішкі істер органдарының ішкі әскер, патрульдік кызметтері секілді, қоғамдық тәртіпті сақтау үшін құрылған бөлімдер жатады.

Құқық қоргау органдарының қызметтеріне:

1) конституциялық бақылау;

2) әділ соттылық;

3) соттардың ұйымдастырылуын қамтамасыз ету;

4) прокурорлық қадағалау;

5) қылмысты анықтау және тергеу;

6) заң көмегі және қылмыстық іс бойынша қорғау сияқты іс-әрекеттер жатады.

  1. Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы

Прокуратура мемлекет атынан Республиканың аумағында заңдардың, ҚР Президенті жарлықтарының және өзге де нормативтік құқықтың актілердің дәлме-дәл әрі біркелкі қолданылуын, жедел-іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және орындаушылық іс жүргізудің заңдылығын жоғары қадағалауды жүзеге асырады, заңдылықтың кез келген бұзылуын анықтау мен жою жөнінде шаралар қолданады, сондай-ақ Республика Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдар мен басқа да құқықтық актілерге наразылық білдіреді.

Прокуратура сотта мемлекет мүддесін білдіреді, сондай-ақ заңмен белгіленген жағдайда, тәртіпте және шекте қылмыстық қуғындауды жүзеге асырады.

Прокуратура органдарының жүйесін Қазақстан Республикасының Бас прокуроры басқарады. Ол — Бас прокуратураның басшылығында тұрған адам.

Республика Прокуратурасы төменгі прокурорларды жоғары тұрған прокурорларға және Республика Бас Прокурорына бағындыра отырып, бірыңғай орталықтандырылған жүйе құрайды. Ол өз өкілеттігін басқа мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан тәуелсіз жүзеге асырады және Республика Президентіне ғана есеп береді.

Республиканың бас Прокурорын өз өкілетті мерзімі ішінде тұтқынға алуға, күштеп әкелуге, оған сот тәртібімен әкімшілік жазалау шараларын қолдануға қылмыс үстінде ұсталған немесе ауыр қылмыстар жасаған реттерді қоспағанда, Сенаттың келісімінсіз қылмыстың жауапқа тартуға болмайды. Бас Прокурор өкіметтігінің мерзімі бес жыл.

Республика прокуратурасының құзыреті, ұйымдастырылуы мен қызмет тәртібі 1995 жылғы 21 желтоқсан дағы «ҚР Прокуратурасы туралы» Заңымен белгіленеді.

Жергілікті жерлерде облыстардың, аудандардың, қалалардың прокурорлары болады.

Мысалы, мемлекеттік органдар, лауазымды тұлғалар кейде зандардың талабын орындамау үшін оларды бұрмалауға тырысады. Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың, мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың заңдар мен басқа да нормативтік актілер ережелерін бұрмалаусыз, дәлме-дәл орындауын бақылап отырады.

Осындай мақсатпен прокуратура Конституция, заңдар, Президент жарлықтары кімнің тарапынан бұзылса да, соны анықтап, олар сол бұрмалауларды жою үшін шаралар қолданады. Ондай жолсыздықтардың көбі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына қатысты болып келеді.

Сондықтан прокуратура барлық мемлекеттік органдардың жұмысын мынадай бағыттарда қадағалайды:

1) прокуратура азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының сақталуын қадағалайды. Мысалы, егер үкімет немесе әлдебір министрлік не болмаса әкім азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын бұзатындай шешім қабылдайтын болса, прокуратура осы органдарға (немесе сотқа) наразылық енгізіп, мұндай шешімнің заңсыздығын дәлелдейді;

2) прокуратура әкімшілік іс жүргізудің заңдылығын бақылайды. Әкімшілік жолмен азаматтардың құқығы бұзылатын болса, мемлекеттік органдарды: мемлекеттік автомобиль инспекциясын, санитарлық инспекцияны және т.б. әкімшілік жауапкершілікке тартады. Осы органдар азаматтардың құқығын бұзып отырған жоқ па,— прокуратура соны тексереді;

3) прокуратура жедел іздестіру жұмысын, тергеу ісінің заңдылығын қадағалайды. Тергеу органдары қылмысты істерге тергеу жүргізеді, осы мақсатпен дәлелдер жинастырылады, күдікті адамдардан, куәлардан, жәбір шеккен адамдардан жауап алады т.т. Міне, осындай жұмыстардың үстінде тергеу органдары заңды, азаматтардың құқықтары мен бостаңдықтарын бұзған жоқ па, тергеудің тыйым салынған әдістерін қолданған жоқ па т.т., прокуратура соларды бақылайды.

Осы жұмыстарды атқару үшін прокуратура тергеу органдарына тексеру жүргізеді. Ол мұндай жұмысты заңдардың бұзылуы және т.б. туралы түскен арыз бен шағымдарға байланысты жүргізеді. Демек прокуратура органдары мемлекеттің ғана емес, әрбір адамның да мүдделерін қорғайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]