Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438.27 Кб
Скачать
  1. Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері

Салық дегеніміз мемлекет бiржақты тәртiппен заң жүзiнде белгiлеген, белгiлi бiр мөлшерде жүргiзетiн, қайтарымсыз және өтеусiз сипатта болатын бюджетке төленетiн мiндеттi ақшалай төлемдер.

Салық құқығы салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртiбi жөніндегі билiк қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші арасындағы салық міндеттемелерін орындауға байланысты қатынастарды реттейдi.

Салықтар тiкелей және жанама болып бөлiнедi. Тікелей салық төлеудің субъектісі оның ауыртпалығын өзі тікелей көтереді, яғни төленген салық тікелей оның мүлкінің, еңбекақысының азаюына әкеледі. Мысалы, тікелей салыққа жеке табыс салығын жатқызуға болады.

Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Жанама салықта салық төлеуші салықты төлеудің ауыртпалығын басқа бір тұлғаға жүктейді. Мысалы, Заң жүзінде аталған салықтардың төлеушісі тауарды сатушы, бірақ негізінде салықтың сомасы осы сатылған тауардың құнының ішіне кіретіндіктен оны тауарды сатып алушы өтейді.

Салық және басқа да мiндеттi төлемдердiң сомалары Қазақстан Республикасының Бюджет кодексiне және тиiстi жылға арналған республикалық бюджет туралы заңдарда белгiленген тәртіппен тиiстi бюджеттердiң кiрiсiне түседi.

Қазақстан Республикасында төмендегідей салықтың түрлері қолданылады:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған құн салығы.

4. Акциздер.

4-1. Экспортталатын шикi мұнайға, газ конденсатына рента салығы.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдерi.

6. Әлеуметтiк салық.

7. Жер салығы.

8. Көлiк құралдары салығы.

9. Мүлiк салығы.

Бақылау сұрақтары:

1. Қаржы құқығының пәні мен әдістері

2. Бюджеттің деңгейлері мен түрлері

3. Бюджеттің құрылымы

4. ҚР Ұлттық қоры

5. Салық пен алымның түрлері

6. Қосылған құн салығы мен акциздердің айырмашылығы

7. Жеке табыс салығы

8. Жер салығы

9. Қаржылық бақылау

10. Жанама салық

14. Лекция тақырыбы: қр-ның экологиялық және жер құқығының негіздері

Лекцияның жоспары:

1. Қазақстан Республикасының экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасы.

2. Жерге меншік құқығы.

3. Жерді пайдалану құқығы

1. ҚР-ның экологиялық заңдардың жалпы сипаттамасы.

Экология (грекше оікоs - үй, мекен, logos – ғылым) жанды организдердің тіршілік ортасы мен арақатынасын зерттейтін биологиялық ғылым.

Қазіргі заманда экология табиғат пен қоғам ара-қатынастарын зерттейтін ғылымға айналған. Онда адам мен табиғаттың өзара бір –бірі мен байланысты екені көрініс табады.

Адамзаттың тіршілік ортасының айырықша күйзеліске ұшырайтына байланысты табиғи ортаны қорғау ісіне кеңінен мән беріліп отыр.

«ҚР экология құқығы» - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қорғаудың қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні және ғылым саласы.

ҚР–ның аймағындағы табиғи ортаны қорғау туралы заң адамның өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы табиғи ортаның қолайлы болуына тиісті құқығын қамтамасыз етуге, қазіргі және болашақ ұрпаққа мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқытық экологиялық және әлеуметтік негіздер, белгілеуге және адам қызметінің осы табиғи ортаға зиянды ықпал жасауына жол бермеуге, табиғи тепе-теңдікті сақтау мен табиғатты ұтымды пайдалану ісін ұйымдастыруға бағытталған.

Экология құқығының обьектілері айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажетіне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамның экологияық денсаулығы мен өмірі.

ҚР табиғи ресурстар немесе мемлекет аумағындағы жер, жер қойнауы, су, орман, атмосфералық ауа, жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, табиғаттың көрікті жерлері мен ескерткіштер және басқа осы сияқты байлықтар жатады.

ҚР-ның аймағындағы табиғи ортаны қорғау туралы ҚР заңында құқықтық реттеуге жататыны жоғарыда көрсетілген табиғи ресурстардың түрлері аталған.Соның ішінде жер, жер қойнауы, су, орман, су алуан түрлері жануарлар мен өсімдіктер дүниесі, дағдылы және сирек кездесетін ландшафтар табиғи парктер, табиғат ескерткіштері, жердің климаты мен азонды қабаты, сондай-ақ атмосфералық ауа табиғи экологиялық жүйелер мен биосфераның құрамдас бөлігі ретінде өзге де табиги обьектілер бар.

ҚР меншік туралы заңында ауа кеңістігі тек қана мемлекеттің меншігі болып табылады. Себебі ауа кеңістігі ұшақтар тік ұшақтар және басқа ұшатын аппараттар үшін табиғи орта және республика аумағында аспандағы биосфера қабаты.

Қоршаған табиғи ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану қоғамның экологиялық даму барысын жетілдірудің міндетті шарты.

Біздің елімізде табиғатты қорғау және оны байлықтарын ұтымды пайдалану қоғамның дамуының конституциялық қағидаларында енгізілген, ол әрбір адамның парызы ретінде жалпы мемлекеттік жалпының міндеті болып табылады. Экологиялық құқық бұл осы кезең мен болатын адамдардың мүдделері үшін қоғам мен табиғат аясындағы қарым- қатынасқа байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін жаңа құқық саласының бірі болып табылады. «Экология»- бұл біздің жалпы және жалғыз үйіміз.

Алғаш рет бұл ғылыми терминді 1866 ж неміс ғалымы Геккель ұсынып және ұзақ уақыт бойы тек биология гылымында ғана қолданды. Ол өзінің әйгілігіне ХХ ғасырдың екінші жартысында ие болды. Өйткені тура осы кезден бастап адам мен қоршаған орта және қоғам мен табиғат арасындағы қатынастар шиеленісе түсті. Экология тірі организмдер мен олардың өмір сүру негізгі қоршаған табиғи орта арасындағы қарым –қатынасты анықтайтын білім ретінде қолданады.Табиғат- санада және санадан тыс жүретін обьективті анықтылық және адам жаратылысының өмір сүру ортасы ол адамға байланысты негізгі үш түрлі қызметтерді атқарады.

1. Жердегі өмірге қажетті биологиялық жағдайды қамтамасыз ететін экологиялық қызмет.

2. Адамның материалдық қажеттерін қамтамасыздандырудың қайнар көзі болып табылатын экологиялық қызмет.

3. Адамның жан дүниесінің қалыптасуына әсер ететін негіз-құлықтылық қажет.

Адам табиғаттың эволюциялық дамуының нәтижесі табиғат қатынасына байланысты ол оның әсерін байқайтын, өмірдің нормаларынан тәуелді болатын оны қоршаған ортаның обьектісі ретінде танылатын ,табиғи ресурстарды пайдаланатын, өзінің шаруашылық қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін табиғатты бейімдеуші субьектісі ретінде танылады.

Экология құқығы – құқықтық саласы ретінде қазіргі және болашақ ұрпақ үшін қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен байланысты қоғам мен табиғаттың қатынастарды реттеуге бағытталған нормалардың жиынтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]