Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438.27 Кб
Скачать

4. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері

Лекцияның жоспары:

1. Азаматтық құқықтың жалпы ережелері.

2. Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны.

3. Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың түрлері.

4. Өкілдік және сенімхат

Лекцияның мақсаты: Азаматтық құқықтық қатынастар кезінде туындайтын мәміле, өкілдік, сенімхат, азаматтық құқықтық қабілет пен іс-әрекет қабілеттілік, азаматтық құқық субектілері жайлы түсінік беру.

Лекцияның қысқаша мәтіні

Қазақстан Республикасының бір тұтас құқық жүйесі бірнеше салаға бөлінетіндігі бәрімізге мәлім. Сол салалардың бірі болып табылатын – азаматтық құқық.

Азаматтық құқық атауы ежелгі уақыттан бері белгілі, оның римдік заңгерлер Рим азаматтарының құқық цивильді (jus cіvіle) құқық деп атаған.

Қазақсатн Республикасының азаматтық құқығының пәні тауар-ақша қатынастары және қатысушылардың теңдігіне негізделген өзге де мүліктік қатынастар, сондай-ақ мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастар құрайды.

Сонымен қатар мүліктік қатынасқа байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар азаматтық заңдармен реттеледі, өйткені олар басқа заң құжаттарында өзгеше көзделмеген не мүліктік емес жеке қатынастар мәнінен туындамайды.

Азаматтық құқық реттелетін қоғамдық қатынастар негізінде мүліктік қатынастар болып табылады. Материалдық игіліктермен мүлікпен, жұмыспен, қызмет көрсетумен, ақшамен, құнды қағаздармен басқа да мүліктермен байланысы бар қоғамдық қатынастар мүліктік қатынастар деп аталады. Мұндай қатынастар иелену немесе мүліктің тиістілігіне қарай (заттық қатынас) мүліктің (тиістілігіне қарай) меншік иесінің қайтыс болуына байланысты заттың тағдырын шешу (мұрагерлік қатынас) тәрізді қатынастар тұрғысынан көрінсе, онда олар азаматтық заңмен реттеледі.

Мүліктік қатынас дегеніміз мүліктерді сатып алу, иелену, басқа адамдарға беру мен пайдалану жөніндегі қатынас болып табылады.

Азаматтық құқық мүліктік қатынастардың бәрін бірдей реттей береді деген ұғым тумауы тиіс. Өйткені олардың өзі әртүрлі сипатта кездеседі.

Мүліктік емес жеке қатынастар, мүліктік қатынастарға тығыз байланысты мүліктік емес жеке қатынастар және мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастар болып екі топқа бөлінеді.

Азаматтық құқық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысты мүліктік емес жеке қатынастарға құндық маңызы жоқ қатысушылардың қоғамдық сипатын белгілейтін материалдық емес құндылықтар жатады. Мәселен, әдеби шығармамен, ғылыми еңбекпен айналысушылар немесе өнертапқыш өзінің авторлық анықтайтын мәселе қойса, өзінің жекелігін қорғай отырып, бұл мәселе бойынша қоғамдық дербес қатынасқа түседі. Бұл қатынас мүліктік болып табылмаса мүлікпен тығыз байланысты, өйткені өнертабысын пайдаланғаны үшін онда авторлық сый ақы алу құқығы пайда болады.

Азаматтық заңдармен реттелетін мүліктік қатынастарға байланысы жоқ мүліктік емес жеке қатынастарға азаматтың есімі, жеке келбеті құқығы. Жеке өмірден құпиялылығы, тұрған үйге қол сұқпаушылық, азаматтың немесе заңды тұлғаның абыройына, қадір-қасиетіне, іскерлік беделіне байланысты туындайтын құқықтық қатынастарға жатқызуға болады.

Азаматтық құқықтың принциптері. «Принцип» (қағида) термині латын сөзі «бастау» «негіз» дегенді білдіреді. Азаматтық принциптер-ол нормативтік сипаты бар қоғамдық қатынастарды азаматтық құқықтық реттеу бастамасын басшылыққа алатын негіз.

Азаматтық құқық мынадай принциптері бар:

  1. Азаматтық құқықтың қатынастарға қатысушылардың теңдігі.

  2. Меншікке ж/е басқа заттық құқыққа қол сұқпаушылық

  3. Шарт еркіндігі

  4. Жеке істерге кімнің болса да озбырлықпен араласуына жол беруге болмайтындығы.

  5. Азаматтық құқықтарды кедергісіз жүзеге асыру

  6. Нұқсан келтірген құқықтарды қалпына келтірілуін қамтамасыз ету

  7. Азаматтық құқықтың сот арқылы қорғау.

Мәміле ұғымы, түрлері және нысаны.

Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтың құқықтары мен міндеттерін белгілеуге, өзгертуге немесе тоқтауға бағытталған әрекеттері мәмілелер деп аталады.

Мәмілелер бір жақты және екі немесе көпжақты (шарттар) болуы мүмкін.

Заңдарға немесе тараптардың келісіміне сәйкес жасалуы үшін бір тараптың ерік білдіруі қажет. Біржақты мәміле, мәміле жасаған адамға міндеттер жүктейді. Ол басқа адамдарға заң құжаттарында белгіленген не сол адамдармен келісім болған реттерде ғана міндеттер жүктей алады.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттердің туындауын басталу-басталмауы белгісіз мән жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейінгі қалдыратын шартпен жасалады деп есептеледі.

Егер тараптар құқықтар мен міндеттемелердің толықтырылуын басталу-басталмауы белгісіз мән-жайға байланысты етіп қойса, мәміле кейін күші жойылатын шартпен жасалды деп есептеледі.

Егер шарттың басталуы тиімсіз болатын тарап шарттың басталуына теріс пиғылмен ықпал етсе, шарт басталмаған деп есептеледі.

Мәмілелер нысаны. Мәмілелер ауызша және жазбаша нысанда жасалады (жай және нотариалдық). Жетон, билет немесе әдеттегідей қабылданған өзге де растайтын белгі арқылы расталған мәміле, егер заңдарда өзгеше көзделмесе ауызша түрде жасалған болып табылады.

Үндемей қолу заңдарда немесе тараптардың келісімімен мәлім жасауға ерік білдіру деп танылады.

Жазбаша түрде жасалған шартты орындау үшін жасалған мәлмілелер, егер заңдарға қайшы келмесе, тараптардың келісімі бойынша жасалуы мүмкін.

Мәміленің жазбаша түрі:

Мынадай мәмілелер:

  • егер мәмілелердің жекелеген түрлері үшін заңдарда өзгеше арнайы көзделмесе немесе іскерлік қызмет өрісінің әдеттегі құқықтарынан туындамаса, мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, кәсіпкерлік қызмет үрдісінде жүзеге асырылатын.

  • мәмілелерді жасау кезінің өзінде орындалатындарынан басқа, жүз есептік көрсеткіш жоғары сомаға

  • заңдарда немесе тараптардың келісімінде көзделген өзге де реттерде жазбаша түрде жасауға тиіс.

Екі жақты мәмілелер әрқайсына өзін жасаған тараптар қол қойған құжаттарды алмасу арқылы жасалуы мүмкін.

Хат, жеделхат, телефонжазба, телетайпжазба, факс немесе субъектілерді немесе олардың еркі білдіруінің мазмұнын айқындайтын өзге де құжаттар алмасу, егер заңдарда немесе тараптардың келісімімен өзгеше белгіленбесе, жазбаша түрде жасаған мәмілеге теңестіріледі.

Жарамсыз мәмілелер және жарамсыздықтың түрлері.

Азаматтық құқық теориясында мәмілелердің жарамсыз болуы мынадай түрлерге бөлінеді:

а) Зат құрамының ақауы болатын мәміле;

б) ерікке қатысты ақауы бар мәміле;

в) нысананың ақауы бар мәміле;

г) мазмұнның ақауы бар мәміле.

Мазмұны заң талаптарына сәйкес келмейтін, сондай-ақ құқықтық тәртіп негізінде немесе адамгершілікке көрнеу қайшы келетін мақсатпен жасалған мәміле жарамсыз болады.

Қажетті лицензия алмай, не лицензияның қолданылу күшінің біткеннен кейін жасалған мәміле жарамсыз болады.

Әрекет қабілеттілігі болғанмен, мәміле жасаған кезде өз әрекеттерінің мәнін түсіне алмайтын немесе өзінің не істегенін білмейтін жағдайда болған азамат жасасқан мәмілені сот сол азаматтың талабы бойынша, ал егер тірі кезінде талап етуге азаматтың мүмкіндігі болмаса, азамат қайтыс болғаннан кейін басқа мүдделі адамдардың талабы бойынша жарамсыз деп тануы мүмкін.

Өкілдік және сенімхат.

Өкілдік деп басқа адамның (өкілдік берушінің) атынан бір адамның (өкілдің) сенімхатқа заңдарға, сот шешіміне не әкімшілік құжатқа негізделген өкілеттігі күшімен жасаған мәмілесін айтамыз. Өкілдік берушінің азаматтық құқықтары мен міндеттерін тікелей туғызады, өзгертеді және жоқтатады.

Өкілдік институтының маңыздылығы сонда, ол тұлғаға бір мезгілде бірнеше рынокта, оның ішінде шетелде жұмыс істеуіне мүмкіндік береді, сондай-ақ істің көзін белетін әрі ұйымдастыра алатын мамандарды тартуға қолайлы келеді.

Іс-әрекеттердің бәрін өкіл арқылы істеуге бола бермейді. Заң бойынша кейбіреулер үшін оның өзі қатысуы керек болады. Заңдылық әрекеттерді өзі ғана жасауы керектігін заңда айтылмаған немесе сол әрекеттердің сипатынан тумаған жағдайлардың бәрінде де өкілдікке рұқсат беріледі.

Өкілдік институтының мазмұны субъектілір құрамы туралы ережелерімен айқындалады, ал оның өз кезегінде құқықтар мен міндеттердің пайда болуына, олардың мазмұндарына қорғау түрлеріне негізделеді. Аталған негізгі элементтердің сипаты өкілдік ұғымды арқылы көрінеді. Өкілдіктің субъектілерінің құрамы үш адамнан-өкілдік беруші, өкіл және үшінші жатқан тұрады. Өкілдік беруші өкілге іс-әрекеттерді жасауды тапсырып, тиісті сенімхат берген болса ғана немесе өкіл өзінің қызметтерін заң нұсқауы немесе заңды тұлғаның құжаттары бойынша істейтін болса ғана өкілдіктің іс-әрекеттері өкілдік беруші үшін құқықтар мен міндеттер тудыра алады.

Азаматтық құқықтың кез келген субъектілері, құқық қабілеттілігі бар немесе жоқ адам да, заңды тұлға да өкілдік беруші бола алады.

Азаматтық әрекет қабілеттілігі бар кез келген тұлға яғни азаматтар мен заңды тұлғалар өкіл бола алады. Мұның өзі алдымен азаматтың 18 жасқа толу керектігін көрсетеді, өйткені, бұл жаста оған азаматтық әрекет қабілеттілігі толықтай тән, ал заңды тұлғадағы өкілдік жарғымен айқындалған құқық қабілеттілікке қайшы келмеуі тиіс.

Үшінші жақ-азамат немесе заңды тұлға. Өкілдің онымен әрекетке түсуі нәтижесінде өкілдік берушінің азаматтық құқық қатынастары белгіленеді, өзгереді және тоқтатылады.

Өкілдік негізінде бір тұлғаның (өкілдік беруші) екінші тұлғамен (өкілмен) өкілеттікті бөлісуі жатыр.

Мұндай өкілеттілік болмаған және өкілдік қатынасын асыра пайдаланғанда екінші жақтың өкілдік беруші тұлғаның атынан жасалған мәмілесі жарамсыз болып табылады.

Өкілеттіктің туындауының негізі заң фактісі болып табылады. Заңда мынадай өкілдіктердің негіздері бар: шартта немесе алдын-ала келісімде көрсетілген өкіл ұстауға тілек білдірген өкілдік берушінің, еркі заңда көрсетілген фактілер:

Өкілдік заңды және ерікті деп бөлінеді Заңды өкілдік тікелей заңнан туындайды, әрі ол өкілдік берушінің еркіне қарамайды.

Шартқа негізделген өкілдік ерікті өкілдік деп аталады. Мұның өзі өкілдік берушінің еркіне байланысты болады. Өкілдік беруші өкілді туып қана қоймай, оның өкілеттілігін де айқындайды. Сонымен бірге өкілдік берушінің атынан заңдылық әрекет жасарда өкілдің өзімен де келісім жасау талап етіледі. Өкілдік беруші мен өкіл арасында шарт жасалып, онда өздерінің ішкі қарым қатынастарын айқындайды.

Егер мұндай шарттың тарабы кәсіпкерлік жүйеде шарт жасасқан кезде олардың атынан үнемі және дербес өкілдік етуші болмаса, онда коммерциялықөкілдік туындайды.

Мұндай жағдайда коммерциялық өкіл өкілдің өкілеттігі көрсетілген жазбаша шарт негізінде, ал ол көрсетілмеген жағдайда – сенімхат негізінде әрекет жасайды. Коммерциялық өкілдік екі түрге бөлінеді: өз өкілдігі және бөтен тұлғаның алдында болатын өкілдік. Өз атынан бөлу-заңды тұлға өкілді өз құрылымынан тағайындайды және ол арқылы өзінің құқықтары мен міндеттерін орындап, мүддесін қорғайды. Мұндай өкілдікте бір субъект болады сырттан бөтен тұлғаны айналымға қатыстырмайды.

Коммерциялық өкілдіктің екінші түрі-басқалардың мүдделері үшін болса да өз атынан әрекет ететін адамдар.

Сенімхат. Бір адамның (сенім берушінің) өз атынан өкілдік ету екінші адамға (сенім білдірген) берген жазбаша уәкілді сенімхат деп аталады.

Сенімхатты пайдалану кезінде «уәкілдік» және «өкілетті» деген терминдерді ажырата білу керек.

Уәкілдік дегеніміз өкілдің өкілдік беруші атынан іс-әрекетке қатысуы, ал өкілеттілік - өкілдік беруші үшін өкілдің жасауға құқылы әрекеттердің шеңбері болып табылады.

Заң жағынан қарағанда сенімхат беру-біржақты мәміле, яғни бұл өкілеттілікті беру үшін бір тараптың өкілдік берушінің ерік білдіруі қажет және жеткілікті сондықтан да өкілдің келесемі талап етілмейді.

Заң сенімхаттың жазбаша түрін міндетті түрде сақтауды талап етеді. Сонымен бірге мәміле жасауға берілетін сенімхат нотариалды жолмен куәландырылуы талап етілетін болса, онда ол нотариалдық жолмен куәландырылады. Сенім ауыстыру жөнінде берілген сенімхаттың қолданылу мерзімі куәландырылуы ол негізгі алынып берілген алғашқы сенімхаттың қолданылу мерзімінен аспауы керек.

Өкілік беруші қайбір құқық өкілеттілігін өкілге тапсырарда оның мерзімін шектеп белгілі бір уақыт аралығын көрсетеді. Сондықтан сенімхат - әр кезде де мерзімді құжат Азаматтық құқыққа сәйкес сенімхат үш жылдан аспайтын мерзімге берілуі мүмкін. Егер сенімхатта неғұрлым ұзақ мерзім көсетілсе, ол үш жыл бойы, ал егер қолдану мерзімі көрсетілмесе – берілген күннен бастап бір жыл бойы жарамды болады.

Егер сенімхат берілген күні көрсетілмесе ол жарамсыз деп танылады.

Өкілдің алған өкілеттілігінің көлемі мен мазмұнына орай сенімхаттың үш түрі болады.

  1. бас сенімхат, ол белгілі бір кезеңге арналып, әртүрлі мәмілелер жасайтын өкілге береді;

  2. бір мәрте берілетін сенімхат - ол тек бір әрекет жасау үшін беріледі.

  3. арнайы сенімхат - ол бір текті мәмілелер жасайтын өкілге беріледі.

Өзіне арнап өкілеттілік құқық берілген әрекеттерді сенім алушының өзі атқаруы тиіс.

Сенімхаттың күші мынадай жағдайларда жойылады.

сенімхат мерзімінің өтуі

сенімхатта көзделген әрекеттерді жүзеге асыру

сенімхатты беруші адамның оның күшін жою.

сенімхат берген адамның одан бас тартуы;

өз атынан сенімхат берген заңды тұлғаның тоқтатылуы.

атына сенімхат берілген заңды тұлғанын таратылуы.

сенімхат берген адамның қайтыс болуы оның әрекет қабілеттілігі жоқ, хабар ошарсыз кетті деп танылуы.

ҚР азаматтығын қабылдау

«Адам және азамат» деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықараралық құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тiкелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесiнен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады.

Азаматтық дегеніміз жеке тұлғаның белгілі бір мемлекетпен болған тұрақты саяси - құқықтық байланысына айтылады, бұл байланыс олардың өзара құқықтары мен міндеттерінің жиынтығынан көрінеді.

ҚР Конституциясы мен 1991 жыл 20-желтоқсанда қабылданған «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңға сәйкес азаматтықтың принциптері белгіленген . Олар:

1) ҚР-да әрбір адамның азаматтық алуға құқысы бар. Ешкімді де азаматтығынан немесе азаматтығын өзгерту құқығынан айыруға болмайды.

2) ҚР-ның азаматтары азаматтықты алу негіздеріне, тегіне, әлеуметтік және мүліктік жағдайына, нәсілімен ұлтына, жынысына, біліміне, тіліне, дінге көзқарасына, саяси және өзге де сенімдеріне, кәсібінің түрі мен сипатына, тұрғылықты жеріне және басқа мән жайларына қарамастан Заң алдында тең.

3) ҚР азаматының республикадан тыс жерлерде тұруы азаматтықты тоқтатуға негіз бола алмайды, яғни ҚР азаматтығы сақталады.

4) ҚР азаматының немесе азаматшасының республика азаматы болмаған, адаммен некеге тұруы азаматтықтың өзгеруіне алып келмейді, яғни Қазақстан азаматтығы сақталады.

5) ҚР мемлекетаралық шарттарында көзделген реттерді қоспағанда республика азаматын басқа мемлекетке тапсыруға болмайды.

6) Республикадан тыс жерлердегі ҚР ның азаматтарын сақтау және олардың Заңды құқықтары мен мүдделерін корғау жөнінде ҚР қамқорлық жасап, шаралар қолданады. Республика өзінің органдары мен лауазымды адамдары арқылы азаматтар алдында жауапты есептеледі.

7) Мемлекетаралық шарттарда көзделеген реттерді қоспағанда, ҚР ның азаматы болып танылған адам басқа мемлекеттің азаматы болып танылмайды, яғни екі азаматтыққа жол берілмейді.

Республика аумағынан кетуге мәжбүр болған және басқа мемлекеттерде тұратын барлық қазақтардың басқа мемлекет азаматтығымен қатар, егер бұл өздері жасап тұрған мемлекеттің Заңдарына қайшы келмесе, ҚР-ның азаматы болу құқығы танылады.

ҚР «Азаматтығы туралы» Заңында азаматтық алудың бірнеше негіздері белгіленген:

1) тууы бойынша азаматтыққа ие болу. Бала туған кезде ата-анасының екеуі де ҚР ның азаматы болса, ол қай жерде туғанына қарамастан ҚР ның азаматы болып танылады.

Егер бала туған кезде ата-анасының екеуі де ҚР нан тыс жерлерде тұрақты тұрып жатқан болса, баланың азаматтығы ата-анасының жазбаша түрде білдірген келісімі бойынша анықталады.

Егер ата-анасының азаматтығы әртүрлі болып, бала туған кезде олардың біреуі ҚР азаматы болған жағдайда бала Республика аумағында туса ол ҚР азаматы болып танылады. Бала ҚР нан тыс жерде туса, бірақ ата-анасының немесе олардан біреуінің бұл кезде ҚР аумағында тұрақты тұрғылықты жері болса, болса ҚР ның азаматы болып табылады. Ата-анасының екеуі де белгісіз ҚР аумағындағы бала ҚР ның азаматы болып табылады. ҚР аумағында тұрақты тұрғылықты жері бар, бірақ азаматтығы жоқ адамдардың ҚР аумағында туған баласы ҚР азаматы болып танылады.

2. ҚР азаматтығын қабылдау. Басқа мемлекеттердің азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша Заңға сәйкес ҚР азаматтығына қабылдануы мүмкін.

Азаматтыққа кабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді ҚР Президенті қабылдайды.

ҚР азаматтығына Республика аумағында кемінде он жыл тұрақты тұрып келген, не ҚР азаматтары мен некеде тұратын адамдар қабылдануы мүмкін.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]