- •6. Дәрістік кешен
- •Дәріс тезистері
- •«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
- •3. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
- •Лекцияның қысқаша мәтіні:
- •1. Конституциялық құқық– Қазақстан Республикасының жетекші құқықсаласы ретінде.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
- •4. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •3. Қр мемлекет аралық азаматтық шарттары негізінде қр азаматтығын
- •6. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
- •Ішкі істер органдары.
- •Тақырып. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі
- •Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
- •9. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығының негіздері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
- •10. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
- •Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
- •Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.
- •Қылмысқа қатысу.
- •Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері
- •11. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері
- •Демалыс уақыты.
- •Жалақы және еңбекті нормалау.
- •12. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері
- •2.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •4.Бала асырап алу
- •13. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері
- •Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
- •14. Лекция тақырыбы: қр-ның экологиялық және жер құқығының негіздері
- •Жерге меншік құқығы.
- •Жерді пайдалану құқығы.
- •15. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері
Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
Әрбір мемлекетке төн бір ортақ көрініс - бұл мемлекетті ұйымдастыруда және мемлекеттік құрылысында өзіне ғана үйлесімді ерекшеліктердің болуы.
Конституциялық құрылыс бұл - сол елдің Конституциясында бекітілген, мемлекетті құрудағы ерекше бір әдіс немесе ерекше бір форма.
ҚР Конституциясының 1-ші бабына сәйкес, «Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде бекітеді, оның жоғары құндылығы ретінде адам оның өмірі, құқығы мен бостандығын қояды» деп жазылған.
Басқару тұрпаты жағынан Қазақстан мемлекеті республика болып есептеледі. Мемлекеттегі билік халық тарапынан сайланған, белгілі бір мерзімдік өкілеттіліктерге ие өкілеттік органдар арқылы жүзеге асырылады. Қазақстан - Президенттік басқарудағы республика.
ҚР-ның Президенті мен Парламаенті жеке сайлауларда сайланады. Бұл көп жағдайда Президенттің Парламетке қатысты Тәуелсіз жағдайын анықтайды. Қазақстандағы Президенттің басқарудың негізгі белгілері:
республика Президенті мемлекеттік биліктің барлық тармағының келісіп жұмыс істеуін және өкімет органдарының халық алдындағы жауапкершілігін қамтамассыз етеді;
Президент – халық пен мемлекеттік билік бірлігінің, конститутцияның мызғымастығының, адам және құқықтары мен бостандықтарының нышаны әрі кепілі;
Президент ¦лттық Банкінің төраасының, Бас Прокуорды және ¦лттық Қауіпсіздің Комитетінің Төрағағасын қызметке Парламеттің келісімімен тағайындайды және қызметінен босатады.
ҚР Президенті Парламент ‡кіметке сенімсіздік білдіргенде, Парламент Премьер-Министірді тағайындауға екі мәрте келісім бермегенде, Парламент Палаталарының арасындағы немесе Парламент пен Мемлекеттік билік басқа тармақтары арарсындағы еңсерілмейтін келіспеушілік салдарынан саяси дағдарыс болғанда Парламетті тарата алады.
Зайырлы сипаты жағынан Қазақстан мемлекетіне бірнеше көріністер тән. Бұл көріністер ел Конституциясында және ҚР-ның 1992 жылдың 15-ші қаңтарында шыққан «Діни наным еркіндігі жөые діни бірлестіктер» туралы заңында кең көрініс тапқан. Қазақстанда дін мемлекеттен бөлінген. Барлық діндер және діни бірлестіктер заң алдында бірдей. Қандайда бір дін немесе діни бірлестік бір-бірімен болатын қарым-қатынастарында екінші біреуіне қарағанда артықшылық немесе басымдылыққа ие бола алмайды. Мемлекеттің зайырлы сипаты деген ұғым, бұл жерде өрине мемлекеттің ұйым бірлестіктермен мүлдем қатынас жасамайды дегенді білдірмейді. Діни бірлестіктер осы дінге сенушілердің дүниетанымдық көзқарастарының қалыптасуыыа ерекше әсер етеді, Сондықтан да діни бірлестіктермен тығыз байланыс әрі жұмыс жасайтын мемлекеттік органдар құрылған.
Мемлекеттің демократизмдік деңгейі - елде халық билігінің шын мәнісінде толық қамтамасыз етілуімен бейнеленеді: биліктің заң шығарушылық, атқарушылық, соттық болып бөлінуі саяси және идеологиялық әр алуандылық жергілікті өзін-өзі басқаруы сияқты маңызды салаларынан көрінеді. ҚР Конституциясының 3-ші бабында «Мемлекеттік биліктің басты, әрі бірден-бір қайнар көзі-халық болып табылады» деп жазылған.
Халық билікті Республикалық Референдум және еркін сайлау арқылы, мемлекеттік органдарға өз өкілдерін қою арқылы іске асырады. Идеологиялық және саяси әр алундылық қағидалар ҚР Конституциясының 5-ші бабында бекітілген. Қоғамдық және мемлекеттік ұйымдар қосылуына, және мемлекеттік органдар мен ұйымдарда саяси партиялар құруға жол берілмейді. қоғамдық ұйымдардың барлықтары заң алдында бірдей тең.
ҚР демократиясының көрінісі ретінде жергілікті өзін-өзі басқару органдарының мойындалуын айтсақ болады. Бұл органдар тұрғындардың жергілікті деңгейдегі барлық мәселелерін өз бетінше шешеді.
ҚР Конституциясының 2-ші бабына сәйкес, аумақтық құрылымы жағынан ҚР-сы бөлінбес, біртұтас унитарлы мемлекет болып есептеледі. Біртұтас унитарлы мемлекет - бұл өз құрамында басқа да мемлекеттік құрылымдар жоқ, әкімшілік-территориялық негізде орналасқан және орталық органдар қабылдаған заңдар негізінде басқарылатын мемлекеттік-территориялық құрылым, Ол әкімшілік-территориялық орналасуына қарай әкімшілік-территориялық бірліктерге бөлінеді. Олар: Облыс, аудан, қала, ауыл(село), ауылдық (селолық), округтар болып аталады. ҚР территориясының біртұтастығы конституциялық құқықтың мәртебесінің бөлінбес элементі болып табылады. ҚР өз территориясы мыналардан тұрады: Субъектілер территориясы және құрғақ және ішкі сулары, территорнялық теңіз иелігі, және осылар үстіндегі әуе кеңістігі. Әкімшілік аумақтық жағынан Қазақстан 14 облысқа бөлінген, олардың құрамында 160 аудан және 84 қала бар жалпы көлемі 2млн. 727,9 мың шаршы км.
Мемлекет тәуелсіздігі
ҚР Конституциясы 2-ші бабында айталғандай - өзге бір мемлекеттен тәуелсіз, өз бетінше билік жүргізетін мемлекетті айтады. Мемлекет суверенитетінің тағы бір белгісі - мемлекеттік биліктің үстем болуы, ел бірлігі және тәуелсіздігі. Конституцияның 91-ші бабында бекітілгендей, мемлекеттің біртұтастығы мен территориясының бөлінбестігі, биліктің басқару тұрпаты өзгертілуі мүмкін емес.
Мемлекеттік тіл - бұл заң шығарушылық істерінде және ресми ісжүргізуде қолданылатын мемлекеттің негізгі тілі. ҚР Конституциясының 7-ші бабына сәйкест ҚР-да мемлекеттік тіл - қазақ тілі болып табылады. Қазақ тілімен бірдей мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі де қолданылады. Сонымен бірге Мемлекет Қазақстан халықтарының өсіп-өркендеуіне, үйренуіне қамқорлық жасайды. ҚР Конституциялық құқықтың мәртебесінің негізгі элементі ретінде оның шетелдермен халықаралық қатынас жасау құқығы аталады. ҚР тәуелсіз мемлекет ретінде халықаралық және мемлекетаралық келісім-шарттар жасайды, халықаралық ұйымдардың жұмысына қатысады, ұжымдық қауіпсіздік пен аймақтық одақтарға мүше бола алады. ҚР міне осы қадамдарға негіз болатын барлық құқықтық субъектілерге ие.
ҚР Конституциялық мәртебесінің маңызды құрамдас бөлігі ретінде оның мемлекеттік рәміздері - туы, елтаңбасы, ән ұраны есептеледі. Оларда ел тәуелсіздігі, мемлекет астанасы - Астана бейнеленеді.
