Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438.27 Кб
Скачать

3. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері

Лекцияның жоспары:

  1. Конституциялық құқық– ҚР-ның жетекші құқық саласы ретінде.

  2. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.

  3. Қазақстан Республикасындағы адамдардың және азаматтардың жағдайының конституциялық негіздері.

  4. Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері

Лекцияның мақсаты: Ата заңымыз Конституцияның негізгі заң екендігін ұғындары отырып, конституциялық құрылысты, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі мен сайлау органдары туралы түсінік беру.

Лекцияның қысқаша мәтіні:

1. Конституциялық құқық– Қазақстан Республикасының жетекші құқықсаласы ретінде.

Конституциялық құқық — ҚР құқық жүйесінің жетекші саларының бірі ретінде - ол өзінің ішкі тұтастығымен сипатталатын құқықтық нормалар жүйесін білдіреді және басқа құқық жүйесінің нормаларынан ерекшеленеді. Ішкі тұтастық конституциялық нормалардағы қоғамдық қатынастардың ерекшеліктерімен белгіленетін, солар арқылы реттелетін жалпы белгілердің болатындығын білдіреді.

Конституциялық құқық пәнін оның нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар құрайды. Конституциялық құқық пәнінің өзіндік ерекшеліктері бар. Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қоғамдық қатынастар мемлекет және қоғам құрылымының негізін құрайды және мемлекеттік биліктің жүзеге асуымен тікелей байланысты жүргізіледі.

Конституциялық құқық пәнін түсіндірудің теориялық, сондай-ақ тәжірибелік мәні бар. Онсыз конституциялық құқықтың нормалары мен институттарына тән мәнін дұрыс түсінуге болмайды, олардың құқықтық реттеудегі мәні мен рөлін ашып көрсету, құқықтық жүйедегі орнын анықтау мүмкін емес. Конституциялық қүқық пәнін білмейінше оның нормаларын қолдану саласын да анықтау мүмкін емес. Өйткені, нақты құқықтық әрекеттерді таңдау кезінде, ең алдымен қай саланың нормасын қолдану қажеттігін анықтап алу керек. Ал ол үшін, реттеудің нысаны болып табылатын қоғамдық қатынастар сипатын белгілеу.

Конституциялық құқық нормаларымен реттелетін қатынас мейлінше кең. Ол мемлекет пен қоғам өмірінің барлық салаларын: саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени және басқа салаларды қамтиды. Әрине, конституциялық құқық нормалары аталған салалардың барлық көріністері бойынша және жан-жақты реттемейді. Ол аталған салаларда тек ең негізгі, базалық қабаттарды ғана реттейді. Бұл қабаттар мемлекет пен қоғамдағы кейін кең дамитын саяси, экономикалық, әлеуметгік, діни байланыстардың негізін қалайды.

Конституциялық құқық, тұтас алғанда, құқықтың реттеу әдістері деп аталады, белгілі бір тәсілдер мен әдістердің көмегімен мемлекеттік және қоғамдық қатынастарды реттейді. Конституциялык-құқықтық қатынастарды реттеу үшін төмендегідей:

1. Міндеттеу әдісі; 2. Тыйым салу әдісі; 3. Рұқсат ету әдісі; 4. Тану әдістерді қолданылады.

    1. Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.

1993 жылы 28 қаңтарда егеменді тәуелсіз Қазақстан мемлекетінің бірінші Конституциясы қабылданды. Ол құқықтық мемлекет құру, оның мемлекеттілігінің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің кепілі болып табылатын тарихи орын алатын ҚР Конституциясы болды. Алайда, қоғам дамуының қажеттілігі негізінде жаңа Конституция жобасы жасалды.

1995 ж. 30 тамызда Республикалық референдум өткiзу (бүкiл халықтық дауыс беру) жолымен қабылданды.

Конституцияны қабылдай отырып, Қазақстан халқы мемлекеттік билiктiң қайнар көзi — өзiнiң егемендiк құқығын баянды еттi. Ата заң қабылданған күн демалыс — мемлекеттік мереке — ҚР Конституциясының күнi деп жарияланды.

Бұл жаңа Конституция Қазақстанның төртiншi Ата заңы (1937, 1978, 1993, 1995). Оның құрылымы кiрiспеден, 9 бөлiмнен, 98 баптан, көптеген тармақтар мен тармақшалардан тұрады.

Жаңа Конституцияның ең жоғары заңдық күшi бар және ол ҚР-ның бүкiл аумағында тiкелей қолданылады. Мұның өзi Конституциялық нормалар мен заңдардың басқа нормативтiк құқықтық актiлердiң нормаларынан үстем екендiгiн көрсетедi. Кейiнгi екi Конституцияның алдыңғы екеуiнен елеулi айырмашылығы сол — бұлар тұңғыш рет мемлекетіміздің тәуелсiздiктi, егемендiктi және Қазақстан халқының толық билiгiн бекiтiп, одан әрi орнықтырды.

Жаңа Ата заңда құқықтық мемлекеттiң қалыптастырылу бағыттары, азаматтардың құқықтары мен бостандықтары, соның iшiнде жеке адамның жан-жақты еркiндiгi, идеологиялық және саяси әр алуандығы (сөз және шығармашылық бостандығы, саяси партиялар мен бұқаралық партиялар, сондай-ақ бұқаралық қозғалыстар бiрлестiгiн құру еркiндiгi), халық билiгiн жүзеге асыратын демократиялық амалдар, экономикалық қатынастардың қызмет етуi әлемдiк талаптарға сәйкестендiрiлген. Оның нормалары тұрақты, жалпы мәнде ұзақ жылдарға бейiмделiп тұжырымдалған.

ҚР Констиуциясы барлық заң салаларының негiзi болып табылады, ал оның нормалары басқа заңдар үшiн басты қағида болып есептеледi.

ҚР Констиуциясының кiрiспесiнде Ата Заңды қабылдаудың себептерi мен мақсаттары былай түсiндiрiлген: «Бiз, ортақ тарихи тағдыр бiрiктiрген Қазақстан халқы, байырғы қазақ жерiнде мемлекеттiлiк құра отырып, өзiмiздi еркiндiк, теңдiк және татулық мұраттарына берiлген бейбiтшiл азаматтық қоғам деп ұғына отырып, дүниежүз. қоғамдастықта лайықты орын алуды тiлей отырып, қазiргi және болашақ ұрпақтар алдындағы тарихи жауапкершiлiгiмiздi сезiне отырып, өзiмiздiң егемендiк құқығымызды негiзге ала отырып, осы Конституцияны қабылдаймыз». Ата Заңның бұл бөлiгi саяси және идеол. тұрғыдан алғанда аса маңызды. Өйткенi, бұл Ата заң ҚР-нда демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет құрудың конституциялық негiзiн қалады.

Осыдан келiп, ҚР-ның мынадай негiзгi мақсаты туындайды: өзiнiң ең қымбат қазынасы ретiнде адамды және оның өмiрiн, құқықтары мен бостандықтарын айқындап, бекiту; өз елiнде және мемлекеттер арасында азаматтық бейбiтшiлiктi, ынтымақтастық пен тату қарым-қатынас жасау әдiстерiн орнықтыру; байырғы қазақ жерiнде мемлекеттік бiрлiктi сақтау; республиканың тәуелсiздiгiн сақтап, ұстап тұру; ҚР-ның демократиялық негiздерiнiң мызғымастығын бекiту.

Ата Заңның негiзгi бөлiгiнде (I — VIII бөлiмдер) азаматтардың құқықтары, бостандықтары мен мiндеттерi туралы, конституциялық құрылыс жайлы, мемлекеттік нысандар жөнiнде, мемлекеттік буындардың жүйесi мен мәртебесi туралы (Президент, Парламент, Үкiмет; Конституциялық Кеңес, соттар, және сот төрелiгi, жергiлiктi мемлекеттік басқару және өзiн-өзi басқару туралы) нормалар тұжырымдалған.

Қорытынды және өтпелi ережелер мазмұндалған соңғы IХ бөлiмде Ата Заңға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу тәртiбi, конституциялық заңдар мен өзге де заңдарды қабылдау рәсiмi сөз болады. Ата Заң құрылымына жасалатын талдау оған негiз болған конституциялық идеялардың айқын көрiнiсiн бередi.

«Жалпы ережелер» деп аталатын 1 бөлiмде жаңа конституциялық құрылысқа сапалық сипаттама берiлген, яғни Конституция бойынша республикада мемлекеттік билiк бiртұтас, ол Конституция мен заңдар негiзiнде заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiну, олардың тежемелiк әрi тепе-теңдiк жүйесiн пайдалану арқылы, өзара iс-қимыл жасау қағидаcына сәйкес жүзеге асырылады. Бұл бөлiмде осыған орай конституциялық құрылысты айқындайтын, мемлекет пен жеке адамдардың және азаматтық қоғамның қарым-қатынастарынан туындайтын негiзгi қағидалар тұжырымдалған, олар:

  • Қазақстан халқының толық билiгi (егемендiгi);

  • Қазақстан Республикасы аумағының тұтастығы;

  • мемлекеттік билiктi жүзеге асыру барысындағы пiкiр еркiндiгi;

  • Конституцияның үстемдiгi (жоғары тұратындығы);

  • мемлекет билiгiнiң бөлiнiсi;

  • адам құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүдделерiнен басымдығы;

  • мемлекеттік тiл саясатының кепiлдiгi, т.б.

Азаматтық қоғамда мемлекет адам мүддесi үшiн жұмыс iстейдi, мемлекеттік билiк заң шығарушы, атқарушы және сот билiгi тармақтарына бөлiнiп, олардың тежемелiк, тепе-теңдiк жүйесi пайдаланылады.

ҚР конституциялық құрылысының мазмұны саяси, экономикалық негiздерден, әлеуметтік саясат негiздерiнен, iшкi саясат негiздерiнен құралады. Олар ҚР Констиуциясының 1, 2, 3, 4, 6, 7, 8, 12, 14, 26-баптарында тұжырымдалған.

Конституцияның 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады», — деп жарияланған. Мұның өзi Конституцияның 2-бабының 1-тармағында көрсетiлгенiндей, «Қазақстан Республикасы — президенттiк басқару нысанындағы бiртұтас мемлекет» екендiгiнен туындайды. Мұның мәнiсi мынада: бiрiншiден, Президент мемлекеттік билiк тармағының бiр де бiрiне жатқызылмайды; екiншiден, Президенттi халық сайлайды және ол Парламентке тәуелсiз; үшiншiден, Президентке кең өкiлеттiктер берiледi және ол Конституцияға сәйкес мемлекеттік билiктiң барлық тармақтарына, олардың өз өкiлеттiктерiн тиiмдi жүргiзуiне көмектеседi, олардың өзара қарым-қатынастарына сындарлы ықпал ете алады; төртiншiден, ұлан-байтақ қазақ жерi ұлттық-аумақтық бөлiнiстерге бөлiнбей, тек әкiмшілік-аумақтық бөлiнiстерге — облыстарға, қалаларға, аудандарға, ауылдарға ғана бөлiнедi және олар жоғарыдағы бiр орталыққа бағынады. Демек, мемлекеттiң басында заңды түрде сайланған Президент тұрып, басшылық етедi.

Президенттiк басқару нысаны елдегi саяси тұрақтылықты және қоғамдық келiсiмдi қамтамасыз етедi. Ал «Республиканың егемендiгi оның бүкiл аумағын қамтиды. Мемлекет өз аумағының тұтастығын, қол сұғылмауын және бөлiнбеуiн қамтамасыз етедi» (2-бап, 2-тармақ).

Қазақстандағы саяси құрылыс демократиялық болып жариялануына орай Ата Заңның 3-бабы халық егемендiгiнiң конституциялық қағидасына арналған. Мемлекеттік билiктiң бiрден-бiр бастауы — халық екендiгi былай баяндалған: «Халық билiктi тiкелей республикалық референдум және еркiн сайлау арқылы жүзеге асырады, сондай-ақ өз билiгiн жүзеге асыруды мемлекеттiк органдарға бередi. Қазақстан Республикасында билiктi ешкiм де иемденiп кете алмайды. Билiктi иемденiп кетушiлiк заң бойынша қудаланады. Халық пен мемлекет атынан билiк жүргiзуге Республика Президентiнiң, сондай-ақ өзiнiң конституциялық өкiлеттiгi шегiнде Парламенттiң құқығы бар» (3-бап, 2, 3-тармақтар).

Сонымен қатар ҚР-нда идеололиялық және саяси әр алуандылық танылады. Қоғамдық және мемлекеттік институттардың бiрiгiп кетуiне, мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi.

«Адам және азамат» деп аталатын II бөлiмде адам мәртебесi, жеке бастың құндылығы ашып көрсетiлген. Онда жеке адамның құқықтары мен бостандықтары халықараралық құқықтың мойындалған қағидалары мен қалыптарына тiкелей байланыстырылған. Азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының мемлекет мүддесiнен жоғары қойылуы Ата Заңның басты ұстанымы болып табылады.

«Президент» деп аталатын III бөлiм мемлекет басшысы ретiнде Президенттiң жаңа мәртебесiн толық бейнелейдi.

Басқа мемлекеттік органдардың құрылуы мен қызметi IV — VIII бөлiмдерде көрсетiлген. ҚР Констиуциясының құрылымында әр бөлiм өз қисынымен реттi орналасқан әрi баршаға түсiнiктi.

«Қорытынды және өтпелi ережелер» деп аталатын IХ бөлiмде жаңа Ата Заңды күшiне енгiзу нормалары бекiтiлген, бұрынғы Конституцияның қолданылу күшi қай кезден бастап жойылғаны нақтыланған. 1995 жылғы Конституция күшiне енгенге дейiн қолданылып келген заңдардың одан әрi қолданыста болу тәртiбi көрсетiлген. Ата Заңның мемлекеттік және қоғамдық органдардың өзге актiлерiне де, соның iшiнде басқа заңдарға да қатысты ең жоғары заңдық күшi бар. Мемлекеттік органдардың өзге актiлерi, барлық заңдар ҚР Констиуциясы негiзiнде және соған сәйкес, сол белгiлеген рәсiм бойынша қабылданады.

Мемлекет жасасатын халықараралық келiсiмдер мен шарттар да ҚР Констиуциясына сәйкес болуға тиiс. Қолданыстағы нормалар конституциялық қалыптармен сай келмеген жағдайда соңғысы қолданылады, өйткенi басқа нормалар осыған сай келтiрiлуге тиiс. Конституцияның қағидаларына қайшы келетiн заңдар мен өзге актiлердiң заңдық күшi болмайды. Яғни кез келген демократиялық құқықтық мемлекеттiң ағымдағы заңдары құқықтың базалық көзi болып табылатын Конституцияға негiзделедi және оның рухына сай келуге тиiс. Конституцияның нормалары ағымдағы заңдармен ұштастырылуы мүмкiн. Алайда, ағымдағы заңдар Конституцияның шеңберiнен шығып кетпеуге тиiс және конституциялық нұсқаулар мазмұнын өзгертпеуге тиiс. Кез келген құқықтық актiнiң Конституцияға сай келмеуi немесе оған қайшы келуi бұл құқықтық актiнi заңды күшiнен айырып, жарамсыз етедi. Бұл Қазақстан Республикасында құқықтық мемлекет құрудың аса маңызды шарты.

ҚР Констиуциясының жоғары тұрғандығын арнайы мемлекеттік орган — ҚР Конституциялық Кеңесi қамтамасыз етедi. ҚР Констиуциясының 74-бабына сәйкес, КР Констиуциясына кереғар деп танылған заңдар мен халықараралық шарттар қол қойылуға жатпайды немесе тиiсiнше бекiтiлуге және күшiне енгiзiлуге тиiс емес.

Заңдарды Конституцияға сай келедi деп тану оларға қол қою мерзiмiнiң басталғандығын бiлдiредi. Конституцияда баянды етiлген адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын шектейдi деп танылған заңдар немесе өзге нормативтiк құқықтық актiлер күшiн жояды және қолданыстан шығарылады. Сондай-ақ соттар мен өзге де құқық қорғаушы органдардың осындай заңға немесе өзге нормалық құқықтық актiге негiзделген шешiмдерi де орындалуға жатпайды.

ҚР Констиуциясы тұрақтылық нышанымен ерекшеленедi. Негiзгi заң ретiнде оған өзгерiстер енгiзу тәртiбi де ерекше сипатта болады, бұл тәртiп Конституцияның өзiнде белгiленген. Мәселен, 91-баптың 1-тармағына сәйкес ҚР Констиуциясына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу Республика Президентiнiң бастамасымен, Парламенттiң немесе Үкiметтiң ұсынысымен қабылданған шешiм бойынша өткiзiлетiн республикалық референдумда жүзеге асырылуы мүмкiн.

Егер Президент өзгерiстер мен толықтырулар енгiзудi Парламенттiң қарауына беруге ұйғарса, онда өзгерiстер мен толықтырулардың жобасы республикалық референдумға шығарылмайды. Бұл ретте Парламенттiң шешiмi Конституцияда белгiленген тәртiппен, яғни әр Палата депутаттары жалпы санының 3/4 дауысымен қабылданады (62-бап, 3-тармақ). Егер Президент Конституцияға өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу мәселелерiн республикалық референдумға шығару туралы Парламенттiң ұсынысын қабылдамай тастаса, онда қос Палата депутаттарының жалпы санының кемiнде бестен төртiнiң көпшiлiк дауысымен Парламент осы өзгерiстер мен толықтыруларды Конституцияға енгiзу туралы заң қабылдауға құқылы. Мұндай жағдайда Президент осы заңға қол қояды немесе референдумға шығарады. Егер референдумға қатысуға құқығы бар Республика азаматтарының жартысынан астамы дауыс беруге қатысса, референдум өткiзiлдi деп есептеледi, егер олардың жартысынан астамы жақтап дауыс берсе, заң қабылданды деп саналады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]