Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438.27 Кб
Скачать

11. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері

Лекцияның жоспары:

1.Жеке еңбек шартының ұғымы.

2.Жұмыс уақыты

3.Демалыс уақыты

4.Жалақы және еңбекті нормалау

Лекцияның мақсаты: Жеке еңбек шартын түзе білу, жұмыс және демалыс уақыты туралы, жалақы мен еңбекті нормалау жөнінде түсінік алу.

Лекцияның қысқаша мәтіні: 1.Жеке еңбек шартының ұғымы.

Еңбек құқығы — азаматтардың еңбек бостандығына конституциялық құқығын іске асыру барысында, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында, жеке, ұжымдық және басқа шарттар негізінде белгілі бір еңбек қызметін тараптардың жүзеге асыруы кезінде туындайтын еңбек қатынастарын реттеуші саласы.

Әркімнің де өзінің еңбек құқықтарын іске асыруға тең мүмкіндіктері бар. Жынысына, жасына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, мүлік пен қызмет жағдайына, тұрғылықты жеріне, дінге көзқарасына, сеніміне, азаматтыққа, қоғамдық бірлестіктерде болуына, сондай-ақ қызметкердің іскерлік қабілеті мен оның еңбегінің нәтижелеріне байланысты болмайтын басқа

да мәнжайларға қарамастан, ешкімнің де еңбек құқықтары шектелуге немесе оларды іске асыруда қандай да бір артықшылықтар алуға тиіс емес.

«Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі» еңбек қатынастарының ең төменгі стандарттарын белгілейді, олар жеке еңбекпен және (немесе) ұжымдық шартта жақсы жаққа өзгеруі мүмкін және қажет. Басқа нормативтік қүқықтық актілермен реттелетін қызметкерлердің жекелеген санаттарының еңбек жағдайлары «Қазақстан Республикасындағы Еңбек Кодексінде» белгіленген стандарттан төмен болуы тиіс емес.

Жеке еңбек, ұжымдық шарттардың мәмілелері, егер олар заңдылықтарға қайшы келмейтін болса, тараптардың орындауы үшін міндетті болып табылады.

Ұжымдық шарт — жазбаша шарт түрінде әзірленген, бір немесе бірнеше жұмыс берушілер (олардың өкілдері) және бір немесе бірнеше кәсіптік одақтар не кәсіптік одақтардың мүшесі болып табылмайтын, келіссөздер жүргізу үшін өз ұйымын құрған қызметкерлер қол қойған құқықтық акт.

Жеке еңбек шарты — жазбаша түрде, кемінде екі дана етіп, жұмыс беруші мен қызметкердің арасында жасалынған екі жақты келісім. Ол бойынша қызметкер белгілі бір мамандық, біліктілік немесе қызмет бойынша, жұмыс берушінің актісін орындауға міндеттенеді, ал жүмыс беруші қызметкерге дәл уақытында және толық көлемде жалақысын және басқа, заңдылықтармен және тараптардың келісімен қарастырылған ақшалай өтемдерді төлеуге, еңбек туралы заңдылықтармен және ұжымдық шартпен еңбек жағдайын қамтамасыз етуге міндеттенеді.

  1. Жұмыс уақыты.

Қызметкер жеке еңбек шартының талаптарына сәйкес еңбек мiндеттерiн орындауға мiндеттi уақыт жұмыс уақыты болып есептеледi.

Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиiс. Жеке еңбек шарттарында тараптардың келiсiмi бойынша жұмыс уақытының ұзақтығы азырақ көзделуi мүмкiн.

Қызметкерлердiң жекелеген санаттары үшiн жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы:       1) он төрт жастан он алты жасқа дейiнгi қызметкерлер үшiн - аптасына 24 сағаттан; он алтыдан он сегiз жасқа дейiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын;

2) ауыр дене жұмыстарында және еңбек жағдайлары зиянды жұмыстарда iстейтiн қызметкерлер үшiн - аптасына 36 сағаттан аспайтын болып белгiленедi.

Жұмыс iстеу жұмыс уақытының ұзақтығын қысқартуға құқық беретiн өндiрiстердiң, цехтардың, кәсiптер мен қызметтердiң тiзiмiн, сондай-ақ еңбек жағдайлары зиянды (өте зиянды) және (немесе) ауыр (өте ауыр), қауiптi (өте қауiптi) жұмыстардың тiзбесiн еңбек жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.

Қызметкерлер үшiн екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Бес күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың (ауысымның) ұзақтығы жұмыс берушiнiң актiсiмен немесе жұмыстың ерекшелiгiн, еңбек ұжымының пiкiрiн ескерiп және жұмыс аптасының белгiленген ұзақтығын сақтай отырып, жұмыс берушi бекiтетiн ауысым кестесiмен белгiленедi.

Өндiрiсiнiң сипаты мен жұмыс жағдайлары бойынша бес күндiк жұмыс аптасын енгiзу орынсыз ұйымдарда бiр күндiк демалысы бар алты күндiк жұмыс аптасы белгiленедi. Алты күндiк жұмыс аптасы кезiнде күнделiктi жұмыстың ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан аспауға, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан және апталық норма 24 сағат болғанда - 4 сағаттан аспауға тиiс.

Бес күндiк немесе алты күндiк жұмыс аптасын еңбек немесе ұжымдық шарттардың талаптарымен жұмыс берушi белгiлейдi.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]