- •6. Дәрістік кешен
- •Дәріс тезистері
- •«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
- •3. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
- •Лекцияның қысқаша мәтіні:
- •1. Конституциялық құқық– Қазақстан Республикасының жетекші құқықсаласы ретінде.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
- •4. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •3. Қр мемлекет аралық азаматтық шарттары негізінде қр азаматтығын
- •6. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
- •Ішкі істер органдары.
- •Тақырып. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі
- •Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
- •9. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығының негіздері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
- •10. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
- •Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
- •Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.
- •Қылмысқа қатысу.
- •Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері
- •11. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері
- •Демалыс уақыты.
- •Жалақы және еңбекті нормалау.
- •12. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері
- •2.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •4.Бала асырап алу
- •13. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері
- •Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
- •14. Лекция тақырыбы: қр-ның экологиялық және жер құқығының негіздері
- •Жерге меншік құқығы.
- •Жерді пайдалану құқығы.
- •15. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері
Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері
Жаза – дегеніміз соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттік мәжбүрлеу шарасы. Жаза қылмыс жасауда кінәлі деп танылған адамға қолданылады және осы адамды Қылмыстық кодексте көзделгендей құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе оларды шектеу болып табылады. Жаза мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасаған тұлғаға тек ерекше мемлекеттік орган – сот арқылы осы жөнінде шығарылған үкім негізінде ғана қолданылады. Ал, үкім Қазақстан Республикасының атынан шығарылады.
Жаза адамның қадір – қасиетін қорлау немесе күш қолдану мақсатын қөздемейді. Қылмыстық жазалаудың мақсаты: сотталғандарды түзеу, олардың қылмыстық әрекеттеріне тиым салу, сондай-ақ сотталғандардың және тағы басқада адамдардың қылмысты қайталануына ескерту жасау.
Қылмыс үшін қолданылатын жаза - мемлекеттік шара. Қылмыс істегенді кінәлі деу, ол үшін жаза белгілеу жеке кісілердің немесе қоғамдық ұйымдардың ісі емес, ол тек мемлекеттің өзіне ғана тән мәселе. Сондықтанда соттар бұл мәселені шешкенде үкімді өзі атынан емес, мемлекет атынан шығарады.
Қылмыс үшін қолданылатын жаза сотталған адамға оның келтірілген зиянына байланысты тағайындалады. Қылмыс үшін қолданылатын жазадан келетін зиян қылмыс істеушінің өз басына арнауы қажет.
Қылмыс жасады деп танылған адамдарға мынадай негiзгi жазалар:
а) айыппұл салу;
б) белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру;
в) қоғамдық жұмыстарға тарту;
г) түзеу жұмыстары;
д) әскери қызмет бойынша шектеу;
е) бас бостандығын шектеу;
ж) қамау;
з) тәртiптiк әскери бөлiмде ұстау;
и) бас бостандығынан айыру;
к) өлiм жазасы қолданылуы мүмкiн.
Сотталғандарға негiзгi жазалардан басқа мынадай қосымша жазалар:
а) арнаулы, әскери немесе құрметтi атағынан, сыныптық шенiнен, дипломатиялық дәрежесiнен, бiлiктiлiк сыныбынан және мемлекеттiк наградаларынан айыру;
б) мүлкiн тәркiлеу қолданылуы мүмкiн.
Айыппұл салу және белгiлi бiр лауазымды атқару немесе белгiлi бiр қызметпен айналысу құқығынан айыру және қоғамдық жұмыстарға тарту жазалаудың негiзгi де, қосымша да түрлерi ретiнде қолданылуы мүмкiн.
Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар
Қылмыс жасауға айыпты деп танылған адамға Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында белгiленген шекте және Қылмыстық Кодекстiң Жалпы бөлiмiнiң ережелерi ескерiле отырып, әдiл жаза тағайындалады.
Қылмыс жасаған адамға оның түзелуi және жаңа қылмыстардың алдын алу үшiн қажеттi және жеткiлiктi жаза тағайындалуға тиiс. Егер жасалған қылмыс үшiн көзделген жазаның онша қатаң емес түрi жазаның мақсатына жетудi қамтамасыз ете алмайтын болса ғана ол үшiн көзделгендерi арасынан неғұрлым қатаң жаза тағайындалады.
Жаза тағайындау кезiнде қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесi айыпкердiң жеке басы, сонымен бiрге оның қылмыс жасағанға дейiнгi және одан кейiнгi мiнез-құлқы, жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн және ауырлататын мән-жайлар, сондай-ақ тағайындалған жазаны сотталған адамның түзелуiне және оның отбасының немесе оның асырауындағы адамдардың тiршiлiк жағдайына ықпалы ескерiледi.
Мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңiлдететiн мән-жайлар деп танылады:
а) мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кiшiгiрiм ауырлықтағы қылмыс жасау;
б) айыпкердiң кәмелетке толмауы;
в) жүктiлiк;
г) айыпкердiң жас балалары болуы;
д) қылмыс жасағаннан кейiн зардап шегушiге тiкелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтiрiлген мүлiктiк залал мен моральдiк зиянның орнын өз еркiмен толтыру, қылмыспен келтiрiлген зиянды жоюға бағытталған өзге де iс-әрекеттер;
е) жеке басындық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлар тоғысуының салдарынан немесе жаны ашығандық себебiмен қылмыс жасау;
ж) күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтiк немесе өзге де тәуелдiлiгi себептi қылмыс жасау;
з) қажеттi қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттiлiк қылмыс жасаған адамды ұстау, негiздi тәуекел, бұйрықты немесе өкiмдi орындау жағдайында қылмыс жасау;
и) қылмыс жасау үшiн түрткi болып табылған жәбiрленушiнiң заңға қайшы немесе адамгершiлiкке жатпайтын қылығы;
к) шын жүректен өкiну, айыбын мойындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерелеуге және қылмыс жасау нәтижесiнде алынған мүлiктi iздеуге белсендi жәрдемдесу.
Мыналар қылмыстық-жауаптылық пен жазаны ауырлататын мән-жайлар деп танылады:
а) қылмыстарды әлденеше рет жасау, қылмыстардың қайталануы;
б) қылмыс арқылы ауыр зардаптар келтiру;
в) адамдар тобының, алдын ала сөз байласқан адамдар тобының, ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық қауымдастықтың (қылмыстық ұйымның) құрамында қылмыс жасау;
г) қылмыс жасағанда айрықша белсендi рөл атқару;
д) айыпкер үшiн психикасы бұзылуының ауыр түрiнен зардап шегетiнi алдын ала белгiлi адамдарды не қылмыстық жауаптылық жасына толмаған адамдарды қылмыс жасауға тарту;
е) ұлттық, нәсiлдiк және дiни өшпендiлiк немесе араздық себебi бойынша, басқа адамдардың заңды iс-әрекетi үшiн кектенушiлiктен, сондай-ақ басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды оңайлату мақсатында қылмыс жасау;
ж) жүктiлiк жағдайы айыпкер үшiн алдын ала белгiлi әйелге қатысты, сондай-ақ жас балаға, басқа да қорғансыз немесе дәрменсiз адамға не айыпкерге тәуелдi адамға қатысты қылмыс жасау;
з) белгiлi бiр адамның өзiнiң қызметтiк, кәсiби немесе қоғамдық борышын өтеуiне байланысты оған немесе оның туыстарына қатысты қылмыс жасау;
и) аса қатыгездiкпен, садизммен, қорлаумен, сондай-ақ жәбiрленушiнi қинап қылмыс жасау;
к) қару, оқ-дәрi, жарылғыш заттар, жарылғыш немесе оларды бейнелеушi құрылғылар, арнайы дайындаған техникалық құралдар, тез тұтанатын және жанғыш сұйықтар, улы және радиоактивтi заттар, дәрiлiк және өзге де химиялық-фармакологиялық дәрi-дәрмектер пайдаланып, сондай-ақ күш көрсетiп немесе психикалық мәжбүрлеу не жалпы қауiптi әдiс қолданып қылмыс жасау;
л) төтенше жағдайды, табиғи немесе өзге де қоғамдық нәубет жағдайларын пайдаланып, сондай-ақ жаппай тәртiп бұзушылық кезiнде қылмыс жасау;
м) алкогольдiк, есiрткiлiк немесе уытқылық елiту жағдайында қылмыс жасау. Сот қылмыстың сипатына қарай бұл мән-жайды ауырлатушы деп танымауға құқылы;
н) адамның өзi қабылдаған антын немесе кәсiби антын бұза отырып қылмыс жасауы;
о) қылмыскердiң қызметi жағдайына немесе шартқа байланысты өзiне көрсетiлген сенiмдi пайдаланып қылмыс жасауы;
п) өкiмет өкiлiнiң нысанды киiмiн немесе құжатын пайдаланып қылмыс жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. Қылмыс ұғымы
2. Қылмысқа қатысу
3. Қылмыс құрамы
4. Қылмыстық жауаптылық
5. Қажетті қорғану
6. Аса қажеттілік
7. Орынды тәуекел
8. Қылмыстық жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар
9. Қылмыстық жауаптылықты ауырлататын мән-жайлар
10. Қылмыстың субьектісі
