- •6. Дәрістік кешен
- •Дәріс тезистері
- •«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
- •3. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
- •Лекцияның қысқаша мәтіні:
- •1. Конституциялық құқық– Қазақстан Республикасының жетекші құқықсаласы ретінде.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
- •4. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •3. Қр мемлекет аралық азаматтық шарттары негізінде қр азаматтығын
- •6. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
- •Ішкі істер органдары.
- •Тақырып. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі
- •Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
- •9. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығының негіздері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
- •10. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
- •Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
- •Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.
- •Қылмысқа қатысу.
- •Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері
- •11. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері
- •Демалыс уақыты.
- •Жалақы және еңбекті нормалау.
- •12. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері
- •2.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •4.Бала асырап алу
- •13. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері
- •Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
- •14. Лекция тақырыбы: қр-ның экологиялық және жер құқығының негіздері
- •Жерге меншік құқығы.
- •Жерді пайдалану құқығы.
- •15. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері
Қылмысқа қатысу.
Қылмысқа қатысу дегеніміз - екi немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға қасақана бiрлесiп қатысуы қылмысқа қатысу деп танылады.
Қылмысқа қатысушылардың түрлерiне - ұйымдастырушы, айдап салушы немесе көмектесушi орындаушымен бiрге қылмысқа қатысушылар деп танылады.
Орындаушы деп - қылмысты тiкелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бiрге тiкелей қатысқан адам, сондай-ақ жасына, есiнiң дұрыс еместiгiне немесе Қылмыстық Кодексте көзделген басқа да мән-жайларға байланысты қылмыстық жауапқа тартуға болмайтын басқа адамдарды пайдалану арқылы, сол сияқты әрекеттi абайсызда жасаған адамдарды пайдалану жолымен қылмыс жасаған адамды айтамыз.
Ұйымдастырушы деп - қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сол сияқты ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық (қылмыстық ұйым) құрған немесе оларға басшылық еткен адамды айтамыз.
Айдап салушы деп - басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту жолымен немесе өзге де жолмен қылмыс жасауға көндiрген адамды айтамыз.
Көмектесушi деп - кеңестерiмен, нұсқауларымен, ақпарат, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен не қылмысты жасауға кедергiлердi жоюымен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскердi, қаруды немесе қылмыс жасаудың өзге құралдарын, қылмыстың iзiн не қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға күнi бұрын уәде берген адам, сол сияқты осындай заттарды сатып алуға немесе өткiзуге күнi бұрын уәде берген адам танылады.
Қатысушылардың қылмыстық жауаптылығы олардың әрқайсысының қылмыстың жасалуына қатысуының сипатымен және дәрежесiмен айқындалады.
Орындаушы өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша қылмысты ақырына дейiн жеткiзбеген жағдайда қылмыстың қалған қатысушылары қылмыс жасауға дайындалуға немесе қылмыс жасауға оқталуға қатысқаны үшiн жауапқа тартылады. Өзiне тәуелсiз мән-жайлар бойынша басқа адамдарды қылмыс жасауға көндiре алмаған адам да қылмыс жасауға дайындалғаны үшiн қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi бабында арнайы аталған, қылмыстың субъектiсi болып табылмайтын, осы бапта көзделген қылмысты жасауға қатысқан адам осы қылмыс үшiн оны ұйымдастырушы, оған айдап салушы не жәрдемдесушi ретiнде қылмыстық жауапқа тартылады.
Қылмысқа қатысушының басқа қатысушылардың ойында болмаған қылмысты жасауы оның шектен шығушылығы деп танылады. Шектен шығушылық үшiн басқа қатысушылар қылмыстық жауапқа тартылмайды.
Егер қылмыс жасауға екi немесе одан да көп орындаушы күнi бұрын сөз байласпай бiрлесiп қатысса, ол адамдар тобы жасаған қылмыс деп танылады.
Егер қылмысқа бiрлесiп жасау туралы күнi бұрын уағдаласқан адамдар қатысса, ол адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған қылмыс деп танылады.
Егер қылмысты бiр немесе бiрнеше қылмыс жасау үшiн күнi бұрын бiрiккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған қылмыс деп танылады.
Егер қылмысты ауыр немесе ерекше ауыр қылмыстар жасау үшiн құрылған бiрiгiп ұйымдасқан топ (ұйым) не нақ сондай мақсатпен құрылған ұйымдасқан топтардың бiрлестiгi жасаса, ол қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмыс деп танылады.
Ұйымдасқан топты немесе қылмыстық сыбайластықты (қылмыстық ұйымды) құрған не оларға басшылық еткен адам Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларды ұйымдастырғаны және оларға басшылық еткенi, сондай-ақ қылмыстар оның қаскүнемдiк ниетiмен қамтылса, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық сыбайластық (қылмыстық ұйым) жасаған барлық қылмыс үшiн қылмыстық жауапқа тартылуға тиiс. Ұйымдасқан топтың немесе қылмыстық сыбайластықтың (қылмыстық ұйымның) басқа қатысушылары Қылмыстық Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң тиiстi баптарында көзделген жағдайларда оларға қатысқаны үшiн, сондай-ақ өздерi дайындауға немесе жасауға қатысқан қылмыстар үшiн қылмыстық жауапқа тартылады.
