Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
6.Дәріс кешен.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
438.27 Кб
Скачать

Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.

Қылмыстық жауаптылық дегеніміз – қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекетті жасаған адамға арнайы өкілетті мемлекеттік органдар қолданатын, қылмыстық заңда қарастырылған қылмыстық құқықтық сипаттағы мәжбүрлеу шараларды өтеу міндетін жүктеуді түсіну қажет.

Бұл анықтамадан қылмыстық жауаптылықтың негізгі белгілерін ашып көрсетуге болады:

1. Қылмыстық жауаптылықтың басталу сәті болып қылмыс құрамының белгілерін құрайтын әрекет жасалған уақыт танылады.

2. Қылмыстық жауаптылық кінәлі адам үшін жағымсыз салдарды өтеу міндеті жүктелгендігін білдіреді. Яғни, қылмыстық әрекет — себеп болса, қылмыстық жауаптылық – салдар.

3. Заңда көрсетілген жағымсыз салдар тек арнайы өкілетті мемлекеттік органдармен ғана қолданылады.

4. Қылмыстық жауаптылық – жағымсыз салдарды іс - жүзінде нақты өтеу ғана емес, оны өтеу міндеті болып табылады.

5. Жағымсыз салдардың сипаты тек қылмыстық, қылмыстық іс жүргізу және қылмыстық - атқару заңдарымен ғана анықталады.

Қылмыстық жауаптылықтың пайда болуы, жүзеге асырылуы және тоқтатылуы туралы мәселелерді шешу қылмыстық-құқықтық қатынас шеңберінде жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық өзінің бастауын қылмыстық-құқықтық қатынастан алып қана қоймайды, ол оның бір бөлігі ретінде танылып, бір-бірімен тығыз байланыста тұрады. Сондықтан, қылмыстық-құқықтық қатынастарсыз қылмыстық жауаптылықтың тууы мүмкін емес.

Құрылымы бойынша қылмыстық - құқықтық қатынас объектіден, субъектіден және субъектілердің заңдық құқықтары мен міндеттерін құрайтын мазмұннан тұрады. Мұндай қатынастардың субъектілері ретінде бір жағынан, қылмыстық жауаптылықты өтеуге міндетті, бірақ осы жауаптылықтың заңмен бекітілген шегін және белгіленген тәртібін сақтауды талап етуге құқылы қылмыс жасаған адам танылады. Екінші жағынан - өзінің арнайы өкілетті органдары арқылы қылмыс жасау фактісін анықтауға, оны жасаған нақты адамның кінәсін дәлелдеуге міндетті және қылмыстық іс жүргізу заңының нормаларын басшылыққа ала отырып қылмыстық заң нормалары негізінде аталған адамды қылмыстық жауаптылыққа тартуға құқылы мемлекет танылады. Қылмыстық-құқықтық қатынастардың объектісі болып адамның қылмыс жасауы нәтижесінде құқықтық шектеулерге түсетін жеке, мүліктік және өзге де игіліктер танылады. Қылмыстық-құқықтық қатынас қылмыс жасау сәтінен бастап туындайды. Осы сәттен бастап қылмыстық жауаптылыққа тартудың ескіру мерзімі есептеледі. Қылмыстық-құқықтық қатынастың жүзеге асырылуы кінәліге айып таққан кезден басталады. Яғни, қылмыстық-құқықтық қатынастың жүзеге асырылуы, одан әрі дамуы барысында қылмыс жасаған адам айыпкер, сотталушы, сотталған адам ретінде танылады және жасаған қылмысы үшін жауап беруге және жазаны өтеуге міндетті болып табылады. Жазаны орындау барысында қылмыстық- құқықтық қатынастар қылмыстық атқару қатынастары арқылы жүзеге асырылады. Қылмыстық-құқықтық қатынас соттылықтың өтелу немесе алыну сәтінен тоқтатылады.

Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.

  Қажетті қорғану. Қажеттi қорғану жағдайында қол сұғушы адамға зиян келтiру, яғни қорғанушының немесе өзге бiр адамның жеке басын, тұрғын үйiн, меншiгiн, жер учаскесiн және басқа да құқықтарын, қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қоғамдық қауiптi қол сұғушылықтан қол сұғушыға зиян келтiру жолымен қорғау кезiнде, егер бұл орайда қажеттi қорғану шегiнен асып кетушiлiкке жол берiлмеген болса, ол қылмыс болып табылмайды.

Барлық адамдардың кәсiби немесе өзге де арнаулы даярлығына және қызмет жағдайына қарамастан тең дәрежеде қажеттi қорғануға құқығы бар. Бұл құқық адамға қоғамға қауiптi қол сұғушылықтан құтылу басқа адамдардың немесе мемлекеттiк органдардың көмегiне жүгiну мүмкiндiгiне қарамастан тиесiлi болып табылады.

Нәтижесiнде қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтiн зиян келтiрiлетiн, қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiгi дәрежесiне қорғанудың көрiнеу сай келмеуi қажеттi қорғаныс шегiнен шығу деп танылады. Бұлайша шектен шығу тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтырады.

Адам өмiрiне қол сұғушыға не қаруды қолданумен немесе қолдануға әрекет етумен ұштасқан өзге де қол сұғушылыққа тойтарыс беру кезiнде адамға зиян келтiру қажеттi қорғаныс шегiнен шығу болып табылмайды.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау кезiнде зиян келтiру. Қылмыс жасаған адамға оны мемлекеттiк органдарға жеткiзу және оның жаңа қол сұғушылық жасау мүмкiндiгiн тыю үшiн ұстау кезiнде зиян келтiру, егер мұндай адамды өзге амалдармен ұстау мүмкiн болмаса және бұл орайда осы үшiн қажеттi шаралар шегiнен шығуға жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстау адамға келтiрiлген зиян жағдай мәжбүр етпейтiн анық шектен тыс зиян қажетсiз келтiрiлген кезде, олардың ұсталатын адам жасаған қылмыстың сипаты мен қоғамдық қауiптiлiк дәрежесiне және ұстаудың мән-жайына көрiнеу сай келмеуi ұстау шараларын асыра сiлтеу деп танылады. Бұлайша асыра сiлтеу қасақана зиян келтiрiлген жағдайда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соғады.

Қол сұғушылық жасаған адамды ұстауға бұған арнаулы уәкiлеттiгi бар адамдармен бiрге жәбiрленушiлер мен басқа азаматтардың да құқығы бар.

Аса қажеттiлiк. Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге аса қажет болған жағдайда зиян келтiру, яғни белгiлi бiр адамның немесе өзге де адамдардың өмiрiне, денсаулығына, құқықтары мен заңды мүдделерiне, қоғамның немесе мемлекеттiң мүдделерiне тiкелей қатер төндiретiн қауiптi жою үшiн зиян келтiру, егер бұл қауiптi басқа амалдармен жою мүмкiн болмаса және бұл орайда аса қажеттiлiк шегiнен шығып кетушiлiкке жол берiлмесе, қылмыс болып табылмайды.

Құқық қорғау мүдделерiне алды алынғанға тең немесе одан гөрi елеулi зиян келтiрiлген, төнген қатердiң сипаты мен дәрежесiне және қатер жойылған жағдайға көрiнеу сәйкес келмейтiн зиян келтiру аса қажеттiлiк шегiнен шығу деп танылады. Мұндай шектен шығушылық тек қасақана зиян келтiрiлген жағдайларда ғана жауаптылыққа әкеп соғады.

Жедел-іздестіру шараларын жүзеге асыру. Уәкілетті мемлекеттік орган қызметкерінің не осы органмен қызметтес өзге адамның осындай органның тапсырмасы бойынша жедел-іздестіру шараларын орындауы кезінде заңға сәйкес жасаған әрекетімен Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге келтірген зияны, егер бұл әрекет бір топ адам, алдын ала сөз байласу арқылы бір топ адам, ұйымдасқан топ немесе қылмыстық қоғамдастық (қылмыстық ұйым) жасаған қылмысты болғызбау, анықтау, ашу немесе тергеу мақсатымен жасалса, сондай-ақ егер құқық қорғау мүдделеріне келтірілген зиян аталған қылмыстармен келтірілетін зиянға қарағанда онша мәнді болмаса және егер оларды болғызбау, ашу немесе тергеу, сол сияқты қылмыс жасауға кінәлі адамдарды әшкерелеуді өзге тәсілмен жүзеге асыру мүмкін болмаса, қылмыс болып табылмайды.       Орынды тәуекел ету. Қоғамдық пайдалы мақсатқа қол жеткiзу үшiн орынды тәуекел еткен ретте Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.

Егер аталған мақсатқа тәуекелмен байланыссыз iс-әрекетпен (әрекетсiздiкпен) қол жеткiзiлмейтiн болса және тәуекелге жол берген адам Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiрiлуiн болғызбау үшiн жеткiлiктi шаралар қолданса, тәуекел орынды деп танылады.

Егер тәуекел ету адамдардың өмiрiне немесе денсаулығына көрiнеу қатер төндiруге, экологиялық апатқа, қоғамдық күйзелiске немесе өзге де ауыр зардаптарға ұштасатын болса, тәуекел ету орынды деп танылмайды.

Күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу. Егер күштеп мәжбүрлеудiң салдарынан адам өзiнiң iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) ие бола алмаса, күштеп мәжбүрлеудiң нәтижесiнде Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiру қылмыс болып табылмайды.

Бұйрықты немесе өкiмдi орындау. Өзi үшiн мiндеттi бұйрықты немесе өкiмдi орындау жөнiнде iс-әрекет жасаған адамның Қылмыстық Кодекспен қорғалатын мүдделерге зиян келтiруi қылмыс болып табылмайды. Мұндай зиян келтiрiлгенi үшiн заңсыз бұйрық немесе өкiм берген адам қылмыстық жауапқа тартылады.

Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындағаны үшiн қасақана қылмыс жасаған адам жалпы негiздерде қылмыстық жауапқа тартылады. Көрiнеу заңсыз бұйрықты немесе өкiмдi орындамау қылмыстық жауаптылыққа ұшыратпайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]