
- •6. Дәрістік кешен
- •Дәріс тезистері
- •«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
- •3. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
- •Лекцияның қысқаша мәтіні:
- •1. Конституциялық құқық– Қазақстан Республикасының жетекші құқықсаласы ретінде.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
- •4. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •3. Қр мемлекет аралық азаматтық шарттары негізінде қр азаматтығын
- •6. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
- •Ішкі істер органдары.
- •Тақырып. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі
- •Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
- •9. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығының негіздері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
- •10. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
- •Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
- •Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.
- •Қылмысқа қатысу.
- •Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері
- •11. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері
- •Демалыс уақыты.
- •Жалақы және еңбекті нормалау.
- •12. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері
- •2.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •4.Бала асырап алу
- •13. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері
- •Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
- •14. Лекция тақырыбы: қр-ның экологиялық және жер құқығының негіздері
- •Жерге меншік құқығы.
- •Жерді пайдалану құқығы.
- •15. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері
Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
Жалпы құқық бұзушылық - бұл адамға, мемлекетке зиян келтіретін, құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті кінәлі іс – қимыл.
Қылмыс – бұл Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексінде көрсетілген, қылмыстық жауапкершілік пен қылмыстық жазаны туындататын қоғамға аса қауыпты іс-әрекет.
Теріс қылық - қоғам өмірінің әр түрлі саласындағы жасалатын және әр түрлі салада тұғызатын қоғамға орташа және кішігірім қауіпті іс әрекеткеттер – деп құқық бұзушылық, қоғамға қауіптілігіне қарай 2- ге бөлінеді.
Ал, теріс қылықтар заңды жауапкершілікке байланысты бірнеше түрлерге бөлінеді: әкімшілік, азаматтық – құқықтық, материалдық мүліктік, тәртіптік. Соның ішінде біздің қарастырайын деп отырғанымыз - әкімшілік құқық бұзушылық.
Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексі 2001 жылдың 30 қаңтарында қолданысқа енгізілді. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына халыққаралық құқықтық жалпы жұрт таныған қағидаларымен нормаларына негізделеді.
Әкімшіліқ құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері – адам және адамзаттардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, қоршаған ортаны, мемлекеттік билікті жүзеге асырудың белгіленген тәртібін, құқықтары мен мүдделерін әкімшілік құқық бұзушылықтан қорғау, сондай-ақ жасалуының алдын алу.
Жеке адамның, әкімшілік жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кінәлі (қасақана немесе абайсызда жасалған) іс әрекеті, не әрекетсіздегі немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы іс-әрекеті, не әрекетсіздігі әкімшілік құқық бұзушылық болып табылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау. Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
Бақылау сұрақтары:
1. Әкімшілік құқық пәні мен дерек көздері
2. Әкімшілік үрдістің қағидалары
3. Әкімшілік құқық субьектілері
4. Әкімшілік құқық әдістері
5. Мемлекеттік басқару ұғымы
6. Әкімшілік құқық бұзушылық
7. Әкімшілік құқықтық ықпал ету шаралары
8. Әкімшілік жазала
10. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
Қылмыс түсінігі, оның құрамы.
Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.
Қылмысқа қатысу.
Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері.
Қылмыстық жауапкершілікті ауырлататын және жеңілдететін мән-жайлар
Лекцияның мақсаты: Қылмыс ұғымын, қандай жағдайлар қылмыстық әрекетке жатпайтындығы және қылмыстық жауаптылық пен қылмыстық жазаларға түсінік беру.
Лекцияның қысқаша мәтіні: 1. Қылмыс түсінігі, оның құрамы.
Қылмыстық құқық дегеніміз - құқық саласының негізгі түрлерінің бірі ретінде қылмыстың түсінігі мен белгілерін, қылмыс үшін қылмыстық жауаптылықтың негізі мен шектерін, сондай-ақ қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың шарттарын анықтайтын құқықтық нормалардың жиынтығы.
Қылмыстық құқық міндеттері - әлеуметтік құндылықтарды қорғау және қылмыстардың алдын-алу, болдырмау болып табылады. Қылмыстың алдын-алу заңда көзделген жеке мақсаттардың бірі – қылмыстан сақтандырумен тығыз байланысты әрі онымен шарттас. Осы екі міндеттің мазмұны қоғамдық қатынастарды қорғауды, басқа жаңа қылмыстарды болдырмауды, қылмыс жасаған тұлғаға ықпал ету шараларын қолдануды сипаттайды.
Қылмыстық Кодекс. 1997 жылы шілде айының 16 жұлдызында Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық Кодексі қабылданып, ол 1998 жылы 1 қаңтардан бастап заңды күшіне енді. Аталған Қылмыстық Кодекстің 3-бабында қылмыстық жауаптылықтың негізін былай анықтайды: қылмыс жасау, яғни қылмыстық заңда көзделген қылмыс құрамының барлық белгілері бар әрекет қылмыстық жауаптылықтың бірден -бір негізі болып табылады.
Қылмыс – Қылмыстық кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты қоғамдық қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп аталады.
Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет.
Егер қылмысты жасау - қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс-жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы - оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара тығыз байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды. Қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса, қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды.
Қылмыс құрамының негізгі белгілері: 1) қылмыстың объектісін сипаттайтын белгілер: қылмыстық қол сұғушылықтан қылмыстық заң бойынша қорғалатын қоғамдық қатынас; 2) қылмыстың объективтік жағын сипаттайтын белгілер: объектіге зиян тигізетін немесе зиян тигізу қаупін тудыратын қоғамға қауіпті іс-әрекет; 3) қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілер: кінә, қасақаналық, абайсыздық; 4) қылмыстың субъектісін сипаттайтын белгілер: жеке тұлға, есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасы, арнаулы субъекті. Қылмыс құрамының осы негізгі белгілері кез келген қылмыс құрамында болады және олардың біреуінің болмауы қылмыс құрамының жоқтығын көрсетеді. Жоғарыда аталған қылмыстың объектісін және объективтік жағын сипаттайтын белгілер қылмыстың объективтік ақиқаттылығын көрсетеді, сол себепті қылмыс құрамының объективтік белгілері деп аталады.
Қылмыстың объектісі - қылмыстық қол сұғушылықтан зиян келетін немесе зиян келуі мүмкін қоғамдық қатынастар. Біздің ойымызша, кейбір заң әдебиеттерінде көрсетілген: «Қылмыстың объектісі дегеніміз - сол қылмыстық әрекеттің неге бағытталғанын айтамыз» деген көзқарастармен келісуімізге болмайды. Өйткені, «бағытталған» деген термин арқылы абайсызда жасалатын қылмыстың объектісін анықтауға болмайды. Тіпті қасақана жасалатын қылмыстардың өзіне кінәлінің қылмыстық жүріс-тұрысының бағытталуы нақтылы қол сұғушылықпен үйлесе бермейді. Кез келген қылмыс материалдық игіліктерге емес (заттар, ақша), т.б. қоғамдық қатынастарға қол сұғады. Ол қоғамдық қатынастар әрекет етуші қылмыстық заңмен қорғалуы қажет (ҚР ҚК 2-бабы). Қылмыскер қауіп төндірген қоғамдық қатынастың сипатына қарай, қылмыстың қоғамға қауіптілік сипаты анықталады. Қоғам үшін қылмыстың объектісі неғұрлым құнды болса, соғұрлым жасалатын қылмыстың ауырлығы да көп болады. Сайып келгенде, қылмыстың объектісі дегеніміз - кінәлі қылмыстық қол сұғушылық жасаған, қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар болып табылады.
Қылмыстың объективтік жағы қылмысты істеген адамның мінез-құлқының сыртқы көрінісін білдіреді. Объективтік жақ ең алдымен қоғамға қауіпті мінез-құлық актісінің сыртқы көрінісі, ол адамдардың әрекеті немесе әрекетсіздігі арқылы көрініс табады. Қоғамға қауіпті әрекет немесе әрекетсіздік нысандары мен түрлері қылмыстың заң тұжырымдарында әр түрлі және жан-жақты. Бірқатар қылмыстың объективтік жағын сипаттауда оның міндетті белгілеріне уақыт, орын, жағдай, қылмысты жасау тәсілдері де жатады. Қылмыстарды ажыратып жіктеуде, оның қоғамға қауіптілігінің дәрежесін белгілеуде, қылмысты саралауда объективтік жақтың осы белгілерінің маңызы өте зор.
Қылмыстың субъективтік жағын және субъектісін сипаттайтын белгілер қылмыс жасаған адамның субъективті ерекшелігін көрсететіндіктен, қылмыс құрамының субъективтік белгілері деп аталады. Субъективтік жақ қылмыстың ішкі жағын, мәнін және мазмұнын сипаттайды. Қылмыс жасаған адамның ішкі дүниесінде, оның еркімен санасында өтетін психологиялық процестің көрінісі. Демек, қылмыстың субъективтік жағы бұл негізінен адамның психикалық іс-әрекетінің қылмыс істеуге тікелей байланысты жағының көрінісі болып табылады. Субъективтік жақтың белгілеріне кінә, ниет және мақсат жатады. Кінә кез келген қылмыс құрамында болғандықтан, ол қылмысты саралаумен тығыз байланысты. Ал кейбір қылмыс құрамының субъективтік жағының белгілеріне қылмыстың ниеті мен мақсаты жатады.
Қылмыстың субъектісі дегеніміз - қоғамға қауіпті іс-әрекетті жасаған және заңға сәйкес сол үшін мемлекеттің алдында қылмыстық жауаптылықты көтеруге қабілеті бар адамды айтамыз. Қылмыс субъектісін сипаттайтын белгілерге жеке тұлға, ақыл - есі дұрыстық, қылмыстық жауаптылық жасына жету, яғни 16 жасқа толу жатады (кейбір қылмыстар үшін 14, 18 жасқа жету міндетті). Көрсетілген белгілермен қатар, арнаулы белгілерді қажет ететін адам қылмыстың арнаулы субъектісі болып табылады.
Қылмыс құрамының элементтерінің әрбір кезге сәйкес тән белгілері болады. Кейбір ғалымдар мұндай белгіні «түрлік белгі» деп атайды. Қылмыс құрамына мұқияттылықпен таңдап алынған түрлік белгілер ғана қосылады.