- •6. Дәрістік кешен
- •Дәріс тезистері
- •«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
- •3. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
- •Лекцияның қысқаша мәтіні:
- •1. Конституциялық құқық– Қазақстан Республикасының жетекші құқықсаласы ретінде.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
- •4. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •3. Қр мемлекет аралық азаматтық шарттары негізінде қр азаматтығын
- •6. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
- •Ішкі істер органдары.
- •Тақырып. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі
- •Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
- •9. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығының негіздері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
- •10. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
- •Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
- •Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.
- •Қылмысқа қатысу.
- •Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері
- •11. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері
- •Демалыс уақыты.
- •Жалақы және еңбекті нормалау.
- •12. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері
- •2.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •4.Бала асырап алу
- •13. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері
- •Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
- •14. Лекция тақырыбы: қр-ның экологиялық және жер құқығының негіздері
- •Жерге меншік құқығы.
- •Жерді пайдалану құқығы.
- •15. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері
Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
Мемлекеттік басқару органдар: жүйесі, құрылымы
Қазiргi мемлекеттiк аппараттың принциптері
Әкімшілік құқық нормасының құрылымы
Мемлекеттік басқару қоғам дамуының барысында қоғамдық қатынастарды реттеу мен тікелей практикалық ұйымдастырудағы атқарушылық және бөлушілік іс-әрекет. Мемлекеттік басқару барынша кең мағынада, мемлекеттің істерін басқару, мемлекеттік органдардың барлығының қатынасуымен іске асырылады.
Үкімет Қазақстан Республикасының атқару билігін жүзеге асырады. Конституцияға сәйкес ол атқарушы органдар жүйесін басқарып, қызметтеріне жетекшілік етеді.
Үкіметтің қызметінің құқықтық негізі ҚР Конституциясы, 1995 жылғы 18 желтоқсанда ҚР Президентінің заңды күші бар Жарлығы бойынша қабылданған «ҚР Үкіметі туралы» және ұйымды анықтайтын, сонымен бірге органның қызметін анықтайтын Президент пен Парламенттің актілері болып табылады.
Үкімет құрамы - Премьер-Министр және үкіметтің мүшелері кіретін ұжымдық орган. Оның әкімшілік құқықтық мәртебесі бірнеше ерекшеліктермен ерекшеленеді:
құрылу тәртібі; қызметінен кетірумен; өкілеттілігін тоқтату институтымен.
Үкімет басшысы тағайындалғаннан кейін 10 күн мерзім ішінде Премьер – Министр Үкіметтің құрылғысымен құрамы жөнінде ұсыныс жасайды. Үкімет Президенттің қатысуымен құрылады. Үкімет мүшелері халыққа және Президентке ант береді.
Парламентке Республикалық бюджетті дайындап, таныстыру және оны орындалуын қамтамасыз етіп, ол туралы есеп беріп отырады. Мемлекеттік меншікті басқарады. Мәжіліске заң жобаларын енгізіп олардың орындалуын қамтамасыз ету.
Ішкі саясатты жүргізу туралы шаралар қабылдау
Үкіметтің мүшелері Үкімет қабылдаған шешімдерге, олар (келісімдерін бермесе) шешім қабылдауға дауыстарын бермесе, сонымен қатар өз келісімдерін бермеседе жауапты болады. Заң бойынша ‡кімет мүшелерінің құқықтары белгілі органның депутаты болуға, басқа лауазымды міндет атқаруға және кәсіпкерлікпен айналысуға шектеу қояды. ҚР ‡кіметінің өкілеттілігі Президенттің өкілеттілік мерзімімен өлшенеді. Заң бойынша Үкімет өкілеттілігінің тоқтату және қызметінен кетіру институты қарастырылған. үкімет өздерінің өкілеттілігімен функциясын әрі қарай жүзеге асыруын мүмкін емес деп тапса, онда өздерінің өкілеттілігін тоқтату жайында Президентке хабарлауға құқылы. ҚР Президенті 10 күн ішінде өкіметтілігінің тоқталуы немесе тоқтатылмауы жайлы сұрақты қарастыруға тиіс. Премьер-Министр қызметінен кетсе, онда үкіметтің өкілеттілігіде тоқтайды. Егер ‡кіметтің және оның мүшелерінің қызметінен кетуі қабылданбаса онда Президент әрі қарай міндетін атқару туралы тапсырма береді. Егер ‡кіметтің қызметінен кетуі Парламенттің сенімсіздік вотумымен байланысты болса, Президент Парламенті таратуға құқығы бар. Президент өз бастамасы бойынша да Үкіметтің өкілеттілігін тоқтатуға және кез-келген мүшесін лауазымды міндетінен босату туралы шешім қабылдауға құқылы.
Министрліктер, мемлекеттік комитеттер мен ведомостволар заңды атқарушы биліктің мемлекеттік органдары жүйесінің орталық органы ретінде қарастырылады. Олар мемлекет өміріндегі әр саладағы басқаруды жүзеге асырады. Сонымен бірге Үкіметтің заңдарымен актілерінің орындалуын қалыптастырады. Министрлік мемлекеттік органдар арасындағы тұрақты ұйымдық форма. Дәстүр бойынша әкімшілік құқықта министрлік әкімшілік – саяси, экономикалық, әлеуметтік мәдени сферада, қандайда бір сала арқылы мемлекеттік басқаруды жүзеге асырушы орган ретінде қарастырылады. Мемлекеттік комитетке - салааралық басқару функциясын атқару тән. Министрлік пен мемлекеттік комитет ҚР Президентінің қатысуымен құрылып, олардың жетекшілері лауазымды орынға Президент тарапынан тағайындалып, орнынан босатылады. Ал Бас прокурор мен ¦ҚК төрағасын тағайындау кезінде конституцияға сәйкес Сенаттың келісімі қажет.
Мемлекеттік қызмет
Қазiргi мемлекеттiк аппараттың қызметi мынадай принциптер мен реттеледi: мемлекет аппаратының iшкi құрылысы және құзыретiнiң нәтижелi, тиiмдi болуы.
Ол үшiн оның қызметi демократиялық, Конституциялық, заңдылық принциптерге сәйкес болуға тиiс. Мемлекеттiң лауазымды адамдары, қызметкерлерi нормаларды жоғары этикалық дәрежеде орындауы қажет. Мемлекеттiк аппарат халықтың мүддесiн қорғап, соны iске асыруға мiндеттi. Халықтың мемлекеттiк басқару процессiне қатысуының демократиялық жолдары – олардың сайлауға қатысуы, Халықтың өкiлдерi мемлекеттiк аппаратты құрады, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына мемлекет кепiлдiк бередi. Халық мемлекеттiк аппараттың қызметiне көмек беру үшiн қоғамдық ұйымдарды құрады, олар мемлекеттiк аппаратпен байланысатын саяси жүйенi құрады. Конституцияның 33 бабында «Азаматтардың тiкелей және өз өкiлдерi арқылы мемлекеттiң өкiлдiк, атқарушы және сот органдарының құрылуы мен жұмыс iстеуi жөнiндегi әрекетiн жүзеге асыру мүмкiндiгi» делiнген. Қатысудың түрлерi былай деп белгiленедi: мемлекеттiк органдар мен жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарына жеке және ұжымдық өтiнiштер жолдау: мемлекеттiк органдар мен өзiн өзi басқару органдары сайлау және оларға сайлану, референдумға қатысу, мемлекеттiк қызметке кiру.
Мемлекеттiк қызметтердiң принциптерi: заңдылық; мемлекеттiк билiктiң заң шығарушы, атқарушы және тармақтарына бөлiнуiне қарамастан, мемлекеттiк қызмет жүйесiнiң бiртұтастығы; азаматтардың құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң мемлекет мүдделерi алдында басымдылығы; мемлекет қызметiне кiруге, қатысуға ерiктiлiгi; өз өкiлеттерi шегiнде жоғары тұрған мемлекеттiк органдар мен лауазымда адамдар қабылдаған шешiмдердiң төменгi мемлекеттiк органдар қызметшiлерiнiң орындауы үшiн мiндеттiлiгi; мемлекеттiк қызметкерлердiң кәсiпқойлығы мен жоғарғы билiктiлiгi.
Мемлекетті қызметті ұйымдастырудың басты негізгі талаптары ҚР Конституциясында қарастырылған (33бап). Сонымен қатар, 1999 жылғы 23 шілдедегі «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңынан, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады. Аталған Заң мемлекеттік қызметті ұйымдастырудың негізін, мемлекеттік қызметтердің құқықтық жайдайларын және мемлекеттік қызмет аясындағы қарым-қатынастарын реттелуін анықтайды.
