
- •6. Дәрістік кешен
- •Дәріс тезистері
- •«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
- •Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі.
- •3. Лекцияның тақырыбы : Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығының негіздері
- •Лекцияның қысқаша мәтіні:
- •1. Конституциялық құқық– Қазақстан Республикасының жетекші құқықсаласы ретінде.
- •Қазақстан Республикасының Конституциясы – мемлекеттің Негізгі Заңы.
- •Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымының негіздері
- •4. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының азаматтық құқығының негіздері
- •3. Қр мемлекет аралық азаматтық шарттары негізінде қр азаматтығын
- •6. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары
- •Қазақстан Республикасының прокуратурасы: жүйесі, құрылымы
- •Ішкі істер органдары.
- •Тақырып. Қазақстан Республикасындағы сот және сот әділдігі
- •Мемлекеттік басқару органдары мен мемлекеттік қызмет
- •9. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқығының негіздері
- •Әкімшілік құқық бұзушылық және жауапкершілік
- •10. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының қылмыстық құқық негіздері.
- •Қылмыстық жауаптылықтың негіздері.
- •Қажетті қорғану, мәжбүрлі қажеттілік.
- •Қылмысқа қатысу.
- •Қылмыстық жазаның түсінігі және түрлері
- •11. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының еңбек құқығының негіздері
- •Демалыс уақыты.
- •Жалақы және еңбекті нормалау.
- •12. Лекцияның тақырыбы: Қазақстан Республикасының отбасы құқығының негіздері
- •2.Ерлі-зайыптылардың құқықтары мен міндеттері.
- •4.Бала асырап алу
- •13. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының қаржы құқығының негіздері
- •Қазақстан Республикасының салық құқығының жалпы ережелері
- •14. Лекция тақырыбы: қр-ның экологиялық және жер құқығының негіздері
- •Жерге меншік құқығы.
- •Жерді пайдалану құқығы.
- •15. Лекция тақырыбы: Қазақстан Республикасының іс жүргізу құқығының негіздері
6. Дәрістік кешен
Дәріс тезистері
1-Тақырып Лекцияның тақырыбы: Мемлекет, құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстар туралы негізгі ұғымдар
Лекцияның жоспары:
«Құқық негідері» оқу курсының жүйесі
Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
Лекцияның мақсаты: Мемлекеттің, құқықтың ұғымдары, мәндері, түрпішіндері, белгілері, жүйесі, механизмін талдау арқылы студенттерге жеткізу.
Лекцияның қысқаша мәтіні:
«Құқық негіздері» оқу курсының жүйесі
Құқықнегіздері пәні заң ғылымдары бойынша гуманитарлық пәндер жүйесінде ерекше орын алады. Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуы, елде экономикалық реформалардың жүзеге асуы және нарықтық қатынастарға өту кезеңінде құқықтың мән-маңызы айрықша. Әсіресе, тауар-ақша (мүліктік) және басқару қатынастарын құқықтық реттеуде заңдар мен басқа да нормативтік актілердің маңызы ерекше. Сондықтан да бұл пән арқылы ҚР Конституциясын, оның жаңа қырлары мен ерекшеліктерін және басқа да заңдардың жоғары принциптерін, олардың мағынасы мен мазмұнын, жалпы мемлекетіміздің қоғамдық өмірінің құқықтық негіздерін үйретеді.
Қазақстан Республикасы құқықжүйесіндегі пәндердің ең негізгілері қамтылып, онда Мемлекет және құқықтеориясы, Конституциялық құқық, Азаматтық құқық, Әкімшілік құқық, Еңбек құқығы, Қылмыстық құқық, Отбасы құқығы, Қаржы құқығы және Халықаралық құқықсалаларынан жоғары білімді мамандар даярлауда қажетті теориялық түсініктер беріледі.
Аталған пән төмендегі мәселелерді қарастырады:
- мемлекет пен құқықтың, саяси және құқықтық сананың, құқықтық қатынастардың заңдылықтары мен құбылыстарын;
- мемлекеттің Конституциялық құрылысын, мемлекеттік биліктің бөліну теориясы мен тәжірибесін;
- Қазақстанда қолданылатын негізгі құқықнысандары мен салаларының ерекшеліктерін;
- мемлекеттік қызмет принциптері мен мемлекеттік қызметкерлердің құқықтық мәртебелерін; әкімшілік жауаптылық мазмұнын; азаматтық құқықтың жалпы ережелерін, жеке және заңды тұлғалар ұғымы мен олардың мүдделерін қорғау мәселелерін; қылмыс ұғымы мен санаттары, себептері және қылмыстық жауапкершілік негіздерін; еңбек заңдылықтары, еңбекті қорғау мәселелерін; неке және отбасы құқығының негізгі қағидаларын; мемлекетіміздің қаржылық қызметінің құқықтық негіздерін; экологиялық және жер құқығының басты ерекшеліктерін.
Құқық және мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың негізгі түсінігі
Құқық дегеніміз – адам мен қоғамның жаратылысымен байланысты, тұлғаның бостандығын білдіретін, формалды түрде анықталған, қоғамдық қатынастарды реттейтін, мемлекеттің күшімен қамтамасыз етілетін жалпыға бірдей тәртіп ережелерінің жиынтығы.
Құқықбелгілері: нормативтілігі, жүйелігі, формалды анықтылығы; мемлекеттің күшіне сүйенуі; адамдардың еркін білдіруі; жалпыға міндеттілігі; өзгергіштігі.
Құқықтың қызметі дегеніміз - адамның іс-әрекетіне, мінезіне, тәртібіне, нормативтік актілердің жасайтын ықпалы мен әсері. Сол арқылы қатынастарды дұрыс, уақытында орындалуын қамтамасыз ету.
Құқықтың реттеу функциясы-нормативтік актілер арқылы қоғамдық қатынастардың байланысын, орындалу жолдарын, бағыттарын анықтап отыру. Бұл функция екі әдіс-тәсілмен орындалады.: біріншісі- құқықтық нормада қатынастың орындалу жолдарын, бағытын көрсету; екіншісі-нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету; екіншісі- нормативтік актіде субъектілерге толық бостандық беру, дұрыс орындалу бағытын көрсету.
Құқықтық қорғау функциясы- нормативтік актілердің қарым-қатынасқа ықпалын, әсерін күшейту, жаман қатынастарға тиым салу. Бұл функцияның әдіс-тәсілдері:
- қоғамдағы қатынастардың дұрыс орындалуын бақылау;
- құқықты нормада тиым салудың себептерін көрсету;
- жауапкершіліктің түрін көрсету;
- жасаған қателіктері үшін субъектілерді жауапқа тарту;
Құқықтың мәнін білдіруде оған негіз болатын идеялар мен бастаулар құқықпринциптері болып табылады. Ол идеялар әділет пен бостандықтың сара жолын қорытындылау арқылы шығарылады.
Құқықпринциптері әділдік, дұрыстық көрсеткіші болғандықтан тұрақтылығымен ерекшеленеді. Құқықжасалу барысында мына принциптер негізге алынуы тиіс.
Демократиялық;
¦лтаралық келісім;
Заңдылық;
Адамгершілік;
Азаматтардың заң алдында теңдігі;
Қоғам реттеушіліксіз өмір сүре алмайды, ол дегеніміз адамдардың өмір сүрудің әртүрлі салаларындағы жүріс-тұрысын ретке келтіру. Реттеу нормалардың көмегімен жүзеге асырылады, ал нормалар, өз кезегінде, техникалық және әлеуметтік нормлар болып бөлінеді. Қоғамның әлеуметтік нормалары- бұл қоғамдық қатынастарды реттеуде қолданылатын жүріс-тұрыс ережелері. Оларға құқық, діни, әдет-ғұрып, мораль және корпоративтік нормалар жатады.
Бақылау сұрақтары:
1. Мемлекет ұғымы туралы теориялар
2. Мемлекеттің мәнін түсіндіретін әдістер
3. Мемлекеттің негізгі белгілері
4. Құқықтық және әлеуметтік мемлекеттің сипаты
5. Мемлекетті басқарудың түрпішіндері
6. Мемлекет құрылымының түрпішіндері
7. Құқықтың ұғымы, белгілері
8. Құқықтық нормативтік актілердің түрлері
9. Құқықты іске асыру, құқық қолдану, құқықтық қатынас санаттары
10. Заңдылық, құқықтық тәртіп, құқық бұзушылық санаттары
2-Тақырып. Мемлекет туралы негізгі түсініктер
Мемлекеттің ұғымы және оның белгілері, мәні
Мемлекет жайлы теориялар
Мемлекетттің түрлері, сипаты
Саяси режим
Мемлекет адамзат дамуының белгілі бір кезеңінде пайда болып қалыптасады. Мемлекет дегеніміз - қоғамдық саяси ұйым. Қоғамдық ұйымның алғашқы түрі - рулық қауым. Ру дегеніміз - адамдардың тарихи қалыптасқан бірлестігі,туысқан адамдардан тұратын қауымдастық.
Алғашқы қауымдық қоғамның экономикалық, әлеуметтік, құрылымдық, басқарушылық салаларындағы объективтік даму процестері бір-бірімен тығыз байланыста өзгеріп, жаңарып отырады. Бұл объективтік даму процестің күрделі сатысы әлеуметтік революциялық төңкеріс-б.з.д. 10-15 мың жылдықтарда болған. Ол төңкеріс кезінде малшылық пен егіншілік қалыптасты, ажарланған тастан жасалған қарулар өмірге келді, адамның тәжірибесі өсіп, молайды. Қоғамдық еңбек төрт күрделі тарауға бөлінді: Мал шаруашылық, жер игеру, өндірістік және саудагерлер тобы. Бұның бәрі еңбектің өнімділігін арттырды, қоғамның шығысынан кірісін асырды. Қоғамдық байлық қалыптаса бастады, оны иемденетін топтар, таптар пайда болды.Экономикалық өзгерістер әлеуметтік қайшылықтарды өмірге әкелді. 5-4 мың жылдықтарда сол қайшылықтарды реттеп, қоғамды басқару үшін құқықпен мемлекет пайда болды. Мемлекет пен құқықтың туынды тарихы- қоғамның антагонистік тапқа бөлінуінің нәтижесі болып табылады.
Мемлекеттің рулық қауымнан айырмашылығын мынадай белгілері арқылы ажыратамыз:
1. Мемлекеттік егемендік
2. Мемлекеттің халқы әкімшілік жүйеге бөлінеді.
3. Мемлекеттің әкімшілік билік жүргізетін органы болады. Басқару ісімен шұғылданатын адамдар қызмет етеді.
4. Мемлекет заңдар шығарып, солардың күшімен қоғамдық қатынастарды реттейді.
5. Салық жүйесінің қалыптасуы.
Мемлекет пен құқықтың шығу себептері:
- жинау экономикасынан өндіру экономикасына көшу
- мал шаруашылығынан егіншіліктің бөлінуі
- еңбектің ірі қоғамдық бөлінісі
- алып-сатарлардың пайда болуы
Мемлекет пен құқықтың өмірге келуінің, қалыптасуының негізгі объективті заңдылықтары:
- еңбек өнімділігінің өсуі
- артық өнімнің пайда болуы
- жеке меншіктің пайда болуы
- таптардың пайда болуы
Мемлекет дегеніміз - жария өкіметтің пайда болуымен іс-әрекетінің нәтижесі ретінде қалыптасатын, қоғам өмірін ұйымдастырудың нысаны және оның негізгі салаларына басшылық ететін, қажетті жағдайларда өкіметтің күш-қуатына сүйенетін басқару жүйесі.
Мемлекеттің негізгі белгілері:
1. Басқару органдары мен мекемелерінің ерекше жүйесінің болуы.
2. Қоғамдық қатынас ережелерін белгілейтін құқықтың болуы.