Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар 1 нуска РК №1.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274.43 Кб
Скачать
  1. пенетрация

  2. перфорация

  3. қан ағу

  4. қалтқының стенозы

  5. Жараның малигнизациясы

76. Науқас әйел Е., 74 жаста ОДА дәрігеріне жалпы әлсіздік, бас айналу, ентігу, эпигастрий аймағында ауырсыну, тамақтан кейін ауырлық сезімі, сасық иіспен кекіру шағымдарымен келді. Объективті: терісі бозарған, склерасы сарғайған, шамалы спленомегалия, аяқтарының «шұлық» тәрізді сезімталдығының төмендеуі. ЖҚА:Нв -83 г/л; ТК - 1,2; Эр.- 2,5х1012/л;   лейк.– 3,2х109/л; тромб. - 150х109/л;  ретикулоциттер – 0,2%; билирубин-42 ммоль/л (тікелей емес фракция 33 ммоль/л). Қандай болжам диагноз?

  1. теміртапшылық анемия

  2. созылмалы гепатит

  3. гемолитикалық анемия

  4. Созылмалы атрофиялық гастрит

  5. витамин В12-тапшылық анемия

77. Науқас Н., 44 жаста, сандары мен сирақтарында ұсақ нүктелі геморрагиялық бөртпелер шыққан, басқанда жойылмайды, тізе, тізетабан, білезік буындарында ауырсыну пайда болған. Зәрінде – микрогематурия. Коагулограммада паракоагуляциялық тест оң мәнді. Ең ықтимал диагноз:

  1. геморрагиялық васкулит

  2. тромбоцитопениялық пурпура

  3. ревматикалық полиартрит

  4. Түйінді периартериит

  5. аллергиялық дерматит

78. Науқас А., 49 жаста бүйрек ауруымен бірнеше жылдан бері ауырады. Тексергенде беті мен қабақтарында шамалы ісіну бар. АҚҚ жоғарлаған. Бүйрек пальпациясында ауырсынады. Зәр анализінде: гипостенурия 1007-1010, лейкоцитурия, микрогематурия. УДЗ-да: бүйрек өлшемдері ұлғайған, контурлары нақты емес, екі бүйректе де диаметрі 2х3 см қуыстар анықталады. Қандай ауру туралы ойлауға болады?

  1. несептас ауруы

  2. Бүйрек поликистозы

  3. Созылмалы пиелонефрит

  4. созылмалы гломерулонефрит

  5. өкпе туберкулез почек

79. Науқас әйел Д., 27 жаста келесі шағымдармен: беті мен аяқтарының ісінуі, бел тұсындағы ауырсыну, дене қызуы 38°С көтерілуі, қол буындарының ауырсынуымен қаралды. Жазда курортта демалғаннан кейін бірінші рет бетінде, ұртында, мұрын үстінде қызару пайда болған, қызба және шаш түсу. Қан анализінде: Нв–81г/л, Эр.– 2,8х1012/л; Лейк.- 3,6х109/л; Э–8%; ЭТЖ– 40 мм/сағ; СРБ (+++), гамма-глобулин-25%. Зәр анализінде: ақуыз – 3,1 г/л, лейк.–10 к/а,  эр. –25 к/а, гиалинды цилиндрлер–  10 к/а.қандай болжам диагноз?

  1. жедел гломерулонефрит

  2. қызыл жегілік нефрит

  3. Подагралық нефропатия

  4. Жедел пиелонефрит

  5. созылмалы гломерулонефрит

80. Науқас Д., 23 жаста, қайталанатын мұрыннан, қызыл иектен қан ағуға, күшті әлсіздікке, ентігуге, қызбаға шағымданады. Объективті: жағдайы ауыр, тері жамылғысы бозарған, бүкіл денесінде көгерулер анықталады, лимфа түіндері ұлғаймаған. Қалған органдары өзгеріссіз.қан анализінде: Hb-60 г/л; Эр.-2.0х1012/л; ТК -0.9; Лейк.-1.5х109/л; Тромб.-20х109/л. Миелограммада: майлы сүйек миы мен май арақатынасы 90%:10%. Қандай болжам диагноз?

  1. жедел миелолейкоз

  2. жедел эритромиелоз

  3. апластикалық анемия

  4. созылмалы миелолейкоз

  5. тромбоцитопениялық пурпура

81. Науқас әйел И., 48 жаста ОДА дәрігеріне келесі шағымдармен келді: бас ауруы, аяқтарының ісінуі, жүргенде ентігу, әлсіздік, тәбетінің төмендеуі. Бүйрек ауруымен 10 жылдан ауырады. Жалпы қан анализінде: Нв–96 г/л; Эр.–2,8х1012/л; Лейк.- 8,8х109/л; ЭТЖ–35 мм/сағ. Мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л. Жалпы зәр анализінде: тығыздығы – 1005; ақуыз-4,5 г/л; лейк.– 6-10 к/а; эр.– 20- 25 к/а; гиалинді цилиндр - 2-3 к/а. клиникалық диагнозды нақтылау үшін қандай зерттеу жүргізу керек?