Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар 1 нуска РК №1.doc
Скачиваний:
4
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274 Кб
Скачать
☆
  1. Миокард инфарктісі

  2. перикардит

  3. диафрагманың өңеш тесігінің жарығы

  4. плевропневмония

  5. қабырғааралық невралгия.

23. М., атты 40 ж.астағы науқас, төс артындағы кенеттен пайда болған, мойынына берілетін, тыныс алғанда күшейетін ауру сезіміне шағымданып бөлімше дәрігерін үйге шақырды. Ауру сезімі кеше кешкісін пайда болып, бір-бірте күшейіп таңға қарай қатты мазалады. Бір жеті бұрын тұмаумен ауырған. Жөтел жоқ.Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.Өкпеде сырыл жоқ.Жүрек тондары әлсіреген, перикард үйкелісі шуы естіледі. Қ/Қ -140/85 мм.сын.бағ.ЖСС-80рет минутына. ЭКГ-де өзгеріс жоқ..Дәрігердің әрекеті:

  1. Ауруханаға жатқызу

  2. плевраны пункциялау

  3. антибиотиктер ұсыну

  4. анальгетиктер жіберу

  5. нитраттар беру.

24. 48 жастағы науқас ер адам күш түскенде ентігуге, төс артындағы ауырсынуға, қан қысымының көтерілуіне шағым айтады.Ауырсыну нитроглицеринмен әрең басылады.Жүрек ақауымен, АГ көп жылдар бойы ауырады.Ретсіз емделген.Осы шағымдар 2 ай бойы қинайды.

Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Қ/қ-200/100 мм.сын.бағ.ЖСС-100рет минутына. Жүрек тондары әлсіреген.II қабырға аралығында диастолоалық шу естіледі. Бауыры 2см өскен. Экг-де ST тізшесі изолиниядан жоғары орналасқан.Вассерман реакциясы оң мәнді.Аяқтарында ісік бар.

Қандай ем нәтижелі?

  1. аспирин

  2. верапамил

  3. нитроглицерин

  4. нейролептоанальгезия

  5. конкор

25. Морганьи – Адамс – Стокс синдромықандай жағдайда дамиды:

  1. үрекшелер жыбырында

  2. қарынша үстілік тахикардиясында

  3. үдемелі түйінді ырғақта

  4. толық атриовентрикулярлы блокадада

  5. қарыншалық экстрасистолияда

26. 52 жастағы науқас амбулаторияға жүректің шалыс соғуына шағым айтып келді.ЭКГ-де синустық ритммен бірге кезектен тыс жиі қайталанатын қалыпты QRS комплексінің алдында деформацияланған Р тізшесінің болуы,РQаралығының қысқарып, толық емес компенсаторлық пауза байқалады. Науқаста ритмнің қандай бұзылысы бар?

  1. cинустық аритмия

  2. П дәр. атриовентрикулярлы блокада.

  3. Жүрекшелік экстрасистолия.

  4. қарыншалық экстрасистолия

  5. жыбыр аритмиясы

27. Науқас 40 жаста, митральды қақпақшаның ревматизмдік стенозы мен жеткіліксіздігі бар. Жүрек соғуы ырғағының бұзылысы сезіміне шағымданады. ЭКГ – Р тісшісі жоқ, f толқындары, RR арақашықтығы әр түрлі. ЖСЖ – минутына 100. Қандай препаратты ұсыну қажет?

  1. Нифедипин

  2. изоптин

  3. лидокаин

  4. АТФ

  5. конкор

28. 28 жастағы науқас аз ғана күш түскенде ентігу;жүректің жиі соғуына, жүрек тұсындағы ауырсынуға шағым айтады. Көп жылдар бойы жүрек ақауымен диспансерлі есепте тұр. Мезгіл сайын стационарда ем алады. Жағдайының нашарлауына 2ай болған. Үйде нитроглицерин ішеді.

Аускультацияда: сол жақ II-ші қабырға аралығында тұрақты систоло-диастолалаық шуылы естіледі. ЭКГ – сол жақ қарыншаға күш түсу белгілері. Рентгенологиялық зерттеуде: өкпе суретінің күшеюі, өкпе артериясы доғасының айқындылығы, өрлемелі қолқаның пульсациясы, сол жақ жүрекше мен қарыншаның ұлғаюы. Науқаста қандай жүрек ақауы бар?

  1. қолқа коарктациясы

  2. Эбштейн аномалиясы

  3. Лютембаше синдромы

  4. Артериалық өзектің бітелмеуі

  5. өкпе артериясының стенозы

29. Аускультациядағы мына белгілер қандай ақауға тән: жүректің ұшындағы 1 тонның әлсіреуі,содан кейін бүкіл систолада естілетін , қолтық асты аймақтарында дыбысы бәсеңдейтін үріп естілетін систола шуы анықталады.

  1. митральды қақпақшаның стенозы

  2. митральды қақпақшаның шамасыздығы

  3. олқа саңылауының стенозы

  4. өкпе артериясының саңылауының стенозы

  5. трикуспидальды қақпақшаның шамасыздығы

30. 30 жастағы науқас әйел осыдан екі ай бұрын ревматикалық генезді митральды клапанның стенозына операция жасатқан.Қазіргі кезде шағымдары жоқ.Өкпе, жүрек, іш қуысы ағзаларын тексергенде өзгеріс жоқ.Стенозды болдырмаудың алдын-алу шаралары қандай?

  1. ацетилсалицил қышқылен ұсыну

  2. тонзиллэктомия

  3. маусымдық бициллин ұсыну

  4. жыл бойы экстенциллин-безоанат

  5. клопидогрел

31. Біріншілік остеоартрозы бар науқас кенеттен оң тізе буынының қозғалмай қалуына шағым айтады.Остеоартрозбен 15 жыл бойы ауырады. Анамнезінде жарақаттанулар болған жоқ. Буынның қозғалмай қалуы себебін анықта:

  1. реактивный синовит

  2. буынішлік сыну

  3. реактивті синовит

  4. реактивті емес синовит

  5. буыннан тыс сынық

32. 14 - жастағы науқас, тізе, ірі буындарындағы ауыру сезіміне, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына, жүректің соғуына, денесінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Екі апта бұрын баспамен ауырған. Об-ті: іштің алдыңғы бетінде – сақина тәрізді эритема. Буындардың пішіні бұзылған, қолмен ұстағанда ыстық, қозғалтқанда қатты ауырады. Жүрек шекаралары ұлғайған, тондары естілмейді, брадикардия. ЖСЖ минутына - 52 рет. Қанда: эр-4,2 млн. Нв-140 г/л, лейкоциттер -15 мың. ЭТЖ-40 мм/сағ. Диагноз: Жедел ревматикалық қызба: кардит, ҚАЖ 1сат; полиартрит, сақина тәрізді эритема. Қажетті емдеу бағдарламасын таңдаңыз:

  1. стероидты емес қабынуға қарсы препараттар

  2. Жүрек гликозидтері

  3. макролидтер

  4. преднизолон

  5. милдронат

33. 45 жастағы науқас әйелде саусақтарының некрозы бар Рейно синдромы байқалады.Тағам қабылдағанда жұтынуы бұзылған.Сыртұы қарағанда: қолының саусақтарының бүгілуі қиындаған, саусақтарының басы фалангтарының лизисі салдарынан қысқарған. Өкпенің гипертензиясы белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз

  1. Бюргер тромбангииті

  2. жүйелі қызыл жегі

  3. ревматоидты артрит

  4. түйінді периартериит

  5. жүйелі склеродермия

34. Науқастың зәр анализінде лейкоцитурия мен зәрдің қышқыл реакциясы тұрақты түрде болып және бүйректі УДТ-де бүйрек тостағаншаларының деформациясы анықталса, қандай ауруды күмандану қажет?

  1. + бүйрек туберкулезі

  2. подагралық нефропатия

  3. туа біткен аномалия

  4. созылмалы пиелонефрит

  5. бүйректің қатерлі ісігі

35. 30 жастағы әйел адам зәрінің түсінің ( қызыл түсті) өзгеруіне және басының ауруы бойынша емхана дәрігеріне жолықты..Бел аймағындағы ауру сезімі,дизуриялық симптомдар жоқ.Өзін дені сау деп есептеген.Ісінулер жоқ.Дене температурасы 36,6С.Өкпесінде: тынысы везикулярлы.Жүрек: тондары ритмді,ЖЖЖ мин 80.АҚ 220/120 мм с б .Іші жұмсақ,пальпация кезінде екі жақ бүйірінен басып қарағанда ауыратын ісік тәрізді ,ұзындығы. 13-14 см түзіліс сезіледі.Көз түбінде Саллюс-Гунн симптомы ІІ.Жалпы қан анализі: Нв151г/л,лейкоциттер 6,2;ЭТЖ 15мм/сағ.Жалпы зәр анализі:салыст. тығыздығы. 1,010,белок 1,66г/л,эритроциттер 30-20 к/а.Қандағы креатинин концентрациясы 340мкмоль/л.

Бүйректі УДТ бойынша қандай ауру анықталады?

  1. Бүйрек ісігі

  2. бүйрек поликистозы

  3. Бүйрек мөлшерінің төмендеуі

  4. Көптеген конкременттер

  5. Бүйректің кіші жамбас бөлігіне түсуі

36. 22 жастағы әйел,жүктілігі 12 апта,диспансерлік бақылаудан өтуде.Шағымдары анықталмаған.АҚ 120/80 мм с б.Зәр мен қанның жалпы анализдері жоқ.Ісінулер жоқ.Өкпе,жүрек,іш қуысы ағзалары жағынан өзгерістер өзгеріссіз.Зәрді бактериологиялық зерттеген кезде –E.coli 1 мл 10 концентрациясында.Пенициллинге,бисептолға,ципрофлоксацинге сезімтал.Сіздің тактикаңыз?

  1. зәрді бакзерттеу

  2. ампициллин

  3. нитроксалин

  4. ципрофлоксацин

  5. бисептол

37. Науқаста ас қабылдағаннан 30 минуттан кейін төстің семсер тәрізді өсіндісінің тұсында алмагелден толық басылмайтын ,физикалық жүктемеден кейін және еңкейгенде күшейетін күйдіріп ауырсыну қинайды. Сонымен бірге ауамен кекіру, демікпе ұстамасы мен жөтел байқалады. Бариймен рентгенологиялық тексергенде – контрастты заттың асқазаннан өңешке рефлюксі анықталды. Осы жа5дай 0андай ауруда бай0алады,.

  1. рефлюкс-эзофагит

  2. өңештің катерлі ісігі

  3. кардия ахалазиясы

  4. бронх демікпесі

  5. созылмалы гастрит

38. 56 жастағы науқас тамақтан кейінгі қыжылдауға, еңкейгенде төс артындағы ауру сезіміне шағымданады. Ауырсыну сезіміне байланысты кардиологқа қаралған. Нитраттар қабылдаған, бірақ жағдайы жақсармаған. Жағдайы қанағаттандырарлық. Қ/Қ-130/85 мм.сын.бағ. ЖСС-68рет мин.

Жүрек тондары ритмді. ЭКГ-де өзгеріс жоқ.

Диагнозын анықтау үшін қандай тексеру жүргізу қажет?

  1. ЭхоКГ

  2. ФГДС

  3. тәуліктік ЭКГ-мен мониторлау

  4. кардоспецификалық ферменттерді анықтау

  5. коронароангиография

39. 46 жастағы науқаста ас қабылдағаннан 30 минуттан кейін төстің семсер тәрізді өсіндісінің тұсында алмагелден толық басылмайтын ,физикалық жүктемеден кейін және еңкейгенде күшейетін күйдіріп ауырсыну қинайды. Сонымен бірге ауамен кекіру, демікпе ұстамасы мен жөтел байқалады. Осы дертте қандай тексеру диагнозы жөнінде толық мәлімет береді?

  1. қысымын манометриялау

  2. ФДГС

  3. рентген тексеру

  4. УДТ

  5. РН-манометрия

40. 52 Жастағы ер адам 2 жыл бойы қыжылдауға, жүрегінің айнуына, эпигастрий аймағындағы тамақ ішкеннен кейін ауру сезіміне, түнгі аш қарынға ауру сезіміне шағымданады. ФГДС-да 12 елі ішектің пиязшығының жарасы анықталған.Соңғы уақытта ауру сезімі тұрақтана түскен және арқаға берілген. Ауру сезімінің осылай өзгеруі ненің көрінісі болып табылады:

  1. Жара перфорациясы

  2. Кіші іш пердесіне жара пентрациясы

  3. жараның ұйқы безіне пенетрациясы

  4. буылтық стенозының дамуы

  5. Жара малигнизациясы

41. Ұзақ жылдар бойы асқазан жарасымен ауыратын науқас әлсіздік, жүрек айну, тәбетінің жойылуы мен эпигастрий аймағындағы үнемі ауырсыну, жүдеуге шағымданып жолықты. Жалпы жағдайы қанағаттандырарлық.

Теріс бозғылттау. Ішін сипап қарағанда –эпигастрий аймағында ауырсыну байқалады. Қан анализінде- гемоглобин- 80г/л Эритроциттер-3,0*10, ЭТЖ-50мм сағ.

Осы жағдайда жара ауруының қандай асқынуы туралы ойлауға болады.

  1. жараның малигнизациясы

  2. асқазан қақпасының тарылуы

  3. жараның пенетрациясы

  4. жарадан қан кетулер

  5. жараның перфорациясы

42. 25 жастағы . науқас тамақ ішкеннен 20-30 мин кейін эпигастрий аймағында интенсивті емес ауру сезіміне, ауамен кекіруге шағымданады. Анамнезінде 4 жыл бойы ауырады. 2 жылда 1 рет диета сақтамағаннан өршу кезеңі байқалады. Қайта диета сақтаса өршуі басылады. Шылым тартады, аздап алкоголь қабылдайды, тұқым қуалайтын аурулары жоқ. Асқазан сөлінің нәтижесі: базалды және стимуляцияланған секрециясы жоғарылаған. Эндоскопиялық зерттеу: аш қарында үлкен көлемде сұйықтық, өңештің шырышты қабаты гиперемияланған, антралды бөліктің шырышты қабаты ісінген, перистальтикасы күшейген. 12-елі ішектің шырышты қабаты ошақты түрде гиперемияланған. Науқастың диагнозы қандай?

  1. Асқазанның жара ауруы

  2. Созылмалы атрофиялық гастрит

  3. Созылмалы қабыну гастриті

  4. Созылмалы реактивті гастрит

  5. Созылмалы панкреатит

43. 50 жастағы cеміздігі бар әйел,оң жақ қабырға астындағы ауырсыну сезіміне шағымданады.Ауры сезімі оң жақ бұғана үсті аймағына беріледі. Науқас мазасыз, қозғыш, қарағанда тері түсі қалыпты, пальпацияда өт қабы нүктесінде ауру сезімі анықталады. Ортнер симптомы оң, температурасы қалыпты, қан анализі паталогиясыз. Науқаста қандай ауру бар деп ойлайсыз:

  1. жедел холангит

  2. Созылмалы холецист

  3. өт тас ауруы

  4. Созылмалы калькулезді холецистит

  5. Асқазан жарасы

44. 44 жастағы науқас оң қабырға астындағы, эпигастрий аймағындағы ауырсынуға, көп рет құсуға шағымданып дәрігерді үйге шақырды. Науқас үш күн бойы алкоголь ішкен. Жалпы жағдайы ауыр, тері қабаты бозғылт, құрғақ, дене қызуы 38,6 С. Пульс 110 рет минутына.ҚҚ 80/40 сын.бағ. Тынысы везикулярлы, төменгі бөлігінде екі жағында да әлсіреген. Тілі жабындымен жабылған, құрғақ. Іші жұмсақ, біраз кепкен, эпигастрий аймағында ауырсынады. Кера, Керте, Воскресенский симптомдары оң. Қандай тексеру диагнозын анықтауда нақты мәлімет береді?