Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар 1 нуска РК №1.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274.43 Кб
Скачать
  1. Қанның биохимиялық анализі

  2. УДТ

  3. ФГДС

  4. рентгенмен тексеру

  5. қанның жалпы анализі

45. 33 жастағы науқас тамақтану тәртібін бұзғандықтан оң жақ қабырға астындағы керілу сезіміне, ұзақ және тұйық ауырсынуға шағымданады. Физикалық күш түсу ауырсынуды азайтады. Холецистографияда өт жолдарының гипотониялық дискинезиясы анықталады.

Қандай емдеу жоспары тағайындалады?

  1. холецистокинетиктер

  2. спазмолитиктер

  3. антибиотиктер

  4. холиретиктер

  5. физиошаралар

46. 52 жастағы науқас оң қабырға астындағы ауырcынуға, күрт әлсіздікке, лоқсуға, кейде құсуға, субфебрильді дене қызуына, жиі мұрнының қанауына шағым айтады. 1 жыл бұрын сол балтыр сүйегі сынған, ұзақ уақыт емделген,сол кезде қан құйылған. Қарап тексергенде: дене қызуы 37,40С; терісі және склерасы сарғайған, тамырлық жұлдызшалар, пальмарлы эритемасы бар. Шеткі лимфа түйіндері ұлғайған. Бауыры қабырға доғасынан 5 см шығып тұр, шеті доғалданған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық. Билирубин 39 мкмоль/л, тікелей 11 мкмоль/л, тіке емесі 28мкмоль/л; АЛТ 2,9 мкмоль/л, АСТ 3,6 мкмоль/л. Тимол сынамасы 11 бірлік. ЭТЖ 10 мм/сағ. Лейкоциттер 9,4х109/л. Бауыр биоптатында көпір тәрізді некроз, бөліктердің және порталды жолдардың лимфоидты және макрофагальды инфильтрациясы. Қан сарысуында Hbs Аg. Сіздің клиникалық диагнозыңыз:

  1. вирусты гепатит А

  2. бауырдың майлы гепатозы

  3. люпоидты гепатит

  4. созылмалы вирусты гепатит В

  5. бауыр циррозы

47. 42 жастағы науқас терісінің сарғаюына, күрт әлсіздікке, жүрек айну,кейде құсуға, оң қабырға астындағы ауырлық сезіміне шағымданады. Қарап тексергенде: терісі және склерасы сарғайған, денесінде тамырлық жұлдызшалар, петехиялар бар, гепатомегалия анықталады. ЭТЖ-8 мм/сағ., билирубин 68 мкмоль/л, АСТ 4,8 ммоль/л, АЛТ 5,8 ммоль/л, холестерин 7 ммоль/л, тимол сынамасы 9 бірлік, лактатдегидрогеназа 6,52; 5-нуклеотидаза 0,56, вирусты инфекцияның белсенділігінің маркерлері, Hbe Ag, HBVDNA, ДНК полимераза. Емдеу үшін қандай препаратты таңдайсыз?

  1. Преднизолон

  2. цитостатиктер

  3. интерферон

  4. глюкоза ерітіндісі

  5. эссенциале

48. 19 жасар науқаста терісі мен склерасының сарғыштануына шағым айтады. Курлов бойынша 10*9*8 см бауыр өлшемдері 8*6 см,Нb-135г/л, қандағы жалпы билирубин – 87 ммоль/л, тура емес билирубин -56 ммоль/л,АЛТ және АСТ өзгеріссіз. Науқастың диагнозы қандай?

  1. Біріншілікті билиарлы бауыр циррозы

  2. Тұқым қуалайтын микросфероцитоз

  3. Созылмалы белсенді гепатит

  4. Жильбер синдромы

  5. Дабин- Джонсон синдромы

49. 30 жастағы ер адам қан жұғындысы аралас диарея, ішінде ұстама тәрізді ауырсыну мен қызбаға шағым айтады. Проктосигмоскопияда шырышты қабықшаның қанталауы және борпылдақ болуы анықталды.Диагноз: бейспецификалық жаралы колит.Науқасқа мына препараттардың қайсысын тағайындау қажет?

  1. салофальк

  2. Метронидозол

  3. ванкомицин

  4. Фурозолидон/

  5. Смекта

50. 26 жастағы науқас іштің оң жағындағы сыздайтын ауырсыну, күніне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, нәжісінде кілегей, ірің және қан болуына шағымданады. 3 айда 8 кг-ға арықтағанына, қызбаға, артралгияға шағымданады. Қараған кезде оң жақ мықын аймағында айқын ауырсыну анықталады. Хирург қарап жедел аппендицит диагнозын жоққа шығарған. Диагноз дәлеледеу үшін қандай зерттеулер қажет:

  1. Іш қуыс мүшелерінің УДТ

  2. Іш қуысының кең көлемді рентгенографиясы

  3. Биопсия мен колоноскопия

  4. Компьютерлі томография

  5. ФГДС

51. 46 жастағы науқас, ішінің оң жақ бөлігінің тұрақты, сыздап ауыруына, тәулігіне 6-8 рет болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болған, соңғы жылы 8 кг арыған. Екі рет дәрігерлер жедел аппендицитке күмәнданып ауруханаға салған. Об-ті: тері жабындылары бозғылт, құрғақ, іші оң мықын аймағында ауыру сезімді. ЭТЖ-56 мм/сағ. Болжам диагнозыңыз:

  1. созылмалы спецификалық ойық жаралы колит

  2. белок жетіспеушілікті созылмалы энтерит

  3. Крон ауруы

  4. созылмалы колит

  5. жедел аппендицит

52. 36 жастағы науқас, ішінің ұстама тәрізді ауыруына, жиілеген сұйық қанды үлкен дәретке шағымданады. Антибиотиктермен емдегенде профузды ішектік қан кетулер болған. Об-ті: тамақтануы төмен, іші жұмсақ, тоқ ішек бойында ауыру сезімі бар, нәжісі тәулігіне 20 рет, қанды бөліністер. Ирригоскопия: тоқ ішек қабаттары жоқ, псевдополиптер бар. Қанында: ЭТЖ-20 мм/сағ., белок-54г/л. Диагнозды анықтау үшін қандай тексеру жүргізіледі?

  1. аспирациялы биопсиямен колоноскопия

  2. копрологиялық зерттеу

  3. дисбактериозға нәжіс тапсыру

  4. колоноскопия

  5. гемокультураға қан тапсыру

53. 86 жастағы науқас беліне берілетін ішінің ауыру сезіміне, ішінің кебуі, қатуы, "қой" нәжісі сияқты беткі қабатында кілегей мен қан аралас нәжіске, әлсіздік пен жүдеуге шағымданады. Анамнезінде: тоқ ішек бөлігінде полиптер. Об-ті: тамақтануы төмен, бозарған, тілі ақ жабындымен жабылған, іші жұмсақ, төменгі бөлігінде ауыру сезімі бар. Қанында: лейк-10 мың, ЭТЖ-52 мм/сағ. Ирригоскопия: сигма маңында 20 см бос жердің циркулярлы тарылуы, тарылу орталығында барий депосы бар. Клиникалық диагнозды қандай?

  1. Спастикалық колит

  2. дисбактериоз

  3. ішек түйілуі

  4. тітіркенген ішек синдромы

  5. ішек ісігі

54. 64 жастағы әйел адамда 2 айда 10 кг арықтау, үдемелі әлсіздік анықталған.Соңғы екі аптада қара нәжіс пайда болған.Терісі бозғылт,эпигастрииде ауру сезімі, бауыр 2см,көкбауыр 8-6 см.Қан кету мүмкін ағзаны көрсетіңіз:

  1. асқазан

  2. Ащы ішек

  3. Тоқ ішек

  4. Тік ішек

  5. өңеш веналарының варикозы

55. 36 жастағы науқас басының ауыруына, әлсіздікке, бел аймағының ауыруына, ентігуге, зәрінің аз бөлінуіне, бетінің ісіп кетуіне шағымданады. Анамнезінде 1 ай бұрын лакунарлы баспамен ауырған. Қарап тексергенде: беті ісінген, бозғылт. Жүрек тондары аздап әлсіреген, ритмі дұрыс. Пульсі 55 рет мин. АҚҚ 155/100 мм.сын.бағ. Тәуліктік диурезі 550 мл. ЭТЖ 26 мм/сағ. Лейкоциттер 9,6х109/л. Қан креатинині 154 мкмоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1018, белок 2 г/л, эритроциттер 35 көру аймағында. Шумақтық фильтрациясы 68 мл/мин. Нечипоренко сынамасы бойынша: эритроциттер 6700, лейкоциттер 240, эритроцитарлы цилиндрлер – 65. Клиникалық диагнозын қойыңыз: