Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Ішкі аурулар 1 нуска РК №1.doc
Скачиваний:
3
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
274.43 Кб
Скачать
  1. жүрек шамасыздығы дамыды

  2. Дресслер синдромы дамыды

  3. плевритпен асқынған пневмония

  4. Жүйелі қызыл жегі

  5. инфекциялық эндокардит

93. Науқас Б., 32 жаста, тамақтан 3-4 сағаттан кейін эпигастрий аймағындағы интенсивті ауырсынуға, кейде «ашқарындық» және түнгі ауырсынуларға, тағам қабылдағаннан кейін басылуға, тұрақты қыжылдауға, қышқылды кекіруге, қышқылды құсуға, құсқаннан кейін жеңілдік әкелетінге, іш қатуға шағымданады. Объективті: перкуссияда және пальпацияда эпигастрийдің оң жағы ауысынады. Нәжістің жасырын қанға тексеру сынамасы – оң. Қандай болжам диагноз?

  1. асқазанның субкардиальді бөлігінің жарасы

  2. асқазанның үлкен иінінің жарасы

  3. 12-елі ішек пиязшығының жарасы

  4. гастроэзофагеальді-рефлюксті ауру

  5. қалтқының стенозы

94. 62 жасар науқаста сарғаю, қатты арықтау, эпигастрий аймағының ауырсынуы, жүрек айну мен құсу байқалады. Қан анлизінде ауыр дәрежелі анемия, ЭТЖ 60 мм/сағ. Байланысқан фракциясының көптігінен гипербилирубинемия. Қандай ауру болу мүмкін?

  1. рак-бауыр циррозы

  2. ұйқы безі басының ісігі

  3. созылмалы гепатит холестазбен

  4. псевдотуморозды панкреатит

  5. өт жолдарының дискинезиясы

95. Науқас Р., 25 жаста, ерте жасынан бастап тізе және шынтақ буындарының артрозымен ауырады, жиі мұрын қанауы мазалайды, анамнезінде – бұлшықет аралық гематомалар. Анасы жағынан туысқан көкесі дәл осылай ауырған және бас миына қан құйылудан қайтыс болған. ЖҚА – өзгеріссіз, тромбоциттер –220х 109/л; АЧТВ –  ұзарған. Жгут және шымшу сынамасы – теріс. Қандай болжам диагноз?

  1. Ревматоидты артрит

  2. геморрагиялық васкулит

  3. гемофилия

  4. геморрагиялық телеангиэктазия

  5. тромбоцитопениялық пурпура

96. Науқас К., 36 жаста, денесіндегі петехиальді-дақты геморрагиялар, мұрын және иектік қан ағу мазалайды. Үлкейген көкбауыр қыры пальпацияланады. Қан анализінде: Эр.- 3,1х1012/л; лейкоцит- 4,5х109/л; лейкоцитарлық формула – өзгеріссіз; тромбоцит- 12х109/л; қан ағу уақыты ұзарған. Қандай болжам диагноз?

  1. жедел лейкоз

  2. геморрагиялық васкулит

  3. гемофилия

  4. апластикалық анемия

  5. тромбоцитопениялық пурпура

97. 52 жасар науқас миокардтың алдыңғы қабырғасының инфарктімен түсті. Объективт: ЖСЖ – 100 рет/мин., АҚҚ – 145/90 мм.с.б. 3 тәуліктен кейін науқаста кездейсоқ қысқа уақытты тұншығу ұстамасы дамыды, ЖСЖ 110 рет/мин, АҚҚ – 100/65 мм.с.б. тыныс алу жиілігі 30 рет/мин, өкпенің төменгі бөліктерінде ылғалды көпіршіктер естіледі, төстің төменгі бөлігінде интенсивті систолалық шу естіледі. Оң қарыншаның О2-нің парциальді қысымы жоғарлаған. Ең болжам диагноз қандай?

  1. қабырғасы жыртылған жүрек тампонада

  2. емізікше бұлшықеттердің жыртылуы

  3. өкпе ісінуі

  4. өкпе артериясының эмболиясы

  5. қарыншааралық перденің жыртылуы

98. Науқас әйел И., 48 жаста, ОДА дәрігеріне келесі шағымдармен: бас ауруы, аяқтарындағы ісінулер, жүргенде ентігу, әлсіздік, тәбетінің төмендеуімен келді. 10 жыл бойы бүйрегі ауырады. Объективті: аяқтарының ісінуі. Жалпы қан анализінде: Нв–96 г/л; Эр.–2,8х1012/л; Лейк.- 8,8х109/л; ЭТЖ–35 мм/сағ. Мочевина – 16 ммоль/л, креатинин – 0,250 ммоль/л.Жалпы зәр анализінде: салыстырмалы тығыздығы – 1005; ақуыз -4,5 г/л; лейк.– 6-10 к/а; эр.– 20- 25 к/а; гиалинді цилиндрлер - 2-3 к/а. бұл көрсеткіштер қайсы ауруға тән?