
- •Пневмония
- •Пневмония
- •Апф ингибиторлары
- •Стационарға жолдау
- •Миокард инфарктісі
- •Ауруханаға жатқызу
- •Қанның биохимиялық анализі
- •Преднизолон
- •Жедел пиелонефрит
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Қанның биохимиялық анализі
- •Рентгенмен тексеру
- •Созылмалы панкреатит
- •Созылмалы гастрит
- •Қанның биохимиялық анализі
- •Рентгенмен тексеру
- •Жүрек гликозидтері
- •Нитраттар
- •Аспирин
- •Жиа. Стенокардия
- •Апф ингибиторлары
- •Диуретиктер
- •Преднизолон
- •Ревматоидты артрит
- •Жараның малигнизациясы
- •Созылмалы атрофиялық гастрит
- •Түйінді периартериит
- •Бүйрек поликистозы
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Подагралық нефропатия
- •Жедел пиелонефрит
- •Нечипоренко сынамасы
- •Жедел бронхит
- •Жүйелі қызыл жегі
- •Ревматоидты артрит
- •Созылмалы пиелонефрит
- •Бүйрек поликистозы
- •Бүйрек поликистозы
- •Созылмалы пиелонефрит
«Ішкі аурулар» тақырыбы бойынша ЖТД интерндерге арналған тест сұрақтары
1 нұсқа
1. Ауруханадан тыс пневмония кезінде эмпирикалық терапияға қолданылатын препараттар:
Ципрофлоксицин, перфиксацин, офлоксацин;
Стрептамицин және гентамицин;
Линкоитцин және левомицетин;
Имипенем және меропенем;
Пенициллин, эритромицин, азитромицин
2. Созылмалы обстуктивті бронхитпен ауыратын 60 жастағы науқаста ентігу мен жөтелдің күшеюі; сәл ғана сарғыш – жасыл түсті қақырықтың бөлінуіне, шағымданады. Объективті: ТАЖ – минутына 28 рет, ЖСЖ - 92 рет мин. Аускультативті өкпеде қатқыл тыныс фонында құрғақ ысқырықты сырылдар.ТШЖ- 70% төмен. Сальмутамолды күніне бірнеше рет қабылдаған.Қай препаратты тағайындаған дұрыс?
Гентамицин бұлшықетке
Кларитромицин per os
Сальбутамол көктамырға
Тиотропия бромиді ингаляциялық
Сальбутамол ингаляциялық
3. 68 жастағы ер адам анамнезінде созылмалы маскүнемдігі бар қиын бөлінетін тұтқыр күйік ет иісті қақырықты жөтелге шағымданады түрі қара желе түсті. Об-ті: айқын интоксикация, ентігу, өкпесінде аздаған сырылдар. Рентгенде «жайылған ара ұясы тәрізді өкпе» феномені, көптеген бронхоэктаздар, қалдық қуыстар, пневмосклероз бар. Пневмонияны тудырған қай қоздырғыш болуы мүмкін?
Хламидиялар
Клебсиелла
Микоплазма
Тұмау вирусы
Ішек таяқшасы
4. Өкпенің рентген суретінде өкпенің мөлдірлігі өте жоғары болып, қабырғааралықтарының кеңеюі, диафрагма күмбезінің тегістелуі қай ауруға тән:
спонтанды пневмоторакс;
өкпе эмфиземасы
өкпе абцессі
өкпенің кавернозды туберкулезі
пневмония
5. Сiзге қабылдауға М., атты 30-жастағы науқас келдi. Анамнезiнде: кілегейлі қақырықпен болатын жөтел, дауысы қарлыққан, дене қызуы 38°С-ге дейiн жоғарылаған. Дәрiгерге (4-күн бұрын) қаралған. Тексеру кезiнде (ЖҚА, рентгенологиялық тексеру) жедел пневмония диагнозы қойылды. Пенициллинмен ем тағайындалды. Емнен әсер болмаған. Сiздiң әрекетiңiз қандай?
10 күн бойы емдi жалғастыру
азитромицин тағайындау
жедел түрде стационарға жатқызу
пенициллиндi алып, кефзол тағайындау
сульфаниламид қосу
6. 15 жастағы науқас, емхана дәрігеріне көп мөлшердегі кілегейлі қақырықтың бөлінуіне, жөтел,қан қақыру, қызуының 38,2С көтерілуіне, ентікпе мен әлсіздік,жалпы дел салдыққа шағым айтады.Бала кезінен бастап ауырады. Соңғы 5 жыл бойы ауыруы өршуде. Науқас арық. Кеуде сарайы бөшке тәрізді қалыпта. Өкпесін тыңдағанда барлық бөліктерінде әр түрлі калибрлі ылғалды ысқырықты сырылдар. Қан анализінде лейкоцитоз-10000.
Қандай ауруды ең алдымен жоққа шығарады?
Пневмония
өкпенің созылмалы абцессі
туберкулез
өкпе поликистозы.
Бронхоэктатикалық ауруы
7. Кеуде сарайының күбі тәрізді болуы, саусақтарындағы тырнақ өзгерісі (сағат әйнегі) , жиі ентігу қай ауруда кездеседі:
пневмоторакс;
жедел респираторлы ауру;
жедел пневмония;
жедел бронхит;
өкпе эмфиземасы;
8. 20 ж. науқас, студент анда-санда болатын ұстамалы экспираторлы демікпе мен құрғақ жөтел, кеудесіндегі сырыл мен ысқырыққа шағымданады. Ауырғанына 2 жыл болды. Демікпе ұстамасы жиі түнде пайда болады және өздігінен 1 сағаттан кейін басылады. . Дәрі қабылдамаған. Бала кезінен бастап көктемде вазомоторлық ринит мазалайды. Күніне темекінің 1,5 қалбырын шегеді. Шешесінде тыныс демікпесі бар. Объективті қарағанда және Р-генмен тексергенде дерт анықталмаған. Қан анализінде – эозинофилдер саны - 6%. Тыныс шығару жиілігі- 70% төмен.Тез әсерлі в-агонистермен ингаляция жүргізгенде ТШЖ 80% артып кетті. Қандай дерт туралы болжауға болады?
атопиялық бронх демікпесі, орташа ауырлықта.
инфекцияға тәуелді бронх демікпесі, жеңіл ағымды.
созылмалы обструктивті бронхит, жеңіл ағымды, өршу кезеңі
жедел бронхит
атопиялық бронх демікпесі, жеңіл ағымды
9. 70 жастағы науқаста үйінде жүктемеден кейін ентікпе,көпіршікті қызғылт қақырықпен жөтелі пайда болды. Науқас ЖИА көп жылдар бойы ауырады. Артериялық гипертензиясы бар.Сыртқы қарағанда: өкпенің екі аймағында ылғалды, әртүрлі көпіршікті сырылдар естіледі; Жүрек тондары тұйықталған. Қан қысымы 180/100 мм.сын.бағ.ЭКГ-де жыбыр аритмиясы бар. Бауыры үлкейген, аяқтарында ісік .
Науқасқа қандай ем жүргізіледі ?
апф ингибиторлары
диуретиктер
в-блокаторлар
нитраттар
кальции антогонистері
10. 22 жастағы науқас әйел, жалпы тәжрибе дәрігерін үйіне шақырды.Дене қызуы 38 градусқа көтерілген, қалтырау, әлсіздік, дел салдық, тәбетінің төмендеуі, бас ауруы қинайды.Өзін бір апта бойы ауру санайды, қызу түсіретін дәрі ішкен.Жиі зәр шығарады,оң белі ауырады.Ауруын салқынның өтуімен байланыстырады.Сыртқы қарағанда: оң бел аймағында ауырсыну байқалады. Көзінің асты іскен. Қан қысымы 160/90мм.сын.бағ.Зәр анализінде 0,99г/л протеинурия. Қандай ауруды ойлауға болады?
Пневмония
жедел пиелонефрит
жедел эндометрит
Жедел цистит
ЖРВИ
11. 32 жастағы науқас әйел, осыдан 2 ай бұрын пайда болған дене қызуының 39*С көтерілуіне, жүктемеден кейін ентікпеге, қалтырауына, басының ауруына шағым айтады.Қызу түсіретін дәрілерді, сульфаниламидтерді, 5 күн бойы ампициллинді қабылдаған.Қызуы 38,2, терісі бозғылт. Беті мен қолдарында бірнеше петехиальді бөрітпелері бар, пульсі 100рет мин.,қан қысымы 140/90мм.сын бағ.,жүрек тондары әлсіреген, төстің сол жағында жоғары жиілікті диастолық шу екінші тон естіледі, гепатомегалия. Дәрігердің тактикасы?:
емханада емдеу
стационарға жолдау
күндізгі стационар
жедел жәрдем шақырту
ем жүргізілмейді
12. 30 жастағы ер адамда 1 ай бойы дене қызуы 38 С көтерілген.Әлсіздік пен дел салдыққа шағымданады.Емхана дәрігеріне жолыққан. Пенициллин, цефозалин қабылдаған. Әсері болмаған. Науқаста гипергидроз.Мойын лимфа түйіндері домбыққан. Тыныс алуы везикулярлы.Қан анализінде нейтрофилез, ЭТЖ 50мм/сағ. Өкпенің рентген тексерісінде өзгеріс жоқ.
Диагнозын анықтау үшін қандай тексеру қолданылады?
лимфо түйінінінің биопсиясы
стернальді пункция
қанның биохимиялық анализі
компьютерлік томография
бронхография
13. Нефрогенді АГ емдеуде қандай гипотензивті дәрілер ұсынылады: