Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
posledny_var_ustny_marketing.doc
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318.98 Кб
Скачать

Билет 22

  1. Басқарушы шешімдерді қабылдаудын формалды емес (евристикалық) тәсілін, ұжымдық «ми шабуылы» тәсілімен салыстылыныз.

Басқару шешімі — ол тұтынудың объективті даму жүйесімен және оны қанағаттандыратын мүмкіндіктер арасьіндағы қайшылықтарды саналы түрде және күш - жігермен жеңіп шығу үшін жасалған жоспар. Менеджердің шешімі көптеген мүмкін вариантардың ішінде ең жақсы варианты таңдау. Бұл шешім деп аталады. Кәсіпорының табысын жұмсаған кезде де менеджер максималды пайда табуды көздейді. Басқару шешімі ұйымдастырылуына қарай жекелей, алқалы және ұжымдық болып бөлінеді.

Жекелей шешім (формалды емес) – бұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешімдер. Мұндай шешімнің мазмұны мен сипаты басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.

Алқалы шешім- бұл мамандар тобымен және тиісті басшылармен бірлесіп, ақылдасып отырып жасалатын шешім. Мұндай шешімдер, әдетте, мұқият әзірленеді, әрі онда көптеген мәселелер қамтылады. Алқалы шешімде әр түрлі басшылардың жекелей жаупкершілігіне нұқсан келтіретін жайттар болмауы тиіс.

Ұжымдық шешім барлық ұйым мүшелерінің жалпы жиналысында қарастырылып қабылданады. Ми шабуылы тәсілі- бұл эксперттер негізінде және мәселедегі әр түрлі көзқарастарды ескере отырып мәселені дәл тұжырымдау, оны шешу амалдарын қарастыру.

2. Әлеуметтік-этикалық маркетинг талаптарына және принциптеріне ұйымдастырылған маркетинг қызметінің қайсысы моделі жоғарғы дәрежеде сәйкес келеді:

а) тауарлық;

б) функциональды;

в) сегменттік;

г) өлкелік.

Қоғамдық немесе Әлеуметтік-этикалық маркетинг тұжырымдамасы 80- жылдардың басында экологиялық және тұтынушылық қозғалыстардың күшеюіне байланысты дамыған. Бұл тұжырымдама мынадай сәйкестендірілген 3 факторды пайдалануды талап етеді: олар фирма пайдасы, тұтынушылар қажеттігі және қоғам мүдделерін қанағаттандыру. Бұл тұжырымдама қоршаған орта экологиясының бұзылуына, табиғи ресурстардың жетіспеушілігіне, халық санының көбеюіне және әлеуметтік қызмет саласының нашар ахуалына байланысты дамыды. Маркетинг қызметтері талдаушы, өндірістік, өткізушілік және басқарушылық моделдерден тұрады. Талдаушы қызметке нарықты және тауарды зерттеу, стратегиялық және оперативтік жоспарлау жатады, ал өндірістікке – тауарды өндіруді ұйымдастыру және олардың сапасын жоғарылату; өткізушілікке – өнімді жылжыту және сату қызметі жатады. Осыған орай, Қазақстандық компаниялардың басшыларынан пікір сұрау нәтижесінде, олардың көбінің қызметі маркетингтің өткізу тұжырымдамасы сәйкес келетіндігі анықталған.

Билет 23

  1. Дельфа тәсілін, басқарушы шешім қабылдайтынлық формальды емес «эвристикалық» тәсілмен салыстырыныз.

«Дельфа» тәсілі (көне Греция мифологиясы бойынша кеңес алу үшін дельфилік оракулге жүгінетін болған). Эксперттер мен мамандардан белгілі бағдарлама бойынша сұрайды. Бұлар бағдарламаны жүзеге асыру мүмкіндігін бағалауы, әрі өз пікірлерін негіздеуі тиіс.

Артықшылығы: проблемаларды шешуге мамандар мен эксперттерді, соның ішінде басқа ұйымның кеңесшілерін тартуға болатындығы.

Кемшілігі: коммуникацияның жоқтығы, бағалау субъективтік сипатта болады.

Жекелей шешім (формалды емес) – бұл басшының ұжыммен немесе жекелеген адамдармен келісімсіз, әрі ешбір талқылаусыз жеке өзінің шығарған шешімі. Бұл көбінесе ұсақ-түйек мәселелерді қозғайтын жедел шешімдер. Мұндай шешімнің мазмұны мен сипаты басқарудың орталықтану деңгейіне қарай айқындалады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]