Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
posledny_var_ustny_marketing.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
318.98 Кб
Скачать

2. Тұтынушыларды жасына ,қызмет түріне ,жанұя ауқымына байланысты топтарға бөлу негізінде сегментеудің қандай принциптері жатады:

а) географиялық;

б) демографиялық;

в) психографиялық;

г) мінез-құлықтық.

Нарықты сегменттеу - маркетингтің тиімді құралдарының бірі. Ол кәсіпорын ресурстарын ұтымды пайдалануға негізделеді және тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүргізіледі.

Тұтыну тауарлары нарығын сегменттеу мынадай негізгі белгілер бойынша жүргізіледі: географиялық, демографиялық, мінез-құлықтық және әлеуметтік-психологиялық. Тұтынушыларды жасына , қызмет түріне , жанұя ауқымына, жынысына, табыс деңгейіне, байланысты топтарға бөлу Демографиялық белгілері болып табылады. Көптеген фирмалар нарықтағы сегменттеуді бірнеше демографиялық өзгермелерді қолдану негізінде жүргізеді. Демографиялық өзгермелерді қолданғанда, мынадай негізгі жағдайларды есепке алу қажет:

  • Алдымен нарық сегменттерінің әлеуметтік-демографиялық белгілерінің жиынтығын анықтау;

  • Таңдалған сегментке неғұрлым әсер ететін қатынас құралдарын таңдау;

  • Нарықты сатып алушылар саны бойынша сандық бағалау.

Билет 24

  1. Жапонның (сақиналы) «кингисё» шешім қабылдау жүйесін, формалды емес (евристикалық) тәсілмен салыстырыныз.

1. Жапонның (сақиналы) «кингисё» шешім қабылдау жүйесін, формалды емес (евристикалық) тәсілмен салыстырыныз.

Сақиналы кингисе шешім қабылдау жүйесінде колективті шешім қабылдайды. Яғни бастык бир мәселени айтады, әр қызметкер сол мәселе жайындағы ойларын, нақтырақ айтқанда шешімдерін жазып береді. Соңынан бастык шешім шығарады.

Евристикалық (от гр Evrica — «іздеймін», «ашамын») шешім қабылдау, ол таза логикаға, интуицаға сенеді. Нақтырақ айтсақ шешімді творчестволық күйде шығарады.

2. Маркетингтік зерттеу жүргізу және фирманың маркетингтік қызметі үшін таңдап алынған, бірнеше сегментті қамтитын нарық қандай нарық деп аталады:

а) аймақтық;

б) нарықтық терезе;

в) нарықтық қуыс (ниша);

г) мақсатты.

2. Маркетингтік зерттеу жүргізу және фирманың маркетингтік қызметі үшін таңдап алынған, бірнеше сегментті қамтитын нарық қандай нарық деп аталады:

Мақсатты нарық деп аталады. Нақтырақ айтсақ, жалпы рыноктың буыны, оны иемдену кәсіпорын үшін белгілі бір сәтте неғұрлым тиімді. Мақсатты нарық жоқ болғанда жалпы рыноктың бірден бірнеше буындарында жұмыс істеуге мәжбүр болады. Мұндай жағдай тиімсіздеу және басқаруды неғұрлым күрделі сипатта ұйымдастыруды қажет етеді. Мақсатты нарықты таңдау әдісін бөліктеу) деп атау дағдыға айналған.

Билет 25

1. Менеджменттің негізгі функцияларын схема түрінде көрсетініз. Жоспарлау функциясының сипаттамасы

Басқару функциясы – бұл арнайы әдістер және тәсчілдермен жүзеге асырылатын басқару қызметінің нақты түрі және жұмысты сәйкесінше ұйымдастыру. Менеджменттің негізгі функцияларына: 1)жоспарлау 2) ұйымдастыру 3) мотивация 4) бақылау.

Жоспарлау функциясы, ұйымның мақсаты қандай болу керек және алға қойған мақсатқа қол жеткізу үшін ұйым мүшелері не істеу керек, соны анықтайды.

Жоспарлау процесі ұйымның деңгейлеріне сәйкес жүргізіледі. Стратегиялық жоспарлау (жоғары деңгей) – бұл ұйымның негізін құрайтындарға ұзақ мерзімдік перспективада қарау. Бұл деңгейдегі жоспарлаудың басты міндеті ұйым нарықтық ортада өзін қалай ұстау керек, соны анықтау.

Басқарудың орта деңгейінде тактикалық жоспарлаумен айналысады, яғни аралық мақсаттар және стратегиялық мақсаттарға және міндеттерге жету жолдары анықталады.

Жоспарлау ұйымның төменгі деңгейінде де жүргізіледі. Ол оперативті жоспарлау деп аталады. Оперативті жоспарларда қызмет стандарттары, жұмысты сипаттау және т.б. ұжымның әрбір мүшесі өз күштерін ұйымның жалпы және басты мақсаттарына қол жеткізу үшін жұмылдыруға бағыттайтын жүйеге біріктіріледі.

2. Дәріханада антибактериальды антибиотиктер түрлерінің кеңдігін анықтаңдар .олардың жіктелуі төмендегінше:

1) Пенициллиндер

2) Цефалоспориндер

3) Макролидтер

4) Тетрациклиндер

5) Аминогликозидтер

6) Басқа антибиотиктер.

Дәріханадан антибиотиктердің барлық 6 түрі сатылады.

Ассортименттің кеңдігі – тауардың ассортименттік топшаларының немесе класстарының саны. Ассортименттің кеңдігі антибактериалды антибиотиктердің топша саны ретінде қарастырылады. Кеңдігін сипаттау үшін кеңдік коэффициенті Кш келесі формуламен есептеледі:

Кш = Шф , мұндағы

Шб

Шб – базалық кеңдік (химиялық жіктелу бойынша берілген антибактериалды антибиотиктердің ктопшаларының саны), бұл жағдайда ол 6-ға тең;

Шф – нақты кеңдік (зерттелетін ұйымдағы бар антибактериалды антибиотиктердің топшаларының саны).

Есептің жауабы:

Кш = Шф = 6 = 1

Шб 6

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]