- •4. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі,оның құрылымы.
- •5. Атом құрылысының квант-механикалық моделі.
- •8. Орбитальдарды элетрондармен толтыру реті.Энергияның кішірею принципі.Паули принципі.Хунд ережесі.Клечковский ережесі.
- •9. Энергетикалық денгейлермен денгейшелердін сиымдылығы.Атомдардын электрон қауыздарынын құрлысы.Периодтық жүйенің атом құрлысымен байланысы.
- •10. Периодтық жүйе бойынша элементтердің өзгеретін және өзгермейтін қасиеттері.
- •11. Иондану энергиясы,электронға тартқыштық, электртерістілік. Иондану потенциалы.
- •12. Химиялық байланыстың табиғаты.Валенттілік теориясы. Тотығу дәрежесі туралы түсінік.
- •14. П және σ байланыстар . Бай/с ұзындығы мен энергиясы
- •17. Сутектік байланыс.Оның түзілу механизмі
- •21. Әр түрлі топтар мен периодтар элемент атомдарының валенттілік мүмкіндіктері.
- •30. Химиялық реакциялардың қайтымдылығы. Химиялық тепе-теңдікке концентрацияның, қысымның және температураның әсері. Ле-Шателье принципі. Химиялық тепе-теңдіктің тұрақтысы.
- •39. Коррозия. Коррозияның негізгі түрлері: химиялық, электрохимиялық, ...................... Тоқтарынын әсерінен коррозия.
- •43. Метал құймалары,қатты ерітінділер және интерметалдық қосылыстар.
39. Коррозия. Коррозияның негізгі түрлері: химиялық, электрохимиялық, ...................... Тоқтарынын әсерінен коррозия.
Қоршаған ортаның әсерінен металдың жаңа химиялық қосылыс түзе күйреуін – коррозия дейміз. Коррозияның күнде кездесетін мысалы- темірдің таттануы-темір ауадағы оттекпен тотығып, беті таттанады. Коррозия–металдарды қоршаушы ортаның әсерінен, өздігінен тотығу процесі. Коррозияның бір түрі –химиялық коррозия, ол қышқыл, сілті, тұздардың ерітінділерінің және түрлі газдардың (СО2, НСl т.б. ) тікелей әрекеті. Электрохимиялық коррозия- ол болу үшін электрохимиялық процесс өту керек, ондай процесс үшін екі электрод және элекродттар батырылған электролиттер болуы керек. Металл таза болса коррозияға ұшырамайды.
40. Коррозиядан қорғау әдістері. Коррозияның ингибиторлары. Көптеген металдардың бетін азот қышқылы тәрізді тотықтырғышпен өңдегенде коррозия күрт баяулайды. Мұндай металл бетіндеқорғаушы қабат түзіп тоттануды азайтатын заттарды ПАССИВАТОРЛАР(ингибаторлар) дейді. Керісінше тездететін заттрады АКТИВАТОРЛАР дейді. Коррозиямен күрес – металл бұйымдарын бояу,оксидирлеу(металл бетіне осы металлдың оксидінің тыығыз қабатын алу),анодтау, электролиз арқылы металлмен қаптау, ол катодтық (белсенділігі төмендеу металл қабығы) және анодтық (белсенділеу металл қабығы) болады.,протекторлық қорғау,фосфаттандыру,Ингибаторларды қолдану, олар металл бетіне адсобцияланып оның потенциялын оңды етеді, осы арқылы жемірілу процесін баяулатады. ,электрмен қорғау.
41. Коррозияның термодинамикасы мен кинетикасы. Сұйық бейэлектролиттерде немесе жоғары температорада тотықтырғыш газдар(O2 галогиндер) ортада металдың өздігінен бүлінуінен химиялық коррозия жүреді. Коррозияда біден металдың электрондары тотықтырғышқа көшеді.Газдағы коррозияны қарастырайық.Металдың оттегімен тотығу реакция теңдеуін жазамыз nMe + m/2 * O2=MenOm.. Бұл реакйия химиялық термодинамика заңы бойынша, жүйенің Гиббс энегиясының мәні азайса ғана жүреді (∆G<0) Ереже бойынша жай заттардың түзілуі Гиббс энергиясының мәні 0 ге тең болады.Металдардың тотығуы Гиббс энергиясының мәндері окситердің түзілуі Гиббс энергиясынң мәніне тең болады.Металдың тотығу реакциясының Гиббс энергиясын теңдеумен есептеуге болады. ∆G=∆G0-(mRT/2) LnPO2 Мұнда ∆G0-реакцияның стандарты Гиббс энергиясы; PO2-оттегінің салыстырмалы парциялдық қысымы (P=101.3); Көп металдырдың тотығу реакцияларының стандартты Гиббс энергиясының мәндері 0 ден кем болады.Сондықтан көп металдар оттегінің отмосфералық қысымында коррозияға ұшырайды. Термодинамика процесінің жүру мүмкіндігін көрсетеді, оның қандай жылдамдықпен жүруін айтпайды. Химиялық коррозияның кинетикасы химиялық коррозияның жылдамдығына көп факторлар әсер етеді.Қабыршақ бетінің тутастығы,қорғау қасйеттерімен және оны сызаттармен тотығу жылдамдығы анықталады. Коррозия өнімдерінің қабыршағы сынғыш және сызымдылығы аз. Қабыршақта сызықтың пайда болуы коррозия өнімлерінің металдырмен метал көлемдерінің арақатынасына байланысты. Vок/Vме=Mdme/(ndмеA), Мұнда Vок-окситің көлемі; Vме-металдың көлемі ; M-окситтің молярлық массасы; dme-металдың тығыздығы; n-окситтің молекуласындағы металдың атом саны; A-Металдың атомдық массасы.Егер Vок/Vме<1 корозиядан қорғамайды.Қабыршақтың өсу жылдамдығы уақытқа тәуелді.Егер Vок/Vме>1 түзілген қабыршақ тұтас металды коррозиядан қорғайды.
42. Металдардың физика-химиялық қасиеттері. Металдарды алудың негізгі әдістері Металдардың жалпы қасиеттеріне кристалл торларының ерекше құрылысы себепші болады. Металдардың барлығына тән қасиет - металдық жылтыр. Металдар сондай- ақ радиотолқынын да шағылыстыра алады. Металдар- электр мен жылуды жақсы өткізгіштер.Металдардың электрөткізгіштігі мен жылу өткізгіштігі Hg–нан Ag-ға қарай артады: Hg ,Pb,Fe,Zn,Mg.Al,Au,Cu,Ag Мыс пен алюминий электрді жақсы өткізетін металдар болғандықтан, оларды электрөткізгіштер ретінде пайдаланады.Металдар атомдарының химиялық реакция кезінде валенттік электрондар беріп, оң зарядты ионға айналуы олардың ең жалпы химиялық қасиеті болып табылады, яғни металдар реакция кезінде тотықсыздандырғыш болып келеді. Металдр электртерістігі күшті галогендермен, оттегімен, күкіртпен қуаттырақ әрекеттеседі. Бұл реакцияларда сәйкес келетін бейметалдар тотықтырғыш болып табылады. Металдар, сондай- ақ сутегі иондарымен де, басқа металдар иондарымен де тотыға алады.Li, K, Ca, Na, Al, Zn, Cr, Fe, Ni, Sn, Pb, H, Cu, Ag, Pt, Au
Бұл қатар металдар кернеуінің электрохимиялық қатары деп аталады. Мұндай қатардағы ең актив элемент литий екен.Кернеудің электрохимиялық қатарындағы солға қарай тұрған металл оңға қарай орналасқан металл тұзының ерітіндіснен немесе балқымасынан металды ығыстырып шығара алады.Кернеудің электрохимиялық қатарына сондай -ақ сутегі де енеді. Бұл металдардың қайсысы қышқыл ерітіндісінің сутегіні ығыстыра алатынына қорытындыжасауға мүмкіндік береді. Металдады алу әдістеріАктивтігі жоғары металдар (Na,K, Ca, Mg) электролиз әдісімен алынады. Активігі аз металдарды оладың оксидінен көмірмен, көміртегі оксидімен неме алюминий оксидімен тотықсыздандырады, ал металл сульфидтерін алдымен өртейді.
