Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
khimia_d_1201_rys.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
84.47 Кб
Скачать

1. Химия-ң нег-і тусін-і:атом, молекула, атомдық ж/е молеку/қ массалар, жәй ж/е күрделі зат, химия-қ эквивалент, моль.Химия-заттармен олардың қосылыстарының бір-біріне айналу заңдарын зерттейді.Химияның зерттеу нысандары:хим-қ элемент ж\е оның қосылыстары. Атом-хим-қ элемент-ң электрбейтарапты ең кіші бөлшегі,ол оң заряд-н атомдық ядродан ж/е теріс заряд-н электрон-н тұрады.Молекула-ол сол зат-ң химия-қ қасиеті бар,ең кіші бөлшегі.Атомдық масса-ол массаның атомдық бірлігімен өрнектелген,химиялық элемент массасының орташа мәні.Молекулалық масса-масса-ң атомдық бірлігінде өрнектелген молек-ң массасы,ол молекула құралған, барлық атом-р масса-ң қосындысына тең.Жай заттар бір элементтің атомынан түзілледі.Ол белгілі бір тығыз/мен , ерігіш/мен балқу ж/е қайнау темпера/н ж/е т.б.сипат/ды. Күрделі зат/р молекулалары әр түрлі хим-қ элементтердің атомдарынан тұрады.Химиялық эквивалент- хим/қ реак/ғы сутек атом/ң 1моль/н қосылыса н/е сутек атом/ң сон/ма санын алмастыра алат/н ,оның сондай санын айтады.Заттың 1эквивалнетінің массасын эквиваленттік масса д.а.Берілген тотығу-тотықсыздану реакцияларында 1электронға,ал алмасу реакцияларында 1протонға сәйкес келетін нақтылы бөлшекті эквивлент д.а.Қышқыл/ң экв/т(металл атомымен орын алмаса алатын сутек атомының саны) Эқыш= Негіздің экв/ті(негіз түзетін гидроксид ионының санына н\е металл валенттілігі)Энегіз= Тұздың экв/ті(тұздың молярлық массасының металдың атом санымен металл валенттілігі көбейтіндісінің қатынасына тең): Энегіз=М\пВОксид/ң экв/ті(оттек ж\е онымен қосылған элемент эквиваленттерінің қосындысына тең)Эокс=Ээлем+Эоттек. Моль-массасы 12-ге тең көміртегі атом/ң 0,012кг қанша атом/р болатын б/са ,берілген заттың да сонша құрылымдық бөлшегі болатын зат мөлшері.

2.Химияның негізгі заңдары. Эквиваленттер заңы - әрекеттесетін заттардың массасы олардың эквивалент массаларына пропорционал.

Бұл заңдар стехиометриялық заңдар деп аталады, себебі олар барлық заттардың массалары мен көлемдерін есептеуге қолданылады.

Газдардың физикалық күйін үш параметр – көлем V, қысым – р, температура – Т ( Т = 273 + t) анықтайды. Қысым 1,013105 Па ( 760мм сынап бағ.) , температура 273К не 0С газ күйінің қалыпты жағдайы (қ.ж.): р0, Т0 , t0 , V0 .

Бойль- Мариот заңы. Тұрақты температурада газдың берілген массасының көлемі қысымға кері пропорционал өзгереді: V1p1 = V2p2 = …,

яғни Vp = const, V1/ V2 = p2 /p1.

Гей-Люссак заңы. Тұрақты қысымда газдың берілген массасының көлемі абсолютті температураға тура пропорционал өзгереді: V1/ V2 = T1/T2 Тұрақты көлемде: р1/ р2 = T1/ T2.

Менделеев- Клапейрон теңдеуі. Бойль-Мариот және Гей-Люссак заңдарын біріктіріп газ күйінің теңдеуін алады. V1p1/ T1 = V2p2/ T2 не

V p/ T = V0p0/ T0 , егер күйлердің бірі қалыпты болса.

3. Массаның сақталу заңы. Химиялық реакцияларға түскен заттардың массасы, реакция нәтижесінде түзілген заттардың массасына тең. Мысалы:

CH4+2O2=CO2+2H2O

Массаның сақталу заңына сәйкес: m(CH4)+2m(O2)=m(CO2)+2m(H2O)

4. Заттардың құрам тұрақтылық заңы. Қандай жолмен алынған болса да, таза химиялық қосылыстардың сапалық және сандық құрамы әрдайым тұрақты болады. Мысалы

С+O2=CO2

2CO+O2=2CO2

CaCO3=CaO+CO2

5. Еселік қатынас заңы. Екі элемент бірімен-бірі бірнеше қосылыс түзетін болса, ол қосылыстарда сол элементтердің біреуінің бірдей етіп алынған салмақ бөлігіне екіншісінің сай келетін салмақ бөліктерінің өзара қатынасы кішкене бүтін сандар қатынасындай болады.

3. Бейорг-қ қосылыстардың негізгі кластары:қ-лдар,негіздер,тұздар,оксидтер.

Оксидтер деп 2 элементтен тұратын ж\е оның біреуі міндетті түрде оттегі болатын күрделі зат.Ол2 бөлінеді:тұз түзбейтіндер: CO.SiO.N2O.NO, тұзтүзбейтіндер3 бөлінеді:а мфотерлік: ZnO,Al2O3,CR2O3,MnO2,Fe2O3,қ-лдық (бейметалдардың оксиді):B2O3,N2O5,Mn2O7,негіздік(активті металдың оксиді):CuO,MgO.Негіздер деп металл атомынан ж\е гидроксод тобынан тұратын күрделі зат.Ол 2бөлінеді:суда еритін(сілтілік металдардын гидроксидтері NaOH,KOH,CsOH,), ерімейтін: Cu(OH)2,Fe(OH)2.Қ-лдар деп бір н\е бірнеше сутегі атомынан ж\е қ-л қалдығынан тұратын күрделі зат.Ол 2бөлінеді:оттекті:H2SO4,HNO3,оттексіз:HCl,HCN,H2S.Олар қатты ж\е сұйық түрде болады.Тұздар деп металл атомынан ж\е қ-л қалдығынан тұратын күрделі зат.Ол 5бөлінеді:орташа(металл атомын қ-л қалдығы толық басқан кезде түзіледі):NaCl,Al2(SO4)3 қ-лды:(қ-л молекуласындағы сутек атомдарының орнын қ-л қалдықтары басады)KHSO4,Ca(H2PO4)2,негіздік(көпқ-лды гидроксид молекуласындағы гидроксотоптың орнын қ-л қалдығы басады):CuOHCl,Fe(OH)2Cl,қос(көпнегіздік қ-лдағы сутек атомдарының орнын екі әртүрлі металл атомдары басады):KAl(SO4)2,NaKCO3кешенді(диссосация кезінде кешенді иондарды бөледі):Na2[Zn(OH)4],[Ag(NH3)2]Cl.

4. Менделеевтің периодтық заңы мен элементтердің периодтық жүйесі,оның құрылымы.

1869ж Менделеев периодтық заңды ашты:жай заттыңпен элемент қосылыстарының қасиеттері мен пішіндері атом ядросының зарядына периодтық тәуелділікте болады.Кестеде 7 период,8топ бар.Период деп элементтер реттік нөмірінің өсу реті б\ша орналасқан элементтердің көлденең қатары.Топ деп элементтердің тік қатары,элементтерде электрондық құрылым ұқсас болады.Негізгі топшаларға кіші ж\е үлкен периодттардың элементтері кіреді.Қосымша топшаларға үлкен периодтардың элементтері кіреді.Топтардағы элементтердің металдық қасиеттері жоғарыдан төменге қарай күшейеді,ал бейметалдық қасиет әлсірейді.Топ нөмірі қосылыстағы элемент атомының жоғары тотығу дәрежесімен валенттік электрондар санын көрсетеді.Период нөмірі атомның энергетиклық қауызындағы энергетикалық деңгей санын көрсетеді.Әрбір периодта солдан оңға қарай элементтердің металдық қасиеттері әлсіреп,бейметалдық қасиет артады.

5. Атом құрылысының квант-механикалық моделі.

1933ж Нильс Бор Резерфордтың моделімен Планктың т-сын қолданып,атом моделінің құрылысын жасады.Атом қ-сы квант – механикалық теориясының ережелер:1.Электронның екі жақты табиғаты (бөлшектік–корпускулалық және толқындық) болады.Ол өзін бөлшек ретінде де , толқын ретінде де ұстай алады:бөлшек ретінде,электронның белгілі массасы мен заряды бар;мұнымен қатар қозғалыстағы электрон толқындық та қасиет көрсетеді,мәселен дифракцияға қабілеттілігімен сипатталады.2.Электрон үшін координат пен жылдамдықты бірден,бір сәтте дәл өлшеу мүмкін емес.Жылдамдықты неғұрлым дәл өлшенген сайын,соғұрлым координатта белгісіздік болады және керісінше.3.Атомдағы электрон белгілі траектория бойынша қозғалмайды,ядро маңындағы кеңістіктің кез келген бөлігінде бола алады,алайда оның атом кеңістігінің әртүрлі бөлігінде болу ықтималдылығы бірдей емес.Ядро айналасындағы электронның болуының ықтималдығы ең жоғары кеңістік атомдық орбиталь д.а.

6. Электрондық бұлт туралы түсінік. Толқындық функция. Электронда теріс заряд болатындықтан,оның орбиталі зарядтың белгілі бір таралуын электрондық бұлт д.а. Электрон бұлты─атомдағы электронның кванттық механика тұрғысынан қарағандағы моделі.Орбиталь электрондық бұлттың формасын сипаттайды.Ядроның маңайындағы электрон бұлтының тығыздығы әртүрлі болады. Электронның болу мүмкіндігі дәлірек болатын кеңістікте электрон бұлтының тығыздығы да жоғары болады.Электрон бұлттары бір-бірінен өздерінің энергия мөлшері, пішіндері және кеңістікте орналасу бағыты арқылы ажыратылады.Э.Шредингер теңдеуі арқылы электрон қозғалысының ең маңызды сипаттамаларының бірі-оның толқындық функциясы анықталады. Бұл — толқындық теңдеу және одан тәжірибелерде бақыланатын бөлшектердің толкындық қасиеттері шығады. Кванттық механикада бөлшектің күйін толқындықфункциямен сипаттайды. Толқындық функция — координаталар мен уақыттың комплекстік функциясы, оның айқын түрі Шредингер теңдеуінің шешуінен шығады да, соңында бөлшекке әрекет ететін күштердің сипатымен анықталады. Толқындық функцияның модулінің квадраты берілген уақыт мезетіндегі бөлшектің кеңістіктің элементар d V аумағында болу ықтималдығын анықтайды:

dW=|ψ|2dV

7.Кванттық сандар. Кванттық сандар– кванттық жүйелерді (атом ядросын, атомды, молекуланы, т.б.), жеке элементар бөлшектерді, жорамал бөлшектерді (кварктер мен глюондарды) сипаттайтын физикалық шамалардың мүмкін мәндерін анықтайтын бүтін немесе бөлшек сандар. Кванттық жүйе күйін түгелдей анықтайтын кванттық сандардың жиынтығын толық кванттық сандар деп атайды. Атомдағы электронның күйі үш кеңістіктік координата және спинмен байланысқан электронның төрт еркіндік дәрежесіне сәйкес келетін төрт кванттық санмен анықталады. Олар сутек атомы және сутек тәрізді атомдар үшін былайша аталады: бас кванттық сандар (n),орбиталық кванттық сандар (l), магниттік кванттық сандар (ml), магнитті спиндік не спиндік кванттық сандар (ms). Бас квант саны (n)-электронның энергиясы мен орбитальдың өлшемін анықтап,энергетикалық деңгейді сипаттайтын шама.n=1,2,3,4,5.Оның мәні жоғары болса,энергиясыда жоғары болады.Энергетикалық деңгей-бас квант санының бірдей мәні бар орбитальдардың жиынтығы.Орбитальдық квант саны (l)-энергетикалық деңгеидің деңгейшесінде орналасқан электронның энергиясын сипаттайтын ж\е электрондық бұлт пішінін анықтайтын шама.Энергетикалық деңгейше-бір энергетикалық деңгейде болатын ж\е бірдей формадағы орбитальдардың жиынтығы.l=0 шар тәрізді(s-деңгей),l=1гантель формалы(p-деңгей).Магнит квант саны (Ml)-сыртқы магнит өрісінің әсерінен орбитальдардың кеңістікте орналасуын және деңгейдегі орбиталдардың санын анықтайтын шама.-1,0,+1 бүтін сандар мәнін қабылдайды.Спин квант саны (Ms)-электронның өз өсінің айналасында айналуын сипаттап,тек қана екі мәнді қабылдай алатын шама.(+1/2және1/2).

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]