Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
shpor_farm.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
436.94 Кб
Скачать

43)Генетикалық сертті әсерлер.Фармококинетика

Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген болуы мүмкін. Бұл сандыққалай болса, сапалық та солай көрінеді. Мысалы, қан сарысуында холинэстеразаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилинніңәсер ету ұзактығы кенеттен жоғарылайды және 6-8 сағатқа немесе одан да көпке жетуі мүмкін (әдетте, дитилин 5-7 мин. бойы әсер етеді).Туберкулезге қарсы зат изониазидтің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі. Адамдарды тез және баяу метаболизмдік белсенділігі бар деп бөледі. Изониазид баяу инактивацияланатын адамдарда осы препараттың ацетилденуін қамтамасыз ететін, ферменттердің синтезін реттейтін гендердің жетіепеушілігі бар деп есептейді.

Заттарға тән емес реакциялардың (идиосинкразия') мысалдары белгілі. Мысалы, 8-аминохинолин тобының безгекке қарсы заты (примахин және басқалар) генетикалық энзимопатиясы бар адамдарда гемолиз тудыруы мүмкін (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің жетіспеушілігі хинонның түзілуіне әкеледі, ол гемолитикалық әсер көрсетеді). Потенциалды гемолитикалық әсері бар басқа препараттар да белгілі. Оларға аминохинолиндер (примахин, хлорихин), сульфондар (дапсон), сульфаниламидтер (стрептоцид, сульфацил-натрий, сульфапиридазин), нитрофурандар (фуразолидон, фурадонин), опиоидты емес анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы) жәнс әртүрлі басқа заттар (налидикс қышқылы, хинин, хинидин, левомицетин)тика жатады.

Ағзаның дәрілік заттарға сезімталдығын анықтауда генетикалық факторлардың рөлі фармакологияның арнайы саласы - фармакогенетиканың негізгі мәселелері болып табылады.

Фармакокинетика1 - бұл дәрілік заттардың сіңуі, ағзада таралуы, қорға жиналуы, метаболизмі және шығарылуы жөніндегі фармакологияның бөлімі. Фармакодинамиканың2негізгі мазмұны - бұл дәрілік заттардың биологиялық әсерлері, сонымен қатар олардың әсер ету орны мен механизмі.

Дәрілік заттардың әсерлері олардың ағзамен өзара әсерілесуінің нәтижесі болып табылады. Осыған байланысты дәрілік заттың физиологиялықбелсенділігін анықтайтын негізгі қасиеттерін арнайы қарастырып қоймай, сонымен қатар әсердің жағдайға, берілген заттың қолданылуына және олардың әсері бағытталған ағзаның жағдайына тәуелділігі карастырылады

44) Фармокотерепия.Түрлері

45) Жергілікті жансыздандыратын заттар.Жіктелуі

Анестезиялаушы1 заттар жергілікті сезімталдықтың жойылуын шақырады. Олар бірінші кезеңде ауыру сезімін жояды, сондықтан оларды негізіненжергілікті жансыздандыру (анестезия) үшін қолданылады. Анестезияны тереңдеткенде температуралық және сезімталдықтың басқа да түрлері жойылады, соңғы кезекте тигізгендегі және басқандағы рецепция жойылады..Анестетиктер сезімтал жүйке ұштарына және жүйке талшықтарына әсер етіп, қозудың таралуына немесе өтуіне кедергі жасайды. Анестетиктердің әсер механизмі көбінесе потенциал тәуелді натрий каналдарын тежеуіне байланысты. Бұл потенциалдың пайда болуына да, оның өтуіне де кедергі жасайды. Гидрофобты (иондалмаған) қосылыстар аксонның мембранасынан өтіп, біраз тежегіш әсер көрсетеді. Сондықтан әлсіз негіздік болып келетін анестетиктердің белсенділігі препараттың иондалған және иондалмаған бөліктерінің қатынасын анықтайтын рН орталығына тәуелді.

Анестетиктерді практикада қолданылуына қарай келесі топтарға бөледі:

/ Беткейлік анестезияда қолданылатын заттар

Кокаин Дикаин Анестезин Пиромекаин

2. Иифильтрациялық және өткізгіштік анестезияда қолданылатын заттар Новокаин Тримекаим

3. Анестезияның барлық түрінде қолданылатын заттар ЛидокаинКокаин анестетикалық белсенділігі новокаинге қарағанда жогары. Кокаиннің қолданылуы оның уыттылымен шектепеді. Тіпті беткейлік анестезияда кокаинді сақтықпен қолдану керек, өйткені ол иіырышты қабаттардан сіңіп,жанама және уытты әсерлердің себебі балуы мүмкін. Кокаин көбінесе көз практикасында қолданылады,, оның ерітіндісін көздің (дәнекер қабығының (конъюнктива) қуысыпа тамызады.. Кокаиннің тамырларды тарылту, артериялық қысымды жоғарылату (тамыр қозғалтқыш орталығына ынталандырғыш әсер көрсетуімен қатар), тахикардия және мидриаз шақыру қабілеттілігі осымен түсіндіріледі.

Кокаинмен жедел уланғанда бәрінен бұрын оның енгізген жерден сіңуін азайту қажет. Егер бұл ас қорыту жолдары болса - асқазанды шаю жүргізіледі. Кокаин шырышты қабатқа енгізілсе оны натрий хлоридінің изотоникалықерітіндісімен шаяды. Бұдан басңа кокаиннің енгізілген жеріне мұзды қапшыққояды. Ауыруланған кезде қосымша тыныс, сонымен қатар трахеотома мен жасанды тыныс беруге дайын түру керек. Қозуды жою үшін көк тамырға диазепам енгізеді.

Кокаинді ұзаң қолданғанда дәріге тәуелділіктуады (кокаинизм). Мұның себебі кокаиннің әсерінен пайда болатын эйфория: көңіл-күйдің көтерілуі, жағымсыз эмоциялар мен сезімдердің жойылуына байланысты болуы мүмкін.

Көбіне беткейлік анестезияда қолданылатын препараттарға д и к а и н жатады.Дикаинді көздің шырышты қабатының анестезиясында қолданғанда ол көз іші қысымына және аккомодацияға әсер етпейді. Қарашықтарды кеңейтпейді. Қасаң қабыктың шырышты қабатының тітркенуі мүмкін. Дикаин тамырларды кеңейтеді, сондықтан шырышты қабаттардың анестезиясында оны адреналинмен немесе басқа адреномиметиктермен жұптастырған жөн. Кейбір жағдайларда дикаин эпидуралды анестезияда қолданылады. Дикаинді беткейлік және эпидуралды

анестезияларда қолданғанда абайлап мөлшерлеу керек. Дикаин шырышты қабаттардан жақсы сіңеді, жоғары емдік мөлшерден сәл асуы күрделі уытты әсерлердің дамуына, ал кейбір жағдайларда өлімге әкелуіне себеп болады.

нестезин суда нашар ериді ,сонымен қатар ұнтақтар, таблеткалар, суспензиялар түрлерінде ас қорыту жолдарының шырышты қабатына әсер ету үшін энтералды қолданылады. Сондай-ақ анестезин тік ішектің жарықтарында, геморройда суппозитория

түрінде тағайындалады. Барлық жағдайларда анестезин беткейлік анестезия шакырады.

НовокаинМедициналық практикада гидрохлорид түрінде қолданылады. Инфильтрациялық анестезияныңұзақтығы 30 мин - 1 сағ кұрайды. Новокаиннің үлкен артықшылығы оныңуытығының төмендігі. Бұл оның метаболиттеріне де қатысы бар. Новокаин шырыштықабаттардан нашар сіңеді, сондықтан оны беткейлік анестезияда сирек қолданады Новокаиннің кокаиннен айырмашылығы тамырларды тарылтпайды. Олардың тонусы өзгермейді немесе біраз төмендейді, Адреномиметиктер тамырларды тарылтып, новокаиннің сіңуін баяулатады, оның анестезиялықәсерін күшейтеді және ұзартады, сонымен қатарНовокаиннің ыдыраған өнімдері бүйрек арқылы шығады.

Сонымен қатар инфильтрациялық және өткізгіштік анестезияда құрылысы лидокаинге ұксас қосылыс — тримекаин қолданылады. Препарат новокаиннен 2-3 есе белсенді, бірақ уыттығы басым.

Новокаинге қарағанда әсері ұзақ (2-4 сағ). Тіндерді тітіркендірмейді. Жиі адреналинмен бірге қолданылады. Беткейлік анестезияда белсенділігі шамалы ғана (жоғары концентрациялы - 2-5% ерітінділер болуы тиіс).

Тримекаин бас миы қыртысына және ми бағанасының жоғарылаған ретикулярлы формациясына тежегіш әсер көрсетеді. Тыныштандырғыш, ұйықтатқыш және тырысуға қарсы әсерлері бар.

Жанама әсерлерінен кейбір кездерде препаратты енгізген жерде ашу сезімі және лоқсу, кұсу, интоксикация кезінде клоникалык тырысулар байқалады.

Анестезияның барлық түрінде лидокаин тиімді (ксикаин, ксилокаин). Ол беткейлік, инфильтрациялык, өткізгіштік, перидуралды, субарахноидалды және анестезияның басқа да түрлерінде қолданылады.

Анестезиялық белсенділігі новокаиннен 2,5 есе басым және 2 есе ұзақ әсер етеді. Лидокаиннің уыттығы концентрациясына байланысты новокаинмен бірдей немесе біршама жоғары.

Лидокаин тіндерге тітіркендіргіш қасиет көрсетпейді. Конъюнктива қуысына тамызғанда қарашықтың көлеміне және тамырлардың тонусына әсер етпейді.

Лидокаинмен уланғанда ұйқышылдык, көру қабілетінің бұзылуы, лоқсу, дірілдеу, тырысу байқалады. Ауыр жағдайларда жүрек-тамыр бұзылыстары мен тыныстың тежелуі дамиды.

46) Жергілікті жансыздандыратын заттарға қойылатын талаптар Анестезиялаушы заттарға белгілі талаптар қойылады. Олар бәрінен бұрын жүйке элементтеріне де, қоршаған тіндерге де теріс әсер (тітіркендіргіш және т.б.) көрсетпей, таңдамалы әсері жоғары болуы тиіс. Анестезиялаушы заттардың латентті кезеңі қысқа, жергілікті анестезияның әрбір түрлерінде жоғары тиімді, белгілі бір әсер ұзақтығы (түрлі манипуляцияларды жүргізуге ыңғайлы) сияқты сапалықтары болуы тиіс. Олар мүмкіндігінше қан тамырларын тарылтуы керек (немесе кенейтпегені жөн). Бұл қажетті көрініс, өйткені қан тамырларын тарылту анестезияны күшейтеді, тіндерден қан кетуді төмендетеді, сонымен қатар анестетиктердің сіңуін тежеу арқылы олардың мүмкін болатын уытты әсерлерін азайтады. Қарама-қарсы көріністер тамырлар кеңейгенде байқалады. Егер анестетик тамырларға әсер етпесе немесе кеңейтсе оны адреномиметиктер тобы ішінен тамырларды тарылтатын заттармен жұптастырған жөн. Олардың төмен уыттығы, минималды жанама әсерлері маңызды сипаттарға жатады. Айтылған жағдайларда анестетиктердің резорбтивті әсері ескеріледі, өйткені олар енгізген жерден сіңуі мүмкін. Препараттар суда жақсы еруі керек және сақтауда, стерилдеуде бүлінбеуі тиіс.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]