
- •«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы
- •2014-2015 Оқу жылы
- •«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәні бойынша оқу тәжірибесінен күнтізбелік-тақырыптық жоспардан үзінді
- •Тәжірибелік жұмыс №1,2,3
- •Командалар
- •Командалар не істей алады? unix жүйесінін сыртқы келбеті бағдарламаларды және жүйенін саймандық құралдарын тұрады. Олар функцияларға бөлінеді:
- •Файлдық жүйе
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Unix қабықшалары
- •Unix ож-де еңгізу/шығару жүйелерімен жұмыс
- •Unix командалары қателерді арнайы шығару жүйесіне шығарылады (standard error)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс № 4,5,6
- •Ядро модульдері
- •Ядромен арақатынас принциптері.
- •Файлдық жүйе
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Файлдық жүйенің мысалы
- •Жүйелік буферизацияның енгізу – шығару принциптері
- •Енгізу – шығаруды басқаруға арналға жүйелік шақырулар
- •Тәжірибелік жұмыс № 7,8,9
- •2. Кейбір жиі қолданылатын командалар:
- •Pwd ағымдағы директорияның атын алу
- •Cd ағымдағы директорияны өзгерту
- •Ls Каталогты басып шығару
- •Rm Файлды немесе директорияны жою.
- •Mkdir Директория құру
- •Chmod Файлға ену құқығын өзгерту.
- •Файл типтері
- •Тапсырмалар: cat, cd, cp, cut, echo, find, grep, head, ln, ls, mkdir, mv, paste, pwd, sort, tail, tar, touch, uniq, wc командаларымен жұмыс. Жүйеге кіргеннен кейінгі командалық жол
- •1. Cat файл-аргументтерді стандартты шығаруға жинақтау немесе шығару арқылы келесі команданы орындап нәтижені көріңіз
- •2. More, pg Файлды жол бойынша көру әрекетін орындаңыз.
- •3. Cp Файлдарды көшіру командасын пайдалану арқылы «файл1»-дің көшірмесін «файл2»-ге көшіру әрекетін орындаңыз
- •Тәжірибелік жұмыс № 10,11,12 Курс тақырыбы: 1.2. Linux/unix ож файлдық жүйесі
- •Енгізу – шығарудың жүйесіне
- •Unix файлдық жүйенің негізгі каталогтар
- •Файлдық жүйе
- •Қалыпты (стандартты) бумалар
- •Тіркеу параметрлері
- •Ntfs рұқсаттылығы
- •Ntfs рұқсатын қолдану
- •Unix операциялық жүйенің файлдары
- •1.Командаларды пайдаланып операциялық жүйе туралы ақпараттарды көрсетіңіз.
- •Тәжірибелік жұмыс № 13,14,15 Курс тақырыбы: 1.4. Желі конфигурациясын орнату
- •Терминал
- •Теркеу ат алу
- •Тіркеу процедурасы
- •Тәжірибелік жұмыс № 16,17,18
- •1.5 Тақырып. Linux/unix ож администрациялау жүйесі
- •Қолданушы командалар не істей алады? unix жүйесінін сыртқы келбеті бағдарламаларды және жүйенін саймандық құралдарын тұрады. Олар функцияларға бөлінеді:
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •2. Командный язык ос unixАвторлары:Ктитров с.В., Овсянникова н.В. 2007
Қалыпты (стандартты) бумалар
Linux-жүйесінің түбірлік бумасында әдетте аттары стандартты ішкі бумалар орналасады. Одан әрі, аттарына қоса, олардың құрамасының түрлері де стандартпен шектеледі. Бұл стандарт балық Linux-жүйелерінде сақталады, сол үшін сі з әр Linux-та /etc, /home, /usr/bin т.с.с. тауып, олардағы құрамасының түрін көбінесе болжай аласыз. Файлдардың стандартты орналасуы адамғы және бағдарламаға жүйенің белгілі бір бөлігін қайдан іздеу керек екенін анықтауды мүмкін қылады. Пайдаланушы үшін осындай жағдай кез-келген Linux жүйесінде керек нәрсені таба алатынын көрсетеді.
Тіркеу параметрлері
Тіркеу әрекетін орындаған кезде, Linux-жүйесін орнату үшін тіркеу бумасын таңдау жағдайын қоса, тіркелген файлдық жүйенің қасиеттерін өзгертуге болады. Ол үшін mount утилитасына бір немесе бірнеше параметр көрсету керек. Барлық файлдық жүйелер қолдайтын бірнеше параметрлер бар, сонымен қатар кейбір файлдық жүйелерде тек өздеріне тән тіркеу параметрлері болады. Тіркеу параметрлері туралы көбірек mount утилитасының әдістемесінде оқуға болады (mount(8)).
Ішкі құрылысымен ажыратылатын көптеген файлдық жүйелердің түрлері бар, бірақ пайдаланушы өз үшін әрқайсысында бір-бірінің ішіне салынған бумалардан тұратын әдеттегі құрылысты табады. Файлдық жүйелер қатынасты құру уақыты, ақпаратты сақтау сенімділігі, ақаулықтарға тұрақтылығы, және тағы да басқа қосымша қасиеттері бойынша ажыратылады. Қазіргі операциялық жүйелер файлдық жүйелердің көп түрін қолдайды. (Қатты дисктер, CD мен DVD дисктерде қолданылатындардан басқа).
Файлдық жүйелердің маңызды қасиеті – журналдауды қолдау. Журналдалатын файлдық жүйе дискіге жазудың барлық әрекеттерін үздіксіз бақылап отырады, сондықтан электрқорегі кенет өшірілгеннен кейін, компьютер қайта қосылған кезде файлдық жүйе әрқашан да жұмысқа дайын күйінде болады.
Linux-тың жұмысы үшін керек баптаулардың барлығын (файлдардың барлық керек түрлері мен атрибуттарды, соның ішінде рұқсат құқықтарын сақтауды) қолдайтын файлдық жүйелердің бірнеше түрі бар.
Ext2/3
Файлдық жүйенің осы түрі Linux үшін арнайы жасалып, Linux-жүйелердің көбінде қолданылады. Ext3 пен Ext2 айырмашылығы, біріншісі кейін шығып, құрамында журналдау қолдауы бар. Қалған қасиеттері бойынша осы екі файлдық жүйе бірдей, және бір-бірне оңай айналдырылады. Сенімділігі жоғары болған соң әдетте журналдауы бар нұсқасы (Ext3) таңдалады. Диск әрекеттер белсенділігі жоғары болған кезде Ext3 файлдық жүйенің өнімділігі төмендейді және жүйеге түсетін орташа жүктелу артады (Load Average).
ReiserFS
Бұл файлдық жүйе дерекқорға ұқсас: оның ішінде өзінің индексация мен жылдам іздеу жүйесі бар, ал оның файл мен бумалар ретінде көрінуі – жүйенің тек бір көрінісі ғана. Әдетте ReiserFS ұсақ файлдардың көп санын сақтауға үшін жақсы келеді деп саналады. Журналдауды қолдайды.
XFS
Бұл файлдық жүйе үздіксіз жазылатын не құрамасы өзгертілетін үлкен және өте үлкен файлдарды сақтауға арналған. Ext3 сияқты өнімділігі нашар емес, бірақ оны қолданған кезде электрқорегі кенет өшірілсе, файлдардың құрамасын жоғалту қаупі бар (қауіпсіздік салдарынан осындай кезде файлдың құрамасын нөлдеу қолданылады). Үздіксіз қорек көзіне (UPS) қосылған компьютерлерде қолдануға ұсынылады.
SWAPFS
Файлдық жүйенің осы түрі ерекше болып келеді, және ол қатты дискте swap аймағын жасау үшін қолданылады. Ол аймақ көбінесе жеке бөлімге шығарылады, және Linux-та виртуалды жады ретінде қолданылады. Егер физикалық жады аз болса, мәліметтердің бір бөлігі осы аймаққа көшіріледі.
JFS
IBM компаниясы осы файлдық жүйесін жүктелуі үлкен серверлер үшін жасаған: жасау кезінде өнімділік пен сенімділікке назар аударылған, және қойылған мақсаттарға жетті. Журналдауы бар.
Сонымен қатар, Linux-та, өзінің файлдық жүйелерден басқа, тағы да көптеген түрлеріне қолдау бар. Егер ол файлдық жүйелерге жазу тәсілі белгілі болса, онда жазу мен оқу әрекеттері қолжетерлік болады, басқа жағдайда – тек оқуға ғана болады. Файлдық жүйелерің ондай түрлері әдетте басқа операциялық жүйелердің меншігі болады.