- •«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы
- •2014-2015 Оқу жылы
- •«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәні бойынша оқу тәжірибесінен күнтізбелік-тақырыптық жоспардан үзінді
- •Тәжірибелік жұмыс №1,2,3
- •Командалар
- •Командалар не істей алады? unix жүйесінін сыртқы келбеті бағдарламаларды және жүйенін саймандық құралдарын тұрады. Олар функцияларға бөлінеді:
- •Файлдық жүйе
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Unix қабықшалары
- •Unix ож-де еңгізу/шығару жүйелерімен жұмыс
- •Unix командалары қателерді арнайы шығару жүйесіне шығарылады (standard error)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс № 4,5,6
- •Ядро модульдері
- •Ядромен арақатынас принциптері.
- •Файлдық жүйе
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Файлдық жүйенің мысалы
- •Жүйелік буферизацияның енгізу – шығару принциптері
- •Енгізу – шығаруды басқаруға арналға жүйелік шақырулар
- •Тәжірибелік жұмыс № 7,8,9
- •2. Кейбір жиі қолданылатын командалар:
- •Pwd ағымдағы директорияның атын алу
- •Cd ағымдағы директорияны өзгерту
- •Ls Каталогты басып шығару
- •Rm Файлды немесе директорияны жою.
- •Mkdir Директория құру
- •Chmod Файлға ену құқығын өзгерту.
- •Файл типтері
- •Тапсырмалар: cat, cd, cp, cut, echo, find, grep, head, ln, ls, mkdir, mv, paste, pwd, sort, tail, tar, touch, uniq, wc командаларымен жұмыс. Жүйеге кіргеннен кейінгі командалық жол
- •1. Cat файл-аргументтерді стандартты шығаруға жинақтау немесе шығару арқылы келесі команданы орындап нәтижені көріңіз
- •2. More, pg Файлды жол бойынша көру әрекетін орындаңыз.
- •3. Cp Файлдарды көшіру командасын пайдалану арқылы «файл1»-дің көшірмесін «файл2»-ге көшіру әрекетін орындаңыз
- •Тәжірибелік жұмыс № 10,11,12 Курс тақырыбы: 1.2. Linux/unix ож файлдық жүйесі
- •Енгізу – шығарудың жүйесіне
- •Unix файлдық жүйенің негізгі каталогтар
- •Файлдық жүйе
- •Қалыпты (стандартты) бумалар
- •Тіркеу параметрлері
- •Ntfs рұқсаттылығы
- •Ntfs рұқсатын қолдану
- •Unix операциялық жүйенің файлдары
- •1.Командаларды пайдаланып операциялық жүйе туралы ақпараттарды көрсетіңіз.
- •Тәжірибелік жұмыс № 13,14,15 Курс тақырыбы: 1.4. Желі конфигурациясын орнату
- •Терминал
- •Теркеу ат алу
- •Тіркеу процедурасы
- •Тәжірибелік жұмыс № 16,17,18
- •1.5 Тақырып. Linux/unix ож администрациялау жүйесі
- •Қолданушы командалар не істей алады? unix жүйесінін сыртқы келбеті бағдарламаларды және жүйенін саймандық құралдарын тұрады. Олар функцияларға бөлінеді:
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •2. Командный язык ос unixАвторлары:Ктитров с.В., Овсянникова н.В. 2007
Файлдық жүйе
Операциялық жүйелер ақпаратты дисктерде файлдық жүйелер көмегімен сақтайды. Әдеттегі файлдық жүйе бірінің ішіне бір салынған бумалардан тұрады(папка деген атуы де бар), олардың ішінде файлдар орналасады. Ең жоғарғы, басты бума, файлдық жүйенің түбірі деп аталады, оның ішінде қалған бумалар мен файлдардың барлығы орналасады (немесе одан файлдық жүйе өседі деп айтуға болады).
Егер қатты диск бөлімдерге бөлінген болса, онда әр бөлімде өзінің файлдық жүйесі және бумалар құрылысы болады (өйткені физикалық жағынан қарағанда әр түрлі диск бөлімдері бір- бірінен оқшауланған).
Linux- та түбірлік бума қысқа және нұсқа да – «/» деп белгіленеді. Барлық қалған бумалардың толық аттары (жолдары) «/» белгісі мен оған оң жағынан қосылған тізбектей бірінін ішіне бірі салынған бумалар аттарынан тұрады. Жолдағы бумалар да «/» («слэш») таңбасымен ажыратылады. Мысалы, /home жазбасы түбірлік бумада орналасқан («/») «home» бумасын анықтайды, ал /home/user – «user» бумасы «home» бумасында орналасқанын көрсетеді (ал ол, өз жағынан, түбірлік бумада орналасады). Осындай түрдегі жазба, бумалар тізбегінен тұратын және соңында файлмен аяқталатын, файлға дейінгі толық жол деп аталады.
Салыстырмалы жол толық жол сияқты да құрастырылады, бірақ айырмашылығы – «/» белгісімен ажыратылған файлға дейінгі бумалар ретін санауын ағымдағы бумадан бастайды, түбірлік бумадан емес. Linux толық пен салыстырмалы жолдарды оңай ажыратады: егер объект аты «/» белгісінен басталса – бұл толық жол, қалған жағдайларда – салыстырмалы.
Тіркеу
Linux-та түбірлік бума тек біреу болады, басқа бумалар оның ішіне салынған болып келеді, пайдаланушы үшін файлдық жүйе біртұтас нәрсе ретінде көрсетіледі. Шынында, файлдық жүйенің әр түрлі бөліктері әр түрлі құрылғыларда орналасуы мүмкін: қатты дискінің әр түрлі бөлімдерінде, түрлі алынатын тасымалдауыштарда (компакт дисктер, дискеттер, флэш-карталар), тіпті басқа компьютерлерде де орналасуы мүмкін (желі арқылы қатынас құрылады). Осындай барлығынан біртұтас жүйені құру үшін тіркеу әрекеті өткізіледі.
Тіркеу — бұл файлдық жүйенің бір бумасына басқа бөлек бүтін файлдық жүйені қосу әрекеті. Тіркеу үшін бос бума керек – ол тіркелу нүктесі деп аталады. Тіркелу нүктесі ролін кез-келген бос бума атқара алады – ол жағынан Linux-та ешқандай шектеулер жоқ. Mountкомандасының көмегімен біз (қазір бос болып тұрған) буманың ішінде осындай жерде орналасқан файлдық жүйені көрсету керек екенің бұйрық береміз. Осы әрекеттен кейін бума ішінде (тіркелу нүктесінде) сәйкес тіркелген файлдық жүйесінің файлдары мен бумалары көрсетіле бастайды. Нәтижесінде пайдаланушы ол файлдардың шынында қайда орналасқанын білмеуі де мүмкін.
Осылайша қосылған («тіркелген») файлдық жүйені кез-келген уақытта біз қайта алып тастай аламыз – тіркеуден босатамыз (ол үшін арнайы umount командасы бар), одан кейін тіркелу нүктесі ролін атқарған бума қайтадан бос болып қалады.
Linux үшін ең маңызды түбірлік файлдық жүйе (root filesystem) болып келеді. Басқа құрылғылардағы барлық файлдық жүйелер оған қосылады (тіркеледі). Назар аударыңыз, түбірлік буманың өзі де тіркеледі, бірақ басқа файлдық жүйеге емес, «Linux-тың өзіне», тіркелу нүктесінің ролін «/» атқарады (түбірлік бума). Сондықтан жүйе қосылған кезде түбірлік бума ең бірінші болып тіркеледі, ал жүйе сөндірілген кезде соңғы болып тіркеуден босатылады.
Әдетте пайдаланушыға файлдық жүйелерді қолмен тіркеуге керек емес: жүйе жүктелген кезде файлдық жүйенің бөліктері сақталатын барлық құрылғылар автоматты түрде тіркеледі, ал сөндірілген кезде тіркеуден босатылады. Алынатын тасымалдауыштардағы да файлдық жүйелер автоматты түрде тіркеледі, ол үшін арнайы қызметтер жауап береді, тіркелу құрылғы компьютерге салынған кезде не пайдаланушы керек бумаға өткен кезде іске асырылады.
