
- •«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы
- •2014-2015 Оқу жылы
- •«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәні бойынша оқу тәжірибесінен күнтізбелік-тақырыптық жоспардан үзінді
- •Тәжірибелік жұмыс №1,2,3
- •Командалар
- •Командалар не істей алады? unix жүйесінін сыртқы келбеті бағдарламаларды және жүйенін саймандық құралдарын тұрады. Олар функцияларға бөлінеді:
- •Файлдық жүйе
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Unix қабықшалары
- •Unix ож-де еңгізу/шығару жүйелерімен жұмыс
- •Unix командалары қателерді арнайы шығару жүйесіне шығарылады (standard error)
- •Бақылау сұрақтары:
- •Тәжірибелік жұмыс № 4,5,6
- •Ядро модульдері
- •Ядромен арақатынас принциптері.
- •Файлдық жүйе
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Файлдық жүйенің мысалы
- •Жүйелік буферизацияның енгізу – шығару принциптері
- •Енгізу – шығаруды басқаруға арналға жүйелік шақырулар
- •Тәжірибелік жұмыс № 7,8,9
- •2. Кейбір жиі қолданылатын командалар:
- •Pwd ағымдағы директорияның атын алу
- •Cd ағымдағы директорияны өзгерту
- •Ls Каталогты басып шығару
- •Rm Файлды немесе директорияны жою.
- •Mkdir Директория құру
- •Chmod Файлға ену құқығын өзгерту.
- •Файл типтері
- •Тапсырмалар: cat, cd, cp, cut, echo, find, grep, head, ln, ls, mkdir, mv, paste, pwd, sort, tail, tar, touch, uniq, wc командаларымен жұмыс. Жүйеге кіргеннен кейінгі командалық жол
- •1. Cat файл-аргументтерді стандартты шығаруға жинақтау немесе шығару арқылы келесі команданы орындап нәтижені көріңіз
- •2. More, pg Файлды жол бойынша көру әрекетін орындаңыз.
- •3. Cp Файлдарды көшіру командасын пайдалану арқылы «файл1»-дің көшірмесін «файл2»-ге көшіру әрекетін орындаңыз
- •Тәжірибелік жұмыс № 10,11,12 Курс тақырыбы: 1.2. Linux/unix ож файлдық жүйесі
- •Енгізу – шығарудың жүйесіне
- •Unix файлдық жүйенің негізгі каталогтар
- •Файлдық жүйе
- •Қалыпты (стандартты) бумалар
- •Тіркеу параметрлері
- •Ntfs рұқсаттылығы
- •Ntfs рұқсатын қолдану
- •Unix операциялық жүйенің файлдары
- •1.Командаларды пайдаланып операциялық жүйе туралы ақпараттарды көрсетіңіз.
- •Тәжірибелік жұмыс № 13,14,15 Курс тақырыбы: 1.4. Желі конфигурациясын орнату
- •Терминал
- •Теркеу ат алу
- •Тіркеу процедурасы
- •Тәжірибелік жұмыс № 16,17,18
- •1.5 Тақырып. Linux/unix ож администрациялау жүйесі
- •Қолданушы командалар не істей алады? unix жүйесінін сыртқы келбеті бағдарламаларды және жүйенін саймандық құралдарын тұрады. Олар функцияларға бөлінеді:
- •Символдық каналдын байланысы – бұл файл басқа файлдарды көрсетеді.
- •Сұрақтарға жауап беріңіз.
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
- •2. Командный язык ос unixАвторлары:Ктитров с.В., Овсянникова н.В. 2007
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
«Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК
«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәнінен оқу тәжірибесі бойынша тәжірибелік жұмыстар жинағы
Дайындаған оқытушылар: Л.Н. Мукушева
А.О.Октябрева
2014-2015 Оқу жылы
Автор: Октябрева А.О.,Мукушева Л.Н. - «Рымбек Байсеитов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжі» РМҚК оқытушысы
Арнайы пәндер циклдық комиссиясы-1,2 отырысында қаралып, талқыланды
Хаттама №_____ «____»____________201_ ж.
Циклдық комиссия -1төрайымы__________ Л.А.Мукушева
Циклдық комиссия-2 төрайымы__________ Г.К.Мукушова
«Unix (Linux) операциялық жүйесі» пәні бойынша оқу тәжірибесінен күнтізбелік-тақырыптық жоспардан үзінді
|
1.1 тақырып. Linux/UNIX ОЖ құрылымы және жалпы сипаттамасы |
14 |
1 |
Linux/UNIX ОЖ тұтастығының ұйымдастырылуы. |
2 |
2 |
UNIX жүйесінің интерфейсі. |
2 |
3 |
UNIX қабықшалары. UNIX утилиттары. |
2 |
4 |
Ядро құрылымы. |
2 |
5 |
Файлдық жүйе. |
2 |
6 |
Үрдістерді басқару. Енгізу-шығаруды басқару. |
2 |
7 |
Каталогтар және файлдармен жұмыс атқаруға арналған командалар. |
2 |
|
1.2 тақырып. Linux/UNIX ОЖ файлдық жүйесі |
8 |
8 |
Файлдық жүйе. |
2 |
9 |
Виртуалды жадқа бейнеленетін файлдар. |
2 |
10 |
UNIX файлдық жүйелерді жүзеге асыру |
2 |
11 |
NTFS файлдық жүйесі |
2 |
|
1.3 тақырып. Linux/UNIX ОЖ мәтіндік редакторы |
2 |
12 |
Файлдармен жұмыс. |
2 |
|
1.4 тақырып. Желі конфигурациясын орнату |
4 |
13 |
Желі конфигурациясының орнатылуы және өзгертілуі. |
2 |
14 |
Жүйенің күн, уақыт, индексті түйіндер сипаттамаларын орнату. |
2 |
|
1.5 тақырып. Linux/UNIX ОЖ администрациялау жүйесі |
8 |
15 |
Жүйеде тіркелу (init, getty, login, командалық интерпретаторлар). |
2 |
16 |
Қолданушының есеп жазбаларын басқару. |
2 |
17 |
Қолданушы туралы ақпаратты қосу, өзгерту. |
2 |
18 |
UNIX ОЖ көп қолданушылық режимі. |
2 |
Тәжірибелік жұмыс №1,2,3
Курс тақырыбы: 1.1. Linux/UNIX ОЖ құрылымы және жалпы сипаттамасы
Сабақ тақырыбы: №1. Linux/UNIX ОЖ тұтастығының ұйымдастырылуы. UNIX жүйесінің интерфейсі. UNIX қабықшалары. UNIX утилиттары.
Тарихы
UNIX ОЖ-ның тарихы 1969 жылдары басталды. UNIX ОЖ-нің негізі Bell Telephone Laboratories (енді AT&T Bell Laboratories) компаниясында қаланды және Кен Томпсон, Деннис Ритчи, Брайан Керниган есімдерімен тығыз байланысты.
Атауын Брайан Керниган құрастырды. Ол ОЖ-ні «екі қолданушылық жүйе» UNICS (Uniplexed Information and Computing System) деп атауды ұсынды.
1971 жылы UNIX ОЖ-нің ең алғашқы құжаты пайда болды. Бірінші онжылдығында UNIX Bell Labs-ты дамыған. Сәйкес алғашқы нұсқалары "Version n" (Vn) деп аталатын және де DEC PDP-11 (16-биттік) және VAX (32-биттік) ЭЕМ-дерге арналған болытын. "Version n" нұсқалары Computer Research Group (CRG) тобымен Bell Labs-ты құрастырылатын. сонымен қатар Programmer's WorkBench (PWB) тобы құрастырумен айналысты. 1983 жылы осы топтар бір Unix System Development Lab тобына біріктірілген болатын.
UNIX ОЖ-ның негізгі оқиғалары
1971 V1. бірінші нұсқа UNIX Time-Sharing System ассемблерде PDP-11/20- ға арналған. Файлдық жүйесін, fork() жүйелік шақыруды процесстерді тұдыру үшін, cat, ed, roff утилиттері. Патенттерді дайындаған кезінде мәтіндерді дұрыстауға қолданды. Pipe()
жүйелік шақыру және бағдарламалық каналдарды сүйелмендеуі V2 пайда болды.
1973 V4. C тіліне аударылып жазылды, осы қасиеті UNIX-ты басқа платформаларға ыңғайлы орнатуға мүмкімдік береді. С тілі UNIX ОЖ-ын құрастыруға жасалынды. легко переносимой на другие платформы. Язык C создавался для разработки ОС.
1974 V5. Bell Labs – та бірінші нұсқалар пайда болды (PWB/UNIX, MERT).
1975 V6. UNIX бірінші нұсқасы, Bell Labs-тан кен таралған, көбінесе университеттерде в частности, в университетах. Калифорнияның университетінде 1.xBSD (PDP-11) пайда болды.
1978 2.xBSD (Berkeley Systems Development)нұсқасы PDP-11-ге арналған, Computer Systems Research Group (CSRG)тобымен Берклиде жасалынған. DARPA желінің қолдануы, TCP/IP стек протоколының жүзеге асырылуы. Командалық интерпретатор csh.
1979 V7. "Соңғы нақты UNIX ", C тілінің компиляторымен, командалық интерпретатор sh, uucp жүйесі, 32 – разрядтық VAX-қа көшірілген болатын. Ядроның өлшемі 40 Кбайтқа дейін!
1981 4.1BSD: тасырмаларды басқару, ядроның автоматтандырылған конфигурациясы. System III – бірінші клммерциялық UNIX AT&T-дан, атталған каналдарды жүзеге асырылуы (FIFO).
1982 жұмыс станциялардын құрастырушылары UNIX-ты қолданылады: SunOS 1.0 (4.1BSD базасында) Sun Microsystems-тан және HP-UX (System III базасында) Hewlett-Packard-тан.
1983 4.2BSD: TCP/IP толық сүйелмеуі, сокеттерді, Ethernet.
1984 SVR2: sh интерпреторда функцияларды қолдану, стандарттаудың бірінші әрекеттері. SCO XENIX – бірінші коммерциялық UNIX Intel-архитектурасында. Free Software Foundation (FSF) құрастырылуы және GNU проектінің басталуы-
1985 V8 (STREAMS модулдер). Mach микроядроның пайда болуы. SVR2: SCO XENIX SystemV/286, Interactive 386/ix стандарттардын жүзеге асырылуы. Minix ОЖ-ның пайда болуы.
1986 4.3BSD VAX - қа. SVR3: STREAMS модульдер V8-ден, TLI, V9 . AIX (IBM) және A/UX (Apple) ОЖ пайда болуы.
1987 SVR3.2: SCO XENIX SV/386. IRIX (SVR3.0) ОЖ пайда болуы.
1988 4.3BSD Tahoe - 4.3BSD. NeXT және NeXTSTEP (4.3BSD + Mach 2.0) ОЖ пайда болуы.
1990 4.3BSD Reno: әр түрлі платформаларды қолдану, NFS, SLIP, Kerberos. SUN Solaris 1 (SunOS 4.1.4).
1991 BSD Net2 (4.3BSD Lite. Появление ОС GNU HURD. Linux (Minix базасында ) ОЖ пайда болуы.
1992 4.4BSD: Mach 2.5-те виртуалдық жад, USL UnixWare 1 – жүзеге асыру SVR4.2. SunOS 5 = Solaris 2 (SunOS 4 + SVR4).
1993 FreeBSD ОЖ-ның пайда болуы. Solaris 2.2. NeXTSTEP 3.2. IRIX 5.3, HP-UX 9.04, AIX 4.0, Linux 0.99, UnixWare 1.1.
1994 OSF 1.3: микроядро Mach 3, FreeBSD 2.0, SCO OpenDesktop 3.2.4. UnixWare 1.1.2. Linux 1.0.9. USL Novell компаниясымен сатып алынды.
1995 OpenBSD, NetBSD. Solaris 2.5 Digital UNIX (DEC OSF/1). SCO OpenServer 5.0. UnixWare 2.0: SVR4.2 MP от Novell.
1996 FreeBSD 2.1.6. OpenBSD 2.0. IRIX 6.3. Linux 2.0.21. OpenSTEP 4. SCO UnixWare 2.1. Микроядро Mach 4.
1997 FreeBSD 2.2.5, OpenBSD 2.2, NetBSD 1.3, Solaris 2.6 (под SPARC и Intel), SCO OpenServer 5.0.4. IRIX 6.4. GNU Hurd 0.2 (+ Mach 4). Linux 2.0.28.
1998 FreeBSD 3.0 (+4.4BSD), Solaris 7, DigitalUNIX 4, SCO: OpenServer 5.0.5, UnixWare 7 (SVR5). HP-UX 11.0. Linux 2.0.36. IBM: проект Monterey (AIX 4.3 + SVR5).
1999 FreeBSD 3.4. OpenBSD 2.6, NetBSD 1.4. Mac OS X және Darwin (Mach 4 + FreeBSD 3.1) проекті. Solaris 8 beta.
2000 FreeBSD 4.0-4.2. OpenBSD 2.8. NetBSD 1.5. Solaris 8. Apple: Mac OS X Server, Darwin 1.2.1. Tru64 Unix V.5.1. IRIX 6.5.10. SCO: OpenServer 5.0.6. SCO Компаниясы барлық ОЖ-сың Caldera компаниясына сатты (Caldera OpenLinux). Hurd A1, Linux 2.4.0, 2.2.18. HP-UX 11i. AIX 5L alpha (проект Monterey).
2001 FreeBSD 4.4. OpenBSD 3.0. NetBSD 1.5.2. Mac OS X 10.1.2. SUN: Solaris 8 10/01, Solaris 9 alpha (Intel-архитектурасына емес). Tru64 Unix V.5.1A, IRIX 6.5.13. SCO OpenServer 5.0.6a. Hurd H2. Caldera: OpenUNIX 8: UnixWare 7.1.1 + LKP=Linux 2.4.0 . Linux 2.4.17, 2.0.39, 2.2.20. AIX 5L v.5.1.
2002 FreeBSD 4.7. OpenBSD 3.2. NetBSD 1.6. Mac OS X 10.2 (Jaguar). Darwin 6.2. SUN: Solaris 8 12/02, Solaris 9 OE. QNX 6.2. IRIX 6.5.18. Debian GNU/Hurd J2. SCO: UnixWare 7.1.3 (в продолжение OpenUNIX 8. Caldera снова стала SCO...). Linux (влияние IRIX и AIX, в частности, файловые системы): 2.5.2-2.5.52 - экспериментальное ядро. 2.4.20, 2.2.23. HP-UX 11i v1.6. AIX 5L v.5.2.
2003 FreeBSD 5.1, FreeBSD 4.9. OpenBSD 3.4. NetBSD 1.6.1. Mac OS X 10.3.2. Darwin 6.6-7.2. SUN: Solaris 9 OE 12/03, Solaris 9 x86 PE, Solaris 10 Preview. QNX 6.2.1. IRIX 6.5.22. Debian GNU/Hurd K5. Tru64 Unix V5.1B-1. SCO: UnixWare 7.1.3/OKP (OpenServer Kernel Personality), OpenServer 5.0.7. Linux: 2.6.0, 2.4.23, 2.2.25. HP-UX 11i v2 (в том числе, для Intel Itanium).
2004 FreeBSD 5.2. NetBSD 1.6.2. Solaris 10 Software Express 02/04. IRIX 6.5.23. Linux: 2.6.3, 2.4.25, 2.2.26, 2.0.40.
UNIX ОЖ басынан бастап интерактивті жүйе болып ойластырылды. Басқаша айтқанда терминалдық жұмысқа арналған. Жұмысты бастау үшін адам жүйеге кіру керек, ол үшін өзінің есептік атын (учетное имя) және паролін (password) енгізеді. Жүйенің есептік файлдарында тіркелген адам – жүйенің тіркелген қолданушысы деп аталады. Қолданушы өзінің есептік атын өзгерте алмайды, бірақ паролін өзгертуге мүмкіндігі бар. Парольдер жеке файлда кодталған түрде сақтаалды. Егер қолданушы паролін ұмытып қалса, оған администратордың өзі көмектесе алмайды, сондықтан парольды ұмытуға болмайды.
UNIX ОЖ-нің барлық қолданушылары файлдармен жұмыс істейді. UNIX ОЖ-нің файлдық жүйесі бұтақ тәрізді құрылымнан тұрады. Бұтақтың аралық түйіндері басқа каталогтар мен файлдарға сілтемелері бар каталогтар болып табылады, ал бұтақтың жапырақтары файлдар мен бос каталогтарға сәйкес келеді. Әр бір тіркелген қолданушыға файлдық жүйенің белгілі бір каталогы сәйкес келеді, ол «үй (домашний(home))» деп аталады.
Бағдарламалар. UNIX ОЖ бір мезгілде әрі қолданбалы бағдарламаларды пайдалануға, әрі жаңа қосымшаларды құруға болатын орта болып табылады. Жаңа бағдарламалар түрлі тілдерде жазылуы (Фортран, Паскаль, Модула, Ада және т.б.). Бірақ UNIX ОЖ-гі стандартты тіл Си (С++) болып табылады. Себебі, біріншіден жүйенің өзі С тілінде жазылған, екіншіден, Си тілі ең сапалы стандартталған тілдердің бірі болып табылады.
Сондықтан Си тілінде жазылған бағдарламаларды басқа аппараттық платформаларға айналдыруға болады.UNIX ОЖ-нің негізгі функциялары мен компоненттері
UNIX ОЖ-нің бірнеше пайдалы функциялары бар:
Жүйенің негізгі мақсаты – түрлі тапсырмалар мен бағдарламалардың кең көлемін орындау интерактивтілік, ол сізге компьютермен тікелей байланысып, сіздің сұраныстарыңызға жылдам жауап қайтаруды қамтамасыз етеді.
Көпқолданушылық, ол сізге компьютер ресурстарын басқа қолданушылармен бөлісуге рұқсат береді, эәне бұл кезде компьютердің өнімділігі азаймайды. Бұл әдіс уақытты бөлу деп аталады. UNIX жүйесі қолданушылармен кезекпен жұмыс істейді, бірақ оның жылдам жұмыс істейтіні соншалық, қолданушыларға ОЖ олармен бір мезгілде жұмыс істеп тұр деп ойлап қалады. Көпесептілік, ол бір мезгілде бірнеше тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.
UNIX жүйесінің 4 негізгі компоненті бар:
ядро -
бұл ОЖ-нің ядросын құрайтын бағдарлама, ол компьютердің ішкі функцияларын (мысалы, жүйелік ресурстарды орналастыру) басқарады.
shell -
бұл сізді ядромен байланыстыратын бағдарлама, ол сіздің командаларыңызды интерпретациялап, орындайды. Ол сіздің енгізгеніңізді оқып, сізге хабарлама жіберетіндіктен, интерактивті деп сипатталады.
commands -
бұл компьютердің орындауы қажет бағдарламалардың аттары. Бағдарламалар пакеті инструменталдық деп аталады.
file system -
файлдық жүйе – бұл сіздің компьютеріңізде орналасуға мүмкіндігі бар барлық файлдардың жиынтығы. Ол сізге ақпаратты жылдам сақтап, іздеуге көмек береді.
Ядро
Ядро компьютерге енуді бақылайды, компьютердің жадын басқарады, файлдық жүйеге қызмет көрсетеді және компьютер ресурстарын қолданушылардың арасында бөледі. Суретте ядроның функционалдық көрінісі бейнеленген:
Жүйе ресурстарын басқару
Жадты файлдық
жүйеге
қызмет
басқару
Компьютерге енуді
бақылау
shell
shell – бұл сізге ОЖ-мен байланыстуға мүмкіндік беретін бағдарлама. shell сіз енгізген командаларды оқиды, оларды интерпретациялайды. Shell Сиға ұқсамайтын қуатты бағдарламалау тілі болып табылады.