Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курылыс билет 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.62 Кб
Скачать

7Есептелген еңбек ақыны бөлістіру.

Бұл бап бойынша құрылыс, монтаж және басқа да мердігерлік жұмыстарды орындайтын және материалдарды өздері салуға дайындайтын, апаратын жұмысшылардың (соның ішінде тізімдік емес жұмысшылардың құрамы) негізгі еңбек ақысы есепке алынады. Бұл бап бойынша тастарды дайындаумен және ұнтақтаумен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы көрсетіледі. Құрал – жабдықтарды монтаждау кезінде бұл бап бойынша тек монтажниктердің еңбек ақылары ғана емес, сонымен бірге монтаждау аймағында құрал – жабдықтардың бөліктерін, металл конструкцияларын бояумен және құрал – жабдықтардың орамын ашу, тараларды жинау, сонымен қатар құрал – жабдықтарды қолданысын тексерумен айналысатын жұмысшылардың еңбек ақылары көрсетіледі. «Жұмысшылардың негізгі еңбек ақысы» еңбекақының мерзімдік және кесімді нысандары бойынша артық жұмыс істегені үшін, жұмысшылардың кінәсіз жұмыстың тұрып қалуы үшін, жаңа процесстерді жасауды үйреніп, тану үшін төлемдер, жұмыс жағдайларының күрделілуіне байланысты қосымша төлемдер, жұмысшылардың кінәсіз болған ақау үшін төлемдерден, өндірісте енді үйреніп жатқандарды оқыту және негізгі еңбек ақының басқа да түрлерінен құрылады. Бұл бап бойынша қосалқы және көмекші өндірісте құрылыс машиналарын және механизмдерді жүргізетін, басқаратын және оларды жөндеумен, уақытша құрылғылардың құрылысымен, құрылыс алаңдарды жақсарту және орналастырумен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары есепке алынбайды. Сонымен қатар бұл бап бойынша құрал – жабдықтардың бас – монтаждау жұмыстарын орындайтын жұмысшылардың еңбек ақылары көрсетілмейді және т. б. Негізгі еңбек ақы «Өндіріс жұмысшыларының еңбек ақылары» 902/ 8010 шот дебеті бойынша, ал «Еңбек ақы бойынша персоналмен есеп айырысу» 681/ 3350 шот кредиті бойынша көрсетіледі. Құрылыста қосымша еңбек ақы шығындар сметасында үстеме шығындар құрамына кіретіндіктен, есепте де ол үстеме шығындар құрамында қарастырылуы тиіс. Құрылыс - монтаж жұмыстарымен айналысатын жұмысшылардың негізгі еңбек ақылары біріншіретті құжаттар негізінде белгілі құрылыс объектілеріне тікелей жатқызылады. Объектілерге тікелей жатқызылмайтын негізгі еңбек ақылардың құрамына кіретін төлемдердің жеке түрлері (мысалы, өндірісте енді үйреніп жатқандарды оқыту немесе жаңа процесстерді жасауды үйреніп, тану үшін төлемдер және т. б.) құрылыс объектілер арасында жұмысшылардың тікелей негізгі еңбек ақыларына пропорционалды түрде үлестіріледі.

К

8Капиталдық салымдар бойынша басқада шығындар

Капиталдық салымдар көрсеткіштерінің ұлғайтылған ұдайы өндірісіне салынған еңбек материалдық-техникалық ресурстардың және ақша қаражаттарының шығындары.

Капиталдық салымдар құрылымы құрылыс монтаж жұмысына құжаттардың, бұйымдық инвентарды сатып алуға кеткен шығындар. Капиталдық салым экономиканың дамуын. Өндіріс құрылымында прогрессивтік алға басарлық өзгерістерді, өндіріс құрылымында прогрессивтік алға басарлық өзгерістерді, ғылыми – техникалық прогресс жетістіктерін өндіруді, инфрақұрылымның дамуын қажет ететін маңызды факторлар.

Капиталдық салымның 2 түрі бар:

- негізгі құралдардың құнын арттыратын капиталдық салым;

- негізгі құралдардың құны өзгермейтін капиталдық салым.

Құрылыс ж/е НҚ сатып алу шығындары 2930 «Аяқталмаған құрылыс» шоты б/ша жұргізіледі. Оның өзінен бірнеше субшоттар ашылады:

2930.1 «Негізгі құралдар құрылысы». Бұл субшотта шаруашылық және мердігерлік тәсілмен жүзеге асырып объектілеріне НҚ кеткен құрылыс тапсырыс беруші шығындары есепке алынады.

2930.2 «НҚ-ға алынған ». Бұл субщотта шаруашылық және мердігерлік тәсілмен жүзеге асырып құрылыс объектілеріне НҚ-ға кеткен құрылыс-тапсырыс беруші шығындары есепке алынады.

2930.3 «Құрылыс машиналары мен механизмдерін игеру шығындары ». Бұл субшотта шаруашылық тәсілмен капиталдың құрылысты жүзеге асыратын өндірістік тапсырыс беруші қолданылады. Мұнымен құрылысқа қызмет ететін құрылыс машиналары мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындарды есептейді.

2930.4 «НҚ-ң құнын өсірмейтін шығындар» құрылыспен негіз құралдарын сатып алумен байланысты шығындар есептеледі.

2930.5 «Капиталдық емес жұмыстар» құрылысты шаруашылық әдіспен жүзеге асыратын өндіріс-құрушылар қолданады. Субшотта капиталдық емес жұмыстарды орында бойынша шығындар есептеледі.

2930.6 «Құрылыс бойынша қосымша шығындар» Берілген субшотта капиталдық құрылысты шаруашылық әдіспен жүзеге асыратын ірі өндірістерде қолданылады.