Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курылыс билет 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.62 Кб
Скачать

51Орындалған жұмыстарды өлшеу әдістері.

Ө

52 Өндіріс түрлері

Құрылысқа бірнеше қызмет түрлерінің біріктірілуі тəн. Құрылыс кəсіпорындарының өндірістік қызметі келесідей түрлерден тұрады:

♦ негізгі өндіріс — құрылыс-монтажды жұмыстар, ғимараттармен қондырғыларды капиталды жөндеу;

♦ қосымша өндірістер;

♦ өндіріспен шаруашылыққа қызмет ететін (əлеуметтік) сала.

Өндірісті бағыты бойынша классификациялау — негізгі жəне қосымша өндірістің, əлеуметтік сфераның шығындарын бөлек есепке алу қажеттігінтуғызады. Бұл мақсат үшін қаржылық-шаруашылық қызметтің бухгалтерлік есебі шоттарының жұмыс мжоспарындағы синтетикалық шоттар тізбесінің топтамасында 8 бөлімнің шоттары — «Өндірістік есептің шоттары», оның бөлімшелері: 8010 «Негізгіөн-діріс», 8020 «Меншікті өндірістің жартылай фабрикаттары», 8030 «Қосалқы өндірістер», 8040 «Үстеме шығыстар» белгіленген.

53Өндіріс шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебі.

      Көмекші өндірістің талдамалық (аналитикалық) есебі әрбір цехта, өнім түрлері (егер олар әрқилы болса) және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістің күрделілігі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне: негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, отын-энергетикалық жөне технологиялық шығыстарды, электр энергиясын, өндіріс мақсаты үшін пайдаланатын буды және суды, негізгі және қосымша жалақыны, жалақыдан аударылатын аударымдарды, үстеме шығыстарды қосады.

      Қосымша өндірістің күрделілігі, сондай-ақ шығарылатын  өнімнің біртектестігі немесе біртектес еместігі көмекші өндірістің көрсеткен қызметінін өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдісті қолдануға мәжбүр етеді.

      Көмекші өндірістің есеп айырысуы мен калькуляциясы  біршама ерекшеленеді, өйткені кейбір цехтар бір-бірімен тығыз байланыста болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді: жөндеу-механикалық цехы жүк автомашина цехына ағымдағы жөндеу жұмысын жүзеге асырады, ал автотранспорт цехы жөндеу-механикалық цехына жүкті тасымалдайды.

Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін және атқарған жұмысын тұтынушылар бойынша  тарату үшін "Көмекші өндірістің көрсеткен қызметін тарату" деп аталатын талдамалы кестесін жасайды. Онда әрбір кемекші цехтардың жиынтык шығындары, өндірілген өнімнің саны көрсетіледі: су қайнататын қазан цехы бойынша — будың тоннасы, компрестік қондырғы — қысылған ауаның кубометрі, электростанция — киловатт/сағаты, автотранспорт — тонно/километрі. Содан соң жұмыс пен қызметтің өзіндік құнының бірлігі анықталады. Өзіндік құнның бірлігін анықтаған соң, жұмыс пен қызметті тұтынғандарға таратады.

Ш

54Шығындар статьясы мен элементтері бойынша шығындарды топтастыру.

Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдағ ананықтамасы, бұл — шығындар есебі кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жəне өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құнды көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқарумен оның қызметін қаржы нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамасыз етеді. Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шы-ғындар былай топталады:

— негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналар мен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындарт.б.);

—үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқару мен тікелей байланыста пайда болады);

— тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты жəне оның өзіндік құнына тікелей кіреді;

— жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құ-нына əртүрлі əдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффи-циенттер) жанама жолмен қосылады;

— кірістік шығындар — қолда бар жəне сатып алынған ресурстар, келешекте табыс əкелуі ықтимал;

— өткен шығындар, олар келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар. Тəжірибеде шығында келесідей топтастырылады:

— құрамы бойынша;

— түрлері бойынша;

— өндіріс процесіндегі экономикалық рөлі бойынша;

— өнімнің өзіндік құнына жатқызу тəсілі бойынша;

— өндіріс көлемі бойынша;

— шығындардың тиімділігі бойынша.

Ү