Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Курылыс билет 2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
88.62 Кб
Скачать

32Құрылыстағы сыртқы ақау.

Құрылыс-монтаж жұмыстарындағы ақау деп техникалық талаптарға сəйкес келмеген жұмыс көлемін айтамыз. Сыртқы ақау тапсырушылардан, жабдықтаушылардан жəне автокөлік кəсіпорындарының кінəсінен болады. Ақау анықталған сəтте бірден акт толтырылады. Акт толтыруға сапалық бақылау орындарынан техникалық сарапшылар, құрылыс зертханасының кызметкерлері жəне инженерлік-техникалық қауіпсіздік бөлімінің қызметкерлері қатысуы тиіс. Себебі, дəлелденіп, кінəлі тұлғалардың қол қоюы мен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анық-талып, өндірілуіне негіз болып табылады. Ақауға кеткен шығын əрбір актіге жеке жасалынады жəне оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей:

— қайта қалпына кетіру жұмысына қатысқан жұмысшылардың жалақысы;

— материалдық шығындар;

— төленген қосымша еңбекақы мөлшері;

—қолданылған құрылыс машиналары мен механизмдерге кеткен шығын сомасы.

33Құрылыста қолданылатың наряд түрлері.

34Құрылыс ұйымдар балансындағы қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.

Құрылыс-монтаж жұмысымен айналысатын ксәіпорындардың өз қызметінің құрамында қосалқы немесе қосымша өндірістерін ашуға мүмкіндік бар. Себебі, мұндай өндірістер негізгі өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне пайдалы әсер етеді. Қосалқы өндірістік шаруашылықтар өз бетінше бір құрылым болғанымен, мысалы ағаш бұйымдарын жасайтын цех, кірпіш өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдартікелей негізгі құрылыс өндірісінің сұранысын толық және уақытында қамтамасыз етіп отыру үшін қызмет жасайды. Сонымен қатар, негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығару жұмысына ықпал етіп және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл – қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу- механикалық цехы, автокөлік және т.б.

Көмекші өндірістік шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндірістік нысан үшін жеке талдамалық шот ашылады.

Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарын есепке алу «Цехтар шығындары» деп аталатын ведомоста көрсетіледі. Ведомостқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардағы алынып жазылады. Көмекші өндірістік талдамалық есебі әрбір цехта, өнім түрлері және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістегі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, үстеме шығыстарды қосады.

Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай, қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.

Қарапайым өндіру біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Олар, әдетте аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар болмайды.

Күрделі өндірісте алуан түрлі өнімдер өндіріледі, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді.

Қосымша өндірістің күрделеніп, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектілігі немесе біртекті емесін көмекші өндірістегі көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдіс қолдануға мәжбүр етеді. Көмекші өндірістік есеп айырысулар мен калькуляциясы ерекшеленеді, өйткені кейбір бір-бірімен тығыз байланысты болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді.