- •1Ақаудан жоғалтуды бақылау және есепке алу.
- •2Бухгалтериядағы тмқ есебін ұйымдастыру.
- •3Болашақ кезендегі шығындар есебі
- •4Есептен шығаруға рұқсат етілген жүзеге асырылмаған және толықтай токтатылған құрылыс бойынша шығындар есебі.
- •5Еңбек ақының мерзімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •6Еңбек ақының кесімді жүйесінде еңбек ақыны есептеу.
- •7Есептелген еңбек ақыны бөлістіру.
- •8Капиталдық салымдар бойынша басқада шығындар
- •9Күрделі құрылысқа мердігер келісім шарты.
- •10Капиталдық емес жұмыстардың есебі.
- •11Құрылыс қызметінің объектілері мен субъектілерінің түсініктерін анықтау.
- •12Құрылыстағы үстеме шығындардың түсінігі
- •Құрылыс жұмысшыларына көрсеткен қызметке кеткен шығын:
- •Техникалық қауіпсіздікпен еңбекті қорғау бойынша шығындар:
- •Құрылыс алаңдарындағы ұйымдастыру шараларына кеткен шығындар:
- •4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын;
- •5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығындар.
- •13Құрылыс өндірісіндегі технологиялар ерекшеліктері.
- •14Құрылыстағы материалдар шығындарының есебі.
- •15Құрылыс өнімі және оны бағалау
- •16Құрылыс материалдарын есептен шығару, босату бойынша операцияларды құжатпен рәсімдеу.
- •17Құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебі
- •18Құрылыс ұйымдарының есеп саясаты.
- •19Қос мердігер ұйымдарының бас мердігер ұйымдарымен есеп айырусудын ерекшелігі
- •20Құрылыста қолданылатын еңбек ақы түрлері.
- •21Құрылыс-монтаж жұмыстарын тапсырудың қаржылық нәтижелерінің есебі
- •22Құрылыс мердігер келісім шарты бойынша табыстардың есебі.
- •23Құрылыстағы қосымша өндіріс түрлері.
- •24Құрылыс мердігер келісім шарты бойынша шығындардың есебі.
- •25Құрылыс мердігер келісім-шарты бойынша табыс пен шығынды мойындау.
- •26Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •27Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
- •28Құрылыс-монтаж жұмыстары өндірісінің шығындар есебі.
- •29Құрылыстағы ішкі ақау.
- •30Қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •31Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау және шығын есебінің объектісі.
- •32Құрылыстағы сыртқы ақау.
- •33Құрылыста қолданылатың наряд түрлері.
- •34Құрылыс ұйымдар балансындағы қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
- •35Құрылыстағы бастапқы құжаттардың түрлері.
- •36Құрылыс машина мен механизм жұмыстарымен байланысты шығындар есебі.
- •37Құрылыстағы калькуляциялау объектілері.
- •38Құрылыс машиналарды пайдалануды ұйымдастыру түрлері
- •39Құрылыстағы ақаудан жоғалтудың есебі.
- •40Құрылыс машиналар мен механизмдерді пайдалану бойынша шығындар.
- •41Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау.
- •42Құрылыстағы үстеме шығындардың есебі.
- •43Құрылыстағы қосалқы өндіріс түрлері.
- •44Мелиоративтік жұмыстар есебі
- •45Материалдар шығындарын бақылау және түгендеу
- •46Материал шығындарының есебі.
- •47Жобалық-тапсырыстық жұмыстар есебі
- •48Жалақы бойынша есеп айырысу.
- •49Тапсырыс берушілермен есеп айырусының есебі.
- •50Тмқ өзіндік құнының бағалау әдістері.
- •51Орындалған жұмыстарды өлшеу әдістері.
- •52 Өндіріс түрлері
- •53Өндіріс шығындарының аналитикалық және синтетикалық есебі.
- •54Шығындар статьясы мен элементтері бойынша шығындарды топтастыру.
- •55Үстеме шығындардың топталуы.
30Қосалқы және жәрдемші өндіріс шығындарының есебі.
Құрылыс-монтаж жұмысымен айналысатын ксәіпорындардың өз қызметінің құрамында қосалқы немесе қосымша өндірістерін ашуға мүмкіндік бар. Себебі, мұндай өндірістер негізгі өндірістің үздіксіз жұмыс істеуіне пайдалы әсер етеді. Қосалқы өндірістік шаруашылықтар өз бетінше бір құрылым болғанымен, мысалы ағаш бұйымдарын жасайтын цех, кірпіш өндіретін шағын зауыт, конструкциялық бұйымдартікелей негізгі құрылыс өндірісінің сұранысын толық және уақытында қамтамасыз етіп отыру үшін қызмет жасайды. Сонымен қатар, негізгі өндіріс тұтынатын өнімді шығару жұмысына ықпал етіп және қызмет көрсететін өндіріс көмекші өндіріс деп аталады. Бұл – қазандық, электр станциялары, сумен жабдықтау, жөндеу- механикалық цехы, автокөлік және т.б.
Көмекші өндірістік шығындарын есептеуге 8030 «Көмекші өндіріс» шоты арналған және ол «Цехтардың шығындары» деп аталатын ведомоста жүргізіледі, онда әрбір өндірістік нысан үшін жеке талдамалық шот ашылады.
Көмекші өндірістердің әрбір цехтары бойынша шығындарын есепке алу «Цехтар шығындары» деп аталатын ведомоста көрсетіледі. Ведомостқа жазбалар талдамалық кестелерден немесе бастапқы құжаттардағы алынып жазылады. Көмекші өндірістік талдамалық есебі әрбір цехта, өнім түрлері және шығын баптары бойынша жүреді. Шығын номенклатурасы өндірістегі мен сипатына тәуелді болып келеді. Әдетте, ол өзіне негізгі материалдарды, көмекші материалдарды, үстеме шығыстарды қосады.
Технологиялық процестің сипатына және шығаратын өнімнің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің біртектілігіне қарай, қосымша өндіріс қарапайым және күрделі болып бөлінеді.
Қарапайым өндіру біртекті, күрделілігі бірдей өнімдерді шығарады. Олар, әдетте аяқталмаған өндіріс пен шалафабрикаттар болмайды.
Күрделі өндірісте алуан түрлі өнімдер өндіріледі, оның аяқталмаған өндірісі болады және бұйымдардың өнімдердің, жұмыстардың және көрсетілген қызметтердің түрлері бойынша есеп жүргізуді талап етеді.
Қосымша өндірістің күрделеніп, сондай-ақ шығарылатын өнімнің біртектілігі немесе біртекті емесін көмекші өндірістегі көрсеткен қызметінің өзіндік құнын есептеу үшін әртүрлі әдіс қолдануға мәжбүр етеді. Көмекші өндірістік есеп айырысулар мен калькуляциясы ерекшеленеді, өйткені кейбір бір-бірімен тығыз байланысты болады және тұрақты түрде бір-біріне қызмет көрсетеді.
31Құрылыс-монтаж жұмыстарының өзіндік құның калькуляциялау және шығын есебінің объектісі.
Құрылыс саласында өндіріс шығындарын басқару — күрделі процесс. Өзінің мəні жағынан ол кəсіпорынның бүкіл қызметін басқаруды білдіреді, өйткені болып жатқан өндіріс процестерінің барлық жақтарын қамтиды. Шығындар есебі мəнінің көпшілік қабылдаған анықтамасы, бұл — шығындар есебі кəсіпорында белгілі уақыт аралығында болған жабдықтау, өндіріс жəне өнім өткізу процестерін, оларды сандық өлшеу, заттай жəне құндык көрсеткіштермен тіркеу, топтастыру жəне талдау арқылы көрсетуге бағытталған шаралар жиынтығы болып табылады. Мұндай көрсету кəсіпорынды (немесе кəсіпорындар бірлестігін) басқарумен оның қызметін қаржы нəтижелерін анықтау арқылы бағалауға қажетті мəлімет алуды қамтамасыз етеді.
Кез келген өнімді (жұмыс, қызмет) өндіру белгілі бір шығындармен байланысты. Сондықтанда шығындарды жіктеу өндірістік есептің маңызды элементі болып табылады. Əдетте, топтау қағидаларына калькуляция баптарының номенклатурасы сəйкескеледі. Өзіндік шығындарды дұрыс есептеу үшін оның ғылыми негізделген жіктелімі аса қажет. Құрылыс саласында шығындарды өндірістік үрдістің барлық жағын қамти отырып, яғни оның ерекшеліктеріне қарай белгілі бір топқа жатқыза отырып, орындау қажет. Өндірілген өнімді калькуляциялау жəне бағалау үшін шығындар былай топталады:
— негізгі — өндірістің технологиялық процесімен тікелей байланысты (шикізатты, технологиялық қажеттіліктерге кеткен материалдық шығындар, негізгі өндірістік жұмысшыларға жалақы төлеу, машиналармен құрал-жабдықтарды ұстау мен пайдалануға кеткен шығындар т.б.);
— үстеме шығындар (өндірісті ұйымдастыру, оған қызмет ету жəне басқарумен тікелей байланыста пайда болады);
— тікелей — өнімнің нақты бір түрін өндірумен байланысты жəне оның өзіндік құнына тікелей кіреді;
— жанама шығындар жекелеген өнім түрлерінің құнына тікелей емес, жанама түрде бөлінеді. Олар өнімнің өзіндік құнына əртүрлі əдістердің көмегімен (ставка, пайыз, коэффи-циенттер) жанама жолмен қосылады;
— кірістік шығындар — қолда бар жəне сатып алынған ресурстар, келешекте табыс əкелуі ықтимал;
— өткен шығындар, олар келешекте табыс əкелу қабілетін жойған ресурстар.
