
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Тірек ұғымдар:
- •1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
- •2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- •3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
- •4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
- •2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
- •3. Семантикалык, өріс әдісі
- •4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
- •5.Компонентік талдау
- •Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
- •Лексика-фразеологиялық стилистика.
- •Синоним, омоним, антоним, паронимдер.
- •Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
- •2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
- •3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
- •Синтаксистік стилистика.
- •2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.
- •Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.
- •Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
- •Ауызекі сөйлеу стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Ресми іс қағаздар стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
Ресмилік мәні басым сөздерді орынсыз қолдану: «Бұл жылдар сені аңсай сағыну, тосу жылдары еді. Мен бұл кезеңде адамдардың жүрегінде мәңгі-бақи өшпейтін бір сезім болатынын, ол - махаббат сезімі екенін ұқтым». «Саған «Ақша қарыңмен!» деп құттықтау айтқым келді. Сол себептен баяу аяңдап келіп, үйреншікті бұрыштан сені іздедім».
Ғылыми емес мәтіндерде термин сөздерді орынсыз қолдану: «Ананың мейірімі мен махаббаты шексіз. Ақын жазушылардың романдарын оқығанда ананың жанашырлығы, балаға деген сүйіспеншілігі әсерлі суреттеледі. Себебі оның бір элементі болса да өмірден алынған».
Өзге стиль элементтерін орынсыз қолдану: «Үлкендердің алдын-ала ойластырылып жасаған бұл жоспарларының тамаша нәтижесі болғаны жұртқа жақсы белгілі»; «Ұстаздардың адамдық пен аярлыққа, әділетсіздік пен жалғандыққа, крепостнойлық тәртіпке қарсы ащы сындар айтып, мысқыл сөздерді боратуы кадеттердің ой-өрістерінің дамуына, өмірге, қоғам құбылыстарына қатысты біршама дұрыс көзқарастарының қалыптасуына едәуір ықпал етті».
4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
Бұған, әсіресе, жалпы шығарма мазмұнының функционалдық-стильдік тұтастығына қатысты қателіктер жатады: шығарма мазмұнының тақырыпқа не тақырып атауына сәйкес келмеуі, тақырыптың ашылмауы т.б. Мысалы, мына шығарма мазмұны «Күз» деген тақырып атауымен берілген:
«Қыркүйек айының бас кезі, жердің беті кілемнің түріндей әлі жап-жасыл, таң атып, күн шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысы қызарып шығып келе жатқан күнніц сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалың тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан жіңішке өзеннің үстінен көтерілген бұлыңғыр тұман, шықпен буланып, маңдайы терленіп, төмен қарап тұрған талдар, талдың арасымен сылдырап аққан өзеннің суы көз алдыңа елестейді. Көктің жүзі көкпеңбек теңіз сияқты. Шөптің басы қимылдарлық жел жоқ. Тып-тыныш. Табиғаттың барлық нәрсеге ықылас көзбен күліп тұрған күні еді». Осындағы күз мезгілінің бір күні, бір сәтіне (таңертеңгі) ғана құрылған шығарманың тақырып атауының «Күз» деп аталуы нақтылықты қажет етіп тұр. Күзгі таңның суретін қанша әдемі елестете алғанмен автор бұл жерде ойын шашыратып алғанға ұқсайды. Ол үшінші сөйлемде әсіресе байқалады. Кеңістікті, ондағы заттарды суреттеудегі бірізділіктің әлсіздігі ондағы сөздердің жиі қайталануынан көрініп тұр. Қатенің бұл түрі көп жағдайда автордың баяндау тілінің тақырыптың стилистикалық мәнеріне, эстетикалық әсеріне, көңіл-күйіне сай келмеуінен болады.
Тіл - қоғамдық құбылыс. Тілдің даму тарихы қоғамдық өмірмен тығыз байланыста болады. Тіл қоғамы өмірімен бірге жасап, бірге дамиды. Қатынас құралы болып саналатын тілдің адам қоғамында алатын орны зор.
Қоғам мүшелерінің бір-бірімен тығыз қарым-қатынасы олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл арқылы жасалады. Ол ортақ тіл жалпы халықтық тіл деп аталады.
Қолдану ерекшелігіне қарай жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлері болады. Мұнда ескертетін бір жай: «ауызша», «сөйлеу тілі» мен «жазбаша» және «кітаби» дегендерді бір-бірімен мағыналас деп қарауға болмайды. Сондай-ақ тіл мен сөздің де өз алдына жеке ұғымдар екенін ескерген жөн.
Тіл мен сөз әрқашан диалектикалық бірлікте қаралады.
Тіл мен сөзді бір-бірінен бөліп ажырату үшін, ең алдымен тілдің қандай элементтерден тұратынына көңіл аударған дұрыс. Тіл құрайтын элементтер: морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Бұларды тіл жүйесі деп те атайды.
Тіл жүйесінсіз сөйлеу болмайды. Солай болғанымен оның ішкі мазмұны мен сыртқы формасы болады.
Сөз ауызша және жазбаша болып бөлінеді.
Ауызша сөйлеуде әр түрлі сазды үн шығады, яғни адамдар айғайын деген ойын бір-біріне үнді тіл арқылы жеткізеді.
Сөйтіп, бірінің айтқанын бірі естиді. Сөйлеуде есту сезімі қатысады. Ауызша сөйлеу интонациялық құбылмалыққа өте бейім тұрады. Ол тілге әр түрлі мәнерлік, әуезділік сипат береді. Интонация деген ұғымға сөйлеу темпі, сөйлеу сазы, дауыстың құбылуы, екпін т.б. сияқтылар енеді.
Сөйлеу өзінен өзі болмайды. Сөйлесу үшін, екі не одан да көп адамдар қатысуы шарт.
Жазбашада бұл көрсетілген ерекшеліктер болмайды. Өйткені, ондай ой қағазға жазылып жеткізіледі. Яғни жазу тілдің көзге көрінетін белгілері арқылы адам ойын жеткізу тәсілі ғана.
Жазбашада ой тілдің көзге көрінетін белгілері қағазға жазылып болғандықтан, онда ауызша сөйлеудегідей әңгімелесушінің қатысып отыруы шарт емес.
Сонымен жазу - ол белгілі бір мәтін. Бұл түрлі мәтіндер әр жай, күйді білдіріп хабарлайды. Ал хабар - тіл фактісі. Мысалы, Абайдың шығармасы - жалпы тіл фактісі.
Біріншіден, мұнда Абайдың тілі - ол қазақ тілінің фактісі. Ал сөйлеуде, жазуда да тіл жүйесі пайдаланылады. Оларға дыбыс құрамы, сөз тіркесі және сөйлем жатады. Сондықтан да сөйлеуде де, жазуда да - тіл фактісі болып есептелінеді.
Сөйлеуде де, жазуда да сөз қолдану заңдылығына сүйенеді. Жалпы халықтық тілді жұмсаудың дәстүрлі үлгісі болады.
Сөйлей білмес жаманның,
Сөзі өтпес бір пышақ;
Сөз білетін адамның
Әр сөзіне бір тұзақ.
Осы мақалдың қай кезде, қай ғасырда қалыптасып, нақыл сөзге айналғанын білу қиын. Бірақ оның мазмұнын біркелкі түсінеміз. Өйткені мақалда сөз қолдану туралы айтылады. Сонымен, тіл нормасы деп адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстарды айтамыз.
Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:
1. Стилистиканың зерттеу объектісі не?
2. Стилистиканың жалпы халықтық тілге қатысы қандай?
3. Әдеби тіл дегеніміз не?
4. Әдеби тілдің нормасы қандай болады?
5. Жалпы халықтық тілдің формаларына түсінік бер.
Тірек ұғымдары:
Жалпы халықтық тіл – қоғам мүшелерінің бір-бірімен қатынасы, олардың бәріне бірдей түсінікті ортақ тіл.
Тіл жүйесі - морфема, сөз, сөз тіркесі және сөйлем. Әдеби тіл - жалпы халықтық тілдің жазбаша түрі.
Тіл нормасы - адамдардың бір-бірімен қатынас жасау нәтижесінде қалыптасып бекіген, жалпы халыққа тегіс танылған тілдік құбылыстар.
4-лекция
Стилистиканың зерттеу әдістері.
Стилистикалық талдау, оның нақтылы әдіс-тәсілдері: сөздіктер мен анықтамалықтардағы стилистикалық белгілерді талдау, бейтарап не стилистикалық бояуы бар тілдік құралдарды табу, бақылау, мәтінді стилистикалық талқылау, стилистикалық эксперимент жасау және жалпы тілдік әдістерді пайдалану.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Б.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974.
2. Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1974.
3. Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1988.
4. Исабаев А. Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен лекция мәтіндері. – Ташкент, 2000.
Мәтін талдаудың қалыптаскдн бірнеше әдістері бар. Олардың өз ішінде бөлінетін талдау әдістері тағы бар.Солардың ішінде алдымен аталатыны - лексика-семантикалық талдау әдістері.
Лексика-семантикалык, талдау әдістері көркем мәтінді түзуші сөздер сипатынан басталады. Оның ішінде мына төмендегідей тәсіл түрлері қамтылады.
І.Классикалык, әдіс
Бүл тәсілге сөздің мағынасын түсіндіруде қызмет ететін лексикографиялық еңбектер жатады. Мәселен, түсіндірме сөздіктер. Мүнда сөздің түрлері лексикографиялық талап бойынша барлық параметрлерімен - одағай, модаль сөздер, көмекші сөздер, атау сөздер... т.б. толық грамматикалық топтастырулармен қатар, сөз семантикасының анықтамалары қамтыладьі/ Мәтіндегі барлық сөздердің түсініктерін осындай тәсіл толық саралап бере алады. Тіпті пассив қолданылатын сирек сөздер де өз мағынасымен анық айқындалады.
Лексика-семантикалық топтастыруды мәтінде, негізінен, үш бағыттан байқауға болады:
• Сөздің шындық болмысқа тура қатысы.
• Сөздердің мәтін түзудегі грамматикалық кызметі мен қолданысы.
• Сөздердің көпмағыналылығы.
Классикалық тәсіл тіл білімінде әр кезде түрлі сөздіктердің жарыққа шығуымен қалыптасқан деуге болады. Бұл ретте, өткен XX ғасыр энциклопедиялық жөне тұсіндірме сөздік-тердің көптілігімен әрі жан-жақты мазмұнды болуымен ерек-шеленеді.