- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Тірек ұғымдар:
- •1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
- •2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- •3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
- •4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
- •2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
- •3. Семантикалык, өріс әдісі
- •4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
- •5.Компонентік талдау
- •Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
- •Лексика-фразеологиялық стилистика.
- •Синоним, омоним, антоним, паронимдер.
- •Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
- •2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
- •3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
- •Синтаксистік стилистика.
- •2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.
- •Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.
- •Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
- •Ауызекі сөйлеу стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Ресми іс қағаздар стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
Әр түрлі мағына-мәнері бар, түрлі грамматикалық тұлғаларда жұмсалатын сөз табы – зат есім. Зат есімде орыс тідіндегі род категориясы қазақ тілінде жоқ. Родтық ұғым беретін сөздер мен тұлғаларды қолдану көркем әдебиет тілінде ерекше мән алады. Бұлайша жұмсау оқушы ойында жеңіл ирония туғызу мақсатымен немесе жазушының субъективтік айрықша тәсілімен ұштасып жатуы мүмкін.
Көптік жалғаулары қазақ тілінде көптік ұғым туғызу үшін қолданылады. Кей сөздер жалғаусыз тұрып та көптік мағына бере алады: шаш, өсімдік, бидай т.б. Ал осы сөздердің бірқатарына жалғау қосылып, автор өз ойын тұспалдап жеткізу үшін қолданады: талай шаштар ағарды.
«Мұғалімдерді сыйлау керек» мұғалімнің көпке ортақтығын, көп кісіге қатыстылығын білдіреді.
«Көздерін алайтып» - көптік жалғауын қосып қолдану мағына айқындығы, ойды саралап жұмсау қажеттігінен туып отыр.
«Көз, құлақ, аяқ, бет, қабақ» тәрізді зат атауларының көптік жалғауында қолданылуы айрықша стильдік мән алады. Негізінен, қазақ тілі заңдылығында көптік жалғау жалғанбайды. Алайда қазіргі тілімізде мағына айқындығы үшін, ойды саралау үшін қажетті стильдік амал. «Мынау қолдар трактор жасаған қолдар» (Ғ. Мүсірепов).
Зат есімнің септік жалғаулары да жалғанған сөзіне әр түрлі қосымша мән үстейді. Кейбір септік жалғауларын түсіріп айту да стильдік мақсаттан туады. Өткен ғасырлардағы ауызша поэзия тіліңде бар тәсілдер — бүгінгі танда жиі қолданылатын көркемдік амалдар. Мысалы, ілік, барыс, табыс септіктерінің түсірілуі және тәуелдік жалғауларының да түсіріліп жұмсалуы – өлең шартынан туатын ерекшеліктер: Арғымағың(ды) жамандап, Тұлпар(ды) қайдан табарсың? (Асанқайғы), Тоғай(ға) қондым, өкінбен (Доспамбет), Күйбеңдескен көп жаман(ның), Сөзі тигенге ұқсайды (Шалгиіз), Ей, Қатағанның хан(ы) Тұрсын (Марғасқа). Мұндайды тіл ғылымында өлең синтаксисіндегі ықшамдау тәсілінің бірі дейді. Керісінше, кейде жалғауларды сөзге қосып жұмсауда әртүрлі стильдік мән болады: Бала кітапты оқыды — тек кітапты оқығандығын хабарлау мақсаты бар.
Кейбір сын есімдердің зат есім мәнінде жұмсалуы – сөздің жинақы, ойдың әсерлі болуы үшін ұтымды тәсіл. Мысалы:
Жылы менен суықтың бәрін көріп,
Қайран көңіл қайыспай қайрат етті. (Абай) Немесе: «...арсызбен жолдас болма», «күншілге жолама» - ауызекі сөйлеуде кездесе беретін сөз оралымдары.
Стильдік мәні бар, түрлі мақсатта жұмсалатын сөз табы – сын есім. Сын есімнің стильдік қызметін дұрыс аңғару үшін ең алдымен, оның лексикалық табиғатын жақсы білу қажет. Сын есім сөздер тек сын-сипат мәнінде де қолданылады. Бірақ сын есім атаулының бәрі бірдей заттанып жұмсала бермейді. Сапалық сын есімдердің көпшілігі әр түрлі мән, реңкке ие болып қолданылса, ал қатыстық сын есімдердің мұндай қасиеттері жоқ. "Үлкен" сөзінің қолданысына назар аударайық. Бұл сөз әр контексте әр қилы мағыналық реңкке ие, жеке сөзбен де, тіркеспен де, сөйлеммен де берілетін тәсілдері сан алуан: ірі, ұлы, дөкей, алып, орасан, дәу, сом, нән, қапсағай, аспандай, қазандай, білектей, соқталдай, таудай, шоқпардай, түйедей, еңгезердей, жардай, дардай, нардай дене; жапалақ көз, тана көз, бадана көз, бадырақ көз, жайын ауыз, қарыс ауыз, нар дене, кебеже қарын, екі иығына екі кісі мінгендей, түйенің жарты етіндей, бас бармақтай деген тіркестер арқылы да үлкен ұғымы туып тұр. Бұл сөздер контексіне қарай үнемі "үлкен " ұғымын бере бермейді.
"Көпті көрген қарт ", "қария " ұғымында қазақ тілінде ғана емес, ноғай, татар, башқұрт тілдерінде де жұмсалады. "Үлкен" сөзі "маңызды, көрнекті" дегсн мағына да береді: "Бір үлкен іс қылғансып асығып жүр",— "Көп" деген мағынаны да білдіреді: "Ірімшікті құдайым кез қылды бір күн қарғаға. Алып ұшып барды да, қонды бір биік ағашқа. Үлкен олжа емес пе, ірімшік деген қарны ашқа ".
Үлкен сөзі ой сөзімен тіркесіп, терең ой, кең толғау деген мағынада қолданылады: үлкен ой жоқ... Үлкен үй — "қара шаңырақ"
"Туу, үлкен-ақ екен " дегенде әзіл мағынасында кіші балаға күлкі ретінде жұмсалады.
Контекстегі қолданысына қарай үлкен сөзі "кең, беделді, биік" деген мағынаны да береді: дағарадай бөлме, әр цехы даладай (кең).
Көлемдік мағынаны білдіретін "алақандай" тәрізді сөздер кей контексте "үлкен" мағынаны білдіреді: "Жараның аузы алақандай болып күлдіреп түр" (Ғ. Сланов).
Ауыр қайғы — үлкен қайғы.
Үлкен ұғымын жазушылар көркем әдебиет стилінде әр түрлі жолмен береді. Мысалы, С.Мұқанов үлкен сөзін қомақты сөзі арқылы береді: "Ішінген кәкір-шүкір, көр-жерін алмаған кебеже сырт көлемі қомақты көрінгенмен, Итбайдың семіз денесіне тарлық істеді"— "Сыртқы көлемі үлкен көрінгенмен " деген ұғымның орнына қолданып тұр.
Ғ.Мүсірепов үлкен деген ұғымды туынды сын есім арқылы былай береді: "Ашыққан жылқы кетпендей тұяқтарымен қалың қарды бұрқ-сарқ лақтырады".
Б.Майлин өз шығармаларында "нашар, жаман, әлсіз" деген сын есім сөздерді өзінше мүсіндейді.
"Бір күшеншек жазушы осы әнге буланып "Сарыарқа " деген пьеса жазып шығарды",— деп жазады.— Күшеншек деп алуы эмоциональды түрде бейнелі қолданған. Сол тәрізді "шала-шарпы, қалай болса, солай" деп жатпай, оны "шала үйткен бастай ғып бірдеме жазудан пайда жоқ" деп, нашар шығарманы "шала үйткен баспен" салыстырған.
Сын есімнің шырай жұрнақтары да поэзия тілінде стильдік мақсатта жұмсалады:
Бір ақын бір ақыннан ақынырақ,
Өйткені ол жүрекке жақынырақ,
Қашанда мықты ақындар Махамбеттеу,
Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ.
Жақсы ақын — әлеуметтің жан ашыры,
Даралау, кемел, дана Пушкинірек. (К. Салықов)
Мұнда шырай жұрнақтарын автор заңсыз жалғап, аз сөзбен поэтикалық образ жасауда қолданып тұр. К.Федин сөзімен айтқанда, мұндай сөз қолданыстары "блестящие неточности" деп аталады.
Қос сөз түлғасындағы сын есімдер — көркем әдебиет тіліндегі басты суреттеу құралы, әрі экспрессиялық мән туғызу тәсілі:
Аппақ ет, қып-қызыл бет, жап-жалаңаш,
Бейне бір ұқсатамын туған айға. (Абай)
Есімдік сөздердің стилі. Есімдік мағынасындағы сөздер белгілі ойды беруде алуан түрлі мағыналық реңкке ие болады.
Сен — жекелік үғымды беретін жіктеу есімдігі, II жағы, тыңдаушыға, жасы кіші балаға, сырлас адамдарына арналып, жанды, жансыз заттардың орнына қолданыла береді. Жазушы төмендегі сөйлемде сен есімдігін қолдану арқылы кейіпкердің жан дүниесін, ашуға толы жүзін елестетеді:
— Сен қанқұйлы тамам елді жылатып болдың ғой, осы итаршылықты қоярмысың? (М. Әуезов)
— Сен бүлдіресің-ақ дегендей боп, Ермақ кемпіріне ежірейе тағы бір қарады. (Б.Майлин)
Тындаушыға арналып айтылып, оның назарын бір сәтке өзіне аударып, оны жақын сырласы санап, пікірлеседі, ой тастайды:
Әсемпаз болма әрнеге,
Өнерпаз болсаң, арқалан.
Сен де бір кірпіш дүниеге
Кетігін тап та бар қалан. (Абай)
Диалогті сөйлемдерде есімдіктің қаратпа сөзбен тікелей мағыналық байланысқа түсетін кездері де болады.
— Қыз, сен де желпілдеме,— деді Бәтимаға. (Ғ.Мұстафин) Ойды нақтылай түсу үшін есімдік түрін осындай байланыста жұмсайды.
Ол есімдігін қолданғанда, ойды жалғастыру, бір сөзді қайталай бермеу мақсатында жұмсайды. "Әсіресе елді қатты сағынған Абай болатын. Ол соңғы уақытта Жидебайдағы шешелерін, ауыл-аймағын түсінде де көре беретін ". (М.Әуезов)
Сілтеу есімдіктері де стильдің әр саласында кеңінен қолданылуда. "Бұл", "сол" деген түрлері көне түркі ескерткіштерінде кездеседі. Конкретті затты нұсқағанда "анау", дерексіз құбылыс пен ойды нұсқағанда "сонау" есімдіктерін қолданамыз. Кейіпкер атын қайталай бермеу мақсатында кей жазушылар сілтеу есімдігінің "ана, анау" түрлерін пайдаланады:
Анау намыстанғандай:
— Жақпаса қойсын,— деді де, енді қайтып үн шығармады. (С.Мұқанов)
Есімдіктердің беретін мағыналық реңктері үшан-теңіз. Неше, қанша сұрау есімдіктері: Қанша — мол, көп, неше — әр, қанша мағыналарын береді.
Бұрымының қыз Құртқа,
Кекілін, жалын тарайды
Күніне неше қарайды ("Қобыланды батыр").
Қандай сөзі тандануды, сүйсінуді аңғартатын, адамның түрлі көңіл-күйлерін беретін, экспрессивтік мағынада жұмсалатын есімдік түрі: "Сол екеуінің ертеде достасу тарихы қандай қызық, қандай әдемі".(Ғ. Мұстафин.)
Етістік тұлғалардың қызметі, түрлі мағыналық реңктері, нақыш-бояулары, экспрессивтілігі көркем шығарма тілінде айқындалады. Мәселен, шақ, рай, көсемше т.б. тұлғалы етістіктердің, болымсыздық формасының стильдік жұмсалу мүмкіншіліктері кең. Етістік тұлғалардың модальдылығын, экспрессивтілігін күшейте түсетін элементтер де (демеулік шылаулар, одағай, қыстырма сөздер, есімдік, үстеу) айрықша қызмет атқарады.
Етістіктің рай тұлғаларының әртүрлі модальдық реңктерді (өкіну, ренжу, тілек, ұсыныс т.т.) жеткізудегі стильдік тәсілдер екендігі айқын (оған сәлем айтқайсың, бірауыздан дауыс берейік). Немесе жақтық тұлғалардың да түрлі стильдік мән-мағына берудегі мүмкіндігі мол. Мына өлеңге назар аударайық - назар аударыңдар (II жақ) деудің орнына назар аударайық (I жақ) деп қолдануда үлкен мән бар.
Етістіктің көсемше категориясының да экспрессивтілікті тудыруда стильдік қызметі кең, Мәселен, Абай ойды бейнелі жеткізуде, портрет жасауда, психологиялық хал-ахуалды суреттеуде осы тұлғадағы образды етістіктерді шоғырлап қолданады.
"Болыс болдым, мінекей" деген өлеңінде болыс, пысықтардың портретін жасауда жалпылдап, барқылдап, шаңқылдап, тарпылдап, дікілдеп, өкімдеп, күпілдеп, шыбындап, жымыңдап т.б.— көсемше тұлғадағы етістіктер орынды жұмсалған.
Кейбір етістік тұлғалары сұрыпталып белгілі бір стиль түрлерінде ғана жұмсалады, сол стильдің өзіндік белгілері болып табылады. Ырықсыз етіс тұлғасындағы еткен шақ етістіктер — іс қағаздары стиліне тән (қол қойылды, өтініш берілді т.т), -сын, -сін бұйрық рай тұлғасы ресми стильге тән ерекшелік болып табылады.
Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:
Стильдік мәні бар, түрлі мақсатта жұмсалатын қай сөз табы.
Етістік тұлғалардың қызметі, түрлі мағыналық реңктері.
10 - лекция
