- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Тірек ұғымдар:
- •1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
- •2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- •3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
- •4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
- •2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
- •3. Семантикалык, өріс әдісі
- •4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
- •5.Компонентік талдау
- •Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
- •Лексика-фразеологиялық стилистика.
- •Синоним, омоним, антоним, паронимдер.
- •Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
- •2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
- •3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
- •Синтаксистік стилистика.
- •2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.
- •Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.
- •Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
- •Ауызекі сөйлеу стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Ресми іс қағаздар стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
1. Ауызекі сөйлеу стилінің басты тілдік, стильдік ерекшелігі неде?
2. Ауызекі сөйлеу стилінің қапдай түрлері мен жанрлары бар?
3. Ауызекі сөйлеу стилінің ауызша және жазбаша түрлерінің
арасында айырмашылық бар ма?
4. Ауызекі сөйлеу стилі туралы өз ойыңызды жинақтап, қорытынды жасаңыз.
14-лекция
Ресми іс қағаздар стилі.
Ресми стильдің қолданыс аймағы, стильдік үлгілері, түрлері. Жанрлық-ситуациялық стильдер, олардың бір қалыпқа түсу дәрежелері. Ресми-іс қағаздары стилінің тілдік белгілері. Ғылыми стиль. Ғылыми стильдің қолданыс аймағы, негізгі белгілері, түрлері, жанрлары. Қазіргі қазақ әдеби тілінде өндірістік-техникалық стильдің қалыптасуындағы қиындықтар. Ғылыми стильдің лексикалық, грамматикалық белгілері.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1974, 2005ж.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1974.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1988.
Исабаев А. Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен лекция мәтіңдері. -Ташкент,
2000.
Стильдің бұл түрі де қатынас құралы ретінде қызмет ететін күнделікті өмір қажеттілігінен туған жүйелер жиынтығы іспетті. Бұлар, іс-қағаздары, қалыптасқан белгілі форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады. Ресми қағаздар да бірнеше түрге бөлінеді. Олардың кейбірінің алдын ала дайындалған арнаулы қағаздары (бланк) болады. Ресми стильге тән сөздер мен сөз тіркестері және оның өз сөз қолдану тәсілдері бар.
Мәселен, анықтама берілді, осы анықтама, талап еткен орынға тапсыру үшін... т.б. тіркестер, қабылдау актілерінде бірінші жағынан, екінші жағынан, акт тапсырушы, қабылдаушы, мен, біз, қол қоюшылар, өткіздім, қабылдап алдым, т.б. деген сияқты өзіндік сөздер қолданылады. Іс-қағаздар мен ресми стильде экспрессивті-эмоциональдық сөз тіркестері өте сирек пайдаланылады. Ондай сөздер құттықтаулар мен үндеулерде де жиі кездеседі.
Грамматикалық ерекшеліктер тұрғысынан алғанда да, мұндай қағаздар қалыптасқан үлгіде баяндау тәсілінде жазылып, сөйлемдері тиянақты, ойы аяқталған болып келеді де, көбінесе баяндау, бұйыру, үндеу ынғайында болады.
Мәселен, ондай документтерде орындау міндеттелінсін, жақсарту көздетілсін, мекемеге тапсырылсын, жүзеге асырылсын, ұйымдастыру қолға алынсын, баса көңіл бөлінсін, ескеріп отыратын болсын, қамтамасыз етілсін, баса назар аударылсын, т.б. күрделі тіркестер мен терминдік қатарлар көбірек кездеседі.
Ресми стильде сөйлемнің баяндауышы тұжырымдылық пен нақтылықты білдіру үшін көбінесе ырықсыз етістік формасында тұрады: ... орындалсын, өткізілсін, жеткізілсін, арттырылсын, міндеттелінсін, т.б.
Іс-қағаздарын өткен шақ формасында жазу жиі кездеседі: берілді, акт жасалды, мәжіліс болды, тапсырылды, жүктелді, міндеттелді, т.б.
Функционалды стильге жататын әрбір стильдің - сөйлеу, кітаби-жазба, іс қағаздар мен ресми стильдің, публицистикалық, ғылыми, көркем әдебиет стильдерінің - өзіндік ерекшеліктері бар. Күнделікті тұрмыстағы сөйлеу стилі мен көркем әдебиет стилі бір-біріне ұқсастау келсе, ғылыми стильмен іс-қағаздары стилі бір-біріне жұықтау, ал көркем әдебиетте жүйелілік көбіне бейнелі түрде берілсе, ғылыми тілде логикалық байланыс мықты сақталады, өйткені онда ғылыми пікір дәлелмен беріліп жатады. Әрине ғылыми стильде де бейнелі жеткізу деген болады. Бірақ ол көп кездеспейді. Айтылатын ой дәл, жүйелі, бір мағыналы, дәлелді болып келеді, ондағы терминдер әр ғылым саласына байланысты атау түрінде қалыптасады. Қандай ғылыми еңбек болмасын ол жалпы халықтық әдеби тілде жазылуыға тиісті, бірақ ғылым саласына қарай тілдік тәсілдің пайдаланылуы бірдей болмайды. Әр сөз ғылыми стильде өзінің лексикалық мағынасын сақтайды. Өйткені бейнелілік көп мағыналық ғылыми стильге тән ерекшелік емес. Лексикалық ғылыми еңбектерде де термин көп қолданылады. Мысалы: «Тіл традициясындай мықты орныққан құбылысты коммуникатив әлемінен табу тым-ақ қиын...» стилистика тіл салаларының /ярустарының/ баршасын орынды пайдалануды көздейді, сөз бен сөз тіркестері, стиль амалы арқылы екшеліп отырады, көп жанрлы әдебиетіміздің дамыған әдеби тіліміздің жан-жақты өрбуіне көркем сөз шеберлерінің қосары көп... көркем, ғылыми т.б. стильдердің саралануы лексика, фразеология, грамматика, фонетика нормалары орнығуына, ұлт әдеби тілінің шын мәніндегі мұқалмас қатынас құралы болуына даңғыл жол ашады... Бұл мысалдағы сөйлемдер бір типтес, ой әрі күрделі әрі жүйелі, нақты ойды дәлелдеп айту басым. Әр сөйлемнің баяндауыш формалары бір келкі, яғни жіктік жалғауының үшінші жағымен келген, қолданылған терминдер лингвистика, коммуникатив, стилистика, ярус, стиль, лексика, фразеология, грамматика, фонетика, норма т.б.
Ал медицина ғылымында да терминдер өте көп қолданылатыны белгілі: астма (демікпе, бұлығу), стрептоцид, аллергия, альбуцид (микробты қыратын зат), аспирин, стоматит, бронхит, гайморит, гинеколог, инсулин (белоктік зат), инфаркт, часотка, диабет т.б.
Мысал келтірейік: Диуритин – теобромин және солицил натрийден тұратын қан тамырды кеңнейтетін қасиеті бар дәрі. Осы сөйлемдегі теобромин, солицил натрий деген сөздер медиктерге бірден түсінікті. Екінші бір мысал: акрехин - азоттан синтетикалық жолмен алынатын дәрі, безгекке қарсы қолданылады. Суда еритін сарғыш кристаллды ащы дәмді, ұнтақ таблетка түрінде шығарылады.
Безгек плездомиясының (қан паразиты) бір – шизонттар адам организмінде өсіп-өне келіп ол безгек ауруын қоздырады. Ал акрехин болса, сол паразиттің өсіп-өнуіне жол бермей тоқтатады...
Бұл мәтіндегі сөйлемдердің баяндауыш формалары үшінші жақ жіктік жалғаумен келген, ғылыми стильге тән терминдерде көп алынған және бірыңғай сөйлем мүшелері арқылы бір затты әр жақты сипаттау, бір затқа түсінік беріп кету тәрізді стильдік, дәлдік ерекшеліктер сақталған. Ғылыми стильге тән терминдерде жеткілікті.
Кейбір терминдер қолданылуына қарай бірнеше мағынаны білдіріп тұрады. Мысалы, единица деген сөз – математика ғылымында бірді білдіретін цифр, ал литр – единицы измерения десе «өлшеу бірлігі» деген сөз, енді бірде бүтіннің бір бөлігі деген мағынаны білдіреді.
Көркем әдебиетте де «единица» деген сөз айтылады. Онда бейнелілік мағына береді, эмоционалды-экспрессивтік те мағынағы ие болады. Ғылым тілінің мәнерлілігі сөздердің дұрыс қолданылуында жүйелі баяндауында. Тілге қатысты ғылыми мақаладан мысал келтірейік. «Шумақты құрайтын – поэтикалық ойдың, интонациясының және синтаксистік құрылымының тұтастығы. Ал соңғы тұтастың күрделі синтаксистік единица арқылы жүзеге асады «Күрделі синтаксистік тұтастық» дегеніміз өзі не? Орыс лингвистикасында көбінесе, «сложное синтаксическое целое» деп аталатын бұл категория көптен назар аударып келеді. Әр маман әр қилы, мысалы, М.В.Ломоносов «период» деп, А.М.Пешковский, «сложное целое» деп В.В.Виноградов «сложное синтаксическое целое» немесе «высказывание» деп аталған бұл құбылыс, сөз жоқ, тіл табиғатында, оның ішінде поэзия тілінде де орын алады. Бұл жөнінде бұрын-соңды пікірлерді жинақтап, нақтылы фактілерді талдай отырып, біршама айқын анықтама берген Н.С.Поспелов: «Күрделі синтаксистік тұтастық және сөйлемге қарағанда, автордың аяқталған жеке бір ойын білдіретін әлдеқайда үлкендеу синтаксистік автономия /дербес единица/ болып табылады. Дейді және ол әр қилы амал тәсілдермен өзара байланысқан сөйлемдер тобынан тұрады дегенді айтады. Әдетте, белгілі бір айтылған ой жазушының тұтасқан сөзі /связанная речь/ екені мәлім. Ал тұтас мәтіннің құрылымын синтаксистік жағынан талдағанда, әрбір жеке сөйлемді алып, соларға қарай талдамай, айтылған ойға /высказываниеге/ қарай анализ жасау қажеттігін біз де құптамаймыз» ғылыми стильге байланысты алынған бұл мәтінде мынадай терминдер кездеседі: «поэтика», «интонация», «категория», «синтаксис», «единица», «лингвистика», «период», «поэзия», «факт», «автономия» т.б.
Екіншіден, сөйлемдер әдеби құрылған, құрмалас сөйлем саны көп терминдердің кейбіреулеріне мүше ретінде алынған, төл сөз кездеседі, «сөз жоқ», «әдетте» сияқты қыстырмалар бар, әр сөйлемдегі басыңқының баяндауыш формалары /асады, келеді, алады/ тұлғалас болып беріледі, ой жүйелі баяндалған, мәтінде соңғы тұтастық, күрделі синтаксистік құрылымының тұтастығы сияқты орынды ғылыми стильге тән қайталаулар ұшырасады.
Ғылыми стильде жиі кездесетін қыстырма сөз бұрын айтылған ойды еске түсіріп, негізгі мәселеге көңіл білдіртеді, ойды жинақтап айтуға көмектеседі. Мысалы, сонымен, сөздердің денотатқа /өмірдегі затқа/ байланысты айтылуы сөз варианттарын тудырады, ол сөздер мағыналары жағынан тепе-тең келсе де сөйлемдерде, сөйлеуде жұмсалу дәрежесі әр қилы болады дегенде, алғашқы бір сөйлемнің өзінде үш қыстырма бірден алынған, ол қыстырмалар ойды дәлелдеу, қорытыңдылау, түсіндіру қызметін атқарып тұр.
Ғылыми стильде сұраулы, лепті сөйлемдер кездеспейді, егер кездессе, тек көпшілікке арналған ғылыми еңбектер мен оқулықтарда ғана күрделі мәселелерге ерекше назар аудартуды мақсат еткенде ғана сұрақ қойылады, оған мынадай мысал алайық: «бір сөз екі түрлі сөйлемде бірдей қызмет атқара тұрып, өзінің синонимді топтағы сөздерімен екі түрлі қарым-қатынаста болғаны қалай? Яғни алғашқы сөйлемде «көркем» деген сөз өзінің төрт түрлі синонимдік сыңарларымен жаппай қолданғаны несі?» деуге болады.
Мұндағы жұмбақ, сыр сөздерінің қандай қызмет атқаруында емес, сөйлемде қандай сөздерге қатысты болып келуінде дегенде, қойылған сұраққа автор өзі жауап беріп тұр, осындай құрылған сөйлем де ғылыми стильде ұшырасады. Негізгі мәселеге сұрақ қойып көңіл аударту, қайталау, түрлі формула, анықтама, схема, таблицалардың пайдаланылуы математика ғылымына байланысты жазылған ғылыми еңбектерде жиі кездеседі. Мысалы: «... Есеп шығарған кезде мына сияқты аса маңызды жағдайды ескеру қажет: функцияның тек бір ғана максимумы немесе тек бір ғана минимумы болса, онда максимум функцияның бүкіл анықталу облысындағы ең үлкен мәні болады, ал минимум ең кіші мәні болады. Бұған квадрат үш мүшелік мысал бола алады...»
/х/ функциясының ең үлкен және ең кіші мәндерін екінші ретті туында көмегімен қалай табу керек?
1. Функцияның бірінші ретті туындысын /х/-ті табамыз.
2. Бірінші ретті туындыны нөлге теңестіріп, /Ғ/х/=0 теңдеуін шешеміз. Олардың ішінен нақты түбірлерін таңдап аламыз. /яғни аргументтік кризистік мәндерін табамыз/.
3. Функцияның екінші ретті туындысын /Ғ/х/-ті табамыз да, оның кризистік нүктелердегі мәндерін анықтаймыз. Егер /Ғ/х/ 0 болса, онда осы нүктеде функцияның максимумы бар, егер /Ғ/х/=0 болса, функцияның максимум, минимум мәндері жөнінде нақты ешнәрсе айта алмаймыз. Сондықтан мұндай жағдайда функцияның экстримум мәндерін оның бірінші ретті туындысы көмегімен зерттеу керек.
Матеметика ғылымына байланысты алынған осы мысалдан мынадай қорытынды пікір шығаруға болады: құрмалас сөйлемдердің кейбіреулері көбіне шартты бағыныңқылы, қимыл-сын бағыныңқылы болып келген, іліктес салалас, ыңғайлас салалас түрлері бар: «функция», «максимум», «минимум», «аргумент» сияқты терминдер де жеткілікті алынған, квадрат «үшмүшелік» деген тіркестің мағынасын түсіндіріп тұрған қыстырма, бұдан басқа да қыстырмалар жеткілікті келтірілген: негізгі мәселеген көңіл бөлдірту үшін автор /х/ функциясының ең үлкен ең кіші мәндерін екінші ретті туынды көмегімен қалай табу керек?» деп, сұрақ қойып, оған толық жауап берген пікірді дәлелдеу, толықтыру, дәлелді санамалап айтып анықтау басым болған, «нақты түбірлерін - аргументтің кризистік мәндерін» деген сияқты оңашаланған айқындауыш мүше және таблицаның алынуы да ой айқындығый туғызып тұр.
Қазақ тіл білімінде ғылыми мәтінге байланысты арнайы зерттеулер жоқ, сондықтан ол туралы көп қарастыру қажет болады.
Ғылыми мәтіннің тілдік ерекшеліктері
Ғылыми стиль - жазба стильдің бір түрі. Бұған әр мамандық, әр салада жазылған ғылыми шығармалар тілі жатады.
Ғылыми стиль зерттеу объектісі - зат пен құбылысты ғылыми тұрғыдан сипаттап, дәлелдеп, түсіндіруді керек етеді.
1-үлгі: Египетте құл иеленуші құрылыс қалыптаса бастады. Құл иеленуші құрылыс тұсында бір адамдар, құл иеленушілер, екінші бір адамдарды иеленіп алып, соларды қанайды, солардың еңбегі мен өмірін өз ырқына көндіріп, билеп отырады. /Ф.И.Коровкин, Ежелгі дүние тарихы/.
2-үлгі: Сүт адам организміне өте пайдалы екендігі аян. Қой сүтінің құрамында белок және басқа пайдалы заттар, 6-7 процент май бар. Сондықтан қой саутын машиналар жасау керек болды, чехославакия ғалымдары сағатына 250 бас қой сауатын машина жасады. Мұндай машина Болгарияда да жасалды. Бұл машиналар адам күшін көп керексінбейді. /«Білім және еңбек журналы/».
Ғылыми стильде етістіктерді қолдануда өзіндік ерекшелік байқалады. Көбінесе ғылыми мақалалар мен лекцияларда етістік ырықсыз формада жұмсалады: ол кейде матаса байланысу түрінде кездеседі. Мәселен, Сұйық шапшаң кепкен кездегі суу құбылысы практикада кең түрде қолданылады. Қайнау кезінде сұйықтық температурасы өзгермейді...
... Екі теріс санның көбейтіндісі оң сан болып, нүктенің орны әдетте, екі санмен анықталады. Теріс санның қай-қайсысы болса да оң санның қай-қайсысы болса да оңсанның кез келгенінен кіші болады...
... Егер тозаңдалу болмаса, өсімдік гүлдеп, гүлін төгеді, бірақ жеміс салмайды. Сүзгілі түтіктер арқылы өсімдіктердің барлық органдарына жапырақтан органикалық заттар өтеді.
Кейде ғылыми стильдегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемнің баяндауышы шартты рай формасы арқылы жасалып, екінші компоненті ойды тиянақтау, дәлелдеу, анықтау тәсілдеріне арналады. Мысалы: Бұл денеге қағаз қиқымдарын тақап ұстап керу керек, сонда дене оларды өзіне тартатын болса ол дененің электрленгені. Егер эбонит таяқша тебілсе, онда оған жақындатылған дененің заряды таяқшаның зарядымен тектес болғаны... Егер өсімдіктердің тұқымындағы ұрықтын тұқым жарғағы екеу болса, оны қос жарнақтыларға жатқызады...
Ғылыми мәтінде өсімдіктер көбінесе бірінші жақтын көпше түрінде келеді де баяндауышы жіктік жалғауда қолданылады.
Мысалдары: Бұл тәжірибеде біз топтық механикалық әсерін бақылап отырамыз. Біз электр тогі дегеніміз зарядталған бөлшектердің өткізгіш ішіндегі реттелген қозғалыс екендігін білеміз, енді біз тек қосу мен азайту танбалары бар кез келген өрнекті қосынды деп қарастыруымызға болады...
Әрбір ғылым саласының баяндау тәсілінде өзгешілік, ерекшелік болады, көбінесе хабарды сөйлемдер қолданылады, кейде санамалап көрсететін күрделі конструкциялар пайдаланылады.
Мысалдар: Орыс командованиясінде соғыс жүргізу туралы бірыңғай пікір болған жоқ, демек соғыс қимылдарының да бірыңғай жоспары болмады.
Генералдардың бірі бірден шабуылға шығып, соғыс қимылдарын Польша жерінде жүргізуді ұсынды, ал екіншілері Наполеонды шекараға таяу жердегі бекіністе лагерде тосып алуды ұсынды, үшіншілері дұшпанның күші басым болғандықтан, елдің ішкері жағынан қарай шегіну керек дегенді айтты. Ғылыми стильде негізгі зерттеу объектісі болатын зат пен құбылыс ғылыми негізі сипатталып, дәлелдеуді түсіндіруді қажет етеді. Ол үшін дұрыс ойлау логика заңына сүйенеді. Оқушы мен тындаушыға түсінікті, дәлелді, тұжырымды болу мақсат етіледі. Тілдік тәсілдер ғылым мәселелеріне бағындырыла отырып пайдалынады.
Тәжірибеде мәтіннің стилі тұтас түрде, яғни мәтінді оқығанда қалай қабылдануға байланысты анықталады. Оның кейбір ерекшеліктерін дәлелдеп, анықтап жатпай-ақ сол мәтіннің қай стильге жазылғандығын біршама аңғаруға болады. Мұнда мәтіннің жеке сөйлемдері мен сөздерінің қолданылуына мән берілмей қалады. Ол үшін стилистиканы игертуде, мәтіннің неге сол стильге жазылғандығына көз жеткізіп, дәлелдеуде оқушының жете түсінуіне стильдік талдау жүргізудің маңызы ерекше.
Тәжірибеден белгілі, мектеп тәжірибесінде түрлі талдаулар фонетикалық, лексиқалық, грамматикалық, орфографиялық, пунктуациялық тұрғыдан жүргізіледі. Бұл талдау сол тараулардан алған білімдерін бекіте түсіп, грамматикалық материалдарды сапалы түсінуіне көмектеседі. Сондықтан Л.П.Федоренко талдау тілдік құбылыстарды түсінудің ең тиімді әдісі екендігін айта келе, талдау жұмысын "теориялық-практикалық әдістердің ішіндегі ең негізгісі", - деп тұжырымдайды.
Талдау жүргізудің методикасын айта келіп, А.В.Текучев талдау жүргізуде "Учащиеся по указанию учителя выделяют в данном тексте определенные языковые явления, относят их по определенным признакам тому или иному разделу и дают им характеристику" - дейді.
Сондықтан стильдік талдау оқушыларды тілдік құбылыстар мен заңдылықтарды, тілдің қыры мен сырын анық біліп, ажырата алуға, тілдің стилистикасын дұрыс түсіне білуге баулиды.
Басқа талдаудың түрлеріне қарағанда стильдік талдау жүргізудің өзіндік ерекшелігі бар.
Стильдік талдау көркем-әдеби шығармалар мен ғылыми және жазба мәтіндердің тілін талдауға негізделе жүргізіледі. Көркем-әдеби шығарманың немесе басқа мәтіндердің тілін талдауда сол шығарманы анықтау арқылы тілдің көркемдігі туралы білім мен дағды беру мақсат етіледі.
Мәтінді жан-жақты, толық талдау мына сияқты жоспарда жүргізіледі:
1. Берілген мәтінге мінездеме беру, оның кімдерге арналғаны, сөйлеудегі мақсат, яғни не үшін айтылғанын анықтау.
2. Негізгі стильдік ерекшеліктерін ашу (еркіндік - ресмилік, нақтылық -анық еместік, образдылық - образды емес, эмоционалдылық - эмоционалды емес т.б.) қалай айтылғандығын анықтау.
3. Тілдік құралдарын анықтау (ойды айту, жеткізудегі тілдік құралдардың тандалуын ажырату).
4. Қорытынды жасау. Мәтіннің қай стильге қатысты екендігін анықтау.
Стильдік талдау кезінде анализдік және синтездік тәсілдер пайдаланылады. Мұнда жалпы мәтіндегі стильдік ерекшеліктер мен өзіндік ерекшеліктерді ажырата білу мақсат етіледі. Мысалы, көркем әдебиеттен:
КӨКТЕМ
Май жұлдызының бас кезі, жердің беті кілемнің түгіндей жап-жасыл, таң атып, күн шығып келе жатыр. Таңертеңгі түскен шықтың тамшысы қызарып шығып келе жатқан күннің сәулесіне шағылысып, өсімдіктердің басы күмістей жылт-жылт етеді. Қалын тоғайдың арасынан ирек-ирек болып аққан жіңішке өзеннің үстінен көтерілген аппақ тұман шықпен буланып, мандайы терленіп, төмен қарап тұрған талдар, талдың арасымен сылдырап аққан өзеннің суы, анадайдан қарайып көрінген жардың жағасында жағалай қонған елдің қыстауы. Көктің жүзі көкпеңбек теңіз секілді. Шөптің басы қимылдарлық жел жоқ. Тып-тыныш. Табиғаттың барлық нәрсеге ықылас көзбен күліп тұрған күні еді. (С.Дөнентаев).
Талдау мына сияқты жоспарда жүргізіледі. Бұл мәтін ешкімге арналмаған, тек көктем кезін таныстыру. Бұл ауызекі сөйлеу емес, жазба тіл. Мақсаты көктемгі құбылыстарды суреттеу. Көркем әдебиет тілі қолданылған көркем шығарманың үзіндісі.
Бұл мәтінде көркем-әдеби стильдің тілдік ерекшелігінің мынадай белгілері байқалады:
1. Образдылық, таңергі күнгі табиғатты суреттеу.
2. Ол үшін кейбір сөздерді тура мағынасында емес, ауыспалы мағынасында қолданады, көркемдік тәсілдер пайдаланылады (метафора, теңеу, эпитет).
3. Кейбір сөздер мен тіркестерге эмоциональды және экспрессивті мән береді (маңдайы терлеп, төмен қарап, ықылас көзбен күліп).
4. Сөйлемнің мәнерлілігін арттыру үшін кейбір сөздердің орны ауыстырып, инверсияны пайдаланады.
5. Суреттілікті әсерлеу, күшейту үшін етістіктің осы шағын қолданады.
Қорыта келгенде, бұл ерекшеліктер көркем әдебиет стиліне тән. Сондықтан бұл мәтін көркем әдебиет стилінде жазылғандығы анық.
Сондай-ақ стильдердің жалпы ерекшеліктеріне көңіл бөлінеді. Мысалы, мәтін калай жазылған? Ауызекі сөйлеу тілінде ме, әлде кітаби жазба тілде ме? Мәтін ресми түрде жазылған ба, жоқ ресмилікті қажет етпей ме? Мәтінде образды сөздерді қолданған ба, қолданбаған ба деген сияқты мәселелерді анықтау барысында талдаттырылады.
Стильдік талдау мәтіннің стилі жөнінде ғана болмау қажет. Онда мәтіннің немесе сөйлемнің ойды жеткізу мақсатында жазылғандығына да ерекше көңіл аудартылады.
1. Мәтіннің немесе сөйлемнің стилін анықтау.
а) ойды жеткізу формалары, жанры.
ә) ойды жеткізу тәсілдері.
б) функциональды стильдік ерекшеліктері мен белгілері.
2. Мәтіндегі немесе сөйлемдегі тілдік құралдар және олардың жұмсалу жағдайдары.
а) тілдік құралдар.
ә) көркемдік, бейнелілік ерекшеліктері.
б) синонимдік қолданылуы.
в) экспрессивті-эмоциональды мәні.
3. Мәтіңдегі немесе сөйлемдегі сөздердің тіл стиліне үйлесімділігі немесе сәйкестілігі.
а) тілдік стильдердің тіл стильдеріне сәйкестіп.
4. Стилистикалық норма.
а) нормадан ауытку себептері.
ә) стилистикалық қате.
Сондықтан қазақ әдеби тіл стильдері туралы олардың өзіндік ерекшеліктері мен тілдік құралдары туралы мына сияқты көлемде мәлімет беруге болады.
Кейде ғылыми стильдегі сабақтас құрмалас сөйлемдердің бірінші жай сөйлемінің баяндауышы шартты рай формасы арқылы жасалып, екінші бөлігі ойды тиянақтау, дәлелдеу, анықтау тәсілдеріне арналады.
Ғылыми стильде өсімдіктер көбінесе бірінші жақтың көпше түрінді келеді де, баяндауышы жіктік жалғауда қолданылады.
Ғылыми стильде негізгі зерттеу объектісі болатын зат пен құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді, түсіндіруді қажет етеді. Ол үшін дұрыс ойлау, логика заңына сүйенеді.
