Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
стилистика (2).docx
Скачиваний:
1
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
254.38 Кб
Скачать

2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.

Стилистика талабы: сөйлем дұрыс, жатық етіп құрылуы үшін, ондағы сөздерді, сөйлем мүшелерін дұрыс байланыстырып, тіркестіріп, тиісті мүшелік қарым-қатынаста жұмсай білу керек. Сөйлем құрауға негіз болатын бас мүшелер, әсіресе баяндауыш ойды дұрыс құрастыруға арқау болады. Сөйлемнің тұрлаулы мүшелерінің маңына басқа сөйлем мүшелері топтанып, ойды нақтылай, толықтыра, пысықтай түседі. Әрине, диалогті сөйлемдерде тұрлаусыз мүшелердің бірі ғана бір сөйлемнің орнына жүруі мүмкін. Мысалы:

  • Атын өзі ағытты ма, әйтеуір!

  • Өзі ағытты. Шауып барып көлден бір шелек су да әкелді.

  • Атпен бе?

  • Иә. («Ұлпан»)

Осы мысалдағы атпен бе?, Иә сөздері екі сөйлемнің орнына жұмсалған.

Әрбір сөйлем мүшелерінің қызметін дұрыс танып, ойды әсерлі, экспрессиялы түрде жеткізуде дұрыс қолдану қажет. Сонымен қатар, ойды аз сөзбен үнемдеу, қатар сөйлемдерде бір сөзді қайталай бермеу шарттары қамтылады. Ол үшін сөйлемде басы артық сөзді қайталай бермей (тавтология), бірде оның синонимін, бірде оның орнына есімдік сөздерді пайдаланып, кейде бір сөзді бірнеше сөйлемге ортақ етіп жеткізу қажет болады. Мұндай талаптар көркем әдебиет стилінде көбірек жүзеге асады. Бұл шарттар кейде ескерілмей, орынсыз қайталауларға әкеп соқтырады. Бірде директор: «...енді орыс тіліндегі көрсетілімдерді көріңіздер» немесе істі ұйымдастыра білетін іскер басшы – мұнда іскер, көру сөздері мүлдем артық.

Сөйлемді ықшам етіп құрасыру үшін қолданылатын амалдың бірі – сын есім, сан есім, есімшелерді бастауыш, толықтауыш, ілік жалғаулы анықтауыш қызметінде жұмсау. Әдетте өздеріне қатысты сөздердің орнына жүріп, әрі зат, әрі сапасын білдіреді: Білгенге маржан, білмеске арзан, Надандар бәһра ала алмас (Абай). – білгенге – білген адамға, надандар – надан адамдар деген ұғымның орнына жұмсалып тұр. Мұндай тұлғалардың субстантивтеніп, басқа сөйлем мүшелерінің қызметінде жұмсалуы – мақал-мәтел, нақыл, даналық сөздердің синтаксисіне тән ерекшелік. Ол аз сөзбен көп мағына білдіруді, сөйлем құрылысы ықшам болуды қажет етеді.

Изафеттік тіркестегі сөздердің де мағыналық, стильдік айырмашылықтарын дұрыс танып, талғап жұмсай білу керек: ана бақыты, жер байлығы, институттың факультет мәжілісінің қаулысы.

Табыс септігіндегі толықтауыштардың жалғаулы, жалғаусыз жұмсалу ерекшеліктерін де түсіну қажет. Пароход теңізді тіліп келеді – қауын тілді – қауынды тілді.

Дегенмен де, сөйлем мүшелерінің қазақ тілінде қалыптасқан дағдылы орын тәртібі бар, белгілі ереже заңдылықтары бар. Жазба стильдердің көбінде бұл шарт сақталынады. Ал ауызекі сөйлеуде, көркем әдебиет стилінде сөйлем мүшелері инверсияланады. Оның стильдік мақсатта жұмсату мәні бар ойдың бір бөлігін екпін түсіру, назар аударту, сөзді мәнерлеу, модалдық реңк беру т.т. сияқты бірнеше мақсат жүзеге асырылады. Тегінде, прозадан гөрі поэзия жанрында инверсиялық құбылыс басым. Сөйлем мағынасын осылай түрлендіріп, онда жеке мүшеге стильдік қызмет арту үшін, оны басқа сөзбен орын ауыстырып айтуды инверсия дейді. (Қазақ тілінің стилистикасы, 172-бет). Мәселен, бастауыштың қалыпты орын диалогті сөйлемдерде, өлең жолдарының соңында да жұмсалады. Қынжыла, күйіне айтылған көңіл-күймен байланысты лепті, сұраулы сөйлемдерде бастауышты соңында пайдалануға болады, көбіне оған ой екпіні түсіріліп айтылады, ол бастауыш көбінесе есімдіктерден де тұрады:

Зарланарсың, ойланарсың,

Не болам деп енді мен (Абай).

Туырлығың тілер ол,

Тіліп тоқым қылар ол! (Ауыз әдебиеті).— соңғы жолдарда ой екпіні ол деп көрсетілген адамда (батырда) болып тұр, туырлықты тілетін, тіліп тоқым қылатын өзге емес, сол ғана батыр деген мағынаны берудің бірден-бір амалы орын тәртібі арқылы жүзеге асып тұр. Егер "ол туырлығыңды тілер, ол тіліп тоқым қылар" деген тәртіппен берілсе, мұнда белгілі бір батырды атап, сескендіру мәні болмай, жай ғана хабарлау болып шығар еді.

Ескі бише отырман бос мақалдап,

Ескі ақынша мал үшін тұрман зарлап. (Абай)

Жыл жиылып, қартайып қалғаны — бұл (Абай).

Баяндауыштың да дағдылы орны — сөйлемнің соңы. Ол да инверсиялық құбылысқа ұшырайды. Лепті сөйлемдерде бірінші орынға қойылып жұмсалынады:

  • Жасасын жақсы өмір!

  • Айтпа оны маған!

Инверсиялануға бейім – мезгіл пысықтауыштары, көсемше тұлғалы пысықтауыштар, анықтауыштар. Таулардан өзен ағар сарқыраған. (Абай) Үндемей ол кіріп келді. Кетерде маған жолыққан жоқ ол. Осындай да табан бола ма екен қырық тесік (Ғ. Мүсірепов).

З. Қайталама мен бірыңғай мүшелердің стильдік қызметі

Сөйлемнің стилін әрлендіріп, түрлендіруде қайталама сөздердің де қызметі әр түрлі. Олар — қайталап сұрау, бір жағдайға назар аудартуға, көңіл бөлгізуге, динамикалық жай-күйді суреттеуге т.б. бағытталады.

"Ұлпан!— деді Мүсреп, Ұлпанның көзіне тура қарап — Ұлпан, сен, мен қазір не айтсам да түгел тыңда, ойлана тыңда. Жақсын, жақпасын, түгел тыңдап ал! Бір ауыз сөз қоспай тыңда!" (Ғ. Мүсірепов "Ұлпан").

Үзіндіде Мүсрептің тыңда деген сөзі 4 рет қайталанып келіп тұр. Бұл сөзді қайталау арқылы Ұлпанның бар зейінін өзіне аударып, айтар сөзіне құлақ түруін және айтар сөзінің Ұлпан үшін өте маңызды екенін сездіріп тұр.

Жеке сөздер мен тіркестерді қайталап отыру — көптеген қаламгерлердің сүйіп қолданған тәсілдерінің бірі. Мысалы, "Түн баласында Бұқтырманың сарыны әлдеқайда қатты естіледі. Маңайды момақан тыныштық басты. Тек Бұқтырманың сарыны... тек сол ғана асығыс ағыспен жөңкіле қашып барады. Тек сол ғана Бұқтырма ғана мәңгі өлмейтіндей, мәңгі суалмайтындай долдана ағады... Тек сол ... Тек Бұқтырма ғана... еркелей бұлаңдайды" (О. Бөкеев. Ән салады шағылдар. 101-6.). Мұнда тек Бұқтырманың сарыны, тек сол ғана деген тіркестердің сөйлем сайын қайталануы арқылы автор экспрессия жасап тұр: осы қайталаулар тыныштықты бұзып тұрған, яғни өзінің барлығын, мәңгілігін көрсетіп жатқан Бұқтырманың "рөлін" арттыра түседі, тыныштық (кішкентай ауылдағы Нұрлан баланың тірлігі) пен беймазалық (махаббатын, өмірін ойлап, аласұрған жігіт арманы — болашағы) беттесіп, қарама-қарсы образ жасалған.

Өлең сөздегі анафора, эпифора, рефрен тәрізді қайталаулар тек жеке сөздер мен сөз тіркестерінің аясында ғана емес, сөйлем компоненттері саласында да орын алады. Мысалы, "Ақсақалдар айтады: Биыл астықтың шығымы жақсы" "Ақсақалдар айтады: Өлара ашық қой әзірше, қазан айы биыл тыныш өтер." "Тағы да ақсақалдар айтады: "Құдайдың құдіреті..."(О. Бөкей. Қайдасың, қасқа құлыным, 120-6.)

Бұл үзіндіде ақсақалдардың сөзін бір-ақ жерде біріктіріп беруге болар еді, олай етпей "ақсақалдар айтады" деген сөйлемді үш-төрт рет анафора етіп ұсыну арқылы автор ақсақалдар сөзінің өрбіреуін даралап көрсетуді көздеп тұр. Прозадағы қайталаулар поэзиядағыдан өзгешелеу түседі. Өлеңде олар тармақтар мен шумақтардың әрқайсысында қайталанып келсе, прозада авторлық баяндаудың біртектес үзіктерінің соңында қайталанатын тұтас сөйлем не шағын мәтін болуы мүмкін.

Сөйлемге эмоциялық әр берудің көп тәсілінің бірі — бір сөзді әдейі қайталау, кейде бір сөйлем мүшесін түрлі-түрлі сөздермен бірыңғай етіп жұмсай білу.

Бірыңғай мүшелі сөйлемдердің мағыналары кеңіп, ойы айқындала, саралана түседі. "Осылай ету, бір жағынан, бірнеше сөйлемдерді бір сөйлем ішіне сыйыстыру амалы болса, екінші жағынан, көп сөздерді бір сөйлем ішіне тізбектеу арқылы оның іргесін кеңейтіп жайылма ету амалы болады" (Қазақ тілі стилистикасы, А. 1974, 179-6). Ойды жинақы ету үшін бір-біріне қарайлас, синтаксистік қызметі бірдей бірыңғай мүшелерді бір сөзге бағындырып, бір сөйлем құрамында айту көзделеді. Оның мағыналары да, тұлғалары да біркелкі.

Қорықпаймын енді мен,

Аңыздан, желден, бораннан. (Т.Жароков)

Бірыңғай мүшелер синонимдер тізбегінен де тұрады: әр әйел өзінше сұлу болуы керек. Көркем дейміз, сұлу дейміз, ажарлы дейміз, сүйкімді дейміз, әдемі дейміз, сымбатты дейміз (Ұлпан.)

Бірыңғай мүшелерді саралап, әрқайсысына ерекше мән бере, екпін түсіре айту үшін бірнеше амалдар бар екендігі айтылады (Қазақ тілінің стилистикасы, 180-6.).

Бірыңғай мүшелердің әрқайсысына жалғаулықтардың (да, де, мен, бен, я, не...) қосылуы, бірыңғай мүшелердің тізбектеліп берілгенде, ең соңғысына көптік жалғауының жалғануы, жалпылауыш сөздің қойылуы тәрізді амалдары көбінесе көркем әдебиет стилінде жиі қолданылады.

Өлеңді сөйлемдерде ойды әсерлі, ерекше ырғақпен жеткізуде бірыңғай тұлғалы сөздерді тандай білу де қажет. Мысалы: Абайдың, "Болыс болдым, мінекей" өлеңіндегі -ып көсемше тұлғалы бірыңғай сөздердің стильдік қызметі жатады.

Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау

сұрақтары:

1.Синтаксистік стильдік қызметі, стильдік амал-тәсілдері.

2. Функционалды стильдердің сиитаксистік құрылымы.

3. Экспрессивтілікті білдірудің синтаксистік тәсілдері н атаңыз.

4. Қазіргі қазақ тілінде синтаксистік синонимдердің ең басты түрлері.

11-лекция

Синтаксистік синонимдер мен параллель құрылыдардың стилистикалық мүмкіндіктері.

Күрделі синтаксистік тұтастық, сөйлемаралық байланыстардың стилистикалық мүмкіндіктері. Төл сөз, төлеу сөз, ортақ төл сөздердің стилистикалық қызметі.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Жоғарыда аталған еңбектер.

2. Серғалиев М. Сиитаксистік конструкциялардың синонимиясы (метод. нұсқау), -А. 1987, 3—20-6.

3. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаулы мүшелердің ииверсиялануы. А. 1970.

4. Бектаева Ш. Қазақ тіліндегі тұрлаусыз мүшелердің орналасу тәртібі. А. 1970.

5. Кәрімов X. Қанатты тіл. А. 1995, 71-106-6.

Синтаксистік синонимдер. Стилист-ғалымдардың пікірінше, «синонимия – стилистиканың орталық проблемасы» (А.И.Ефимов) болып табылады. «Синонимді қолдану ситуацияның, экспрессияның, мағыналық реңктің әр түрлі қырларын білдірудің мүмкіндігін жасайды» (Л.И.Скворцов, Б.С.Шварцкопф), «сөйлеушінің тіл мәдениеті неғұрлым жоғары болса, синонимдік қатардағы құралдарды ол соғұрлым кеңінен әрі белсенді қолдана алады»(Г.А.Золотова). Мұндай мәселені қазақ тілі материалдарына да қатысты қолдануға болады. Синонимдер – стилистиканың екінші басты ұғымы дейтін пікірдің де стилистикалық синтаксис ыңғайында ақиқат екендігі дау туғызбайды.

Қазіргі қазақ тіл білімінде «жұрнақтар синонимиясы» (Қазақ тілінің грамматикасы, А.Ысқақов), «фразеологиялық синонимдер» (І.Кеңесбаев), лексикалық синонимдер (Ә.Болғанбаев), «морфологиялық синонимдер» (А.Қалыбаева), синтаксистік синонимдерді жалпы атаумен «синтаксистік конструкциялардың синонимдігі» (М.Серғалиев) деген терминдер қолданылуда.

Қазіргі қазақ тілінде синтаксистік синонимдердің ең басты мынадай екі түрі бар: 1) сөз тіркестерінің синонимдері;

2) сөйлемдердің синонимдері.

Синтаксистік синонимдер — тілдің икемділігі мен оралымдылығын танытатын табиғи амалдар. Бұлардың білдіретін мағыналары бірдей болғанмен, бірақ стильдік өңі, экспрессивтік мағынасы бірдей емес, стильдік елеулі айырмашылық болады, екіншіден, синонимдердің бәрі бірдей етістікпен тіркесе бермейді (көмектессін деп жіберді — көмектескелі келдім). Синонимдер, көбінесе, мағына дәлдігі үшін, кейде жазу стилін түрлендіру үшін де қолданылады.

Сөйлемдердің өзара синоним болу заңдылықтары бар. Мұндайда баяндауштық ұйымдастырушылық және байланыстырушылық қызметінің мәні зор. Мәселен, хабарлы сөйлеммен берілетін ойды сұраулы сөйлем түрінде де айтуға мүмкіндік бар: туған жерді сағынып келуші едім — туған жерді кім сағынбайды ?

Жай сөйлем мен құрмалас сөйлемнің синонимдігі мәселесіне де сақтықпен қарауды зерттеушілер ескертеді: Мен оны бес саусағымдай білемін — Мен бес саусағымды қандай білсем, оны да сондай білемін.

Оқуға келдім — оқу үшін келдім — сөз тіркестерінің синонимдігі.

Керегеге кілем ұсталған — керегеге кілем ұстаған — сөйлемдерінің синонимдігі негізінде баяндауыштардың арасында етіс мағынасындағы қатынастар жатуы мүмкін.

Бағыныңқы сабақтас сөйлемдердің баяндауыштары түрліше тұлғада жұмсалу арқылы синтаксистік синонимдер пайда болады: Ол оқыған кезде... — Ол оқығанда...

Сөйлем мүшелерін синонимдік ыңғайына қарап түрлендіруде үлкен мән бар. Болған уақиғаны айтып шықты ... баяндап берді — айтып шықты — түгел хабарлады, баяндап берді — түгін қалдырмай, тайсалмай хабарлады деген мәнде жұмсалып тұрғандығы байқалады.

Автор сөзі, төл сөз және қосүнді сөздің (ортақ төл сөздің жұмсалуындағы стильдік ерекшеліктер.

Көркем шығармадағы баяндау стилінде автордың тікелей өз атынан оқиғаны баяндауы, кейіпкерлерге мінездеме беруі, олардың іс-әрекеттерін бағалауы, портретті, күйініш-сүйінішті, табиғат құбылыстарын, оқиғаны суреттеуі, осының бәрін өзі құрайды. Сондықтан автор сөзінің маңызы зор.

Әдеби шығармадағы кейіпкерлермен бірге үнемі бой көрсетіп отыратын, баяндауға ерекше терендік сипат беретін, шығарма идеясын оның түсінуіне көмектесетін образ бар. Ол — автор образы (автор бейнесі). Оның әртүрлі формада болуы, алуан түрлі тілдік амалдар арқылы көрінуі мүмкін. Шығарма тілінің эстетикалық зандылықтарына бағынып, көркем тілдік жүйе құрап, оны туғызып жасайтын — қаламгер. Осыдан "автор бейнесі" мәселесі туындайды.

В.В.Виноградовтың пікірінше, "шығарманың идеялық мәні, суреткердің көзқарасы... бәрі шығарманың стильдік бірлігін белгілейтін автор бейнесінің тілдік құрылымында көрініс табады" (В. В. Виноградов. О художественной прозе, М-Л. 1930., 83).

"Автор бейнесі"— құрылымдық-көркемдік, көркем тілдік категория. "Автор бейнесі" дегенде байланысты екі ұғымды түсінеміз:

1) шығарманың субьектісі, яғни шығарманың белгілі бір идеялық көркемдік көзқарастармен ұласқан, өзіндік көркемдік әлемін туғызушы субъект.

2) көркем шығарманың ұйымдастырушылық орталығы болып табылатын тілдік құрылымы.

Шығарманың баяндау құрылымы автор сөзінен және кейіпкер сөздерінен көрінеді.

Негізінен, автор шығармасында өзі баяндаушы болады. Баяндаудың қырлары (автордың өз атынан, не кейіпкерлер атынан баяндауы) автордың баяндау перспективасын тандауға байланысты. Кең ауқымды баяндауларда баяншы 3 топқа бөлінеді:

1. 3— жақтағы жеке тұлғадағы баяншы.

2. 1— жақтағы ("мен" тұлғасындағы) баяншы.

3. Арнайы баяншы — автор ойлап тапқан баяншы.

3— жақтағы баяншы — бейнелеуші субьект, сондықтан оның тілі бейнелеудің құралы болады да, баяндау жазба әдеби тіл үлгісінде құрылады. (М. Әуезов әңгімелері).

1— жақтағы "мен" тұлғасындағы баяншының объективті, субъективті түрі бар. Әсіресе, субъективті түріндегі баяншы өмірбаяндық шығармаларда орын алады. Оның тілі тұтас алғанда төл сөзден (кейіпкер сөзінен) құралады да, осыған байланысты ауызекі сөйлеу тіліне жақын жатады, әсерлі, жанды, экспрессивті болады. "Қайдасың, қасқа құлыным" О.Бөкеев — бас кейіпкердің атынан 1-жақтан баяндалады: "Мен ақынмын! Ақылшым туған жер, ұстазым тәкаппар да қатал Алтай! (Б.Майлин "Шұғаның белгісі"—арнайы баяншы).

Автор бейнесі жазушының даралық стилін айқындайды. Авторлық даралықтың, өзіндік қолтаңбасын танытатын стильдік амалдардың бірі — кейіпкерлерді сөйлету, ойлату.

Төл сөзді беру тәсілдерін автор-жазушылар ажыратып жұмсауға тырысады: ең алдымен, ол төл сөз диалог па, монолог па — осыған қарай конструкция құрайды, екінші — төл сөз айтылған сөз бе, кейіпкердің ойы ма — бұл да өз құрылымымен, тіпті, өз тыныс белгілерімен келеді. Үшіншіден, төл сөзді ұйымдастыруда (компонентерін орналастыру тәртібінде) ол сөздің айтылу мезгілі есепке алынады.

Бірінші тәсілге мысал (диалогте берілген төл сөздің стильдік ерекшелігі бір үзіндімен талданады). Екіншіге — "үш кейіпкердің ойлары". Нұржанның ойынан: "ой дегенің сол аспан, сол көкжиек сияқты түпсіз де шетсіз емес пе, ендеше, бір рет қарағаным ғанибет емес пе..."(О.Бөкеев).

Төл сөзді құрастырудың үшінші түріне ертеректе айтылған немесе жол-жөнекей келтірілген диалогтар мен монологтарды беруде жазушы әуелі пәленше айтты (айтқан, ойлайтын) деген авторлық ремарканы беріп алады да, төл сөзді одан кейін келтіреді: "Анна апасы Нурланның кіндігін кесіпті. Кейде анасы айтып отыратып: "Дүңк еткізіп турасын айтатын орыс мінезді болып барады балам. Аннаға кіндігін бекер кестірген екенмін" (Ән салады шағылдар, 82) Әрине, төл сөзді жұмсау ерекшеліктерін осындай амалдармен шектеуге болмайды. Әр жазушыда әр түрлі жолдармен, әр түрлі мақсатта беріледі.

Авторлық баяндаудың кейбір тұстарында кейіпкердің үні сезіліп жатады. Осындай ерекшелігі бар көркем мәтінді таза авторлық баяндау немесе мәтінді таза автор сөзінен ажыратып қарастыру қажеттігіне орыс ғалымдары көптен бсрі назар аударып келеді (В. Виноградов, Г. Винокур т.б.). Қазақ тіл білімінде осы ерекшелік енді ескеріліп, мазмұны ашылып түсіндірілуде, термині айқындалуда (X. Кәрімов. Қанатты тіл, А. 1995, 71-106-6.).

Әдеби шғарма, оның тілі, стилі жайында сөз болғанда, әдетте кейіпкерлер сөзінен басқаның бәрін автор сөзі деп тану жиі кездеседі. Ал, шындығында, шығарманың композициялық құрылымында болсын, оның тілін түрлендіріп, тартымды етуде болсын, мейлі образ жасауда болсын, қосүнді сөздің айрықша ролі бар — бұл терминді ұсынған — белгілі ғалым, көркем әдебиет тілінің өзекті мәселелерін зерттеуші Х.Кәрімов. Демек, "стилистикалық зерттеулерде мұның таза авторлық баяндаудан ажыратылып қарастырылғаны жөн".

Қазақ тіл білімінде бұл құбылысты осы уақытқа дейін шартты түрде "ортақ төл сөз" деп атап келді (А. Әбілқаев. Қазақ тіліндегі төл сөз бен төлеу сөз, А. 1956, 69-6.).

Қолданыста бұл атаудың қосүнді сөз ұғымына дәл еместігі Х.Кәрімовтің жоғарыдағы еңбегінде дәлелденіп беріледі.

"Қосүнді сөз — автор мен кейіпкердің субъективтік көзқарастарын бірге салыстырып, үйлестіруге мүмкіндігі бар стильдік тәсіл". Оның маңызды белгісі — баяндаудың объективті бағытына кейіпкердің субъективтік бағытының қосылуында, баяндалған жайға кейіпкердің ортақтығында.

Б.Майлин — қосүнді сөзді стильдік тәсіл ретінде алғаш пайдаланған. "Баянсыз бақ" әңгімесінде кейіпкер Нұрлыбайдың арыз жазбақ болған күйін, мінез-құлқын, психологиялық жайын суреттеуде осы тәсілді шебер қолданады: Нұрлыбайымыз судья еді, бүгін орнынан алынды! Енді қайту керек? Губсотқа арыз жазу керек, іздену керек, өзін сендіре, таныта білу керек!.. Ал қаламды қолына алды... Бірақ Нұрлыбайға бір қырсық кездесті. Арыз алатын жер жоғарғының бәрін ашып білгісі келді... Осыны істеп отырған басқа адам болса екен-ау, өзінің жақын көріп жүрген адамының бірі, талай бірге қонақта болып, ең арғысы Нұрлыбай арқылы үстелге де қолы жеткен кісі...

... Жоғары көтергенде көзіне айнадағы суреті түсе кетті. Бұл сияқты болам деп кім ойлаған? Нұрлыбай өмірі осылай басталды. Мұны Нұрлыбай іркілмей-ақ жазып бергендей. Жалғыз осы ғана болса, осы өмірдің ішінен "талай таптық маңызы бар жұмысты да шығарып берер еді, оған Нұрлыбайдың қаламы жетеді де. Бірақ бөгет беретін нәрсе өмірдің бергі жағы ғой... (3-том, 219-220-6.).

Бұл әңгімеде Нұрлыбайдың өткен өмірі, кім болғаны, не істегені автор атынан баяндау арқылы беріледі. Ал авторлық баяндау ішіндегі қосүнді сөздер арыз жазбақ болған Нұрлыбайдың қолын бөгей беретін себептерді, оның-абыржуының себептерін кейіпкердің өз атынан сездіргендей. Қосүнді сөз араласқан баяндау экспрессивті, әсерлі әрі тартымды келеді, лепті, сұраулы сөйлемдер арқылы құрылады. Өйткені ол сөйлемдер түрлі сезімдерді бейнелеп, ерекше эмоциялы бояумен жеткізіледі. Ал баяндау стилі (автордың), негізінен, хабарлы сөйлем құрылымында келеді.

12-лекция

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]