
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Тірек ұғымдар:
- •1. Қазақ тілінің стилистикалық ресурсын толық меңгермеудің салдарынан болатын қателер:
- •2. Тілдік стилистикалық талғамының төмендігінен болатын қателер:
- •3. Функционалдық стиль нормаларын ескермеуден жіберілетін қателер:
- •4. Контекстік мағынаны ескермеуден болатын қателер:
- •2.Дәстүрлі парадигмалык әдіс
- •3. Семантикалык, өріс әдісі
- •4. Лексика-семантикилык, топтар /лст/ бойынша тпалдау әдісі
- •5.Компонентік талдау
- •Қазақ тілінің стилистикалық құралдары.
- •Лексика-фразеологиялық стилистика.
- •Синоним, омоним, антоним, паронимдер.
- •Сөзжасамның стилистикалық құралдары.
- •2. Морфологиялық тұлғалардың жеке стиль түрлеріне қатысы.
- •3. Сөз таптарының стильдік қолданысы. Зат есімнің стильдік мүмкіншіліктері.
- •Синтаксистік стилистика.
- •2. Сөйлем мүшелері, оның инверсиялануы.
- •Қазіргі қазақ әдеби тілінің функционалды стильдері.
- •Стилистиканың негізгі ұғым, категориялары
- •Ауызекі сөйлеу стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Ресми іс қағаздар стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Публицистикалық және көркем әдебиет стилі.
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
- •Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
1-лекция
Стилистиканың ғылым ретінде қалыптасу, даму тарихы.Стилистиканың негізгі бағыттары мен аспектілері. Стилистиканың негізгі ұғым категориялары. Тілдің стилистикалық құрылымы. Функционалды стиль туралы ұғым. Стиль – стилистиканың негізгі ұғымы. «Стиль» терминінің әртүрлі түсініктері, оның себептері.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Б.Балақаев, Е.Жанпейісов, М.Томанов, Б.Манасбаев. Қазақ тілінің стилистикасы. Алматы, 1974.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1974.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1988.
Исабаев А. Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен лекция мәтіндері. – Ташкент, 2000.
Стилистика – тіл білімінің бір саласы. Оның тарихы әріден басталғанмен, қазақ тіл білімінде стилистика мәселелерін зерттеуге жаңа-жаңа көңіл бөліне бастады. Соңғы жылдары ғана жоғары оқу орындарында өз алдына жеке пән ретінде оқытылатын болды. Қазақ тілі (стилистикасының) мәселелерінің арнайы зерттеу объектісі бола алмай келді. Сонда да қазіргі қазақ оқулықтары мен оқу құралдарында және көркем шығарма тілі жайында жазылған мақалаларда тіліміздің кейбір стильдік құбылыстары жайында жазылған азын-аулақ пікірлерді кездестіруге болады. Орыс тіл білімінде стилистика мәселелерінің зерттелуі көптен бері қолға алынып, бұл саладан біраз еңбектер жарияланды. Солардың ішінен А.М.Пешковский, Л.В.Щерба, В.В.Виноградов, Г.В.Бинокур, А.Н.Гвоздев, Л.И.Ефимов, В.П.Мурат сияқты зерттеушілердің еңбегін атуға болады. Стилистиканың бірқатар проблемалық 1954 жылы «Вопросы языкознания» журналы ұйымдастырған дискуссия материалдарында да қамтылған.
Журналда көтерілген негізгі мәселелер: стилистиканың мақсаты мен міндеті, тілдік құбылыстардың стилистикаға қатысы, функционалды стильдер, тіл білімінде стилистиканың алатын орны т.б. Ондағы сөз болған мәселелерді қорыту ретінде академик В.В.Виноградовтың мақаласы жарияланды.
Осы дискуссиядан кейін стилистика мәселелерін зерттеу жұмысы жандана бастады.
Стилистикадағы негізгі ұғымдардың бірі – стиль. Оны осы күнге дейін әркім әр түрлі түсінеді. Себебі, стиль терминінің мазмұны кең, оның жұмсалатын орны көп. «Стиль» термині әдебиеттану, бейнелеу өнері, музыка тағы басқа білім салаларында да кеңінен қолданылады. Стиль – латынша «стилос» (жазу құралы) деген сөзінен алынған. Латын тілінде кейіннен стиль сөзі «жазу мәнері» деген мағынада қолданылатын болған. Оның осы мағынасы Европа білімпаздарының арасына көп тараған. Орта ғасырларда Грецияда, Римде, стиль – сөзге сендіру, нандыру тәсілі, стилистика – риторика (шешендік) өнері болып саналған. Үнді оқымыстылары стильді мәнерлеп сөйлеу, ал стилистиканы мәнерлеу туралы ғылым деп есептеген. Кейін, ұлттық әдеби тілдің қалыптасу дәуірінде, кейбір елдерде стиль белгілі бір әдеби жанрға тән тілдік құрал деген ұғымда қолданылады. Бұл ұғым Россияға да кең тараған болатын. Мысалы, Ломаносовтың үш стилі (жоғары, орташа, төмен) осы жанрлық принципке негізделген. .
Сөйтіп, лингвистикада «стиль» жазу мәнері, сөзге сендіру тәсілі, мәнерлі сөйлеу және белгілі бір әдебиет жанрға тән тілдік құралдар жүйесі деген сияқты көптеген мағынада қолданылған. Ал стилистика көбінесе шешендік өнері туралы ғылым ретінде танылған. Ал тек XX ғасырдың бас кездеріңде ғана шешендік өнерінен бөліне бастайды. В.Г.Белинский былай дейді: «Сөйлеу өнерінің, әсіресе, жазу өнерінің зерттеуді өте қажет ететін өзінің техникалық жақтары бар». Белинскийдің пікірінше, тіл өнерінің осы «техникалық жақтары», яғни тілдің қолдану тәсілдері мен заңдылықтарын зерттеу мәселесі, стилистиканың үлесіне тиеді. Бірақ стильдің жалпыға танылған белгілі анықтамасы әзірге жоқ. Стиль терминінің алғашқы мағыналары қазір де жойылмағандықтан сол ұғымдар негізінде стилистиканы тіл білімінің маңызды мәселелі, маңызды саласының бірі деп тануға болады: стилистиканы дербес пән ретінде оқытудың мәні зор.
Стилистика – ең алдымен стиль туралы ұғым. Стиль деп белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдерін қолданылу принциптерін айтамыз. Бір ұғымды айтып, не жазып жеткізу үшін қажетті тілдік тәсілдерді сұрыптап қолдануға болады. Бұл ретте әсіресе тіліміздегі синонимдер мен оның варианттары көбірек пайдаланылады.
Мұндай синонимдердің түрі, әр алуан: лексикалық синонимдер мен фразеологиялық синонимдер, морфологиялық синонимдер мен синтаксистік синонимдер. Лексикалық синонимдерге мына тәрізді сөздер жатады:
1) айту 1) мылжыңдау
2) сөйлеу 2) көпіру
3) міқгірлеу 3) көку
4) күмілжу 4) оттау
5) мыңқылдау 5) бөсу
Бұл синоним сөздердің бәрі сөйлеудің әр түрлі сипатын білдіреді. Әр түрлі жағдайда қолданылады. Сондықтан олардың мағыналық рендері біркелкі емес. Бірі жағымды, бірі жағымсыз, бірі кескінді, бірі тұрпайы реңде қолданылатынын аңғару қиын емес. Біреудің сөзін сөйлеп, біреуді жақтау деген ұғымды тұрақты сөз тіркестері арқылы беруге болады.
Сойылын соғу; Жыртысын жырту; Шашбауын көтеру
сияқты синонимдес фразелогизмдер біздің тілімізде көп кездеседі. Сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа олардың әр түрлі қосымша реңдері болады.
1) Ол сөйледі. 2) Ол көп сөйледі. 3) Ол мылжыңдады. 4) Ол көпірді. 5) Ол көкіді. 6) Ол көк езу болды.
Бұл сөйлемдердегі сөздердің лексикалық мағылары сөйле, мылжыңдап көпір, көкі болса, ал грамматикалық мағыналары -ды, -ді арқылы берілген. Сөйледі, көп сөйледі, мылжыңдады, көпірді, көкіді, көк езу болды деп қолдайуда айырмашылықтары жоқ емес. Соңғыларының қосымша реңдері басым сезіледі.
Тіліміздегі сөздердің лексикалық және грамматикалық мағыналарынан басқа осындай қосымша реңін эмоционалды-экспрессивті бояу дейді. Оларды сондай-ақ тілдің стильдік сапасы немесе мәнерлі тәсілдері деп те атайды. Стильдік сапа немесе мәнерлегіштік сипат тек лексика мен фразеологияға ғана тән құбылыс емес. Стильдік сапа – тілдік единицалардың қай-қайсысына да тән құбылыс. Морфологиялық тұлғалар мен синтаксистік құбылыстардың да мәнерлегіштік сипатын дәлелдейтін көптеген мысалдар келтіруге болады: сөйлегіш, сөйлемпаз, сөзшең, сөзуар, сөз құмар т.б.
Сөйлеуде сөз бен сөйлем құрылысының дұрыс және айқындығының үстіне, дыбыс үйлесімділігі болуы да шарт. Дыбыс үйлесімділіп, біріншіден, біркелкі дыбыстардың бір жерге жиналуынан сақтандырса, екіншіден, сөйлеудің мәнерлілігін арттырады. Сондықтан дыбыс үйлесімділігі оқуға және тыңдаушының қабылдауына үлкен жеңілді туғызады. Бұл - фонетикалық тәсіздердің практикалық мәні.
Әр түрлі стильдік сапа, мәнерлегіштік сипат тілдік единицалардың барлығында да болады. Сондықтан стилистиканың объектісі - лексикология, семасиология, грамматика және фонетика зерттейтін единицалар. Бірақ тіл білімінің бұл салалары тілдік единицалардың стильдік сапасын қарастырмайды.
Лексикология және стилистика. Лексикология сөздердің шығу тегін, сөз құрамын, оның баю жолдарын қарастырса, стилистика сөздердің қолданылу заңдылықтарын, сөздер мен сөз тіркестерін экспрессивтік тұрғыдан дұрыс пайдалану принциптерін зерттейді.
Семасиология және стилистика. Семасиология – тіліміздегі бейнелегіш тәсілдердің мағынасын, оның өзгеру заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Семасиологиялық стилистиканың міндеті – тіліміздегі бейнелегіш құрамдарды топтастырып, олардың стильдік қызметін, қолданылу заңдылықтарын көрсету.
Грамматика және стилистика. Стилистика грамматиканы да өзінің зерттеу объектісі етіп алады. Ол грамматикалық құбылыстарға стильдік талдау жасайды. Бірақ грамматикалық талдау мен стильдік талдау тәсілдері бірдей емес. 1. Морфология сөздердің тұлғалық көрінісін және грамматикалық мағынасын, яғни сөздердің сөздердің құрылысын, өзгерілуін және құрамын талдап топтастырады. Стилистика ойды мәнерлі жеткізу үшін морфологиялық формаларды қандай жағдайда қалай болатындығын қарастырады. Яғни морфологиялық тұлғадағы сөздердің, олардың варианттарының ішінен сөйлеу не жазу арқылы жеткізілетін ойдың эмоционалды-экспрессивті реңін білдіре алатындарын сұрыптап қолдану принциптерін зерттейді. 2.Синтаксис сөйлемнің құрылысын, сөздердің тіркесу заңдылықтарын қарастырады. Ал ойды білдіретін сөйлемдердің айтылуына, қолдану тәсіліне қарай әр түрлі, реңдері болады. Ол қосымша мағыналар көбінесе сөздердің орын тәртібі мен сөйлемнің құрылысы арқылы беріледі. Ойды мәнерлеп жеткізуде синтаксистік бұл тәсілдердің маңызы зор. Стилистика синтаксистік құралдардың мәнерлілігін, оны дұрыс пайдалану заңдылықтарын зерттейді.
Фонетика және стилистика. Фонетика тілдегі дыбыстардың жасалуын, жүйеленуін зерттесе, стилистика дыбыстарды, оларға тән белгі, интонация, қайталау, дыбыс үйлесімділігі сияқты фонетикалық ерекшеліктерді белгілі мақсатқа икемдеп, қайткенде мәнерлі құрал ретінде пайдалану жағын көздейді. Стилистика фонетикалық единицалардың мәнерлі қолдану заңдылықтарын зерттейді.
Біз бұл салыстырудан тіл білімінің әр саласының зерттеу объектілері де, мақсаттары да бір-бірінен өзгеше екендігін байқаймыз. Сөйтіп фонетика, грамматика, семасиология тілдің құрылысын қарастырса, стилистика тілдік единицалардың қолданылу заңдылықтарын зерттейді.
Стилистика жалпы халық тілінің стильдік жүйелелерін, жалпы халықтық тілдің ауызекі және жазба түрлері, олардың өздеріне тәң ерекшеліктері, әдеби тілдің стильдерін тегіс қамтиды.
Сөйтіп, стилистика тілдік единицалардың мәнерлегіштік мүмкіншіліктері мен олардың қандай формада және стильдін қай түрінде қалай қолданылатыны туралы мәселелерді қарастырады.
Стиль ұғымы да сөйлеу және оның формаларымен байланысты қаралады. Стильдердің негізгі арқауы - сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары.
Қоғамдық өмірде қатынастың көптеген түрінің болуына байланысты онда тіл бірліктері пайдаланылмайды. Өйткені адамдардың қатынасы әр түрлі жағдайда жасалады. Әр түрлі жағдайда, әр түрлі сөйленіп, әр түрлі жазылады. Мысалы:
«Тындаңыздар, Алматыдан сөйлеп тұрмыз!» бен «Әй, тыңдандаршы!» дегенді салыстырсақ; біріншіден, әдеттегі, күнде радиодан естіп жүрген ресми хабар түрі де, екіншіде - үйреншікті сөйлеу тілі бар. Формасы жағынан екеуі де - ауызша, бірақ айтылып жеткізілуі әр басқа.
«Ана тілін құрметтей білуді насихаттау - басты міндеттердің бірі болуға тиісті. Ғылым мен техниканың, мәдениет пен әдебиеттің табыстарын білу құралы, өмірдің әр саласын тани білу құралы, ой мен пікірді білдіретін қарым-қатынас құралы бола алатыны ана тілімізді сүйе білудің айрықша мәнің түсіндіріп отыру қажет. Ана тілін ардақтау өзге тілді де елемеу деген сөз емес. Бұларды бір-біріне қарама-қарсы қоюдың зиянын оқытушыларға да, оқушыларға да уағыздап отыру тиімді. Мұның интернационалдың мәні зор екендігі түсінікті де» (І.Кеңесбаев).
Орыс тілі - жұлдызым Ана тілін білмеген -
Қадірлі бізге әманда! Ақылы жоқ желікбас.
Бірақ қырғыз өз тілін Ана тілін сүймеген -
Білмегені жаман да! Халқын сүйіп жарытпас! (Б.Сарыноғаев).
Мысалдың екеуінде де – ана тілі туралы сөз болған. Екі мысал да сөйлеудің жазбаша түріне жатады. Ал жазылу тәсілі жағынан біріншінің публицистикалық стиль, екіншінің көркем сөз стилі екенің аңғару қиын емес.
Немесс, мынадай фактіні алайық: ғылыми стильде оқулық жазылады және лекция оқылады. Мұнан оқулық – жазбаша, лекция – ауызша яғни сөйлеудің әр түрлі формасы бір стильде келген. Сөйтіп, сөз формасы мен стиль ұғымдары бір емес.
Форма – ол тіл құралдарының көмегімен болатын сөйлеудің сыртқы көрінісі;
Стиль – ол белгілі бір қатынастың түрінде тілдік единицаларды сұрыптап пайдалану арқылы, ойды жеткізу мәнерінің көрінісі.
Форма – тұрақты ұғым. Мәселен, тілдің ауызша түрі адам қай кезден бастап сөйлесе, содан бері бірге жасап келеді; және бұдан былай да жасай бермек. Стиль болса – ол тарихи категория. Сондықтан тарихи бір кезенде кейбір стильдердің болмауы заңды құбылыс деп саналады.
Стильдер қалай қалыптасады? Стильдер жасалатын қатынастың ерекшелігіне қарай тілдің бірліктердің сұрыпталып қолданылу нәтижесінде дамып жетіледі. Демек, сөйлену жағдайына байланысты, әр алуан стильдік бояуы бар тілдік құралдар пайда болады.
Стиль - тілдің бәріне тән құбылыс. Стильдерді таптастыру мәселесі де тіл білімінде әлі тиянақты шешілмеген даулы мәселелерінің бірі. Стильдерді таптастырудың дәстүрлі, қалыптасқан, бұрыннан белгілі принципі жоқ. Тіл стильдері туралы қазір де әр түрлі көзқарастар бар. Адам тілді қатынас құралы ретінде өздерінің барлық жұмыс салаларында қолданған.
Сөйтіп, стилъ дегеніміз - өмірдің белдгілі бір саласында қолданылып, тарихи қалыптасқан тілдік құралдардың жүйесі.
Басқа тілдер сияқты қазақ тілінің де әр түрлі стильдері бар. Олар: сөйлеу стилі және кітаби-жазба стильдер.
Сөйлеу стилі. Сөйлеу стилі адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында пайдаланылады. Сондықтан, онда тілдің коммуникативтік функциясы баса сезіледі.
Сөйлеу стилі белгілі бір жағдайда тікелей жасалатын қатынас стилі болғандықтан, ол сөйлеудің ауызша формасымен тығыз байланыста. Ауызша сөйлеуде еркіндік басым келеді. Яғни үйреншікті жағдайда адамдар қысылмай еркін сөйлейді. Өйткені онда күнделікті өмірге байланысты мәселе сөз болады. Сондықтан сөйлеу тақырыбына сай тұрмыста көп жұмсалатын үйреншікті сөздер мен сөз тіркестері қолданылады. Біл сөйлеу - тіліне тұрмыстық сипат беріп, оны қарапайымдандырады.
Сөйлеу тілінің өзіндік ерекшелігін жасайтын айрықша белгісі - жағдайға байланысты сөйлеу мәнері. Сөйлеу мәнеріне қарай тілдік единицаларды қолдану өзгешелігі болады. Ол ерекшелік ең алдымен, ондағы лексика-фразеологиядан байқалады.
Өмірдің барлық саласында сөйлеу тілі кеңінен пайдаланылады, бірақ оның атқаратын қызметі және тілдік жүйенің пайдаланылуы бір текті болып келмейді. Солай болғандықтан сөйлеу тілін зерттегенде қолданылады.
Сөздердің ауыспалы мағынада қолданылу амалы сөйлеу тіліне мәнерлегіштік қасиет береді.
Ауыспалы мағынадағы бейнелі сөздер, сол сөз болатын зат не құбылысқа адамдардың жағымды не жағымсыз көзқарасын білдіру құралы болып саналады. Сөйлеу тілінің эмоционалдық касиеті басым болғандықтан, бұл құралдар сөйлеуде жиі пайдаланылады. Сонымен бірге, сөйлеу стилінде, әдетте, олардың көп қайталанып, тұрақталған түрлері жұмсалады.
Сөйлеу тілінде жұмсалатын ауыспалы мағынадағы сөздер де құрамы жағынан әр түрлі: қарапайым, тұрпайы және жалпылама қолданылдатын сөздер болып келеді. Ал жасалу жағынан метафора, метонимия және синекдоха т.б. жіктеледі.
Тілді бейнелі жасайтын құралдың бірі - фразеологизмдер. Оларға идима, мақал-мәтел, нақыл сөздер енеді. Бұл тұрақты сөз тіркестері көпшілік жағдайда сөйлеу тілі ынғайында жұмсалады.
Сөйлеу тілінің фразеологизмдері қолданылу ыңғайны қарай қарапайым, тұрпайы, жергілікті ерекшеліктегі және кәсіби болып жіктеледі.
Қарапайым: «ит жанды», «өзің білмейсің, білгеннің тілін алмайсың» т.б.
Тұрпайы: «ит жоқта, шошқа үреді», «сиыр су ішсе, бұзау мұз жалайды».
Жергілікті: жедел беру - ңұскау беру; бүйірін шертіп шығу - тойып шығу; бой қаққан - араласпаған т.б.
Кәсіптік: шопан ата таяғы, ашық сабақ, эфирге шығу, құлап қалу т.б.
Сөйлеу тілі диалогқа құрылады. Диалог репликалар тізбегінен тұрады да, қысқа, тұжырымды болып келеді. Сол сияқты, сөйлеу тілінің ерекше бір түрі - монолог. Монологты сөз өте күрделі ойға құрылып, әр түрлі тәсілмен жеткізіледі.
Мұнда кітаби - жазба стильдерге тән ерекшеліктер мен заңдылықтар қатал сақталады. Сондықтан монолог әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.
Міне, бұл айтылғандар сөйлеу тілінің жұмсалу аясы күн сайын кеңи түсіп, тұрмысқа әдеби сөйлеу үлгісі де еркін ене бастағандығын дәлелдейді.
Кітаби-жазба стильдер. Кітаби-жазба стильдер, осының алдында талдау жасалған сөйлеу стилі сияқты, өмірдің белгілі салаларында пайдаланылып танылған ұлт тілінің нақтылы түрі болып саналады. Олар әр саладағы атқаратын қызметіне қарай іс қағаздар мен ресми стиль, публицистикалық стиль, ғылыми стиль және көркем сөз стиліне бөлініп жіктеледі. Кітаби-жазба стильдердің былайша бір-бірінен ажыратылып бөліне бастауы қоғамдық ой сананың жоғарылығынан болады. Неғұрлым қоғамдық ой жоғары болса, солғұрлым ұлт тілінің маңызы артады. Бұл тұста, күнделікті сөйлеу мен кітаби-жазба стильдердің бір-бірінен ерекшеліктері айқындала түседі. Әдеби тілде сөйлеу, жазу талабы артады. Өйткені, «тек сөйлеу тілінің үлгісімен жазу - ол тілді білмегендіктен болып саналады». Сөйлеу тілі өзінің қоғамда атқаратын қызметіне қарай, белгілі бір шеңберде пайдаланылуы қажет. Кітаби-жазба стильдерде де, әсіресе, көркем шығарма мен публицистикалық шығармаларда да сөйлеу тілінің элементтері тек стильдік мақсатта жұмсалса ғана орынды.
Іс-кағаздары стилі мен ресми стиль. Қатынас құралының бұл түрлері де күнделікті өмір қажетінен туып, өз алдына орныққан бөлек жүйе болып саналады. Іс қағаздары стиліне әр түрлі мекемелерде жүргізілетін жазу үлгілері жатады. Іс қағаздары белгілі бір форма бойынша жазылады. Ол форманың түрлі үлгілері болады, Кеңсе іс қағаздарының үлгілеріне өтініш, сенім хат, қол хат, анықтама, мінездеме, шақыру хат, хабарландыру, протокол, қатынас қағазы, акт, рапорт, шарт, міндеттеме, бұйрык, есеп т.б. жатады. Іс қағаздарының әркайсысының бұрыннан белгілі бірыңғай сөздері мен сөйлем үлгілері болады. Іс қағаздары көбінесе, сол үлгі бойынша жазылады. Мұндай қағаздарды жазу онша қиынға соқпайды. Ол алдын ала танысып жаттығу, дағдылану арқылы менгеріледі.
Ресми стильдің көлем, мазмұны және жазылу формасы жағынан іс қағаздарының біраз ерекшелігі бар. Ресми қағаз белгілі бір қалыпқа түсіпе отырады, онда сөз қолданысы ерекше болады. Ресми стильде көбінесе заң, устав, үкімет органдарының қаулылары, Жоғары указдар, халықаралық шарт, келісім, үкімет хабарлары жазылады.
Публицистикалық стиль. Публицистика (латынша - көпшілік, әлеуметтік) - қоғам өмірі үшін маңызды мәселелерді талқылау деген ұғымда жұмсалады.
Публицистикалық стиль қоғамдық талапқа сай жазылған шығармалардың негізінде қалыптасады. Белгілі бір тілде публицистиканың өз алдына бөлек стиль болып қалыптасуы коғамдық сананың өскенін, артқанын көрсетеді. Тілдің басқа стильдері сияқты публицистикалық стиль де бірыңғай болып келмейді. Бірқатар лингвистер публицистикалық стильдің жазбаша мақалалар, памфлет, очерк т.б. шығармаларды, шешендік сөздерді публицистикалық стильдің ауызша түріне жатқызып жүр.
Публицистикалық стильдің жазбаша түрінің ең алғаш қалыптаса бастауы халықтың жалпы мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті мен экономикасына байланысты. Мәдениеті ерте дамыған елдерде публицистикалық жанр ерте қалыптасады.
Жазба публицистикалық баспасөз мәдениетінің өркендеп даму дәрежесін көрсетеді. Қазақ баспасөзі - Қазан төңкерісінің жемісі. Қазақстанда төңкерістен бұрын баспа орны атымен жоқ еді. Бірен-саран шыққан кітаптарда қазақ тілі бұрмаланып баслып жүрді. Қазақ тілінде ең тұңғыш басылған кітаптың бірі - «Қозы Көрпеш - Баян сұлу» (1816 жыл). Шоқанның, Ыбырайдың, Абайдың т.б. шығармалары Петербургте, Қазан мен Уфада, Орынбор мен Ташкентте шықты. 1913 жылы басылған азын-аулақ кітаптардың ішінде С.Көбеевтің «Қалың мал» романы, «Айна», «Қарлығаш» деген өлендері мен поэмалары Қазанда жарық көрді.
Ғылыми стиль. Ғылыми стиль - жазба стилінің бір түрі. Бұған қазақ тілінде әр салада жазылған ғылыми шығармалар жатады. Ғылыми стильде зерттеу объектісі болатын - зат не құбылыс ғылыми негізде сипатталып, дәлелдеуді қажет етеді. Ал, пікір дұрыстығын дәлелдеу үшін мұнда логика заңына, яғни дұрыс ойлау заңына сүйену қажет. Сондықтан, ғылыми стильде логиканың маңызы ерекше. Ғылыми шығармалар жалпы халықтық әдеби тілде жазылады. Бірақ тілдік тәсілдерді пайдалануда, оның өзіндік ерекшелігі болады.
Ғылыми стильдің лексикасындағы ерекшелік: сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады. Сөздің көп мағыналылығы, образды сөздер мұнда аз кездеседі. Ғылым салаларының ерекшелігіне қарай әр саланың арнайы термин сөздері болады. Мысалы, тіл білімінде лингвистика, лексика, фразеология, фонетика, семасиология, морфема т.б., физикада анод, вакуум, атом, атомдық салмақ, шама т.б.
Көркем әдебиет стилі. Көркем әдебиет стилі немесе көркем сөз - ойды және сезімді образ арқылы бейнелейтін айрықша өнер. Тіл көркем шығармада ерекше эстетикалық қызмет атқарады.
Тіл адам баласының іс-әрекеттерінің барлық жақтарын тегіс қамтиды. «Тілдің қимыл өрісі шексіз». Адам өз ойын жеткізу үшін ғана сөйлесіп қоймайды, көніл күйін, эмоциясын білдіру арқылы басқа адамдардың да сана-сезіміне әсерін тигізеді. Ол әсер сөйлеу тілімізде айтушының өз түсінігі бойынша, өз ойын тіл құралы арқылы жеткізе білуінен болса, көркем шығармалар - жазушының өмір тануына, дүние сезінуіне, көзқарасына сөл өмір фактісін жинақтап, қорытып бейнелі тілмен жазу мәнерінен болады. Сөйлеу тілімізде сөздер бұрыннан машықталған үйреншікті қалыпта жұмсалады, ал көркем шығармада сөздер сараланып, белгілі стильдік мақсатта қолданылады.
Көркем әдебиет сөз өнері ретінде ғана танылмайды. Ол өмір шындығын біліп тануымызға ықпал жасайтын, біздің өміріміздің эстетикалық жағын қамтитың қоғамдық құбылыс болып саналады. Сондықтан акад. В.В.Виноградовтың: «Көркем шығарманың тілін зерттеу мәселесі тіл білімінен де, әдебиет танудан да өз алдына айырмашылығы бар филология ғылымдарының айрықша бір бөлек саласы болуға тиіс» деген пікірді алға тартады.
Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау сұрақтары:
Стилистика пәні нені қарастырады?
Стилистика пәнінің зерттейтін объектісі не?
Стиль дегеніміз не?
Стилистика пәнінің зерттейтін салалары қайсылар?
Тірек ұғымдар:
Стилистика – стиль туралы ғылым.
Стиль – белгілі бір тілдегі лексикалық, грамматикалық және фонетикалық тәсілдердің қолданылу принциптері.
2-лекция
Тілдің құрылымдық стилистикалық бояуы, оның түрлері.
Функционалдық-стильдік және эмоционалдық-экспресивтік бояулар. Тілдің стилистикалық бейтарап құралдары, тілдің стилистикалық тұрқын қалыптастырудағы олардың ролі. Стилистикалық мағына, оның табиғаты. Стилистикалық парадигматика мен синтагматика. Стилистикадағы пішін мен мазмұндық жақтар. Стилистикалық синонимдер.
Пайдаланылатын әдебиеттер:
Балақаев М., Жанпейісов Е., Томанов М., Манасбаев Б. Қазақ тілінің стилистикасы. – Алматы, 1974.
Томанов М. Қазақ тілінің тарихи грамматикасы. – Алматы, 1974.
Балақаев М., Сайрамбаев Т. Қазіргі қазақ тілі. – Алматы, 1988.
Исабаев А. Қазақ тілінің стилистикасы пәнінен лекция мәтіңдері. -Ташкент,2000.
Әрбiр мәтiн өзiнше бiрегей, алайда функционалды стиль белгiлейтiн белгiлi бip зандылықтар бойынша мәтiн қандай жанрға жататындығына, оның басты коммуникативтi мiндетiне қарай және тематикалық құрылысына қарай құрылады. Мәтiннiң тематикалық құрылысы бiрыңғай емес, ол өзара байланысқан, соның iшiнде микротемаларды (толық анықтама, шектеулi суреттеу объектiсi) және макротемаларды (бip-бipiмeн байланысқан ойталқы жағдайларының жиынтығы, дискурс; өзара байланысқан дискурстер, мәтiн параграфтары, бөлiктерi) қамтылатындығын Г.В. Колшанский баса айтады. Микро және макротемалар бip-бipiмeн микро және макроқұрылымдық байланыста болады. Алайда микромәтiн мен макромәтiн және микроқұрылым мен макроқұрылым арасында тура пропорционалды байланыстылық жоқ: абзац макроқұрылым ретiнде көп тематикалы да монотематикалы да бола алады.
Кез келген мәтiн оның құрылымдық және семантикалық ұйымдасуы тұрғысынан қарастырылады. Қаралатын екi аспектi де бiр-бiрiмен өте тығыз байланысты және тiлдiк деңгейдегi элементтерi мәтiн ұйымдасуының құрылымдық та, семантикалық та тәсiлдерi ретiнде қызмет ете алады. Мысалы, лексикалық қайталама тiзбегiнiң құралы ретiнде мәтiннiң семантикалық ұйымдасуына қызмет етедi. Алайда сол лексикалық қайталама сөйлем iшiнде бipiнeн соң бipi келiп, сөйлемдер арасында тiзбектелген синтаксистiк байланыстың құралы болады.
«Мәтiннiң семантикалық ұйымдасуының денотативтi аспектiсiндегi бipлiгi белгiлеу (немесе номинация), ол тiлдiк элемент пен өзi көрсететiн тiлден тыс объект арасындағы байланыс», - дейдi В.Г. Гак. Аталған объект тұрғысынан бip объектiлi және әр түрлi объектiлi номинацияларды ажыратуға болады. Екеуi де мәтiннiң семантикалық ұйымдасуына қатынасады.
Бipiнiң артынан бipi келген сөйлемдерде сол бip ғана объектiнi немесе объектiлер арасындағы қарым-қатынасты білдiретiн сөздер мен сөз тiркестері мәтiннің семантикалық ұйымдасуына ықпал етедi. Лексикалық бiрлiктер немесе сөз тiркестерiнiң арасында семантикалық эквиваленттiлiк қатынас болады, олар немiс мәтiн зерттеушiлерiнiң еңбектерiнде «топиктер» деген атқа ие болған. Топиктер мәтiнде «топиктер тiзбегiн» құрайды. Ал Кеңестер Одағының лингвистерi көбiнесе «номинациялық тiзбек» терминiн қолданған, осының нәтижесiнде мәтiннiң семантикалық ұйымдасуы iске асады. Әрбiр мәтiнде әр түрлi объектiлi номинациялар негiзiнде бiрнеше номинациялық тiзбектер түзiледi, олардың жиынтығы мәтiн изотопиясын жасайды. Номинациялық тiзбек элементтерi бip-бiрiмен синтагматикалық емес, парадигматикалық қарым-қатынастық байланыста болады.
Э.Агрикола топиктердiң жасалуының төмендегiдей тiлдiк тәсiлдерi мен топиктiк тiзбектерiн көрсетедi:
1. Сөздер мен сөз тiркестерiнiң қайталамасы: мысалы: Күн ұзаққа Айдарбектiң үйi ұрыспен болды. Бұрын мұндай ұрыс болғанда, аяқ жағы таяққа тiрелiп, Зейнептiң етiне көбiне таңба түсiп қалатын. Ұрыстарының көбi болмашы нәрседен шығатындықтан, Зейнептiң сөзi Айдарбекке кей кездерде өстiп келiп, тебелессiз де жарасып кете берушi едi.
Бүгiнгi ұрыстары зiлдiрек (Б.Майлин).
2. Түрлендiрiлген қайталама.
Әжемнiң ашуы жама-ан, - дедi бала ұртын томпайтып, - Жүрсейшi, көкем күтiп қалатын болды ғой. - Өй, күшiк, күтсе неғушы едi, - дедi шал. - Барамыз да.
3. Есiмдiктi қайталама немесе зат есiмдi есiмдiкпен алмастыру (субституция).
Таңертең Апам екеумiз жаяу жолға шықтық. Күн ала бұлтты болғанымен, қапырық ыстық едi. Бiз Қаражердегi шiлiкке салған картошка алқабына жеткенде, күн түске айналған [О.Бөкеев].
4. Эллипстiк қайталама (сөз тiркестерiнiң бip компонентi түсiп қалады).
Үлкен апам Шолпан қоңыр сиырды соғымга сойған жылы қыста күйеуге қашып кеттi. Қашып кеткенде де басқаға емес, жуықта әскерден оралып, ауылда шофер болып жүрген баяғы бекетшi шал Қашыбайдың көп ұлының бipi - бадырақ көз, төртпақ Әутәлiп алып қашып кeminmi (О.Бөкеев).
5. Синонимдiк iлiп әкету:
а) узуальды синонимдер:
Бек ашуланып, бұрқ-capқ қайнайды: «Ойлыбайдың көзiн құртам, елiн шабамын!» деп бүлiнедi (Оразбек Сәрсенбаев. «Қара бура»).
а) бiрiккен сөздiң бip компонентi түрлендiрiлуi мүмкiн.
Сансыз құстардың саңғырығымен түйежапырақ ақтаңдақтанып жатар едi. Жапырақ саңғырықпен қоса шiрiп, топыраққа сiңiп, жердi тыңайта беретiн (Ш.Мұртаза).
б) кipicтipy (гиперо-гипонимдiк) қатынасымен байланысты сөздер қолданысы:
Әуелi майда шiлiк қиылды. Содан сүмбiл тал, мәжнүн тал, сөгетi тал сөгiлдi (Ендi киiз үйге уық-кереге қайдан болсын!). Артынан ақ терек, көк терек қырқылды. Ал айналасы тып-типыл жалаңаштанып, жалғыз өзi аспандап қалган Байшынарға балта шабуға ешкiмнiң батылы бармады (Ш.Мұртаза).
в) тематикалық немесе семантикалық ортақтығына қарай байланысқан сөздер қолданысы:
А.йдардың қолынан бәpi де келетiн боп шықты. Сыңар iшекпен шертiп танго ойнады, қос iшектi кезек ұрғылап фокстрот тартты, үш iшектi бiрдей безiлдетiп вальске басты. Ал көңiлдерi өскен жастарға не тартылса да кұп едi. Бiреулерi вальсте жүрсе, бipeyлepi чарльстон, твиске көшкен. Музыка әуенiмен үйлесе ме, жоқ па оған ешкiм қарамайды. Әркiмнiң өз қалауы (М.Мағауин).
г) антонимдер қолданысы:
Қолын жазып шалқасынан жатты. Қыз ойланған да жоқ, қымсынған да жоқ. Жiгiттiң кеудесiнен құшактап, төсiне басын сүйеп, бiр жамбастай қисайды. Жiгiт аспанға қарады. Бұлтсыз, бозғыл көк. Жұлдыздардың өңi қаша бастаған. Таң жақын (М.Мағауин).
6. Перифраз-топик элементi:
Өстiп екеуi ауылдан ұзап кете беретiн.
Ол кезде шалдың тағы бiр пipi - Сапарбектiң қарадомалақтары едi. Олар да ылғи «аталап» елпiлдеп тұрушы едi, бала көңілi де бiрдеңенi сезе ме, Аппаққыздың қазасынан кейiн тiптi шалды көрсе, айрылмайтын болған (Қ.Найманбаев).
Топиктiк қарым-қатынастағы (номинациялык тiзбектер)
түзлiстерде нeгiзгi рөлдi зат есiм, есiмдiк және зат есiмнен жасалған сөз тiркестерi атқарады. Осыны мысалмен түсiндiрсек:
Ұзын кең өлкенi қаптай басқан қарағанның ортасында терең, құз жар бар. Соның бас жағында итмұрынды қалың жыныстьң арасында қасқыр iнi бар. Жақын елге мәлiм ескi iн. Жазға салымнан берi сонны екi қасқыр келiп мекен еттi. Бұрын итмұрын жанындағы кiшкентай алаңда кеңдiгi кici сыйғандай үш үлкен iн болатын. Биыл жас топырағы жағасында дөңкиiп, тағы бip жаңа iн шыққан. Бәрiнiң ауданы бip, жер астынан қатынасы бар.
Маңайы қасқырдың ойнағы. Жас шөптер басылып, тапталып қалған. Жақындағы қарағандарда қасқырдың ақ жүндерi көрiнедi. Қыстан қалған mүбimi қазiр де әр жерде сөйтiп жұлынып қалып жүр. Iндердiң орта жерiнде екi қалың сасыр шайқалып өсiптi. Қазiр де соның түбiнде қысқы жүнi әбден түлеп болмаған ақ қасқыр жатыр. Баурында кiшкентай көк күшiктерi қыбырлайды. Жарқыраған қызулы күн бойын ерiтедi. Көзi бip сығырайып ашылып, бip жұмылып қалғуға кетедi. Иiген емшектерi жыбыр-жыбыр тартылады. Төбесiнде сасыр шайқалып ырғалады. Маңайдағы қараған мен итмұръгн бастары қозғалақтайды.
Бiр мезгілде бас жағынан сатыр-сұтыр, сырт-сырт сынған ши, тобылғы, қу шөмшектер дыбысы келдi де, eciн жинағанша бiрдеме қасына тасырлатып келіп қалды. Атып тұрды... Баурында көк күшiк шашылып-төгiлiп, ұмар-жұмар домалап қалды. Тұрғанда «арс» етiп, ақ тiстерi ақсиып, ырылдай түрегелдi.
Дәл сол кезде түп қарағаннан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете түстi. Соның артынан секiрiп шыққан – көк шолақ. Ентiккен, көбiк аққан тұмсығымен ақ қасқырды айнала иiскеп, әр жерiн жалап алды. Содан соң жерде үйелеп қалып, тыпырлап жатқан қозыны көре сала «ырр» етiп барып бас салды.
Қозы екi қомағай ауыздың кергiсiнде қан жоса болып дар-дар айырылды. Сырт-сырт emin жас сүйек сынды. Қапаш-құпаш қорқ-қорқ emin қомағай қанды ауыздар асайды. Тұмсығы мен бастары, мойын жүндерi қып-қызыл болған қа.сқъгрдың жасыл көздерi от шашады.
Аз уақытта екеуi қозының орнын ғана иiскелеп қалды. Ендi бiразда көк шөпте әрлi-берлi аунап-аунап, керiлiп тұрып, жегендерiн құса бастады.
Алдымен туған, көзi ашылған күшiктер жемденiп жатыр. Eң соңғы туған екi күшiк бауырын көтере алмай, тырбаңдап жатыр едi, ендi оларды бауырына алып емiзе бастады (М.Әуезов).
М.Әуезовтiң «Көксерек» әңгiмeciнeн алынған үзiндiде қасқыр жайында айтылып, көп мүшелi номинациялық тiзбек құрылады, ең бipiншi элемент әңгiменiң атын білдiредi.
Ол әңгiменiң нeгiзгi тақырыбын белгiлейдi. Тiзбектi бiрден объект номинациясы - қасқыр iнi - бастайды. Ары қарай құрылысы жалғасады: ескi iн - (жақын елге мәлiм) - екi қасқыр мекен emmi – үш үлкен ін болатын - жаңа iн - ақ жүндерi - қыстан қалған mүбimi - қысқы жүнi әбден түлеп болмаған ақ қасқыр – көк күшiктерi - жас қызыл қозы – көк шолақ - қозы... дар-дар айырылды - қапаш-құпаш қорқ-қорқ emin қомағай қанды ауыздар асайды - аунап-аунап, керілiп тұрып жегендерiн құса бастады - алдымен туған көзi ашылған күшiктер – ең соңғы туған екi күшiктi - оларды бауырына алып емiзе бастады. Осы номинациялык тiзбекте қайталаманың әр түрлi қолданысы: жай (қасқыр iнi - ескi iн), турленген түрi (ескi iн – үш үлкен iн -- тағы бip жаңа ін), есiмдiктенген (екi күшiктi - оларды), эллипстiк (екi қалың сасыр -- сасыр, қызыл қозы – қозы), антоним (ақ қасқыр – көк шолақ, алдымен туған - соңғы туған). Номинациялық тiзбектер - қысқы жүнi әбден түлеп болмаған ақ қасқыр және көк шолақ -- әңгiменiң семантикальк бекiткiшi болады.
Kiшi формалы шығармаларда (қысқаша әңгiме, эссе, өлец) мәтiннiң негiзгi тематикалық дiңгегiн құрайтын екi-үш номинациялық тiзбектермен берiледi, ол мәтiндiк тұтастықтың семантикалық ұйымдасуына тән. Олардың шеңберiнде топиктiк тiзбектер орналасады, жеке-жеке микротемалар соларда iске асады. Бұл топиктер мәтiннiң тек белгiлi бip бөлiгiн ғана қамтиды, кейде олар бip сөйлем көлемiнде топталyы мүмкiн. Ә.Кекiлбаевтың «Тасбақаның шөбi» әңгiмесiнен үзiндi келтiрейiк:
Сол жылғы күзде Оңбай басқармалыққа сайланды. Бiр аяғы үзеңгiде, екi балдағы ердiң артында өңгерулi. Шолақ аяқ басқарма ойда жоқта төбеден түсе қалады. Жұрттың көрмесiн көрiп, бiлмесiн бiлin отырады. Ол дегенде бұрын аузын ашып, көзiн жұматын ел ендi жағаларын ұстайды. Орақшы әйелдер басқарма үстiмiзден шығып қала ма деп, бұрынғыдай шөмеле түбiнде бipiнiң бipi басын қарап бepemiндi қойды. Қырманшы шалдар астық бастырып бiткен күнi қырман түп деп ырым қып жұрттың етегiне бip-бip уыс бидай түйin жiберетiндi тоқтатты. Кеңседегiлер де аяқтарының ұшынан басады. Ауданда заемды бipiншi боп орындайтын Оңбайдың колхозы. Тiптi бойдақ салық екеш бойдақ салық та Оңбай келгелi бipiншi боп орындалады. Оңбайдың тұсында жыл он екi ай бос жататын ала қырға мал жайылды. Оңбайдыц тұсында арқар мен киiктен басқа аяқ баспаған бөpiлi түздерге орақ түcmi. Оңбайдың тұсында сай-сайдың аяғына тоған тұрғызылып, арпа, бидай, тары егiлдi. Оңбайдың тұсында бұл ауылдан алдына ат салдырмаған бәйге жирен шықты. Оңбайдың тұсында еңбеккүнге ақша берiле бастады. Оңбайдың тұсында қабырға газет екеш қабырга газет те уакытылы шығып тұрушы едi. Оңбайдың тұсында Қарабала екеш Қарабала да жиналысшыл болып алып едi. Басқарманың мүшесiсiң дейдi ме, әйтеуiр, күнара кеңсеге шақырып жатыр деп бiр қара сирақ шауып келедi де тұрады. Бiрақ ауыл түгіл бүкiл ауданды дүбiрлеткен «шолақ аяқ басқарманың» дәуренi бәpiбip келте болды.
Бұл үзiндiде басты кейiпкер Оңбай басқарма туралы айтылады. Автор кейiпкердiң сыртқы бейнесiн «шолақ аяқ басқарма» деп қана оқырманға таныстырып өтедi, бiрақ оның өзi тiкелей ic-қимылға араласпайды, оның жұртқа не жасағаны, қандай тыйым салғандығы басқалардың (орақшы әйелдер, қырманшы шалдар, кеңседегiлер) әрекетi арқылы берiледi (бұрын-ендi, аузын ашып-көзiн жұматын ел жағаларын ұстайды), тағы да басқа детальдармен толыға түседi (заем, бойдақ салық, мал жайылымы, орақ mүcipy, бәйге, ақша, қабырға газет), осылар әңгiменiң семантикалық ұйымдасуына қызмет етедi.
Кез келген мәтiндiк бүтiн төменгi деңгейдегi семантикалық және синтаксистiк тұйықталған құрылымның мейлiнше ең жоғарғы деңгейдегi құрылымға кipiryiнiң жалпы принциптерi бойынша қалыптасады. Мәтiннiң құрылымдық бiрлiктерi туралы мәселе әрқашан айтыс туғызса да, мәтiннiң ең кiшi өз алдына дербес бipлiri сөйлем екендiгi белгілi. Мәтiндiк бүтiннiң схемалық құрылымын былайша көрсетуге болады: сөйлем абзац - тарау – бөлiм –мәтіндік бүтін. Абзацтағы сөйлемдер және абзацтар өзара тек қана логикалык және тематикалық деңгейде емес, сонымен қатар тiлдiк деңгейде де байланысты болады. Мәтiндегi сөйлемдер арасындағы нақты тілдiк байланыс тәсілдерi арнаулы әдебиетте айтылады. Абзац iшiндeri сөйлемдер арасындағы және абзац арасындағы байланыстың iске асуының жалпы принциптерiне ғана токталайық.
1.Шынжыр бойынша байланыс. Шынжыр бойынша байланыста әр сөйлем келесi сөйлеммен сөйлем құрылысының тiлдiк элементтерiнiң бipi арқылы iлiгeдi. Мысалы: Ол кезде мен бала едiм. Апам жастау едi. Әке-шешемiз қиыр жайлап, шет қонып мал соңында жүретiн де, айында-жылында ғана болмаса, бет-жүзiн үнемi көре бермейтiнбiз. Соғыстан кейiнгi жылдарда есiн жиып, езiлген еңсесi көтеріле бастаған елдiң берекелi де бейбiт тipлiгi жар жағасында отырған жалғыз үй әрине бiзге де ортақ. Қoc бөлмелi шатырланбаған
тоқал ағаш тамның маңайы қысы-жазы жыбырлаған, айғайлап шулаған балалардың базарына айналатын. Бiздiң үйден тас лақтырым жерден арқырап ағып жатар ағыны қатты Бұқтырма - жаз шыға суға шомылған, қыста сырғанақ тепкен баланың жер-көктi шарқ ұрып шарласа таба алмас қызыққа толы мекенi едi. Тоң боп қатқан пимасын, сүңгілесе су болған көйлек-дамбалын бiздiң үйге келiп кenmipemiн. Сонда Апам менiң ғана емес, мұым ауыл балаларының абзал анасы сықылданатын (О.Бөкеев).
Бiр абзацтан тұратын осы бүтiнде бipiншi сөйлем екiншi сөйлеммен одан әpi (мен - апам - әке-шешемiз) арқылы байланысып, келесi тiзбек (жалғыз үй - бiзге) тематикалық ілеспе сөздер (қос бөлмелi шатырланбаған тоқал ағаш там), содан ағыны қатты Бұқтырма - қызыққа толы мекен, осылардың бәpi ортақ «абзал ана» жалпы семасына келiп бipiктipiлeдi. Шынжырлы байланысқа 1) езiлген еңсесi көтерiле бастаған ел - балалар базары; 2) жаз шыға - қыста түрлерi (соңы - келесi сөйлемнiң басы), ал келесi абзацтың басы алдыңғы абзацта бар бip элемент болуы мүмкiн.
2. Параллель байланыс. Сөйлемдер арасындағы байланыстың екiншi принципi - жарыспалы байланыс. Бұл байланыста сөйлемдер бiр-бipiнe iлiктеспейдi, конструкциялардың лексикалық толымдылығына сәйкес қарама-қарсы қойылады. Мысалы: Қауынды көп жейтiн Тарбан қатты қызылсыраған. Бiр күнi шекесi шағып, ыстық iздегенде, eciнe көк серкесi mүcmi. Көк егiн ақырамаш болған соң соймақ бордақсысы едi.
Ендi тым ерте союға iшi қимай, дағдарысқа ұшырады. Тамның көлеңкесiнде шекесiн ұстап, ұзақ ойланып отырды. Таяқ тастам жерде өзен ағып жатты.
Осы өзен бойын бұл атырап «ылди» атайды. Ал өзеннiң үстiнен қарайтын сонау дөңдi «қыр» атайды. Ылдида - диқандар да, қырда - шаруалар.
Осы екеуiнiң, ылди мен қырдың арасы бiр-ақ көштiк болса да, процестерi басқа. Tipлiгi түрлiше! (Т.Әлiмкұлов).
Бүтiн мәтiн (әңгiмеден алынған үзiндi) жарыспалы байланыс принципiне құрылған. Әрбiр абзацтағы бip сөйлемнiң келесi абзацта параллель құрылымы бар. Олар: Бiр күнi шекесi шағып, ыстық iздегенде, есiне көк серкесi mүcmi. Тамның көлеңкесiнде шекесiн ұстап, ұзақ ойланыn отырды. Бұлар бағыныңқы сабақтас сөйлемдердiң басыңқы сөйлемдерi. Келесi абзацтарда параллелизм күшейе түседi, абзац басындағы «осы» сiлтеу eciмдiгi оған мағына үстейдi. Осы өзен бойын бұл атырап «ылди» атайды. Ал өзеннiң үстiнен қарайтын сонау дөңдi «қыр» атайды сөйлемдерi лексикалық құрамына қарай сәйкес және бip-бiрiне қарама-қарсы қойылған, ол жердi мекендеушiлердiң тұрмыс-тіршілiгi де түрлiше деп автор қорытындылайды.
Сонымен, қарама-қарсы қою қатынасы мен қарама-қарсы қоюшылық жеке сейлемдердi де, сол сияқты абзацтарды да байланыстырады. Параллель байланыс ең алдымен синтаксистiк тәсiлдер арқылы iске асады. Сөйлем не абзац басындағы анафора, жартылай немесе тұтастай лексикалық құрам сәйкестiгi, жеке сөйлемдер арасындағы жалпы байланыс принципi, бiрыңғай уакыттық меже немесе шақтық формалардың орналасуындағы симметрия мәтiн құрылымындағы параллелизмдi күшейте түседi.
Параллель байланыстың бip түрi қарама-қарсы қоюшылық, болымсыздық, жоққа шығарушылық мағына беретiн сөздердi, есiмдiктердi параллель құрылымдарға енгiзу, құрылымды антонимдiк элементтермен лексикалық толтыру, айтылатын ойдың модальдылығын қарама-қарсы қою арқылы iске асады.
Мәтiн құрылысында байланыс принципiнiң осы екi түрiнiң тiркесуi жиi кездеседi. Олар бiр абзац iшiнде немесе абзацтар арасында байланыс тәсiлдерi ретiнде тiркесiп келуi мүмкiн. Кейде абзацтар өзара параллель байланыспен келiп мәтiндiк құрылым түзедi, ал абзац iшiнде шынжыр бойынша байланыс басым түсуi мүмкiн (керiсiнше, болуы сирек кездеседi).
Мәтiн прагматикасы жөнiндегi қaзipri кездегi зерттеулер коммуникация актiсiнiң нeгiзгi автор – мәтiн - оқырман үш элементтерiнiң ара қатынасына арналады, соның iшiнде мәтiн, көркем мәтiн кейiпкерлерi туралы кең ауқымды зерттелген теориялар бар, ал коммуникацияның тiкелей қатысатын мүшесi оқырман туралы айтылмақ мәселелер көптеп саналады.
А.Толстой: «Оқырман ол менiң ic-тәжiрибемнен, бiлiмiмнен туындайтын әлдекiм, ол менiң шығармамның тақырыбымен бiрге пайда болады. Оқырманның мiнез-құлкы және оған деген қатынасы суреткер шығармашылығының пiшiнi мен үлес салмағын шешедi. Оқырман - өнердiң құрамдас бөлiгi», - деген.
Дүкенбай Досжан: «Көркем, тipi сөз - адам мiнезiн ашумен, тағдырын таратып суреттеуiмен ғана құнды. Мiнез айнасы болмаса - ол жазғаның көпсiген сөз ғана. Сол мінез иелерi заманына сай ма? Қаншалықты терең ашылды? Тағылымы неде деп қарасақ қана – көркем сөздiң қажеттiгi, өмiршеңдiгi келiп туындайды. Қай-қай жазғандарымда қарапайым, аңғал, кеңқолтық, намысқой, мәрт,
еңбекқор, өз тағдырын өзi жасаған мiнез иелерi шүйiркелесiп табысып жатса - оқырмандарымның көңiлiнен шыққаным, - деп ағынан жарылады.
«Әдебиет - адам мiнезiнiң айнасы. Сол мiнезден туындайтын шаргездiк, шырғалаң көркем шығарманың өзегi болып жатады. Ал, темiрқазық идея дегенiмiз қолға ұстаған компас секiлдi, қазақшалап айтсақ - жол нұсқау. Шығарма идеясыз жазылмайды».
Мәтiн, оны оқу және оны оқитын оқырман әрекетгерiнен бөлек те iске асады деген және оқырман ол өзiнен-өзi түсiнiктi сияқты болып келген пiкiр қалыптасып кеткен. Алайда соңғы кезде «оқырман» феноменi тек қана психологгер мен психолингвистердiң ғана емес, сонымен қатар мәтiн-лингвистерiнiң де назарына iлiгe бастады. Сөйтiп, таным-бiлiмнiң жеке саласы болды, оның мақсаты оқырман тарапынан қайтаратын жауап, әpeкeттi зерттеу, «оқырман» ұғымын түсiну, оныц перспективасын, мәтiндегi орнын анықтау үшiн жасалатын белгiлi бip әрекеттер болып табылады. Талданып отырған нысанға байланысты зерттеушілердiң терминдерiнiң әртүрлiлiгi зерттеу критерийлерiнiң әртүрлiлiгiне байланысты түрлiше термин ұсынған, «имплициттi оқырман» (У.Бут, В.Изер) десе, Дж.Каддер – «өте оңды оқырман» дейдi, М.Риффатер – «оқырман үстiндегi оқырман» (надчитатель), Х.Джосс – «нақты оқырман», В.Изер – «гипотетикалық оқырман» (оқырманнан асқан оқырман), У. Эко – «оқырман – модель», Р.Брук-Роуз – «кодталған оқырман», С.Фиш – «құлақтандырылған оқырман», Ч.Гибсон – «жалған оқырман», Дж.Принц – «баяндауды қабылдаушы оқырман», Н.Холланд – «көркем мәтiн оқитын оқырман», Э.Вольф – «оқырман» т.б. түрлерiн ажыратады. Көркем мәтiндегi оқырман перспективасын анықтауда зерттеушiлердiң ұстанған теориялық бағыттарының көп тараған спектрi, Л.Виттгенштейннiң бейнелi айтуынша, физикалық сипаттамалары жағынан әр түрлi болса да, бiр-бipiнe әйтеуiр ұқсайтын отбасы мүшелерi сияқты деп түсiндiредi.
Сонымен, «оқырман» мәселесінен айналысатын ғылыми категориялар көп жағдайда сәйкес келедi, кей жағдайларда зерттеу мақсаттарына қарай түсiнiксiз немесе жеткiлiктi нақты болмауы мүмкiн.
С.Р.Сулейман «Мәтiндегi оқырман» деген еңбегiнде «оқырман» категориясын зерттеудегi алты амалды атайды: риторикалық, семиотикалық, феноменологиялық, психологиялық, социологиялық және герменевтикалық, осылардың әрқайсысы өзiндiк ерекшелiктерi бар және басқаларымен байланысты болады.
Мәтiн мен оқырман, олардың арасында пайда болатын өзара әрекет және осыларда оқырманның эстетикалык реакциямен байланысты құрылатын әдеби коммуникацияның теориясына негiз қалайды. Мәтiннiң өзiнен туындайтындықтан, ол эстетикалық деп аталады, оқырманның информацияны қабылдауы және одан алған әсерiн қайта өңдеуден өткiзу процесiне түсуiне мәжбүр ететiн әрекет оқырманды адаптацияға түсуге және өзiнiң әлем тануын айыра бiлуiне әкеп соғады. Сол себептi В.Изер ұсынған эстетикалық әрекет теориясы мен эстетикалық қабылдау теориясының ара-жiгiн ажыратып алу қажет. Эстетикалық әрекет теориясы мәтiнде берiлген ситуацияларды өңдеуден өткiзу мен түсiну мәселелерімен шұғылданады. Ал қабылдау теориясы әрқашан да нақты бар оқырманмен байланысты, соларға қатысты болады.
Мәтiнде ic-әрекетке жауап қайтарылатын теорияның тамырлары болады, қабылдау теориясы оқрманның ойталқы жасау негiзiнде iске асады. Көркем мәтiндi талдау теориясы оқырмансыз мүмкiн емес. Жоғарыдағы терминдердi атағанның өзiнде, ол қандай оқырман деген сұрақтың туындауы өзiнен-өзi түсiнiктi. Шын мәнiндегi және оқырманнан асқан оқырманмен байланысқан теорияны қолданатын мүмкiндiктердi бұзатын әр түрлi ұғымдар өз бойларында белгiлi бiр шек сақтайды. Мәтiн арқылы пайда болатын көркем шығарма эффектiн және оқырманның жауап ретiнде қайтаратын реакциясын анықтау және түсiну үшiн оқыман туралы ұғымды енгiзу керек, берiлген әсердi қамтамасыз ете алатындай алғы шарттары бар, ол сыртқы ортаның эмпирикалық жолмен пайда болмаған алғы шарты болуы, керiсiнше, мәтiннен туындаған алғы шарт болуы керек, мiне, тек осындай оқырманды мәтiнде құрастырылған имплициттi оқырман ұғымы сипатталатын сияқты, ол нақты оқырманнан айырмашылығы бар, ондай оқырманға үзбей оқиты н қауымды жатқызуға болады.
Кiтап оқу процесiнiң басқа коммуникация түрлерiнен көзге түсетiнi және басты ерекшелiгi - бетпе-бет қарым-қатынас ситуациясының болмауы, бұл басқа коммуникация түрлерiне қарағанда ерекше көзге түсетiнi және басты ерекшелiгi. Мәтiн қарым-қатынасқа түсетiн әр оқырманның ыңғайына қарай икемделе алмайды. Сөйлеушiлер бip-бipiнiң қалай түсiнгендерiн бiлу мақсатында тiкелей қарым-қатынаста сұрақтар қоюға мүмкiндiгi болады, ал оқырман өзiнiң түciнiгiнiң нақты не нақты еместiгiне мәтiннен бiле алмайды. Сонымен қатар тiкелей қарым-қатынастың үнемi реттеп тұратын мәнмәтiнi болады. Мәтiн мен оқырман арасындағы қарым-қатынаста осындай жөн сiлтейтiн материал болмайды, керiсiнше, қарым-қатынасты реттеп тұратын кодталган сигналдар бip ортаға бағытталып, тұтастыққа жинақталып немесе реципиенттiң көру суретiн қалыптастыру үшiн көп жағдайда қайта құрастырылуы мүмкiн болған болар едi. Реципиенттiң бар екенiн көрсетiп анықтайтын, мәтiндiк құрылыста имплициттi оқырман ұғымы не дегенге жауап беретiн және мәтiндi түсiнуге көмектесетiн элементтер жүйесi де осылар.
Шын мәнiндегi нақты оқырманға белгiлi бip рөл бөлiнедi, ол «имплициттi оқырман» ұғымының мәнiн бiлдiредi.
Көркем мәтiн негiзiнен автордың әлем көpiнici перспективасын көрсетедi. Сонымен бipгe оқырман нeнi елестете алатынын сезiп бiлуге жол ашады және автор көзқарасын бiлдiретiн бiрнеше перспективалардан құралады. Әдетте, төрт түрлi негiзгi перспектива түрлерiн атауға болады: баяншы, кейiпкер, сюжет және жалған оқырман, маңыздылық дәрежесiне қарай бip-бipiнeн айырмашылықтары арқылы ажыратылады, бipaқ мәтiн мағынасымен ұқсаса алмайды. Олар (перспективалар) мәтiндi әр түрлi бағыттан (баяншы, кейiпкер т.б.) әрекетке араластыратын көрсеткiштермен қамтамасыз етедi, олар бiр-бipiнe еркiн өте отырып, мәтiннiң мағынасын бiлдiретiн барлығына ортақ бip жерде түйiсетiн нүктесi болады. Сонымен, оқырман рөлi үш басты компоненттермен: әр түрлi перспективалармен, оқырманның оларды бiрiктiретiн басым бағытымен және олардың мәтiнде бiрiктiрiлетiн нүктесiмен анықталады. Осы модель бiр мезгiлде мәтiнде көрсетiлген оқырман мен жалған оқырман рөлiнiң тең еместiгiн әйгiлеп көрсетедi. Жалған оқырман рөлiнiң құрамды бөлiгiнiң тек бөлшегi ғана бола алады, оның көмегiмен автор болжаулы оқырманның басқа перспективалармен өзара қарым-қатынасқа ыңғайын ғана аша алады. Мәтiн ұсынатын рөлдi iске асырушы ретiнде имплициттi оқырман ұғымы ешуақытта шын оқырманның абстракциясы бола алмайды, керiсiнше, автор мен оқырман арасында толық түсiнушiлiктi орнататын құбылыс екенiн көрсетедi. Егер оқырман проекциясы мәтiнге өз үстемдiгiн көрсетпесе, сонда ғана осы әрекет өзгерiске түседi, «адасқақ көзқарас» (В.Изер терминi) дәрежесiн қабылдап, үнемi өзгерiске түседi, ол ешуақытта перспективалардың бipiнe де телiнбейдi оның мәнi тек осымен түсiндiріледi, керiсiнше, олардың арасында әрекетке шығып тұрады, нәтижесiнде осы перспективалардың қосындысын бередi. Белгiлi бip көркем шығарма оқу фазасында оқырман көзқарасы кейiпкерлердiң бipeyiнiң iшкi перспективасында сақталып, содан ол автор перспективасына ауысады, бipaқ ол басында кейiпкер перспективасымен берiледi, осы екеуiнiң көзқарастары қиысып, оқырман перспективасын құрайды. Соңғылары нағыз оқырманға қажет мәтiндi түсiнуге көмектесетiн алғы шарттарды қалыптастырады.
Оқылым бұл мәтiн арқылы басқарылатын әрекет, ол оқырман арқылы iске асады, ал мәтiн осы процестiң нәтижесiне байланысты, соған тәуелдi. Мәтiн мен оқырман арасындағы өзара әpeкeттi суреттеу қиын, бiрақ атқарылатын процесс, ол қарым-қатынасты басқарудың жалпы принциптерiне, сонымен қатар мәтiн мен оқырман ара қатысының спецификалық сипаттамаларына да байланысты.
Көркем шығарма оқу арқылы оқырман әдебиеттiң мол қазынасына кiрiп, әдеби жетiстiктердi бағалап, бойында құрметтеу қасиетi қалыптасады. Мәтiндер әлеуметтiк-бағыттық, елтану және кәсiби тақырыптарға арналуы мүмкiн, сондықтан оларды талдау коммуникативтi-стилистикалық, лингвистикалық елтану және филологиялық сипатта болады.
Тек қана тiлдiк информация емес, сюжеттi информация алу үшiн және жазушының шеберлiгiне тәнтi болу үшiн бейненiң iшiнe «бойлау» керек, яғни сол бейне сомдаған басқа. уақытты, басқа мәдениеттi өз бойынан өткiзу керек. Шет ел лингвистерiнiң айтуынша, әдебиеттi оқып-зерттеу үш негiзгi тип модельдерiнде жатады: 1. мәдени; 2. тiлдiк; 3. «дара жекенiң өсiп-жетiлуi» моделi.
Мәдени модель бойынша оқырманнан уақыт және кеңiстiк жағынан алыс мәдениет пен идеологияны түсiну амалдары, ой ойлау, түйсiну және көркемдiк формаларының дамуын көремiз. Автор туралы бар тенденциялар мен бағыттар, терминология жөнiнде бiлу, фондық танымдарды бiлу үлкен рөл атқарады. Екiншi және үшiншi модельдер өзара байланысты және интербелсендi, ол оқырманның жеке басына байланысты қалыптасады. «Жеке дараның өсiп-жетiлуiне» келсек, ол - күрделi культурологиялық құбылыстарды өз ой елегiнен өткiзiп, соған беретiн бағасы. Осы модельдiң мағынасы - оқығандарынан белгiлi бip мөлшерде жан-жақты эмоционалды, эстетикалық ләззат алу болып таблады.
Көркем шығарма тiлi әр түрлi шексiз қабаттардың тipi қосындылары, құрылыстар, тiркестердiң түзiлiстерiнен тұрады. Осылар көркем шығарма құпияларын құрайды. Сөз көркем шығарма мәтiнiнде бейнелi-эстетикалық қызметте жұмсалып, ұлттық мәдеииеттiң эмоционалдық және мәнерлiлiк белгiлерiн көрсетедi. С.Маршак сөзiмен айтсақ, сөз өз мағынасымен ғана сөйлеп тұрған жоқ, ол өзiнiң барлық дауысты, дауыссыз дыбыстарымен де сөйлемейдi, өзiнің ара қашықтығы және салмағы, бояуы арқылы бiзге сол дәуiрдi, өңiрдi, тiршiлiктi сезiніп-түйсiнуiмiзге ықпал етедi.
Мәтiндi прагматикалық батытта талдауда концепт пен авторлық прагматикалық шарт синоним ретiнде қызмет етедi.
Шығарманың имплициттi немесе эксплициттi берiлген идеясы оның концептiн құрайды. Көркем сөзге қатысты айтсақ, тез айқындалып көрiнетiн темасы жоқ, сюжетсiз шығарма болса да, концептсiз шығарма болмайды. Сондықтан да «автор – мәтiн – оқырман» коммуникативтi актiсiнде оқырманға автордың прагматикалық талабын ашу мiндетi жүктеледi.
Баяндауды «дауыстау», сөйлеушi субстратпен өзара әрекетке түсудi елестету, қайта жаңғырту мақсатында автордың талпынысынан туындайтын тәсiлдер, кейiпкерлердiң iшкi көңiл-күйiн бiлдiру ниетiнде кейiпкерлердiң ауызекi сөйлеуi арқылы көркем мәтiндi сөйлеу тiлiнде пайдалану мүмкiндiгi мәселенi шиеленiстiрiп, нақты сөйлеу тiлiнде көркем шығарма кейiпкерлерiнiң тiлiн суреттейтiн жаңа тәсiл-амалдарды белгiлеудiң қажеттiлiгi туындайды.
Зерттеушi назарына iлiккен кез келген лингвистикалық нысан оны тек қана имманенттi құрылым ретiнде ғана емес, сонымен қатар оның тiлде қолданыста болу нәтижесiнде анық көрiнетiн тipi организм сияқты қызықтырады.
Сөйлеу тiлiнiң экстралингвистикалық сипаты тiлдiк актiнiң дайындықсыз iске асуы, қарым-қатынастың еркiн өтуi, олардың коммуникацияға түсуi, тiлдiң ауызша сипаты, оның кенеттен iске асатынына, конституативтiлiгi, апперцепциялық негiзiнiң жалпылығы және қарым-қатынастың вербалды емес амалдарының болуына әсер ететiндiгiн Л.П. Якубинский еңбегiнен көремiз.
Сөйлеу тiлiнiң пайдаланылyының қажеттiлiгiн қамтамасыз ететiн басты экстралингвистикалық факторлар ретiнде қарым-қатынастың еркiндiгi, сөйлеу тiлiнiң ауызша сипаты, қарым-қатынастың ешнәрседен қысылмай-қымтырылмай iске асуы жатады.
Бipiншi бағыт өкiлдерi ауызша сөйлеу тiлi көркем мәтiнде оның басты типологиялық ерекшелiктерiн көрсететiн және мүмкiндiктерiн толық ашатын, яғни ауызша сөйлеудегi әлеует немесе ауызша сөйлеудiң көркем мәтiндегi типизациясы деп есептейдi.
Басқа бағыт ұстанушылар В.В. Виноградов, О.Б. Сиротинина т.б. тiлдiк кейiпкерлер сөзiн табиғи тiлдiң стилизациясы ретiнде қарастырады.
Типизация - автордың көркем бейнелеуi бойынша бip не басқа көркемдiк тұтас элементiнде бар мүмкiндiктi сарқа пайдалану арқылы ашылатын құбылыстың көpiнici.
«Стиль тезi (стилизация) деген терминдi осылай қазақшаладық, дәлiрек айтсақ «белгiлi бip стиль тезiне түсiру» деген дұрысырақ дегенiмiз көркем шығарманың тiлдiк материалдарын белгiлi бiр әлеуметтiк ортаға немесе белгiлi бip тарихи кезеңге, әдебиеттiң белгiлi бip бағытына, жанрына т.б. қарай үйлестiрiп, таңдап қолдану. Айталық, романды (әңгiменi, повестi) тарихи стиль тезiне салып (түсiрiп) жазғанда, автор өзi суреттеп отырған тарихи кезеңге тән зат, бұйым, құбылыс, әрекет атауларын келтiруге тиiс, кейiпкерлерiн мүмкiндiгiнше сол кезеңдегi тiлдесу процесiмен сөйлетуi керек, оның өзiнде де әр кейiпкердi өзiнiң әлеуметтiк орнына, тәрбие-танымына, жасына, жынысына қарай «сол кезеңше» сөйлеткенi тiптi абзал», - дейдi академик Р.Ғ. Сыздық. Әбiш Кекілбаевтың «Аңыздың ақыры» романынан үзiндi келтiрсек:
Сайқымазақтар бастарын жерге жеткiзе иiп тағзым еткен қалыптары есiкке қарай жылыстай бердi.
Олардың опыр-топыр есiктен шыға беруi-ақ мұң екен, көршi қоршаудан ханның бәйбiшeci көрiндi. Ол үстiне түгел көмiп тұратын, зер шайып, кестелеген қызыл көйлек киiптi. Оның сүйретiлген ұзын етегiн он бес әйел көтерiп келедi.
Ханшаның әбден қапысыз опалап-сүрмеленген бemi қағаздай аппақ. Оның үстiне; бет-аузын төгiлген ақ селдiр пердемен қымтап алыпты.
Басына өне бойына асыл тасты аямай төккен мұнара icnemmi биiк сәукеле кuinmi. Оның салпыншақ қызыл мауыты етегi екi иығын жауып тұр. Мойнына әр жер әр жерiне лағыл мен меруерттi алма кезектестiрiп көз қадаған алтын алқа тағыпты. Сәукеленiң өзге салтанаты аз болғандай, оның қақ ұшар басына хан mәжiciнiң төбесiндей алтын төбелдiрiк орнатылыпты. Оның қақ ортасында баданадай-баданадай үш лағыл қызыл шоқ боп жанып жатыр.
Төбелдiрiктiң mөбeciнe үкi қондырылған. Оның ұзын майса қауырсындары ханшаныц екi құлағына жеткенше екi айырылып төгiлiп тұр.
Ханша әр аттаған сайын басындағы ауыр сәукеле бұлғалаңдап, әр бағытқа ауып-ауып түседi. Жан-жағынан бiрнеше әйел қолымен демеп келедi. Бәйбiшенiң мөлт қара шашы екi иығынан төгiле құлапты.
Осынша ұзын-шұбақ шерудi хан әйелдерiн күзететiн бip топ азбан құл бастапты. Олар адымдарынан жер ойылатындай-ақ, маң-маң басыn, маңғаздана қалыпты, ханшаға құрмет көрсетiп, тағзым етiп, бастарын uin тұрған қалың қауымға танауларын көтерiп кiсімсiне қарайды.
Ханша ханнан сәл кейiнiрек барып отырды.
Автор сол замандағы ханшаның киiм киiсiн, өзiн-өзi ұстауын, оны маңайы қалай қарсы алғанын шынайы суреттеген.
Стилизация - тiлдiк материал мен сыртқы тiлдiк белгiлердiң ұйымдасу қағидасына сәйкес әдейi құрастырылған көркем баяндау. Осы анықтамаларда да екi нeriзгi ой бар: сипаттамалық тiлдiк белгiлер және баяндауды құруға талпыныс, яғни жазушының мақсат пен мiндетке лайық шығармашылық ыңғайы. Сөйлеу тiлiнiң көркем мәтiндегi стилизациясын жан-жақты қарастыра отырып, Г.О.Винокур шартты түрде екi түрге бөледi: 1) бейресми ерiктi қарым-қатынас стилизациясы; 2) ауызша сөйлеу стилизациясы. Осылай шектеу белгілi бip белгiлердiң бар екенiн анықтауға көмектеседi, олар белгiлi бip эстетикалық эффектке және әсерге қол жеткiзудi қамтамасыз етедi, суреттелiп отырған нысанға ұқсас болуды (бұл жағдайда тiлдiк) да қарастырады. Егер де бейресми epiктi қарым-қатынас стилизациясы немесе тiлдiң лексикасы мен фразеологиясы арқылы берiлетiн «күштi» конструкциялар болса, ал ауызша сөйлеу стилизациясы - фонетикалық және синтаксистiк деңгейде iске асатын «әлсiз» конструкцияларды құрайды.
Студенттің тақырыпты меңгергенін өзі тексеру үшін қайталау
сұрақтары:1. Бояу түрлерін ата..
2.Тілдің стилистикалық бейтарап құралдары дегеніміз не?
3. Стилистикалық мағынаның табиғаты туралы.
4. Стилистикалық парадигматика туралы түсінік..
3-лекция
Стилистикалық норма, оның әдеби норманың басқа түрлерінен ерекшеліктері.
Норманы белгілеудегі объективті, субъективті сипаттар. Стилистикалық норманың тарихи категория екендігі. Стилистикалық қате туралы ұғым. Стилистикалық қатенің түрлері, олардың басқа қателерден ерекшеліктері. Тілдік-стилистикалық мәдениетті тәрбиелеуі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Виноградов В.В. Проблемы русской стилистики. М., 1981.
Кожина М.Н. Стилистика русского языка. М., 1993.
Степанов Ю.С. Семиотика. М., 1971.
Солнцев Ю.С. Язык как системно-структурное образование. М., 1977.
Щерба Л.В. Языковая система и речевая деятельность. Л., 1974.
«Стилистикалық норма» ұғымы туралы. Әдеби норма мен стилистикалық норма бір – бірімен байланыста ашылатын ұғымдар.
Әдеби тіл нормасы белгілі кезеңде тілдік құралдарды қоғамдағы барлық адамдарға ортақ орнықты түрде қолдану үлгісі. Әдеби норма диалектілерге, ауызекі сөйлеудің қарапайым (қарабайыр) түрлеріне қарсы қойылады. Сондықтан, оған жүйклілік, реттілік, баршаға міндеттілік, функционалды-стильдік жіктеліс тән. Осы тұрғыдан әдеби норманы функционалды стиль нормаларының біріккен жүйесі деп қарасақ, стилистикалық норманы әдеби норманың функционалды стильге қатысты көрінісі деуге болады. Басқаша айтқанда, әдеби норма жалпы нормаға және жеке, функционалды-стилистикалық нормаға ажыратылады. Жалпы норма тұтастай әдеби тілге тән, оның барлық функционалды-стильдік тармақтарына ортақ. Ол стильдерді, стилішілік тармақтардың бір бүтін әдеби тіл жүйесіне біріктереді.
Жалпы норма тілдік деңгейлердің барлық қабатын тұтастай қамтиды. Мысалы, морфологияны тұтастай, сөзжасамның көптеген үлгілерін, сөйлемнің негізгі құрылымдық кестелерін, лексикадағы стилистикалық бейтарап сөздерді қамтиды.
Жеке норма, негізінен, стилистикалық бояуға ие тілдік құралдарды қамтиды. Стилистикалық нормаға жалпыға ортақ міндеттілік, шегараларының айқын болуы жалпы нормадағыдай емес, аздау мөлшерде болады. Әр функциональды стильдің нормасы әр түрлі болып келеді. Біреуіне тән норма екіншісіне тән болмайды, не аз мөлшерде деректі болады. Мысалы, ғылыми стиль мен ауызекі түрмыстық сөйлеу стилінің нормалары бір-біріне қарама-қарсы, ал ғылыми стиль мен ресми стильдің нормалары бір-біріне жақындау болады.
Әр стильдің нормасына қысқаша сипаттама берейік.
Ғылыми стильде сөйлемнің синтаксистік қүрылымы толық, сөйлемдер шұбалаңқы, ұзын болады. Сөйлемдегі сөздердің орны логикалық қатаң тәртіпке бағынады. Мағнасы жалпылама - дерексіз сөздер басьм қолданылады. Ғылыми стильдің дайындалу, көріну жағдайы да ерекшелікке ие: ол алдын-ала мұқият дайындалады және мұнда қарым-қатынас тікелей емес, жанама түрде орнатылады, көп жағдайда жазбаша көрініс табады.
Ресми стильдің ғылыми стильге синтаксистік деңгейде біршама ұқсас жақтары бар (сөйлемдер ұзын, орын тәртібі тұрақты, бір мағыналы сөздер қолданылады), алайда одан мәнді айырмашылықтарға ие болып келеді. Сөй-лемдер дайын үлгіге құрылып, бір қалыптан шыққандай тілдік құралдары да шектеулі болады.
Публицистикалық стильде екі жақтың да қоспасы бар, ол мынаған байланысты: бұл стильдің жанры әр алуан және жазбаша да, ауызша да көріне береді. Оған хабарлау және әсер ету функциялары тән. Осы жағдайлар оның тіліне де ықпалын тигізеді. Сондықтан онда ақпарат тасушы және экспрессивтілікке ие құралдар бірлікте қолданылады. Сонымен қатар газет тілінде, оның жедел шығуына байланысты, әбден тұрақталған (стандартқа айналған) құрылымдар да орын алады.
Көркем сөз стилінің нормасы өте кең, тіпті ол әдеби тіл нормасы ауқымынан шығып кете алады. Көркем әдебиет тіліне жазба және ауызша тілдік құралдардың бірігуі тән. Тек мынаны ескеру керек, біріншіден, көркем шығармада кез келген әдеби, әдеби емес тілдік бірліктер қолданыла отырып, бірақ олар өнер құбылысының заңдылықтарына бағынады, әдеби-эстетикалық өңдеуден өтеді. Екіншіден, көркем шығармада жазушының өзіндік дүниетанымы, көзқарасы бейнеленеді, шығарманың жанрлық, тақырыптық т.б. ерекшеліктері көрніс табады әрі әр жазушының өзіндік тілдік талғамы болады. Сондықтан көркем шығарма тілінде әр жазушының стильдік даралығы, өзге де қайталанбас сөз қолданысы бейнеленеді. Осы жайларға байланысты көркем сөз стилінің басқа стильдерге қарағанда өзіндік ерекшелігі болады.
Әрине, бұл айтылғандардан көркем сөз стиліне норма тән емес деген сөз шықпайды. Бірақ көркем сөз стилі нормасына әдеби тіл нормасы түрғысынан келе беруге де болмайды.
Сонымен, әрбір функционалды стиль өзіне тән сөз, форма, құрылымға ие болып келеді.
Тіл нормасы - тарихи құбылыс. Ол сөйлеу және жазу арқылы қалыптасып, адамдардың санасында сақталып, ұрпақтан-ұрпаққа ұласып, дамып жетіліп отырады. Соған орай, әр кезде тіл қолдану заңдылықтарын білдіретін ұғымдар да өзгеше болады. Мысалы, белгілі бір тарихи кезең үшін «дәстүр» деп қолдану орынды болса, қазір «тіл нормасы», «әдеби норма», «әдеби тіл» терминдері қалыптасты.
Әдеби тіл ұғымын дұрыс түсіну үшін, алдымен, «әдеби» сөзінің терминіне түсінік бере қеткен жөн. Әдебиет сөзінің қазақ тіліне арабшадан ауысқаны белгілі. Орыс тілінде әдебиет (литература) латынша жазу деген сөзден алынған. Ал, әдебиет тілі, әдеби норма деп жоғары тіл нормасы мағынасында қолдану орыс тілінің ықпалы екенін аңғару қиын емес.
Әдебиет ұғымына әлеуметтік мәні бар жазу үлгілерінің бәрі енеді, мысалы, саяси әдебиет; ғылыми әдебиет, медициналық әдебиет және көркем әдебиет. Ал бұлардың барлығы да жалпы халықтық тілдің жазбаша түріне жатады да әдеби тілде жазылады. Сонымен бірге, сөйлеудің ауызша және жазбаша формалары бір-бірімен ара қатынаста болады.
«Ауыз әдебиеті мен жазба әдебиет тарихи даму үстінде бір-бірімен қарым-қатынаста болып, фольклор жазба әдебиеттің қалыптасуына ықпал жасады. Оны әсіресе, Орта Азия халықтарының әдебиетінен байқауға болады. Қырғыз, қазақ жазба әдебиетінің дамып, қалыптасуына фольклорлық шығарманың реалистік тенденциясы әсер етті».
Әдеби тілдің нормасы жазба тіл арқылы қалыптасып, шындалып отырады. Ал оның өнделіп жетілуі және халық арасында тарап, жалпыға танылуы ұлттық әдебиеттің дамуымен байланысты болды. Қазақта тұңғыш жазба әдеби тіл үлгісін жасағандар - Абай мен Ыбырай. Олар жалпы халықтық тіл қорының тек түсінікті формаларын ғана шығармаларында қолданған. Фольклорлық бай мұраны шебер пайдалана білген. Сөйтіп, Абай мен Ыбырай шығармалары жалпы халықтық тіл қорының бай қазынасының ең тамаша қасиеттерін бойына сіңірген. Сондықтан да, ол шығармалар көркем сөздің ерекше үлгісі ретінде мәңгі жасамақ.
Стилистиканың міндетін жалпы халықтық тіл мен әдеби тілден бөліп қарауға болмайды.
Жалпы халықтық тіл негізгі қатынас құралы ретінде өмірдің барлық саласында пайдаланылады. Осы негізгі қатынас құралы жалпы халықтық тілді белгілі бір жүйелілікке, нормаға салатын әдеби тіл.
Әдеби тіл жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша түрлерінің негізінде қалыптасады. Сондай-ақ жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары стильдердің де қалыптасуына негіз болады.
Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формалары мен оның стильдерінде тілдік белгілерді қалай қолдану қажет екендігін көрсетеді.
Стилистика жалпы халықтық тілдің қолдану заңдылықтарын зерттейтін ғылым болғандықтан, тілдік белгілердің дұрыс қолданылу нормасын көздейді. Тілдік құралдарды дұрыс, ұтымды қолдана білудің қоғамдық үлкен мәні бар.
Тілдік белгілерді сұраптап қолдану заңдылықтары әдетте, айтылатын ойдың мазмұнына байланысты. Ойлау жұмысының нәтижелерін тіл сөз арқылы бейнелейді. Ал сөз арқылы жеткізілетін ой мен оның мазмұнының арасында тығыз байлалыстылық болады. Егер ой түсініксіз болса, онда сөз де түсініксіз шығады.
Мысалы: «Палеонтолог - мамандар бұл теңіз корольдары планетамыздың дамуындағы тас көмір дәуірінде болған деп тапшылайды, бұдан үш жүз миллион жылдай бұрынғы ол кезде «дүние шатырының» қазіргі алып таулы аймағы орнында ұшы-қиырына көз жетпейтін мұхит шалқып жатқан» (газеттен).
Сөйлемді түсіну өте қиын. Айтылатын ойды сауатты жеткізе білмей тек сөйлеушінің не жазушының жалпы мәдениетінің төмендігін ғана білдіріп қоймайды, сонымен қатар ол адамдардың бір-бірімен түсінісуін де қиындатады. Сондықтан ауызша не жазбаша түрде айтылатын ойдың түсінікті, нақтылы болуына айрықша көңіл бөліп, оның мазмұнын дәл бере алатын тілдік құралдарды сұрыптап қолдана білудің манызы зор. Мына бір газет оқушысының хатын алайық:
«Айтпағым көп ретте келіншектер от басында қалып қояды. Кейде күйеуінің бюір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді. Бірақ әркім де өмірдегі, өз еншісіндегі қызықтан, жақсылықтан құр қалмауы керек емес пе? Тұрмысқа шыққасын тоқырау керек пе? Жоқ. Осыған орай әріптестерім, жас келіншектердің көңіліндегілерін білгім келетінін де жасырмаймын» (газеттен).
Хат қысқа жазылған. Бірақ мұнда автордың ойы түсініксіз, жас келіншектерді нендей игілікті, жақсы іске шақыратыны айқын, нақтылы жеткізе алмаған. «...Күйеуінің бір мезгіл орынсыз ашуына киліксе үндемейді», «тұрмысқа шыққасын тоқырау керек пе?» - дегендерді қалай түсінуге болады?! Тілді бұлайша қолдану логикалық қате болып есептеледі. Сонымен бірге, хатта кейбір сөздердің стильдік бояуы ескерілмей қалған: (айтпағым, әріптестерім). «Айтпағым» деп қолдану қарапайым сөйлеу тілінде орынды: әріптестерім - кітаби лексика (коллеги), жалпы қолдануға болады, бірақ дәл осы тексте «замандастарым» десе, дұрыс болатын сияқты.
Стилистика әдеби нормадан ауытқымай, тілді тек дұрыс қолдануды үйретеді, әдеби тілдің стильдік сапасын, мәнерлегіштік қасиетін арттыру жолын көрсетеді. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша жолын көрсетеді. Стилистика жалпы халықтық тілдің ауызша және жазбаша формаларын, оның әр түрлі стильдерін зерттеп, олардың бір-бірінен айырмашылықтары мен өзіндік ерекшеліктерін қарастырады. Стилистика тілдік құралдардың стильдік белгілерін анықтап, оған сипаттама береді. Стилистиканың объектісі болатын негігі мәселелер - осылар.
Стилистикалық қате белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қатенің түрі. Тілді жұмсауда күнделікті өмірде түрлі нормадан тыс ауытқулар болып жатады. Мысалы, лексикалық, фразеологиялық, грамматикалық тұлға-бірліктерді өзінің негізгі мағынасына сәйкес өз орнымен қолданбаудан болатын қателіктер т.б. Бұлардың барлығы әдеби тілдің лексикалық, грамматикалық нормаларының сақталмауынан болатын тілдік қатенің түрлері. Стилистикалық қате көп жағдайда тілдік талғамның төмендігінен болады. Тілдік талғам - тілді, сөзді жұмсап үйрену, жаттығу арқылы қалыптасатын қасиет. Стилистикалық қатенің өзге қате түрлерінен басты ерекшелігі де осында - тілдік талғамсыздықтың көрінісі болуында. Сол себептен де стилистикалық қатенің болмауын қадағалайтын стилистикалық норма тілдің қатысымдық сапаларының қатарына жатады.
Тілді білу, оның күллі байлығын игеру, дұрыс жазып, айта алу - қоғамның кез келген мүшесіне қойылатын талап. Білген нәрсені орынды және ұтымды жеткізу, тіл байлығының ішінен тек өзіңе керегін ғана таңдап алып, ұтымды пайдалана білу, бұл - өнер. Ал, өнер дегеніміз - шеберлік. Сөз жұмсау шеберлігіне қол жеткізу стилистикалық қателермен мақсатты түрде күресудің барысында қалыптасатын, асқан шыдамдылық пен төзімділікті қажет ететін шығармашылық процесс.
Стилистикалық қателердің алдын алып, олармен үнемі күрес жүргізіп отыру жалпы халықтың сөйлеу мәдениеті мен стилистикалық сауаттылығын көтереді. Халықтың тілді қолдана білу мәдениеті күллі қоғамның рухани сауаттылығының көрінісі әрі өлшемі болып табылады.
Тілде неғұрлым жиі ұшырасатын нормадан тыс ауытқулардың алдын алу үшін стилистикалық және стилистикалық емес қате түрлерін ажыратып алу қажет [12]. Стилистикалық емес қатенің түрлеріне лексикалық, фразеологиялық, сөзжасамдық, морфологиялық, синтаксистік нормалардың сақталмауынан болатын ауытқулар жатады. Стилистикалық қатенің түрлеріне стильдік тұтастықтың сақталмауынан, сөз және грамматикалық құрылымдар мен формалардың сөйлеу мәнеріне, сөйлеу мақсатына сай болмауынан, сөйлеу түрі мен жанрдың формалық ерекшеліктерін ескермеудің салдарынан жіберілетін қателер жатады. Стилистикалық сауаттылықтың сатылары мен соған байланысты болатын стилистикалық қатенің түрлері былайша топтастырылады:
1) қазақ тілінің стилистикалық ресурстарын толық білмеудің салдарынан болатын стилистикалық қателер;
2) тілдік-стилистикалық талғамның төмендігінен болатын стилистикалық қателер;
3) функционалды стиль нормаларының сақталмауынан болатын стилистикалық қателер.
Стилистикалық емес қателер:
1. Лексикалық қателер:
1) Сөздің мағынасын білмей қолдану: «Бәрінен де шеттей баланы далаға тастамай өсіріп адам қылғанын айтсайшы»;
2) Сөздің мағынасын білмей тіркестіру: «Қырық құлаш қыл шылбырдан аттың мойнына тұзақ салды», «Кеше ғана осы университет есігін аттағанда»;
3) Сөздің мағынасының нақты қолданылмауы, күңгірт болуы: «Жігіт жігерлене жұтынды»; «Екінші, үшінші курста біреудің айтқанымен жүрген сияқты ұйқылы көзбен сабаққа келіп аузын ашып сабақ айтады, айтпаса ол да жоқ»;
4) Паронимдердің қолданысы: «Төсек жаңартты» (жаңғыртты); «Жазушылар сұрақты қардай жаудырды» (боратты).
2. Фразеологизмдерді қолдануда кететін қателер:
1) Тұрақты тіркес құрамындағы сыңарлардың мағынасына жақын келетін сөздермен ауыстырылып қолданылуы: «Ауыр қылмысқа адамды өмір сүру құқығынан қию жатады».
2) Тұрақты тіркес мағынасының контекске сай келмеуі: "Қысылтаяң қатал жағдайда қайрап, егеп "сөз тапқанға қолқа жоқ " дегендей ерге, елге медет болып, адамның ақиқат пен шындыққа, ақылдық пен қайраттылыққа меңзеліп отырады".
3. Морфологиялық қателер:
1) Тек қана жекеше түрде қолданылатын зат есімдерге көптік жалғаудың тұлғасын қосып жазу:
Зат есімдерде септік жалғауларының дұрыс қолданбауы: «Біз бұл өмірде бақытты болу үшін туылдық»; «XXI ғасырдың мақсаты осы, өмірде сау сәбиді өмірге келтіру, ішімдік пен есірткіден аулақ болу»;
2) Сын есімнің шырайларын орынсыз қолдану: «Бас Хатшының Баяндамасы проблеманың барынша тереңдігін және байыптылығын алғаш көрген БҰҰ-ға мүше мемлекеттер өкілдерінің ерен әсерін туғызғанын атап кеткен ләзім».
4. Синтаксистік қателер:
1) Сөз тіркестірудің нормаларының сақталмауы; бағыныңқы мен басыңқы сыңарлардың араларының тым алшақ болуынан мағына байланысының нақтылығының болмауы: «Қылмыс - елеулі маңызы бар немесе мемлекеттік қауіпсіздікке және адам өміріне зиян келтіретін әрекет не әрекетсіздік».
2) Етістіктің шақ тұлғаларының бір-біріне сәйкес қолданылмауы: «Ең алғаш мектепте оқып жүргенде арман етіп, қиялдап жүрген Алматы қаласына келдік, армандаған маман иесі болуымызға аз уақытта қалды». Сондай-ақ, бұл сөйлемдегі «арман етіп, қиялдап жүрген» есімше тұлғаларының басыңқы «Алматы» сөзімен байланысы орынсыз.
3) Бірыңғай мүшелі сөйлемдерді қолдануда жіберілетін қателер:
а) Бағыныңқылардың басыңқымен байланысының болмауы, бірыңғай мүше тұлғаларының біртектес келмеуі: «Халық ауыз әдебиетінің көпшілігі халықтың мұңын жырлаған. Сол дәуірлердегі теңсіздіктерді, жолсыздықты көпшілігі ауыз әдебиеті арқылы білдірді»;
ә) Бір-бірімен тегі және түрі жағынан біртектес сөздердің бірыңғай қолданылуы: «Қазіргі кезде қылмысты жасайтын адамдар олар негізінен жас балалар».
4) Есімшелі, көсемшелі тұлғалы сөздердің орын тәртібінің сақталмауы, орынды жалғанбауы: «Сіздің БҰҰ-ны жантәніңізбен қолдайтыныңыз үшін өзімнің шынайы құрметімді жеткізгім келеді».
5) Сөйлемдегі сөздердің орын тәртібінің сақталмауы: «Көшеде бір қарапайым өзімен-өзі кетіп бара жатқанда адамды полиция қызметкерлері көріп қалады».
6) Есімдіктерді орынсыз қолданудың себебінен сөйлемнің мағынасының күңгірттенуі: «Қазіргі кезде қылмысты жасайтын адамдар олар негізінен жас балалар. Олардың қылмыс жасау себептері отбасында әкесінің немесе шешесінің жоқтығы, не тәрбиесін көрмеуі»; «Қауырт өткен көпжақты келіссөздер мен пікірталастар нәтижесінде шешімдер пакетіне қатысты келісімге қол жетті. Олар 11 мамырда дауыс берусіз қабылданды»; «Егер елдің экономикасы төмен болса, қылмыстың жасалуы көп болады, өйткені халық жоқтықта өмір сүрсе ол өзше керек затты алу үшін әр түрлі әрекеттерге барады, кейде адам өлтіруге дейін де барады».
7) Бастауыштың қайталанып, үстемеленіп жұмсалуы: «Бұл адам мұны өзі білмей қалды» "Менің Ы.Алтынсарин шығармаларынан алған жерім, яғни Ы.Алтынсариннің бізге қалдырған өнеге өсиеті бізге үлкен бір ғанибет. "Өлді деуге бола ма, ойлаңдаршы", - дегендей Ы.Алтынсарин, яғни ұстаз атамыз біз үшін тірі.
8) Құрмалас сөйлем құрамындағы компоненттердің орын тәртібінің сақталмауы: «Оның білгір достары, оған демеу бола тұра, болашағына зор ықпал етті».
9) Құрмалас сөйлем компоненттерінің арасында логикалық-грамматикалық байланыстың болмауы. "Ол сырды біз оқып, түсініп, түйсігімізде сақтап, ұғынып, мойындаған кезде ғана шертімді деп ойлаймын. Әр адам ол сырды әрқалай шеше алады. Сол екі ауыз сөзін бізге жеткізуге ата-бабаларымыз әбден тырысқан. Бірақ бұл салт-дәстүр әлі жалғасуда және ұрпақтан-ұрпаққа әрі жалғасып, одан әрі дамып, көркем тіліміздің тағы да көркейе түсетіндігіне сенімдімін. Мұндай қазақ елінің байлығын ешқандай да жолмен жоғалтуға болмайды және ұрпақ жоғалтпайды; «Мақал-мәтелдер көп болғандықтан,егіншілік кәсібіне де байланысты мақал-мәтелдер аз емес».
10) Құрмалас сөйлем компоненттерінің тым шұбалыңқы болуы; сөйлемге қажетті сөздерді тастап кетудің салдарынан сөйлем мағынасының күңгірттенуі: «Сәби, жарыққа (дүниеге) шыр етіп келгеннен бастап, өмірден жылу алуды армандайды»; «Қылмыс дегеніміз - заңмен бекітілген, заңмен тыйым салынған және жазаланатын, мемлекетке, жеке меншікке немесе адам басына, қоғамға (қарсы) заңсыз әрекет жасау». Мұнда сондай-ақ, бірыңғай сөйлем мүшелерінің берілуінде де қателер бар екенін көруге болады.
11) Дәйек сөздерді қолдана алмаудың салдарынан болатын қателер: «Көп жағдайда қылмысты тәрбие алмаған жасөспірімдер жасайды. Сол үшін ата-бабамыз айтпақшы, «Болар бала - боғынан» демекші, бала жастайынан әке-шешесінен сыйластықты, ар-намысты, Отанға деген сүйіспеншілікті, сабырлықты, «үлкенге құрмет, кішіге ізет» деген түсінікпен тәрбие алып өсуі керек».
12) Мәтін ішіндегі сөйлемдердің бір-бірімен мағыналық-грамматикалық байланысының болмауы, байланыстырушы конструкцияларды білмеуі. Соның салдарынан ойдың күңгірттенуі:
«Қазақ табиғатында ақын, шешен халық. Оның осы бір ерекшелігі тілінде айқын көрініс тапқан. Әр сөзінде тайға таңба басқандай дәл, нақты, мағыналы ойлар түйіскен. Ендеше, осындай қасиеті ерте заманнан бері жетіліп, дамып, жылдан-жылға өркендеуде. Бұл - тіл табиғатындағы заңды құбылыс». Осындағы «ендеше» сөзінің орынсыз қолданысы сөйлемдердің тұтас логикасын бұзып тұр. Алғашқы үш сөйлем мен кейінгі екі сөйлемдегі автордың айтайын деген ойы екі түрлі, сол себепті соңғылары алдыңғы үш сөйлемнің тұжырымы бола алмайды.
Стилистикалық қателер: