- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз
- •8) Цин династиясы (хvіі ғ. Ортасы – хіх ғ. Ортасы) билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз
- •9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
- •10.Хvii-XVIII ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
- •11.Мейдзи-син революциясы
- •12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
- •14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз.
- •15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз
- •16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
- •17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
- •18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз
- •19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
- •42.Принциптер Дкларациясының қабылдануының (Вашингтон, 13 қыркүйек 1993 ж.) маңызын көрсетіңіз
- •44.А. Шаронның Храм тауына сапары және 2-ші интифаданың басталуын (2000 ж.) баяндаңыз
- •46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз
- •48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз
- •51. Араб елдеріндегі дипломатиялық өкілдік басшылары және олардың функцияларын ашып көрсетіңіз
- •53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
- •54. Қытай дипломатиясының келіссөздік арсеналын баяндаңыз
- •55Қытайдың Қазақстандағы экономикалық және саяси мүдделерін ашып беріңіз Қытай мен Қазақстанның байланысы
- •Сауда қатынасы мен статистика
- •ҚазақстанныңҚытаймен тауар айналымы
- •56 Араб мемлекеттері Лигасы (амл) қалыптасу кезеңін рөлі мен міндеттерін, мүшелік принциптері мен құзіреттілігін, Ұйымның қазіргі кезеңдегі аймақтық үдерістердегі рөлін сипаттаңыз
- •Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
- •Қазақстанмен қатынастары
12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
Өркениет және модернизация (жаһандану аясында) - қазіргі жаһанданушы әлемде әлемдік және жалпы планеталық дамудың басым үрдістері айқындалуда. Бұған қатарласа әрі бір мезгілде өздерінің әлеуметтік- экономикалық және технологиялық дамуында артта қалушылықтан арылуға талпынатын көптеген елдерді және тұтастай аймақтарды қамтитын, модернизация процесі жүруде. Жағдайдың шынайы бағытында бұл екі процесс те - модернизация мен жаһандану - оншалықты астасып, қабысып кетті, бүгінгі күні олар өзара біртұтас, ортақ процесс ретінде танылуда. Модернизацияныц қорытындылары мен мазмұны болашақ ғаламдық әлемнің бағыты мен қалыптасу қисынын анықтайды. Өз кезегінде, қарқынды жаһандану модернизациялық процестің классикалық үлгісінің бейнесін әзгерте отырып, оған елеулі түзетулер енгізуде. Екі феномен де үдеп бара жатқан өзара тәуелділікпен ғана емес, сонымен қатар, әлемдік қауымдастықты адамзат жасаған өркениетті сақтап, үкілеуге ұйыстыратын идеясымен өзара тығыз байланысты.
Өркениет деп мыналар түсініледі: 1) "тектік" мағынада - жабайылықтың орнын басқан, адамзат дамуының жоғарырақ кезеңі; 2) тар, "түр-тұқымдық" мағынада - ішкі және сыртқы ықпалдарға қарамай, белгілі бір көлемді уақыт мөлшерінде өзіндік ерекшеліктерін, тұтастығын сақтаған қандай да бір елдердің, адамдардың тұрақты мәдени- әлеуметтік қауымдастығы (Ф. Бродель - "ұзақ мерзімді бойлық", П. Сорокин - "ірі мәдени супержүйелер"). Ғылыми әдебиеттерде және публицистикада "өркениет" ұғымы қазіргі әлемде бар алуан түрлі өркениеттік құрылымдар мен құрылғылардың (жалпы "әлемдік қауымдастық" синонимі ретінде), сондай-ақ жер шарын мекендеуші әлемдік әлеуметтің қаншалықты бірлігін құрайтын шағын және аймақтық "әлемдердің" атауы ретінде кеңінен қолданылады. Ғылыми-техникалық революция Жапонияда қатты байқалды. Жиырмасыншы ғасырда Жапония АҚШ, Германия сияқты мемлекеттермен бәсекеге түсті. ҒТР жылдарында Жапонияның жоғарғы дәрежеге жетуін мынадай факторлар арқылы байқауға болады. Алдымен территориялық факторға тоқталсам. Бұл тұрғыдан алғанда Жапония ұтымды жағдайда емес. Мемлекеттің аумағы кіші, жырақта орналасқан арал, сонымен қатар пайдалы қазбаларға да бай емес. Таулы аймақ болғандықтан жер сілкіністері мен тайфундар көп болып тұрады. Дегенмен осылардың арқасында Жапония өзге елдерден шикізатты алып, оны түрлі мақсаттарда ұтымды пайдалануға мәжбүр етті. Келесі өзге елдермен су арқылы байланыс орнататындықтан Жапония бақа елдермен көп қатынаста болды. Елдегі пайдалы қазбалардың жоқтығы Жапонияны өзгелерден металл өнімдерін сатып алып, ауыр өнеркәсіпті дамытуға ықпал жасады. Соның арқасында Жапония техника және технология, конструкторлық бұйымдарды жетілдірді. Және де Жапонияда ғылым өте жақсы дамыған. Халықтың өзі ғылымға, жаңалықтар ашуға, өзгерістер енгізуге бейім. Осыдан байқайтынымыз жапондықтардың географиялық жағдайы олардың ҒТР жылдарында жоғарғы жетістіктерге жетуіне септігін тигізді. ҒТР жылдарында Жапония сапалы техника және технология тауарларын өндіретін Батыс Европа мемлекеттері, соның ішінде Германиямен бәсекеге түсетін дәрежеге жетті. Бұл құбылысқа кейбір мамандар «экономикалық ғажайып» деген де сипаттама береді. Ал менің ойымша, бұл ғажайып емес, жапондықтар табиғатынан ғылым мен зерттеуге бейім халық деп ойлаймын. Ал ҒТР жылдарында олардың техникалық жабдықтандырудан басқа салаларға табиғи қорлары жетпейдіндігі анық байқалды. Сол себепті, Жапония осындай жетістіктерге жете алды. Жалпы бұл Жапонияның өзіне де, өзге мемлекеттерге де пайдалы құбылыс болған сияқты.
