Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448.68 Кб
Скачать

22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз

20 ғ басында Осман империясынынң халықаралық жағдайы нашарлап, империя күйреу алдында тұрған кезде жас түріктер өздерінің қызметін жандандыра түсті. 1908 ж шілдеде батыстық державалардың Македонияны Осман империясынан бөліп алмақ болған әрекетінен кейін, сұлтан өкіметінің әлсіздігіне ызаланған түрік әскерлерінің бөлімдері көтеріліс жасады. Бұл жас түріктер революциясының басталуы еді. Жас түріктердің қысымынан қорыққан сұлтан, 1908 ж шілденің 24-інде, 1876 жылғы конституцияны қалпына келтіруге және парламентті шақыруға келіседі. 1909 ж жас түріктер ІІ Абдул Хамид сұлтанды тақтан тайдырды. Жаңа сұлтан болып V Мехмед сайланды. Революциядан кейін ОСман империясында биліктің конституциялық түрін енгізді. ІДүниежүзілік соғыстан кейін ОСман империясы ыдырауға айналды. Одақтастар сұлтанатты сақтап, шетелдік регент арқылы басқарылады деп сенді. Ал, Мұстафа Кемаль тәуелсіз мемлекет құрғысы келді. Ол 1919 жылы Анатолияда Уақытша үкімет құрып, шетелдіктерге қарсы біріккен қарсылықты басқарды. Сұлтан 1920 ж Севр келісіміне қол қойғаннан кейін, Түркия халқы Кемальдың жағына өтті. Осыдан соң, Кемаль әскері Стамбулға беттегенде, Сұлтан Грекиядан көмек сұрағанымен, 18 айлық соыстан кейін 1922жылы гректер жеңілді. 1 қараша күні Ұлы халық жиналысы Мехмед VI сұлтанды тақтан тайдырды. 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасы жарияланып, оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль атанды. Осылайша, XIII ғасыр соңынан XX ғасыр басына дейінгі өмір сүрген, әлемдік тарихта ерекше орын алған ОСман империясы күйреді. 58. Түркия Республикасының құрылу тарихы мен Еуропа елдерінің ұстанған саясатын анықтаңыз. ІДүниежүзілік соғыстан кейін ОСман империясы ыдырауға айналды. Одақтастар сұлтанатты сақтап, шетелдік регент арқылы басқарылады деп сенді. Ал, Мұстафа Кемаль тәуелсіз мемлекет құрғысы келді. Ол 1919 жылы Анатолияда Уақытша үкімет құрып, шетелдіктерге қарсы біріккен қарсылықты басқарды. Сұлтан 1920 ж Севр келісіміне қол қойғаннан кейін, Түркия халқы Кемальдың жағына өтті. Осыдан соң, Кемаль әскері Стамбулға беттегенде, Сұлтан Грекиядан көмек сұрағанымен, 18 айлық соыстан кейін 1922жылы гректер жеңілді. 1 қараша күні Ұлы халық жиналысы Мехмед VI сұлтанды тақтан тайдырды. 1923 жылы 29 қарашада Түркия Республикасы жарияланып, оның тұңғыш президенті Мұстафа Кемаль атанды. Осылайша, XIII ғасыр соңынан XX ғасыр басына дейінгі өмір сүрген, әлемдік тарихта ерекше орын алған ОСман империясы күйреді. Ал, оның орнына құрылған Түркия Республикасы әлемдік тарихта жаңа қадамдарын жасай бастады. Мұстафа Кемаль билікке келісімен өзінің диктатурасын орнатып, қарсылас саяси партияларды заңсыз деп санады. Ол өз мемлекетін өркениетті елге айналдыруға тырысты. ЖАңа Түркия Республикасы 1923 жылда биліктің жаңа фомасында(президент, парламент, конституция) болды және де елдің астанасын Стамдулдан Анкараға өзгертті. Мұстафа Кемальдың Түркия республикасын құрудағы және оны нығайтудағы жүргізген іс шаралары үшін 1934 жылы Ұлы халық жиналысы оған «Ататүрк» атағын берді. 59. Мұстафа Кемаль Ататүріктің саяси қызметіне баға беріңіз. Мұстафа Кемал Ататүрк (түр. Mustafa Kemal Atatürk; 1881 — 10 қараша 1938) — Осман және Түркия мемлекетінің реформаторы, әскери қолбасшы, мемлекет қайраткері, Түркия Республикасының негізін қалаушы тұлға және оның тұңғыш президенті.Мұстафа Кемал Галлиполи операциясы кезінде дивизия командирі қызметін атқарып жүрген кезінде өзін дарынды қолбасшы ретінде көрсете білді. Кейінірек ол Анадолы және Палестина майдандарында әскери ұрыс қимылдарды ерекше табысты жүргізуімен көзге түсіп, Бірінші Дүниежүзілік соғыс кезінде атақ-даңққа ие болды. Осман империясының соғыста жеңіліп, Антантатарапынан елді бөлшектеп тастауға жоспарлар жасалғаннан кейін, Мұстафа Кемал Түрік ұлттық қозғалысын бастады. Ол кейін Түрік тәуелсіздік соғысына ұласты. Анкарада уақытша үкімет ұйымдастырған соң, ол Антанта мемлекеттері жіберген әскерлердің бетін қайтарып, олардан басым түседі.Сыртқы интервенциялық күштерді қайтарғаннан кейін Мұстафа Кемал Түркия өмірінің саяси, экономикалық және мәдени жақтарына терең өзгерістер енгізуге бағытталған реформалар бастайды. Ол реформалардың басты бағыттары Кемалдың саяси идеологиясында баяндалған. Ататүріктің ұстанған көзқарасы бойынша Түркия мемлекеті осы заманғы, демократиялық жәнезайырлы ұлттық мемлекет болып құрылуы тиіс болатын.