Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448.68 Кб
Скачать

35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз

Шығыс елдері 1918 жылы яғни бірінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін өз тәуелсіздіутері үшін күресе бастады.Бірінші дүниежүзілік соғыстың зардабы отар халықтардың ашу –ызасын тудырып,ұлт-азаттық қозғалыс көптеген елдерді қамтығаны белгілі. Ресей империясындағы оқиғалар да қз ықпалын тигізді.1917-1923 жылдары революциялық күрес Үндістанда болды. Ол күрестің негізгі қозғаушы күші шаруалар болды.1920 — 1922 жылдары Мохандас Карамчанд Ганди Үнді ұлттық конгресіне басшылық жасап, азаматтық бағынбау науқанын басқарды. Бұл науқанның негізгі мақсаты — өзін-өзі толық басқару құқықтарын талап ету еді. 1935 жылы “Үнді актісі” бойынша үнділіктерге федералдық заң шығарушы органдарды басқару құқығы берілді, бірақ қорғаныс пен халықар. қатынастар мәселесі вице-король әкімшілігінің қарауында қалдырылды. 1940 жылы Мұсылман лигасы Үндістанды әр түрлі діндердің өкілдері көп орналасқан аумақтардың шекаралары бойынша бөлшектеуді талап етті.ХХ ғ. 18-45 ж.ж. Түркия дамуның негізгі бағыттары : саяси және әлеуметтік-экономикалық байланыстар. Түркияның Грекиямен байланысы. І Дүниежүзілік соғыстан кейін 2 ел басшылары Мұстафа Кемаль Элефтериос Венизелос бірнеше жылғы келіссөзден кейін, 1930 ж Түркия мен Грекия арасында дипломатиялық қатынастар орнатылды. Венизелос ресми іссапармен Стамбұл мен Анкарада болды. Грекия Түркия Республикасы құрамына кірген барлық территорияларға наразылықтарынан бас тартты. Осыдан кейін 1934жылы Балкан пактісіне қол қойылып, Греция, Түркия, Югославия, Румыния арасында одақтастық шарты жасалды. Келісім бойынша осы елдер бір-біріне көмектесіп, бір-бірімен тығыз қарым-қатынаста болатын болды. Екі ел бейбітшілікті қолдайтынын білідіріп, осы бағытта екі жақты кездесулер ұйымдастырылы. Ататүрк пен Венизелос бейбітшілікті сақтаудағы үлестері үшін Нобель сыйлығына ұсынылған болатын. 1941 жылы Түркия алғаш болып Грекияға гуманитарлық көмек көрсеткен. Себебі, Афинаны Ось мемлекеттері(Германия, Италия, Жапония) оккупациялаған болатын. Түркия президенті Исмет Иненю грек халқына көмектесу туралы заңға қол қойды. Сол уақытта 1941 жылы маусымда Түркия нацистік Германиямен достық келісімге қол қойды. «Қырғи-қабақ» соғысы басталғаннан кейін Грекия мен Түркия арасында жақындасу байқалып, сол уақытта Грекия, Түркия және Югославия Жаңа Балкан пактісіне қол қойып, онда Кеңес одағына қарсы бірігіп қорғану шаралары туралы қаралған.

ХХ ғ. 18-45 ж.ж.Жапония дамуның негізгі бағыттары : 1-дүниежүз. соғыс жылдарында Жапония өзінің Қиыр Шығыстағы бәсекелестерін (Германия, Ұлыбритания, Ресей) ығыстырды. 1914 — 1919 жылы өнеркәсіп өнімдері 13-тен 65 млрд. иенге өсті. Ресейдегі азамат соғысын пайдаланып, 1918 жылы 5 сәуірде Владивостокты басып алып, Қиыр Шығыс пен Сібірге баса көктеп енді. Алайда, 1922 жылы күзде жапон әскерлері кеңестік Қиыр Шығысты тастап шығуға мәжбүр болды. 1924 — 1925 жылы АҚШ және Ұлыбритания үкіметтерімен қайшылық күшейіп кетті де, Жапония КСРО-мен қарым-қатынас жасай бастады. 1929 — 1933 жылы елде экономикалық дағдарыс басталды. 3 млн-нан аса жұмыссыздар армиясы пайда болып, шаруалар да күрт кедейленіп кетті. “Жас офицерлер” ұйымдары пайда болып, үкіметтен елде әскери диктатура орнатуды талап етті. Сыртқы және ішкі саясатта әскерилердің беделі күрт өсті. 1931 жылы күзде Маньчжурияда қуыршақ үкімет (Маньчжоу — Го) құрылып, 1933 — 1936 жылы Қытайға қарсы агрессияны күшейтті. Жапония 1936 жылы қарашада Германиямен “Антикоминтерндік пактіге” қол қойды да, 1937 жылы шілдеде Қытайды толық жаулап алу үшін соғыс бастады. 1938 жылы Қытайдың неғұрлым дамыған шығыс бөлігін толық басып алып, Кеңес Одағы мен Моңғолияға шабуыл жасауға дайындалды. Бірақ 1938 жылы шілдеде Хасан көлі жағасында, 1939 жылы мамыр — тамыз айларында Халхин-Гол ауданында кеңес әскерлерінен жеңіліп қалды. Осыдан кейін жапондар “оңтүстік” бағытта, яғни еуропа мемлекеттер мен АҚШ-тың Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарларына шабуылды күшейтті. 1940 жылы қыркүйекте Үндіқытай түбегінің солтүстік басып алды. 1941 жылы 7 желтоқсан күні түнде жапон әскерлері ешқандай соғыс жарияламастан, америкалықтардың Гавай аралындағы негізгі соғыс базасы Перл-Харборға және Гуем, Манила, Ганконгке басып кірді. 1942 жылдың орта тұсына дейін Филиппинді, Тайландты, Үндіқытайды, Бирманы, Малайзия мен Индонезияны басып алды (қ. Екінші дүниежүзілік соғыс). 1945 жылы 6 — 9 тамыз күндері Америка әскери-әуе күштері Жапонияның 2 қаласына (Хиросима мен Нагасаки) атом бомбасын тастады. 1945 жылы 9 тамызда Кеңес әскерлері шабуылға шығып, Маньчжурияны, Солтүстік Кореяны, Оңтүстік Сахалин және Куриль аралдарын азат етті. 2 қыркүйек күні (1945) Жапония өзінің толық жеңілгендігі жөніндегі актіге қол қойды.