
- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз
- •8) Цин династиясы (хvіі ғ. Ортасы – хіх ғ. Ортасы) билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз
- •9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
- •10.Хvii-XVIII ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
- •11.Мейдзи-син революциясы
- •12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
- •14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз.
- •15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз
- •16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
- •17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
- •18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз
- •19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
- •42.Принциптер Дкларациясының қабылдануының (Вашингтон, 13 қыркүйек 1993 ж.) маңызын көрсетіңіз
- •44.А. Шаронның Храм тауына сапары және 2-ші интифаданың басталуын (2000 ж.) баяндаңыз
- •46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз
- •48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз
- •51. Араб елдеріндегі дипломатиялық өкілдік басшылары және олардың функцияларын ашып көрсетіңіз
- •53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
- •54. Қытай дипломатиясының келіссөздік арсеналын баяндаңыз
- •55Қытайдың Қазақстандағы экономикалық және саяси мүдделерін ашып беріңіз Қытай мен Қазақстанның байланысы
- •Сауда қатынасы мен статистика
- •ҚазақстанныңҚытаймен тауар айналымы
- •56 Араб мемлекеттері Лигасы (амл) қалыптасу кезеңін рөлі мен міндеттерін, мүшелік принциптері мен құзіреттілігін, Ұйымның қазіргі кезеңдегі аймақтық үдерістердегі рөлін сипаттаңыз
- •Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
- •Қазақстанмен қатынастары
9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
Қиыр Шығыста ағылшын отарлау саясатының белсенділік танытуына байланысты бұл жерде ағылшын-орыс қайшылығы туындайды. Қытаймен сауда жүргізу үшін база құруға ұмтылған ағылшындар бірнеше рет күшпен ертеректе португалдықтар жаулап алған Макао аралына тұрақтануға әрекеттер жасайды. Бұл әрекеттердің бәрі сәтсіз аяқталды. 1833ж ағылшын парламенті Қытаймен сауда жасаудағы Ост-Үнді компаниясының монополиясын жойды. Бұл ағылшын саудасының өсуіне жаңадан түрткі берді.
Цинь үкіметі еуропалық державалармен дипломатиялық және келісімдік қатынастар орнатудан бас тартуын жалғастыра берді. Апиын әкелуге бірнеше рет тыйым салынды, сауда жасау тек Кантонмен шектелді және тауарларды сатуда тек «Кохонг» қытай монополиялық көпес ұйымына ғана рұқсат берілді. Англияның мұндай шектеулермен келіскісі келген жоқ. Қытайлық боғдыханның тыйым салуларына қарамастан, апиынды контрабандалық жолмен сату одан әрі өсті. 1839ж ағылшын көпестері апиынының үлкен көлемде тәркіленуіне байланысты қақтығыс пайда болды және Қытай үкіметі ағылшындармен сауда жасаудың тоқтатылғанын жариялайды.
Бірінші апиын соғысы және тең құқылы емес келісімшарттар.
Бұл қақтығысты ағылшындар Қытайға қаруланған шабуылды бастау үшін және елді күштеп «ашу» мақсатында қолданды. 1840ж ақпан айында Ұлыбритания Қытайға әскери экспедициясын жіберді. Осылай бірінші апиын соғысы басталды. Артта қалған феодалдық Қытай әскерінің ұзақ уақыт бойы ағылшындардың жақсы қаруланған әскеріне қарсыласуға күші болмады. 1942ж. тамыз айында ағылшындар боғдыханның өкілетті өкілдерін бейбіт келісімшартқа (Нанкин) қол қоюға мәжбүр етті. Бұл Қытайға таңылған бірінші тең құқылы емес шарт болды. Нанкин келісімшарты Қытайдағы ағылшын азаматтарына қамқорлық пен қауіпсіздікті қамтамасыз етті; шетелдік сауда үшін бес қытайлық айлақтың: Кантон, Амой, Шанхай, Нинбо және Фучжоу айлақтарының ашылуын талап етті. Келісімшарт Гонконг аралын ағылшындардың басып алуын, яғни «мәңгілік иелікке» берілгенін бекітті және оны Англия Тынық мұхитындағы өзінің басты әскери-теңіз тірегіне айналдырды. Ағылшындар, келісімшартқа сәйкес, 21млн доллар контрибуция алды. Британ көпестері «қандай да болмасын өзі қалаған тұлғалармен» сауда жасау құқығын алды, сонымен қатар келісімшарт ағылшын тауарларына 5 пайыздық жеңілдік салығын орнатты. «Кохонг» корпорациясы таратылды. Нанкин келісімшарты апиын саудасын шектемеді, ағылшындар апиын тасуын одан әрі үдете түсті.
Бұл келісімшартпен шектелмей, ағылшын өкілеттілігі 1843ж Цинь үкіметін тағы бір қосымша келісімшартқа қол қоюға мәжбүр етті. Бұл қосымша шарт бойынша, Ұлыбританияға: экстерриториялық құқық, ашық айлақтарда сеттльменттерді салу, әрбір ашық айлақта ағылшындардың әскери крейсерді ұстау құқықтары берілді. Бұл келісімшарт Қытайдың халықаралық қатынастар тәжірибесіне «мейлінше жеңілдік жасау қағидасын» енгізді. Осыдан бастап басқа елдерге Қытай тарапынан берілген жеңілдіктер автоматты түрде Ұлыбританияға да таралатын болды.
Тяньцзинь келісімшарты.
Тайпиндер көтерілісінің арқасында Маньчжур династиясының одан әрі қарай ыдырауын ескере отырып, Англия Қытаймен жаңа соғыс ашуға шешім қабылдады. Бұл жолы ол өз тауарлары үшін алдына тек қана теңіз жағалауларын емес, сонымен қатар Қытайдың ішкі провинцияларын да ашуды мақсат етіп қойды. Бұған сылтау ретінде «Эрроу» кемесімен болған оқиға қызмет етті. Британдық жалаумен жүзіп келе жатқан Қытай кемесі Кантонда Цинь үкіметі тарапынан контрабанда мен теңіз қарақшылығы үшін айыпталып, тоқтатылды. Бұл инцидент Англияның Қытайға қарсы тонаушылық соғысты бастауына себеп ретінде пайдаланылды.
1856ж қазанда ағылшын флоты кантон айлақтарын қиратты, сөйтіп жаңа соғыс басталды. Әскери жеңістің жемістерін бірігіп пайдалану үшін 1857ж Англияға Франция келіп қосылды. 1858ж мамырда ағылшын-француз флоты Пекиннің жағасындағы Дагу айлағын алды. Жақсы қаруланған флотқа қарсылық көрсетуге шамасы жетпеген маньчжурлық боғдыхан бейбіт келісімшартқа келісті. 1858ж Тяньцзинь келісімшарттары Қытайды тәуелді елге айналдырудың жаңа қадамы болды.
Келісімшарттар Қытайды өз астанасында тұрақты шетел уәкілдерін қабылдауға; шетел саудасы үшін: солтүстікте, Тайвань және Хайнань аралдарында, сонымен қатар, Қытайдың орталық бөлігінде жаңа айлақтарды ашуға міндеттеді. Шетел көпестері Янцзы өзенінде еркін жүзіп жүру және елдегі еркін қозғалыс құқықтарын алды; христиан миссионерлері өз қызметімен айналысуға мүмкіндік алды; одан басқа Қытай одақтастарға үлкен көлемде контрибуция төлеуге міндетті болды.
Тяньцзинь келісімшарттарының нәтижесі Англия мен Францияны қанағаттандырды және олар тайпин көтерілістері кезіндегі маньчжур үкіметінің қиын жағдайын пайдаланып қалуға тырысты. Көп ұзамай Еуропалық державалар тікелей әскери іс-қимылдарға қатысты. 1860ж қыркүйекте маньчжур армиясы талқандалды. Одақтастар Пекинге басып кірді, Гун ханзада боғдыханның келісімінсіз ағылшын және француздармен жаңа тең құқылы емес келісімдерге қол қоюға мәжбүр болды.Жаңа келісімдер бойынша, одақтастар еркін сауда үшін Тяньцзиньді ашады, ірі контрибуция алады, Қытайдан кулилерді әкетуге рұқсат алады. Англия Коулун жарты аралының оңтүстік жағалауын иеленеді.Тайпин көтерілісін басу үшін 1862-1864жж шетелдік интервенция ұйымдастырылды. Маньчжурлар Англия, Франция және АҚШ көмектері арқылы тайпин көтерілісін басып, өздерінің Қытайдағы үстемдігін бекітті. Билік ханзада Гунның қолында болды, Ли Хун-чжанның ықпалы күшейді. Батыс елдері жаңа келісімшарттарға қол қойды. Қытайдың Англия, Франция және АҚШ-тан тәуелділігі арта түсті. Шетелдіктер өзінің экономикалық қызметі аумағын одан әрі кеңейтуге қол жеткізді. Англия Қытайда өз банкісін ашты, өзінің кеме компаниясын ұйымдастырды, маньчжур үкіметіне бірінші фабриканы салуға көмектесті, құрал-жабдықтар әкелді.