Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ВОСТОК.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
448.68 Кб
Скачать

7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз

Қытай тарихы археологиялық мәліметтермен қатар, ерте заманнан бергі саяси өмір мен әлеуметтік қозғалыстарды зерттеуге мүмкіндік беретін, жазба көздерінің көпшілігі және түрлігімен ерекшеленеді. Діни-философиялық және тарихи мазмұны бар канондалған ежелгі қытай мәтіндері, әсіресе Конфуцийдің оқуы жазылғаны — өз кезегінде, қытай өркениетінің дамуына, қытай халықтарының көзқарасына әсер етті. Қытай жерінде құлдык коғам ыдырағаннан кейін феодалдық қатынас дами бастады. Соңғы құлдық мемлекет Хань империясы күлаған кезде Қытай жеріҰлы Қытай қорғанынан Оңтүстік Қытай теңізіне дейін, сол кездегі шаруашылығы жақсы дамыған аймақтар -Хуанхэ, Янцзы өзендеріне және Сычуань, Шаньдань аймактарына дейінгі жерлерді алып жатты. Қытай - ежелден жер шаруашылығымен айналысқан ел. Әсіресе суармалы егіс кең етек алды.Қытай елі күні бүгінге дейін жібек елі деп аталады. Оның себебі, Қытайда ежелден жібек құрты өсіріліп келеді. Сондықтан да Қытай мен Батыс Еуропа арасындағы сауда жолы Ұлы Жібек жолы деп аталады. Қолөнер өте жақсы дамыған, әсіресе қыштан жасалған ыдыстар, қола және темір бүйымдар шетке көп шығарылған. Қытай өркениетіне Конфуций заманынан бері әрбір адамның жердегі өміріндегі бақыт пен аман-саулығына бағытталған жоғары әлеуметтік-саяси белсенділік тән болды — адамның тағдыры құдайдың салғаны емес, өз еңбегінің арқасы. Қытай тарихындағы үлкен халық қозғалыстары менен Қытайға тән жоғары әлеуметтік көшпенділіктің мәнісі осында жатыр. Қытай өркениеті — әлемдегі ең ежелгілердің бірі. Қытай ғалымдарының айтуы бойынша, оның жасы бес мың жылға жуық, оның үстіне жазба көздері 3500 жылғы мерзімді қамтиды. Династиялар ауысқан сайын түрлі даму кезеңдерінен өткен ежелгі әкімшілік басқарудың баршылығы, өзге өркениеттен кейін қалып қойған көшпенді көршілер мен тау халықтарына қарағанда, жер өңдеу саласы дамыған экономикасының баршылығы анық артықшылық болды. Қытай өркениетін одан әрі конфуцийлік (б.з.д. 1 ғ.) және бірегей жазу жүйесінің енгізілуі күшейтті. Саяси көзқарас бойынша, Қытай бірнеше мыңдаған жылдар бойы, цикликалық түрде қайталанатын саяси бірлік пен шашыраңқылық мерзімдерінен өткен. Қытай аумағы басқыншылардың шабуылына жиі ұшырады, бірақ басқыншылардың көбі ертелі-кешті қытайланып, қытай этносымен араласып кетті. Қазіргі қытай мемлекеті мен қоғамы көптеген ғасыр бойы қоршаған азия халықтарымен мәдени және саяси араласуы менен енгізілуінің нәтижесі. Қытай этносының аса ірі демографиялық потенциалының көрші халықтарға тигізетін әсерін жоққа шығаруға болмайды. Даосизм адамзатты табиғатпен бірлікке шақырды. Даосизмнің негізін қалаушы – Лао-Цзы өз заманында «кәрі дана» деген атаққа ие болған. Дао – жер бетіндегі тіршілік атаулының негізі, бүкіл заттық дүние мен табиғат құбылыстарының қайнар көзі. Дао ілімінде жеке адамның адамгершілік тұрғыдан жетілуі — өзін қоршаған ортамен үйлесімділігімен байланыста қарастырылады. Лао-Цзының бұл атақты философиялық-діни қағидалары «О пути к добрадетели» атты еңбегінде жан-жақты баяндалады. Қытай мәдениетінің екінші бір қайнар бұлағы – Конфуций ілімі болып саналады. Оның негізін қалаушы Кун Фу-цзы, яғни Кун – ұстаз. Конфуций б.з.б. 551 ж. шамасында өмірге келген. Мәдениеттің өзекті бөлігі — өнер. Таңбалы тастағы кескіндер мен тағы адамдардың ырым билерінен бастап, Рафаэль мен Микеланджелоның мәңгілік туындыларымен жалғасқан, халықтың шығармашылық рухынан туған талай сұлу дүниелерсіз, өнер әлемінсіз, қандай мәдениеттің болсын рухын сезіне алмаймыз.