- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз
- •8) Цин династиясы (хvіі ғ. Ортасы – хіх ғ. Ортасы) билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз
- •9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
- •10.Хvii-XVIII ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
- •11.Мейдзи-син революциясы
- •12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
- •14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз.
- •15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз
- •16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
- •17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
- •18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз
- •19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
- •42.Принциптер Дкларациясының қабылдануының (Вашингтон, 13 қыркүйек 1993 ж.) маңызын көрсетіңіз
- •44.А. Шаронның Храм тауына сапары және 2-ші интифаданың басталуын (2000 ж.) баяндаңыз
- •46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз
- •48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз
- •51. Араб елдеріндегі дипломатиялық өкілдік басшылары және олардың функцияларын ашып көрсетіңіз
- •53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
- •54. Қытай дипломатиясының келіссөздік арсеналын баяндаңыз
- •55Қытайдың Қазақстандағы экономикалық және саяси мүдделерін ашып беріңіз Қытай мен Қазақстанның байланысы
- •Сауда қатынасы мен статистика
- •ҚазақстанныңҚытаймен тауар айналымы
- •56 Араб мемлекеттері Лигасы (амл) қалыптасу кезеңін рөлі мен міндеттерін, мүшелік принциптері мен құзіреттілігін, Ұйымның қазіргі кезеңдегі аймақтық үдерістердегі рөлін сипаттаңыз
- •Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
- •Қазақстанмен қатынастары
4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
18 ғ-дың аяғына қарай Тибет алынды. Осы кезден Цинь әулеті дағдарысқа ұшырай бастады. 19 ғ-да І-ға еуропалықтардың әсіресе ағылшындардың экспансиясы күшейді. 1840 – 42, 1856 – 60 ж. еуропалықтармен арада «апиын соғыстары» болды. Жеңіске жеткен Англия, Франция, АІШ өкіметтері елдің кейбір аралдарын алды. Солт-те пайда болған қуатты көрші Ресеймен шекара белгілене бастады. Халықтың тұрмысы күрт төмендеді. 1850 – 64 ж. елде аса ірі шаруалар көтерілісі болып, еуропалықтардың көмегімен зорға басылды. Шеткі аймақтарда да халық көтерілістері болып жатты. Оның ішіндегі ең ірілері 1862 – 77 ж. болған дүнгендер мен ұйғырлардың көтерілістері еді. 1860 – 70 ж. І-да капит. қатынастар дами бастады. Жаңа экон. орт-тар (Шанхай, Ухань, т.б.) құрылды. Цинь империясы дағдарысқа ұшырап, Англия, Германия, Жапония, Франция, Ресей, АҚШ, т.б. елдер І-ды өзара бөліске сала бастады. Халық тұрмысының нашарлығымен шетелдіктердің үстемдігі төңкерісшіл қозғалыстардың күрт күшеюіне алып келді. 1898 ж. басталғанИхэтуаньдар көтерілісі шетелдіктердің көмегімен басылып, І-дың ішкі-сыртқы саясатына толық бақылау орнатылды.
5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
1-дүние жүзілік соғыс басталысымен-ақ Юан Шикай Қытайды бейтарап деп жариялайды. Дегенменде бір-біріне жау державалардың елде ықпал ету аймақтарының болуы, осы оқиғалардан шет қалу мүмкін емес еді. Қытай үкіметінің соғысушы державаларға өз территиясында әскери қимылдар жүргізбеу туралы өтінішіне құлақ аспады. Жапония баяғыдан-ақ германиялық Шандун түбегіндегі «Жалға алған жерлер» есебінен өзінің ықпал ету аймағын кеңейтуді көздеген болатын. 1914- ж 22-тамызында өзінің 30 мыңдың экспедициялық корпусын Циндао портына жақын жерде түсіре бастайды. 2 айдың ішінде түбек толық жапондардың бақылауына өтті. Жапон үкіметі максимум міндеттерінің ішінде Қытайдан Антанта державаларын ығыстарып, олардың иеліктеріне өз бақылауын орнатуды көздеді.
Ал бұл кезде Юань Шикай президенттік республиканы қайтадан монархияға айналдыру ісімен әбігер болып жатқан еді. 1915-ж 18- қантарында Жапония өзінің елшісі арқылы Юан Шикайға ультиматум жариялайды. Оны «21 талап» деп атаған. Егер оны орындамаған жағдайда Қытайды Жапонияға толық тәуелді елге айналдырамыз деген қоқан-лоқы жасалынды.
21- талапты мағынасына қарай 5-ке бөлуге болады.
1-Қытай Жапонияның Шандун түбегіндегі билігін іс жүзінде мойындау
2-Оңтүстік Маньчжурия мен Ішкі Монғолияға бақылау орнату
3- Ханьепиндегі ірі Қытай маталлургиялық комбинатын (Орталық Қытайда) Жапонияға беру
4-Қытай территориясын бақылауға қандайда болмасын басқа державаларды жібермеу
5-Ол өзі 7 пункттен тұрды. Онда Қытай армиясына полиция ішкі істер министірлігіне және қаржы министрлігіне жапон кеңесшілерін тағайындау.
Сонымен қатар Қытай қаруды тек Жапониядан ғана сатып алу және Янцзы өзені ауданында темір жол құрлысына конссеция және Фуцзянь провинциясында өндірісті дамытудағы жеңілдік құқықтарды алу керектігі айтылды.
Юань Шикай өте қиын жағдайда қалды. Жапонияға қарулы түрде тойтарыс беруге Қытай әлсіз еді. Антанта державалары 1-дүние жүзілік соғыс майдандарынан қолы босамандықтан оларға арқа сүйеу мүмкін емес еді. Талаптың мәні мен мақсаты қоғамның озық ойлы зиялыларын ғана емес, тіпті Синхай революциясы кезінде билікке келген Қытай элитасының көпшілігінің наразылығын тудырды. Оңтүстік Қытай кейбір аудандарында жапон товалырына байкот жарияланып, жапон капиталына қарасты кәсіпорындарда ереуілдер басталды. Жағдайдың осыншама асқынуын жапондықтар күтпеген болатын. Сондықтан 5-талаптағы Фунцзянь провинциясынан басқасын тармақтарды алып тастауға мәнбур болды. 1915ж 5 мамыр ағылшын мен американың өкілдерінің кеңесі бойынша Юань Шикай түзетілген «21 талапты» қабылдады. Бұл күнді қытайдағы бірнеше қоғамдық ұйымдар «Ұлттық масқара күні» деп жариялады. Елде жапондарға қарсы науқан одан әрі күшейе тусті.
Тәжірибелі саясаткер Юань Шикай осындай қиын жағдайды өз әрекетін былай деп түсіндіруге тырысты. Табиғатынан монархиялық болып жаратылған Қытай қоғамына республикалық басқару тиімсіз. Қазіргі таңдағы оның билік өкілеттін шектеулі екендігін дәлелдеуге тырысты. Сондықтанда императорлық билікті қалпына келтіру мақсатында өзінің қызын соңғы Қытай императоры Пу Иға тұрмысқа шығарады. Осылайша императорлық әулетпен туыстаса отырып, монархистер алдында жаңа әулетті басқаруға ұпай жинаған болатын. Императорлық билікті қалпына келтіру туралы даулар Қытай қоғамында жарықшақ тудырды және шетелдік державалардың әртүрлі божамдарын тудырды. Юань Шикай саясатына қарсы наразылық толқынынан қауіптенген Ұлыбритания, Франция, Италия және Ресей өкілдері Жапонияның бастамасымен 191-5ж қазан айында «тәртіпсіздіктерден аман сақтап қалу мақсатында» Қытайды басқару формасын өзгертуді уақытша қоя тұруды талап етеді. Бірақ Юань Шикайды бұл талап тоқтата алмады елді монархиялық мемлекетке айналдыру үрдісі жалғастырылды. 11-желтоқсанда Орталық Мәжіліс палатасы Конституциялық монархияны елде бекіту туралы шешім қабылдап жәнеЮань Шикайға императорлық билік нышандарын қабылдау ұсынылады.
Ішкі қайшылықтармен бөлшектеніп кеткен республикалық оппозиция монархиялық реваншқа қарсы ештеңе ұсына да алмады. Белді жетекшілерінің бірі Сунь Ятсен эмиграцияда болды. 1914ж жазында талқандалып және Кытайда тиым салынған Гоминьданның орнына саяси ұйым Қытай революциялық партиясынын (Чжунхуа Гэминдан) құрды. Бірақ бұл партияның қызметі өте астыртын жағдайда жүргізілгендіктен, сол кезде болып жатқан жағдайда ықпал етерліктей қуаты болмады.
Осындай жағдайда провинциялардағы жалдамалы әскерлердің қолбасшылары — дуцзундар бастаманы өз қолдарына алып, жергілікті жерлерде провинция губернаторларын нақты билектен аластатты.
Наразылық екпінен сескенген Юань Шикай 1916-ж наурыз айының соңына қарай монархияны қалпына келтеруден бастартуына тура келеді, бірақ енді кеш еді. Дағдарыстың шиеленіскен кезінде 6-маусымда Юань Шикай жүрек ұстмасынан қайтыс болды .Марқұмның орнын иеленген вице-президент Ли Юаньхан 1912ж конституцияны қалпына келтіріп, таратылған парламенттің қызметін жалғастырады. Юань Шикайдың көптеген қарсыластары, сонымен қатар Сунь Ятсенде эмиграциядан Қытайда оралады. Өз мүдделеріне қауіп төнген Жапонияға мұндай жағдай ұнай қоймады. Оның жақтаушысы үкімет басшысы Дуань Цижуй премьер-министр болды. Оның жаңа президентпен қақтығысына себеп болған жағдай –Қытайдың 1дүние жүзілік соғысқа қатасуы туралы мәселе жөнінде болды. Антанта елдерінің қолдауына арқа сүйеген премьер Германиямен қатынасты бірден үзіп, Германияға қарсы коалицияға кіруді талап еткенімен, президент ақырғы шешімге келе алмады. Нәтижесінде Солтүстік пен Оңтүстік Қытай дуңзюндерінің көпшілінің қолдаған премьердің тұжырымы жеңді. 1917ж сәуірде Сунь Ятсен өзінің «Қытайдың өмірі мен өлімі мәселесі» еңбегінде Қытайдың соғысқа қатысуына үзілді-кесілді қарсы шығып, солтүстік үкіметті жеке бастарының пайдасы үшін әрекет етіп отыр деп айыптады.
1917ж маусымда Ли Юаньхун парламентті таратуға мәжбүр болды. Оның депутаттарының көпшілігі Оңтүстікке қарай қашты. Олардың арасында Сунь Ятсен де болды.
Ал оңтүстіктегі жағдай Сунь Ятсеннің пайдасына шешіле қоймады. 1918-жылдың 20- мамырында Гуанжоудағы парламент дуцзундердің Гуанси тобының мүддесін көздей отырып, Оңтүстік үкіметтің орнына 7 адамнан құрылған жаңа басқарушы орган құру туралы шешім қабылдайды. Сунь Ятсен болса, отставкаға кетіп, Шанхайға көшіп барып белсенді саяси қызметтен уақытша бас тартып, өзінің негізгі шығармаларының бірі «Елді құру бағдарламасы» еңбегін жазуды аяқтайды. Бұл еңбегінде Қытайдың саяси бірік тірудің қажеттілігі, шетел капиталын тарта отырып экономикада мем-к секторды күшейту жолдары туралы ұсынғанымен сол мезетте оның үндеуіне ешкім құлақ аспады.
6. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың сыртқы саяси жағдайын сарапқа салыңыз. Жапония баяғыдан-ақ германиялық Шандун түбегіндегі «Жалға алған жерлер» есебінен өзінің ықпал ету аймағын кеңейтуді көздеген болатын. 1914- ж 22-тамызында өзінің 30 мыңдың экспедициялық корпусын Циндао портына жақын жерде түсіре бастайды. 2 айдың ішінде түбек толық жапондардың бақылауына өтті. Жапон үкіметі максимум міндеттерінің ішінде Қытайдан Антанта державаларын ығыстарып, олардың иеліктеріне өз бақылауын орнатуды көздеді.
Ал бұл кезде Юань Шикай президенттік республиканы қайтадан монархияға айналдыру ісімен әбігер болып жатқан еді. 1915-ж 18- қантарында Жапония өзінің елшісі арқылы Юан Шикайға ультиматум жариялайды. Оны «21 талап» деп атаған. Егер оны орындамаған жағдайда Қытайды Жапонияға толық тәуелді елге айналдырамыз деген қоқан-лоқы жасалынды.
21- талапты мағынасына қарай 5-ке бөлуге болады.
1-Қытай Жапонияның Шандун түбегіндегі билігін іс жүзінде мойындау
2-Оңтүстік Маньчжурия мен Ішкі Монғолияға бақылау орнату
3- Ханьепиндегі ірі Қытай маталлургиялық комбинатын (Орталық Қытайда) Жапонияға беру
4-Қытай территориясын бақылауға қандайда болмасын басқа державаларды жібермеу
5-Ол өзі 7 пункттен тұрды. Онда Қытай армиясына полиция ішкі істер министірлігіне және қаржы министрлігіне жапон кеңесшілерін тағайындау.
1917ж маусымда Ли Юаньхун парламентті таратуға мәжбүр болды. Оның депутаттарының көпшілігі Оңтүстікке қарай қашты. Олардың арасында Сунь Ятсен де болды. Бұл оқиғалардың барлығы Пекиндегі орталық биліктің әлсіздігін білдірді жаңа президенттің беделі төмендегендіктен дуцзюндер пікірімен санасуға мәжбүр болды. 1917ж 14-тамызда Қытай Германияға соғыс жариялайды. Оның Антанта жағында әскери қимылдарға қатысуынБатыс майданға бірнеше ондаған мың арбакештерді әскери жұмыстарға жіберілу және 220 млн американ доллар көлемінде қаржылайшығыстан көруге болады.
.Жапондарға ниеттес солтүстік топтың қайраткерлері Ресейдегі большевиктер жеңісіне қапаланған болатын. Бэйян тобының талабы бойынша Пекин үкіметі 1918-жылдың наурызында Ресейден өз елшісінкеріқайтарып алды.Оның алдында Сыртқы Монголиямен шекараны жауыптастаған еді. Мамыр айында Жапониямен келісім жасаланады.Осы келісім бойынша: ресейлік Қиыр Шығыстағы әскери акцияларға Қытай әскері де қатынасатын болды. 1918 ж аяғында бұл әскерлер Сібірге аттанып кетті.
