- •1.Үндістанды ағылшындардың жаулап алуын сипаттаңыз
- •2.Отарлық басқыншылықтардың «технологияларын» талдаңыз
- •3.Үнді өркениетінің басты белгілерін атап беріңіз
- •4.Хіх ғ. 80-90-шы жж. Қытай қатынасының Еуропалық елдермен қатынасын сипаттаңыз
- •5. Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын ашып беріңіз
- •7) Қытай қоғамының өркениеттік ерекшеліктерін талдаңыз
- •8) Цин династиясы (хvіі ғ. Ортасы – хіх ғ. Ортасы) билігіндегі Қытайдың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетіңіз
- •9. Өзін-өзі күшейту саясаты және хіх ғ. Екінші жартысында Қытайда жартылай отарлық тәртіптің қалыптасу себептерін сипаттаңыз
- •10.Хvii-XVIII ғғ. Жапонияның әлеуметтік-экономикалық жағдайын сипаттаңыз
- •11.Мейдзи-син революциясы
- •12. Жапониядағы модернизация үдерісінің қайшылықтарын атап беріңіз
- •13. Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін Жапония қосып алған территориялық иеліктерді атаңыз
- •14. Модернизацияның жапондық моделін сипаттаңыз.
- •15. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының әлеуметтік-саяси жағдайын сараптаңыз
- •16. Хvіі ғ. Екінші жартысы – хvііі ғ. Бірінші жартысындағы Осман империясының сыртқы саяси жағдайын талдаңыз
- •17. Хvііі ғ. Екінші жартысындағы Осман империясы дағдарысының тереңдеу себептерін түсіндіріңіз
- •18. Осман империясындағы реформалар дәуірін ашып көрсетіңіз
- •19. Түркияда Конституциялық қозғалыстың пайда болу себептерін түсіндіріңіз
- •21.Хіх ғ. Соңы – хх ғ. Басындағы Осман империясының сырқы саяси жағдайын талдаңыз
- •22.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның әлеуметтік-экономикалық және ішкі саяси жағдайын сараптаңыз
- •23.Бірінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі Түркияның сыртқы саяси жағдайын сипаттаңыз
- •24.Жаңа замандағы Шығыс елдерінің модернизациясы мәселесін нақтылаңыз
- •25.Шығыстағы ұлт-азаттық қозғалыстың қозғаушы күштерін сипаттаңыз
- •26.Шығыстағы модернизация теориясын анықтай отырып, оның түрлерін ашып көрсетіңіз
- •27.Шығыста ұлттық идеялар қалыптасуының қайнар көздері мен жергілікті нұсқаларын баяндаңыз
- •34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
- •35. Шығыс елдерінің 1918-1945 жж. Дамуының негізгі бағыттарын атаңыз
- •36. Соғыстан кейінгі әлемді қайта құрудың Версаль-Вашингтон жүйесін сипаттаңыз
- •37. Хх ғасырдың 40-60 жж. Шығыста ұлттық мемлекеттердің пайда болу үдерісіне баға беріңіз
- •38. Араб әлеміндегі ұлт-азаттық қозғалыстың нәтижелерін баяндаңыз
- •39.Египет пен Ирактағы антибритандық күрестің жаңа формаларын атап беріңіз
- •40. Сирия мен Мароккодағы антифранцуздық күрестің нәтижелерін сипаттаңыз
- •42.Принциптер Дкларациясының қабылдануының (Вашингтон, 13 қыркүйек 1993 ж.) маңызын көрсетіңіз
- •44.А. Шаронның Храм тауына сапары және 2-ші интифаданың басталуын (2000 ж.) баяндаңыз
- •46 «Фатх» пен «Хамас» арасындағы қарама-қайшылықты атап беріңіз
- •48. Шығыс елдеріндегі жаһандық мәселелерді атаңыз
- •51. Араб елдеріндегі дипломатиялық өкілдік басшылары және олардың функцияларын ашып көрсетіңіз
- •53. Қытай Сыртқы істер министрлігіндегі экономикалық және саяси департаменттерды сипаттаңыз
- •54. Қытай дипломатиясының келіссөздік арсеналын баяндаңыз
- •55Қытайдың Қазақстандағы экономикалық және саяси мүдделерін ашып беріңіз Қытай мен Қазақстанның байланысы
- •Сауда қатынасы мен статистика
- •ҚазақстанныңҚытаймен тауар айналымы
- •56 Араб мемлекеттері Лигасы (амл) қалыптасу кезеңін рөлі мен міндеттерін, мүшелік принциптері мен құзіреттілігін, Ұйымның қазіргі кезеңдегі аймақтық үдерістердегі рөлін сипаттаңыз
- •Алматы қаласында (1999 жылғы мамыр) Парсы шығанағындағы араб мемлекеттерінің ынтымақтастығы кеңесіне (пшамык) мүше елдердің бірінші сауда көрмесіне қатысушы фирмаларға кедендік жеңілдіктер беру туралы
- •Қазақстанмен қатынастары
34. Отарлық жүйе дағдарысының бастамасын ашып көрсетіңіз
Екінші дүниежүзілік соғыс өмірдің барлық жақтарына үлкен ықпалын тигізді, сонымен қатар, ол отар және тәуелді халықтардың өздерінің тәуелсіздіктері үшін күресін ары қарай жандандырып, дамытуға мүмкіндік тудырды. Басты рөлді КСРО атқарған демократиялык күштердің фашизмді жеңуі Азия, Африка мен Латын Америкасындағы ұлт-азаттық қозғалыстарды кеңейтіп дамытуға оң ықпалын тигізді. Екінші дүниежүзілік соғыстан сон халықтардың тәуелсіздік үшін күресінде жаңа дәуір басталды. Отарлық жүйе біртіндеп құлдырай бастады.Уақыты бойьшшы бірінші болып Оңтүстік-Шығыс Азия елдері еркіндік ала бастады. Соғыс жылдарының өзінде Индонезия халқы жапондықтармен күрес жүргізді, олар елді жаулап алдып еркіндік үшін болған кез келген құлшыныстарды аяусыз басып шаншып отырды. 1945 жылдың тамызында Жапония капитулляцияланбай тұрғанда, бірақ жапондық милитаризмінің жеңіліс тапқаны анық болып тұрғанда, ұлт-азаттық қозғалыстың көшбасшыларының бірі Сукарно Индонезияның тәуелсіздігін жариялап Индонезия Республикасының бірінші президенті болды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттің дүниеге келуі қарулы көтеріліссіз болды. Қан-төгіссіз жеңістің болу себебі мынада: аралда қалған жапон бөліктері деморальданған болды да олар капитулляцияға қол қойған соң мүлдем ешқандай қарсылық білдіре алмады. Индонезияның бүрын болған қожайындары Голландия мен басқа батыс елдерінің қарулы күштері архипелаг аралдарында болған жоқ. Сондықтан тәуелсіздік жариялағаннан кейінгі алғашқы күндері елде тыныштық болып, үкІмет пен басқа да билік органдарын кұру жүріп жатты.Алайда, біраз аралықтан соң Ява аралына жапондықтарды қарусыздандыру түрімен ағылшын әскерлері түсті. Ағылшындар өздерімен бірге уақытша генерал-губернатор Ван Моокты алып келді, ол бүрынғы голланд отарлаушылары орнатқан тэртіптерді қайта қалпына келтіру керек болды. Ағылшын әскери бөліктері Индонезиялық патриоттармен бэлсіне қоймады. Бұл бүкіл елде наразылық пен қарсыластық танытушылыққа әкелді.1945 жылдың 10 қарашасьшда Индонезияда республиканың еркіндігі мен тәуелсіздігі үшін, отаршылдыққа қарсы қарулы күрес басталды. Оньщ толық жеңісіне бірнеше жылдар қажет болды. Күрес тек аралдарда ғана емес, сонымен қатар БҰҰ-да, халықаралық конференцияларды да жүріп жатты. Тек 1954 жылдың 10 тамызында голланд-индонезиялық одақ бұзылды. 1956 жылдың мамырында президент Сукарно парламент қабылдаған оны тарату (қысқарту) жөнінде Заң қабылдады. Индонезиядан соң кезек Бирмаға келді. Мұнда Бирманы оккупациялаған жапондықтарға қарсы операция жүргізген ағылшындар ағылшын әскерлеріне көрсеткен көмектеріне қарамастан бирма патриоттарына, ұлт-азаттық қозғалыстардың дамуына кедергі жасауға тырысты. Саяси маневрлармен билікті бирма халқына өткізбеуге тырысқан ағылшын саясатына қарамастан бүкіл елде азаттық қозғалыстар өсіп жатты. Бүкіл билікті толығымен халыққа беру және Құрылтай жиналыста сайлау өткізу туралы талаптар жалпылық болды. Ақырында ұлттық күштердің қысымына түскен ағылшын үкіметі Бирмаға доминион статусын беруге мәжбүр болды. Қыркүйекте Құрылтай жиналыс Конституция қабылдады, ол жаңа республика - Бирма Одағын жариялады.1947 жылдың 15 тамызында Дели тәуелсіз Үндістанның үш түсті жалауы бой көтерді. Үнді халқы көп жылдар бойы армандаған және сол үшін аяусыз күрескен еркіндігіне қол жеткізді.Үндістанның тәуелсіздігін мойындауға мәжбүр болған ағылшын үкіметі оның территориясын екі мемлекетке бөлді: Үндістан мен Пәкістан. Бұл бөлініс тек үнді парламентінІң келісімінсіз жүргізілді де бұл кейінгі жылдары екі мемлекет арасындағы көп қақтығыстарға әкелді, олар кейде тіпті әскери қимылдарға да әкеліп отырды.Пәкістан жекеленген екі бөліктен тұрды-шығыс және батыс. Құрлықта олардың ара қашықтығы 1500 шақырымды құраса, суда түбектің айналасындағы жолы 5000 км-ге жуық болды. Ақырында, оның шығыс бөлігі-Бенгалия көп қақтығыстардан соң жеке мемлекет-Бангладеш болды, бұрынғы отарды бөлу тек діни сипат бойынша ғана болды, оның тарихи дамуы мен сақталып қалған салт-дәстүрлері ескерілмеді. Бұл бөлініс басталғаннан бастап-ақ діни негізде болған қиратушылықтар мен бұқаралық кісі өлтірулерге әкелді. Мыңдаған үндістер Пәкістан территориясынан, мұсылмандар Үндістаннан кетуге мәжбүр болды. Джамму мен Кашмир кнәздіктері, және де Хайдарабад пен Джунатарх үшін күрестер үнемі жүріп түрады.1950 жылдың 26 қаңтарында Құрылтай жиналысы жаңа Конституция қабылдаған соң Үндістан егемен демократиялық республика болды, сонымен бірге Британдық ұлттар Достастығының құрамында қалып отырды.1948 жылдың ақпанында ағылшын үкіметі Дейлон аралына доминион құқын беруге мәжбүр болды.1946 жылдың 4 шілдесінде Филиппин Республикасы Егемен мемлекет болды, бірақ АҚШ мұнда өз әскерін қалдырды да республикаға белгілі бір бақылау жүргізіп отырды.11 жылдан соң, 1957 жылдың тамызында Малайя тәуелсіздік алды. 1951 жылы Неапал конституциялық монархиясы бар егеменді мемлекет болды. Тәуелсіздік үшін ең ауыр әрі қиын жолды өткен Вьетнам болды. Жапонияның 1945 жылдың 2 қыркүйектегі капитулляциясы еркін әрі тәуелсіз Вьетнам Демократиялық Республиканың туған күні болды. Алайда, соғыс кезінде жапон оккупанттармен күрескен вьетнам халқына қайтадан қолына қару алуға тура келді. Францияның билеуші топтары Үндіқытайда өз иеліктерін жоғалқандарымен келіскісі келмеді. Ағылшын әскери бөліктерінің көмегіне сүйенген француздықтар 1945 жылдың 23 қыркүйегінде Сайгонға оккупациялады, Оңтүстік Вьетнам территориясын жаулай бастады, Камбоджаға басып кірді. Бір мезетте чанкайшылар Вьетнамға солтүстіктен кірді, бұны Жапон бөліктерінң капитуляциясын қабылдау кажеттілігімен түсіндірді. Вьетнам халқы өз отанын қорғауға тұрды.Қытайдың халықтық-азаттық армиясынан кейін чанкайшылар Вьетнамнан кетті де, кейінірек мүлдем Тайваньға көшті. Француздар вьетнам халқының табанды қарсылығы мен әлемнің прогрессивті қоғамдастығының оларды Вьетнамнан кетуін талап етуіне қарамастан күресті жалғастырды. Француздардың жеңілісінен және Дьен Бьен Фу тірек пунктінің құлауынан кейін 1954 жылдың мамырында қайта құрылған Франция үкіметі Вьетнамдағы "лас соғыс"деген атқа ие болған соғысты тоқтатты. 1954 жылдың 20 шілдесінде Үндіқытайда бейбітшілікке келіп, келесі күні Женевада КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, ҚХР, Франция және басқа да мүдделі елдердің шетел істері министрлерінің кеңесінде Вьетнам, Камбоджа, Лаостағы еркін сайлауларды - қарастыратын соңғы бекітуші декларацияға қол қойылды. Вьетнамда 17-параллельден оңтүстікке қарай уақытша демаркациялық сызық жүргізілді.Женевадағы қорытынды декларацияға қолды тек АҚШ ғана қойған жоқ, олар Вьетнамның еркін дамуына кедергі жасап, Францияның орнына келмекші болды.1950 жылдың наурызында АҚШ-тың ұлттық кауіпсіздік Кеңесі кейінірек президент Г.Трумэн мақұлдаған француз отар әскерлеріне экономикалық және әскери көмек туралы шешім қабылдаған болатын. Оңтүстік-Шығыс Азияда ықпалын күшейту үшін және аймақ елдерінде дербес демократиялық тәртіптің кұрылуына жол бермес үшін АҚШ 1954 жылдың қырқүйегінде Манилада Оңтүстік-Шығыс Азия келісімінің әскери Ұйымын (СЕАТО) құру туралы пактіге кол қойды. Бұл ұйымға мүше болғандар: АҚШ, Англия, Франция, Австралия, Жаңа Зеландия, Пәкістан, Тайланд пен Филиппин.АҚШ СЕАТО көмегімен және көмкеруімен белсенді істерге кірісті. Олар "күшті оңтүстік Вьетнам" құрудан бастады, ол арқылы ең алдымен ДРВға соққы беру, содан кейін өз ықпалына бүкіл Үндіқытай аймағын бағындыру көзделді. Бұл үшін 1955 жылдың қазанында Оңтүстік Вьетнам АҚШ-қа тәуелді Нго Динь Дьем президенті бар Республика болып жарияланды. АҚШ-тың 1973 жылға дейін созылған Вьетнамдағы интервенциясы басталды. Алайда, соғыста күштердің теңсіздігіне, АҚШ өзінің үлкен әскери-өнеркәсіптік потенциалына қарамастан, кішкентай 30 миллион халқы бар, жапондықтармен, француздармаен соғыстарда күйзелген Вьетнам тойтарыс беріп кана қоймай, өзінің қаһарман халқының күші мен халықаралык аренаның үнемі болып тұрған қолдауының және де КСРО мен басқа да социалистік елдердің барлык қажет көмек беруінің арқасында жеңіске жетті.Көп жылдар бойы АҚШ вьетнам халқының қарсыластығын сьшдыруға тырысты. Бүл үшін 1970 жылдың көктемінде сайгон әскерімен бірге американ әскери топтары Камбоджаға баса көктеп кірді, одан 1971 жылдың басында Лаосқа енді. Бірақ Вашингтон ойластырған жоспарларын жүзеге асыра алмады. Американ дипломатиясына соғысты тоқтату жолдарын іздестіруге жэне бейбітшілікті орнатуға тура келді. Келіссөздер қиын, әрі ұзақ болды. Тек 1973 жылдың 27 қаңтарында соғысты тоқтату туралы келісімге қол қойылды. Осылайша, 30-жылдық соғыстан кейін Вьетнам еркін әрі тәуелсіз демократиялық республика болды.Таяу және Орта Шығыс елдерінің отарлауға қарсы күресі соншалықты ұзақ болмаса да, өте маңызды, өткір болды. Сирия мен Ливан, Египет пен Ирак,Йемен мен Иордания тәуелсіздігіне қол жеткізді. Табан тірескен күрестіПалестина халқына жүргізуге тура келді. Себебі, 1947 жылы БҮ¥ Бас Ассамблеясының шешімімен Палестина мемлекеті 2 бөлікке бөлінді: арабтық-Палестина, және еврейлік Израиль. Иерусалим қаласы интернационализацияға жатты. Бірден Бас Ассамблеясының шешімінен соң Израиль басшылары Палестинаның бүкіл территориясын алып қалуға тырысып арабтарға қарсы соғыс бастады, палестиналықтарға жаулап алынған территорияның біразын қайтарып ала алды. Алайда, еркін тәуелсіз Палестина мемлекеті әлі де құрылған жоқ.
